Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экологияны даму тарихы СРС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.6 Кб
Скачать

Ағза және орта

Тіршілік ету ортасы – бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Тіршілік иелерін қоршаған орта сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып ықпал ететін әсерлерден тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерісіне сәйкес келтіреді.

Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игереді. Су тіршілік пада болып, таралған ең алғашқы орта болады. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әр қайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдірді.

Ағзалардың ортаға икемделуі бейімделуі (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік - тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бейімделулер түрлі деңгейде көрінеді: жасушалардың биохимиясы мен жеке ағзалардың іс-қылықтарынан топтар мен экологиялық жүйелердің құрылып, жұмыс істеуіне дейін. Бейімделулер түрлер эволюциясының барысында пайда болып өзгереді.

Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан. Олар тірі заттар үшін өажетті немес керісінше, зиянды болуы, тіршілік ету мен көбеюге жәрдемдесуі немесе кедергі келтіруі мүмкін. Бұл факторларға тірі организм қзінің бейімделгіштік қабілетімен жауап береді. Кез келген тірі организмге әсер ететін ортаның экологиялық факторлары, негізінен абиотикалық және биотикалық болып екіге бөлінеді.

Биотикалық факторлар- бұл тірі заттардың бір-біріне әсер ету ықпалы. Әрбір ағза үнемі өзіңде басқа тіршілік иелерінің тікелей немесе жанама әсерін сезінеді, өз түрінің және басқа түрлердің өкілдерімен- өсімдіктермен, жануарлармен, микроағзалормен байланысқа түседі, оларға тәуелді болып, өзі де оларға әсерін тигізеді. Қоршаған органикалық дүние - әрбір тірі заттың ортасының құрамдас бөлігі.

Ағзалардың өзара байланыстары – биоценоз бен популяцияның тіршілік ету негіздері; оларды синэкология саласы қарастырады.

Абиотикалық фактор- бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері: оларға физикалық және химиялық факторлар жатады.

Өлі табиғаттың физикалық факторлары- ғарыштық, климаттық, топырақтық, орографиялық, геологиялық.

Өлі табиғаттың химиялық факторларына ауаның, судың құрамдас бөліктері, қышқылдық (рН) және өнеркәсіптік басқа да қоспалар жатады.

Өлі табиғаттың ғарыштық факторларында ғарыш тозаңы, метеориттік заттар, астероидтар, галактика кеңістігінің заттары мен толқындары, күн белсенділігінің циклдік өзгерістері бар.

Күн белсенділігі - бұл Күннің үстіңгі қабатынан плазманың алынып тасталуы, қысөа толқынды және радисәулеленудің күшеюі, оны гелиобиология зерттейтейді.

Гелиобиология-(грекше хелиос – Күн) – белсенділігінің Жердегі тіршілік үрдістеріне әсерән зерттейді: туудың таралуы мен ұшқындарынан бастап ірі климаттық өзгерістерге дейін. Бұл ғылымның негізін қалушы орыс ғалымы А.Я.Чижевский (1897-1964) болып табылады.