Экологияның негізгі заңдары
Кез-келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процесстердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық (қисынды) және практикамен тексерілген ережелер –заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның бірқатар негізгі заңдарын қарастырайық, олоардың барлығы-заңдар, заңдылықтар, ережелер, принциптер, шамамен 250-дей (Реймерс,1994).
Биосфераның ауысымдық заңы: биосфера-бұл тіршілік ету ортасының тұрақтылығын кез келген ауытқуларға қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның тұрақтылығын табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасауға болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.
Атомдардың биогенді миграциясы заңы (В.И.Вернадскийдің): жер бетінде және жалпы биосферада химиялық элементтердің миграциясы тірі заттың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады-бұл биогенді миграция.
Тірі заттардың физиклық-химиялық тұрғыдан біртұтас; тірі ағзалардың әр түрлілігіне қарамастан олардың физикалық-химиялық ұқсастығы соншалық біріне зиян заттың екіншісіне де қатысы бар (мысалы, ласатағыштар).
Реди ұстанымы: тірі зат тек тірі заттан ғана пайда болады, тірі және өлі заттың арасында тұрақты өзара әрекеттестік болса да, оларды бөліп тұрған берік шекара бар.
«Ағза-орта» бірлігінің заңы: тіршілік өмір орта мен оны мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығындағы энергия тасқынының негізінде тұрақты зат және ақпарат алмасудың нәтижесінде дамиды.
Энергия ағымының бір бағыттылығы заңы: қауымдастық алатын және продуценттер сіңіретін энергия ыдырайды немесе олардың биомассасымен бірге консументтерге, сосын әрбір нәрлену деңгейінде ағымдардың түсуімен редуценттерге беріледі; керісінше тасқынға (редуценттерден продуценттерге) басында алынған энергияның аз ғана бөлігі (көп дегенде 0.35%) түсетіндіктен «энергия айналымы» туралы айтудың қажеті шамалы; энергия тасқынымен сүйемелденетін заттар айналымы ғана бар.
Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы:ағза (популяция, түр)тіпті ата-бабаларының тіршілік еткен ортасына қайтып оралса да, өзінің ата-бабалары іске асырған бұрынғы күйіне қайтып келе алмайды.
Р.Линдеманның 10% заңы (ережесі): экологиялық пирамиданың бір нәрлену деңгейінен екіншісіне орташа қарқындылықпен 10% энергияның (немесе энергетикалық түрдегі заттар) өтуі әдетте, экожүйе мен энергиясын жоғалтатын нәрлену деңгейі үшін жағымсыз салдарларға апармайды.
Төзімділік заңы (В.Шелфордтың): ағзаның (түрдің) өркендеп өсуінің тежеуші факторы болып ең аз немесе ең көп түрде әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің ара қашықтығы организмнің осы әсерге төзімділігінің шамасын көрсетеді.
Оптимум заңы: кез келген фактордың тірі ағзаларға жағымды әсер етуінің белгілі бір шектеулері.
Шектеуші фактор заңы ( Ю.Либихтың минимум заңы): ағза үшін өзінің қолайлы мәнінен басқаларға қарағанда көбірек ауытқитын факторлар маңызды келеді; осы факторлардан дарақтардың осы жағдайда тірі қалуы байланысты болады, ағзаның өсуін сол ағзаның ішіндегі ең аз (минимум) мөлшердегі зат бағыттап отырады (мысалы, Д витамині жетіспесе, адамның рахит ауруына ұшырайтынын білесіздер).
Гаузенің ерекше заңы (ұстанымы): егер екі түрдің экологиялық қажеттіліктері ұқсас (бірдей) болса, яғни олар бір ғана экологиялық қуыстан орын алса, олар бір мекенде өмір сүре алмайды.
Б.Комменер экологиясының «заңдары»:
1) бәрі бір-бірімен байланысты;
2) бәрі бір жаққа жоғалуы керек;
3)табиғат бәрінен де жақсы біледі;
4) ештеңе де текке берілмейді;
