Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экологияны даму тарихы СРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.6 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті

Жалпы гигиена, тағам, гигиена және экология

Тақырыбы: «Экологияның даму тарихы»

Орындаған:Ділмұқаш Ә.Ж.

Тексерген:Джекетаева Ш.Н.

Қарағанды 2010жыл

Мазмұны

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Экологияның негізгі ұғымдары

  2. Экологиялық жүйе.Биосфера және экосфера.Ноосфера.

  3. Экологияның негізгі заңдары

  4. Ағза және орта

  5. Факторлардың өзара әрекеттестігі

  6. Табиғи жүйенің құрауыштары

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экологияның тарихи дамуы.

Барлық энцеклопедиялар мен анықтамалардан біз «Экология» терминін 1866 жылы ірі неміс зоологы (биолог-дарвинисі) Эрнест Геккель (1834-1919) ұсынғандығын оқимыз. Термин екі грек сөзінен құралған: «ойкос» үй,баспана дегенді білдірсе , «логос» ғылым,зерттеу деген сөз. Бейнелеп айтсақ,экология- бұл үйіңде қалай тұру мен шаруашылық жүргізу тіралы ғылым.Әр түрдің өзінің үйі бар, қазіргі адамдар үшін ол бүкіл Жер ғаламшары және жер маңындағы ғарыш кеңістігі.

Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы-романист және кең профильді натуралист Геври Дэвид Торо қолданған, оның басты кітабы «Ормандағы тіршілік» көптеген тілдерге аударылған. Бұл кітап мазмұнынан Жан Жак Руссоның (1712-1778) идеялары сезіледі және онда адамның бүлінбеген табиғи жағдайдағы өмірі идиллиялық түрде суреттелген.

Ежелгі грек сөзі «ойкос» немесе «эйкос»-ты «мекендеу жері» деп аударған дұрысырақ. 1858 жылы Г.Д.Торо өзінің көсемсөздік мақаласында «экология» сөзін «табиғаттану» мағынасында кең қолданады, ол табиғатты зерттеу керек деді, өйткені адамзаттың шынайы үйі салынған қалалар емес, табиғаттың өзі болып табылады.

Ең ежелгі ғылымдардың бірі-экология өркениеттің алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәнге ие болған. Өзінің тіршілік ету ортасына деген қызығушылық адамға әр кезде де мәнге ие болған. Бұл түсінікті де, себебі отбасының, рудың, тайпаның игілігі ған емес,оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған.

Орта ғасырларда схолистика мен діннің үстемдігі табиғатты зерттеуге деген құштарлықты төмендетті. Алайда қайта өрлеу дәуірінде, Ренесанс дәуірінде болған қлы географиялық жаңалықтар натуралистердің биологиялыыық зерттеулерін қайта жаңғыртты. XVII –XVIII ғасырлардағы эколгиялық мәліметтер зоологтардың, саяхатшы натуралистердің еңбектерінде жиі кездеседі.

Алғашқы эволюциялық ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-1829) «сыртқы жағдайлардың» ықпалын жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясының аса маңызды себептердің бірі ретінде атап көрсетті.

Өсімдіктер географиясына экологиялық бағытты Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері салды. Өсімдіктердің сыртқы кейпі ландшафтың «физиономиясын» анықтайды және өсімдіктер биосферада географиялық белдемге сәйкес бөлінген. Ұқсас географиялық жағдайларда түрлі таксономиялық топтағы өсімдіктерде ұқсас «физиономиялық» формалар, яғни бірдей сыртқы пошым жасалады. Осы формалардың бөлінуі мен ара қатынасы бойынша физикалық-географиялық ортаның ерекшелігі тіралы айтуға болады.

Экологиялық ойларға орыс зоологтары К.Ф.Рулье (1814-1858) мен Н.А.Северновтың (1827-1885) және басқа ғалымдардың еңбектері зор үлес қосты.

Экология ғылымының зерттеу мөлшері-биологиялық және химиялық және макрожүйелер (түрлі популяция,биоценоз,экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік,маусымдық,жылдық ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:

  1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортамен байланысты.

  2. Биоценоз,экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер.

  3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негідері.

  4. Адам-биосфера-қоғам арқасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.

  5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру.

  6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нооэкологиялық деңгейде көтеру болып есептеледі.