- •Алматы, 2015
- •Өнім түрлерін талдау
- •Көрсетілген құн бойынша өнімнің шығарылуына құрылымдық ығысудың әсер ету есебі (орта баға бойынша)
- •Тікелей есеп әдісі бойынша өнімнің құрылымын талдау және құрылымдық ығысу әсерінің есептелінуі
- •Товар өткерілу бағасы туралы арнаулы шешімдер
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
«ҚАРЖЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ
«БасқаруШЫЛЫҚ ТАЛДАУ» пәні бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандық: 5B050800 «Есеп және аудит»
Алматы, 2015
1-сабақтың тақырыбы. Басқарушылық талдауына кіріспе
Сабақтың мақсаты: басқарушылық талдауы негіздерінің іс-тәжірибелік мәселелерін түсіндіру және сөздікке жалпылама сипаттама беруді үйрету
Талқылауға арналған сұрақтар:
Экономикалық талдауның мәні, пәні, мақсаты және міндеттері
Басқарушылық талдауының пәні, мазмұны, оның мақсаты және міндеттері
Басқару шешімдерін қабылдаудың үш негізгі аймактары
Басқарушылық талдауының объектілері және субъектілері
Басқарушылық талдауының басқа ғылымдармен байланысы және принциптері
Басқарушылық талдауының түрлерінің сипаттамасы
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
1.1. Индекстерді есептеу
Қалалық нарықтағы тауарлар туралы келесі мәліметтер берілген:
Тауардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Бірліктің бағасы, теңге |
Сатылған тауардың көлемі |
||
II кв. Po |
III кв. Pi |
II кв. qo |
III кв. qi |
||
Картоп |
кг |
60 |
70 |
2200 |
2300 |
Сүт |
л |
120 |
150 |
500 |
520 |
Алма |
кг |
500 |
450 |
830 |
840 |
Талап етіледі:
1) өнімнің бағасы және физикалық көлемі бойынша жеке индекстерін табу;
2) бағаның жалпы индексін табу;
3) тауар айналымы физикалық көлемінің индексін есептеу.
1.1-есепті шешуге бағытталған әдістемелік нұсқау
Төмеде индекстерді есептеу үшін формулалар келтірілген:
жеке индекс агрегатық индекс
а) баға үшін:
;
б) өнімнің физикалық көлемі үшін:
;
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Басқару функциясына не жатады?
A) Ынталандыру
B) Жоспарлау
C) Бақылау және реттеу
D) Ұйымдастыру жұмысы
E) Келтірілгендердің барлығы жатады
Тест 2. Экономикалық талдау – бұл:
түрлі факторлардың әсерінен болатын процестер мен құбылыстардың өзгеруін анықтау үшін зерттелетін объектіні бірнеше көрсеткіштерге бөліп қарастыру
өндіріс тиімділігін арттыру және минималды шығын жұмсай отырып жоспарлаудың орындалуын қамтамасыз ету
өндірістік процестің барлық сатыларында ішкі резервтерді анықтау және есептеу
Тест 3. Талдаудың пәні болып:
түрлі объективті және субъективті, ішкі және сыртқы өндіріс жүйелері факторларының әсер етуімен қалыптасатын шаруашылық процестер табылады
кәсіпорынның шаруашылық қызметіне әсер ететін объективті ішкі және сыртқы факторлар табылады
жалпы өнім, тауарлық өнім, таза пайда, өнімнің өзіндік құны, кіріс көрсеткіштері табылады
Тест 4. Талдаудың кешенділік принципі нені талап етеді?
Қызметтің барлық жақтарының қамтылуын талап етеді, кәсіпорын экономикасындағы себепті тәуелділіктерді жан-жақты зерттеуді қарастырады
Талдау шынайы, объективті жағдайды нақты көрсететін ақпаратқа негізделуі қажет
Экономикалық талдау нәтижесінде алынатын оң әсерлерді алу болжамымен анықталады
Тест 5. Талдаудың тиімділік принципі нені талап етеді?
Қызметтің барлық жақтарының қамтылуын талап етеді, кәсіпорын экономикасындағы себепті тәуелділіктерді жан-жақты зерттеуді қарастырады
Талдау шынайы, объективті жағдайды нақты көрсететін ақпаратқа негізделуі қажет
Экономикалық талдау нәтижесінде алынатын оң әсерлерді алу болжамымен анықталады
Тест 6. Талдауды субъектісі бойынша жіктеуге мыналар жатады:
кәсіпорын бөлімшелері
шаруашылық басқару органдары
өндірісті оперативтік басқару
Тест 7. Талдауды мақсаты бойынша жіктеуге мыналар жатады:
кәсіпорын бөлімшелері
шаруашылық басқару органдары
өндірісті оперативтік басқару
Тест 8. Қаржылық талдаудың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
талдау субъектілерінің көптігі және олардың мақсаттарының
әртүрлілігі
мемлекеттік ұйымдар жағынан талдауды регламентациялаудың жоқтылығы
комерциялық құпиялықты сақтау мақсатымен талдау нәтижелерін максималды жабық түрде ұстау
Тест 9. Басқарушылық талдаудың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
талдау субъектілерінің көптігі және олардың мақсаттарының
әртүрлілігі
есеп және есеп берудің стандарттарының болуы
коммерциялық құпиялықты сақтау мақсатымен талдау нәтижелерін максималды жабық түрде ұстау
Тест 10. Басқару функциясына не жатпайды?
A) Өнімді өндіру
B) Жоспарлау
C) Бақылау және реттеу
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 1.1-тарау; 8, 1-тарау
Қосымша: 6, 1-тарау; 8, 17-тарау
2-сабақтың тақырыбы. Басқарушылық талдауында колданылатын әдістер мен тәсілдер
Сабақтың мақсаты: басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылатын негізгі дәстүрлі әдістер мен тәсілдерді игеру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Талдаудың әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері
Басқарушылық талдаудағы экономикалык ақпараттар көздерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері
Салыстыру және топтастыру
Факторлық талдаулар әдістері
Экономика-математикалық әдістер
Шаруашылық резервтерін есептеу және іздеуді ұйымдастыру
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
2.1. Салыстыруды үйрету
Төмендегі қалалық нарықтағы тауарларды негізгі көрсеткіштер бойынша салыстыру қажет:
Тауардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Бірліктің бағасы, теңге |
Сатылған тауардың көлемі |
||
II кв. Po |
III кв. Pi |
II кв. qo |
III кв. qi |
||
Картоп |
кг |
60 |
70 |
2200 |
2300 |
Сүт |
л |
120 |
150 |
500 |
520 |
Алма |
кг |
500 |
450 |
830 |
840 |
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Салыстыру – бұл:
басқа біртекті құбылыстар арқылы құбылыстың сипаттамаларын
анықтау
тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару
нақты құбылыс деңгейінің өткен кезеңдердегі көрсеткішпен қатынасы
Тест 2. Топтастыру – бұл:
басқа біртекті құбылыстар арқылы құбылыстың сипаттамаларын анықтау
тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару
нақты құбылыс деңгейінің өткен кезеңдердегі көрсеткішпен қатынасы
Тест 3. Индекстік әдіс - бұл:
басқа біртекті құбылыстар арқылы құбылыстың сипаттамаларын анықтау
тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару
нақты құбылыс деңгейінің өткен кезеңдердегі көрсеткішпен қатынасын көрсететін салыстармалы шама
Тест 4. Егер жоспар бойынша өндіріс көлемі 100 бірлікті құраса, ал іс жүзінде 110 бірлік өндірілген болса, онда жоспарды орындаудың индексі нешіге тең болады?
110%
10%
90,9%
Тест 5. Егер 10 жұмысшы бір күнде 2000 бірлік дайын өнім өндірген болса, онда күндік еңбек өнімділігі тең болады:
200 бірлікке
2000 бірлікке
20000 бірлікке
Тест 6. Тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару – бұл:
топтастыру
салыстыру
есептеу
Тест 7. Егер жоспар бойынша өндіріс көлемі 6200 бірлікті құраса, ал іс жүзінде 5500 бірлік өндірілген болса, онда жоспарды орындаудың индексі нешіге тең болады?
88,7%
112,7%
12,7%
Тест 8. Модель – бұл:
басқару (зерттеу) объектісінің шартты образы
салыстыру
топтастыру
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 1.2-тарау; 8, 2-тарау
Қосымша: 6, 2-тарау; 8, 17-тарау
3-сабақтың тақырыбы. Факторлық талдау
Сабақтың мақсаты: факторлық талдауды тізбектілік ауыстыру және абсолюттік айырмашылықтар тәсілдерімен жүргізу бойынша іс-тәжірибе алу
Талқылауға арналған сұрақтар:
Факторлық талдаудың мазмұны
Детерминдік және стохастикалық факторлық талдау
Детерминдік факторлық модельдердің негізгі типтері
Факторлық талдаудың кезеңдері
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
3.1. Кестедегі мәліметтер негізінде:
1) пайданың факторлық моделін жазыңыз;
2) пайданың өзгеруіне факторлық талдау жасаңыз:
Көрсеткіштер |
2013 ж. (t0) |
2014 ж. (t0) |
1. Өткізілген өнім көлемі, бірліктер |
200 |
230 |
2. Сату бағасы, теңге |
7 |
9 |
3. Бірліктің өзіндік құны, теңге |
5,5 |
6,4 |
4. Пайда, теңге |
|
|
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Тиісті жиынтық көрсеткішке жеке факторлардың әсерін есептеу – бұл:
топтастыру
салыстыру
факторлық талдау
Тест 2. Тізбекті ауыстыру әдісі – бұл:
тиісті жиынтық көрсеткішке жеке факторлардың әсерін
есептеу
тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару
нақты құбылыс деңгейінің өткен кезеңдердегі көрсеткішпен қатынасы
Тест 3. Егер факторлық модель y = x1+x2+x3 түрінде болса, онда бұл:
аддитивтік модель
мультипликативтік модель
аралас модель
Тест 4. Егер факторлық модель y = x1*x2*x3*x4 түрінде болса, онда бұл:
аддитивтік модель
мультипликативтік модель
аралас модель
Тест 5. Егер факторлық модель y = x1- (x2*x3) +x4/х5 түрінде болса, онда бұл:
аддитивтік модель
мультипликативтік модель
аралас модель
Тест 6. Қайсы көрсеткішке байланысты факторлар негізгі және екінші дәрежелі деп жіктеледі?
Қызмет нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне байланысты
Қамту дәрежесіне байланысты
Бөлшектеу дәрежесіне байланысты
Тест 7. Қайсы көрсеткішке байланысты факторлар тұрақты және мерзімді деп жіктеледі?
Ықпал ету уақытына байланысты
Қамту дәрежесіне байланысты
Қызмет нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне байланысты
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 2-тарау, 3.1-тарау; 8, 4-, 13-тараулар
Қосымша: 6, 3-,4-тараулар; 8, 17-тарау
4-сабақтың тақырыбы. Басқарушылық талдауының ақпараттармен қамтамасыз етілуі
Сабақтың мақсаты: кәсіпорынның қаржылық есептілігі басқарушылық талдауының ақпараттық көзі ретінде түсіндіру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Басқарушылық талдауды ұйымдастырудың негізгі кезеңдері
Талдаудың комплекстік жоспары, оның мазмұны
Басқарушылық талдауының ақпараттық көздерінің сипаттамасы
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
4.1. «Химфарм» АҚ-ның қаржылық есептілігіне экспресс-талдау жүргізудің әдістемесін түсіндіру және іс-жүзінде қолдануды үйрету
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Абсолюттік көрсеткіштер:
шаруашылық қызметті натуралды, еңбек, ақшалай өлшемде көрсетеді
бір көрсеткіштің екіншісіне қатынасын көрсетеді
тек ақша түріндегі көрсеткіштер
Тест 2. Салыстырмалы көрсеткіштер:
шаруашылық қызметті натуралды, еңбек, ақшалай өлшемде көрсетеді
бір көрсеткіштің екіншісіне қатынасын көрсетеді
тек натуралды көрсеткіштер
Тест 3. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның келесідей көрсеткіштерін қамтиды:
активтер, капитал және міндеттемелерді
кірістер мен шығыстарды
активтер мен кірістерді
Тест 4. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында активтер мен міндеттемелер келесідей жіктеледі:
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
ағымдағы және ұзақ мерзімді
қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді
Тест 5. Кәсіпорынның ақшалай ресурстары қайсы активтерге жатады?
Қысқа мерзімді активтерге
Ағымдағы активтерге
Ұзақ мерзімді активтерге
Тест 6. Кәсіпорынның ғимараттары мен құрал-жабдықтары баланстың қай бөлімінде көрініс табады?
Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Меншікті капитал
Тест 7. Кәсіпорынның лицензия мен патенттері баланстың қай бөлімінде көрініс табады?
Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Меншікті капитал
Тест 8. Кәсіпорын капиталының формуласы қалай жазылады?
Капитал = Активтер – Міндеттемелер
Капитал = Активтер + Міндеттемелер
Капитал = Таза активтер - Міндеттемелер
Тест 9. Кәсіпорын бухгалтерліқ балансының формуласы қалай жазылады?
Активтер = капитал + міндеттемелер
Капитал = активтер + міндеттемелер
Активтер = капитал - міндеттемелер
Тест 10. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштеріне не жатады?
Кірістер мен шығыстар
Активтер, капитал және міндеттемелер
Кірістер, шығыстар, активтер, капитал және міндеттемелер
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 2-тарау, 3.1-тарау; 8, 4-, 13-тараулар
Қосымша: 6, 3-,4-тараулар; 8, 17-тарау
5-сабақтың тақырыбы. Кәсіпорынның маркетинг қызметінің талдауы
Сабақтың мақсаты: сұраныс пен ұсынысты анықтау және олардың икемділігіне талдау жасауды игеру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Маркетингтік талдаудың мазмүны, мақсаты және міндеттері
Маркетинг талдауының әдісі
Маркетингтік талдау жүргізудің кезеңдері
Сұраныс және ұсынысты талдау
Сұраныс пен ұсыныстың икемділігін есептеу
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
5.1. Сұраныс пен ұсыныс келесі формулалармен берілген:
QD=500-2p,
QS=200+4p
а) Тепе-тең баға мен тауардың тепе-теңдік көлемін табыңыз.
б) Бағаға 20 бірлікке тең жоғарғы шектеу қойылған деп жорамалдаыйқ. Онда орын алатын жетіспеушілік неге тең болады?
5.2. Алма нарығындағы орын алатын жағдайлар төмендегі кестеде берілген.
Баға, теңге |
Сұраныс көлемі, кг |
Ұсыныс көлемі, кг |
120 |
3200 |
1200 |
140 |
3000 |
1500 |
160 |
2800 |
1800 |
180 |
2600 |
2100 |
200 |
2400 |
2400 |
220 |
2200 |
2700 |
240 |
2000 |
3000 |
а) Сұраныс пен ұсыныстың қисыктарын сызыңыз және олардың теңдіктерін жазыңыз.
б) Егер алманың нарықтағы бағасы 1 кг-ға 160 теңгеге тең болса, онда нарықта қандай жағдай байқалады – жетіспеушілік пе, жоқ артықшылық па? Ол неге тең болады?
в) Алма нарығындағы тепе-теңдік баға неге тең?
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Сүраныс:
белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды нарыққа сатуға ұсыну
сатып алушылардың белгілі уақыт аралығында бағасы аныкталған тауарларды сатып алу қабілеттілігі
сату мен сатып aлy арасындағы тепе-теңцікті қалыптастыратын бағалар
D) өнімнің нақты бағасының тепе-теңдігі
E) сұраныс ақшалай қамтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі мен сұраныс төлем қабілеттілігі
Тест 2. Сұранысқа бағадан баска қандай бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды нарыққа сатуға ұсынуы
барлық шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өсуі
С) тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі
D) өнімнің нақты бағасының тепе-теңдігі
E) құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды
Тест 3. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінің ара-қатьнасындағы тепе-теңдік баға:
нарықтағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қалыптастыратын баға
өнімнің нақты бағасы
тауардың бағасы мен көлемінің қиылысуы
D) сатып алушылардың белгІлі уақыт аралығында бағасы аныкталған тауарларды сатып алу қабілеттілігі
E) белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды нарыкка сатуға ұсыну
Тест 4. Пікір сұрау әдісінің өзіндік артықшылықтары:
терең талдау және статистикалық өңдеу жасау мүмкіндігі бар
респонденттерді тарту оңайға түседі
салыстырмалы түрде арзан
D) көп мамандарды қажет етпейді
E) көп уақыт алмайды
Тест 5. Іріктемеге қолданылатын ұғымдар:
іріктеменің қатесі
макромаркетинг
С) іріктеменің сызғышы
D) іріктеменің қисығы
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 2-тарау, 3.1-тарау; 8, 4-, 13-тараулар
Қосымша: 6, 3-,4-тараулар; 8, 17-тарау
6-сабақтың тақырыбы. Бюджеттеу және бюджеттік бақылау
Сабақтың мақсаты: кәсіпорынның кейбір бюджет түрлерін құрастыруды үйрету
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бюджеттеудің мақсаты, міндеттері және функциялары
Бюджеттеу үрдісінің сатылары
Heгізгі бюджетінің құрылымы
Бюджет түрлері
Қаржылық бюджетінің мазмұны мен құрастыру тәртібі
Сметалық бакылау жүйесіне кірicпе
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
6.1. Бюджеттеуге бағытталған есеп
«Визит» компаниясы 2015 жылға арналған өнімді өткізудің келесідей бюджетін жоспарлап отыр (мың теңгеде):
Қаңтар |
40000 |
Шілде |
120000 |
Ақпан |
48000 |
Тамыз |
118000 |
Наурыз |
54000 |
Қыркүйек |
100000 |
Сқуір |
60000 |
Қазан |
84000 |
Мамыр |
65000 |
Қараша |
60000 |
Маусым |
80000 |
Желтоқсан |
44000 |
2014 жылдың ауқымында өнімді өткізуден түскен ақшалар келесідей келіп түскен:
табыстың 70%-ы тауарлар сатылған айда келіп түсті;
табыстың 20%-ы тауарлар сатылған айдан кейнгі айда келіп түсті;
табыстың 5%-ы тауарлар сатылған айдан кейнгі екінші айда келіп түсті;
табыстың 5%-ы тауарлар сатылған айдан кейнгі үшінші айда келіп түсті.
Талап етіледі: 2006 жыл қазан айына жоспарлаған ақша түсімін есептеу.
Кері байланыс түріне қолданылатын материалдар
Тест 1. Өндірістік компанияда бюджеттеу процесі қайсы бюджет түрінен басталады?
А) Өндірістік бюджеттен
В) Тікелей материалдардың бюджетінен
С) Еңбек ақы шығындарының бюджетінен
D) Сату бюджетінен
Е) Әкімшілік шығыстардың бюджетінен
Тест 2. Өндірістік компанияда сату бюджетін жоспарлағаннан кейін қайсы бюджетке өтеді?
А) Өнімнің өзіндік құнының бюджетіне
В) Әкімшілік-басқарушылық шығыстардың бюджетіне
С) Қаржылық бюджетке
D) Табыс және шығыстар туралы есеп берудің болжамына
Е) Дұрыс жауап жоқ
Тест 3. Бас бюджет пен икемді бюджет арасындағы негізгі айырмашылық неден тұрады?
А) Бас бюджет өндірістің бір көлеміне есептеледі, ал икемді бюджет берілген өндіріс аралығындағы кез келген өндіріс көлеміне дайндалады
В) Бас бюджет біртұтас кәсіпорын үшін дайындалады, ал икемді бюджет жеке цехтар, бөлімдер, департаменттер үшін пайдаланады
С) Бас бюджет белгіленген стандартқа негізделеді, ал икемді бюджет менеджерге еркін басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді
D) Бас бюджет сметалық кезеңге жасалады, ал икемді бюджет тек сметалық кезеңнен кейін пайдаланады
Тест 4. Кез келген операциялық және қаржылық өзгерістер орын алса да өзгермейтін бюджет түрі қалай аталады?
А) Шығындар бюджеті
В) Тұрақты бюджет
С) Статикалық бюджет
D) Икемді бюджет
Тест 5. GN Company келесі жылға 20000 бірлікті сатуға жоспарлап отыр. Бастапқы аяқталмаған өндірістің көлемі 600 бірлікті, ал кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс 1000 бірлікті құрайды. Қанша дайын өнім бірліктері өндірілуі қажет (бірлік)?
А) 19600 В) 20000 С) 20400 D) 21400
Әдебиеттер тізімі
Негізгі: 1, 2-тарау, 3.1-тарау; 8, 4-, 13-тараулар
Қосымша: 6, 3-,4-тараулар; 8, 17-тарау
7-сабақтың тақырыбы. Өнімдердің өндірілуі және өткерілуін талдау
Сабақтың мақсаты: өнім өндірудің динамикасы, өнім түрлері, құрылымы және сапасы бойынша талдауды үйрету
Талқылауға арналған сұрақтар:
Смета құруды басқару
Өнім және өндіріс көлемінің көрсеткіштер жүйесі
Өткерілу мерзімі және жеткізу көлемі бойынша контракт жағдайының орындалуын бағалау
Өнім өндірудің көлемі, құрылымы және ассортиментін талдау
Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін бағалау
Сабақта жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тапсырмалар, есептер
7.1. Өндіріс көлемінің және өнімді өткізудің динамикасын анықтау
Кестедегі ақпараттар негізінде өндіріс көлемінің және өнімді өткізудің базистік, тізбектілік және орташа жылдық индекстерін табыңыз.
Жылдар |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
Ағымдағы бағамен есептелген өндіріс көлемі, мың теңге |
36000 |
39600 |
42000 |
40500 |
44600 |
Ағымдағы бағамен есептелген сатылған өнімнің құны, мың теңге |
34200 |
39000 |
42100 |
39200 |
43100 |
Бағаның индексі |
1,0 |
1,03 |
1,05 |
1,02 |
1,08 |
7.2. Өнім түрлері бойынша талдау жоспарын орындау ең кіші пайыз немесе орта пайыз әдісі бойынша келесідегі формуламен анықталады:
Өк = ЖӨз : ЖӨо x 100%;
мұнда Өк - өнім коэффициенті; ЖӨз - әр түрдегі өнімнің негізгі шыққаны, бірақ жоспарланған шығу санынан артық емес; ЖӨо – жоспарланған өнімнің шығарылуы.
