Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

5.3 Пәннің міндеті:

  • Материалдық мәдениет және дизайн тарихы пәні негізінде (түрлі-түсті графика) түрлі - түсті модельдеуге қатысты сұрақтарды оқыту;

  • Графикалық дизайнның нысандары ретіндегі оның негізгі үйлестіру әдістерін (шамасын) қарастыру;

  • Бейнелеу - жобалау міндетте көркем сурет әдістерін игеру (фотография, сурет, мазмұны);

«Материалдық мәдениет және дизайн тарихы » пәнін оқыған кезе-ңінде студент:

  • теориялық негізде маркетинг, жарнама және баспа өнімдерін жасай білуі;

-графикалық әдіспен алдыңғы қатарлы баспа және жарнама өнімдерін істей алуы;

- техникалық және көркем графикалық көріністен алған әсерлерін үйлестіру әдісін психологиялық ойларын графикалық дизайнда түрлі әдіспен орындай білуі керек.

«Материалдық мәдениет және дизайн тарихы » бағдарлама курсын игеру мақсатында студент графикалық дизайн бағытында өте білгір, көркем -жобалау шешімдерді, фотографика, баспаграфика және түрлі түсті үйлестіру кезінде қолдана алу.

Осы пәндер бір уақытта қатар оқытылады: "Графикалық дизайн элементтері мен үрдістері І, ІІ, ІІІ", "Кескіндеме", "Үйлестіру", "Түрлі түсті көрініс".

5.4 Пәннің мазмұны

«Материалдық мәдениет және дизайн тарихы » пәнінің мазмұны екі модуль бойынша құрылған, лекциялық және тәжірибелік сабақтар 8- семестрде аптасына 3 сағаттан оқытылады, ал тәжірибелік сабақтарда тақырыптарға байланысты эскиздік жұмыстар жүргізіледі. Сабақ басталар алдында Сіздер міндетті түрде өтетін тақырыппен алдын ала танысуыңыз керек. Бұл курс 8-семестрде өтілетін «Дизайн саласындағы нысандарды жобалау IV» пән сабақтары 15 аудиториялық сағаттан тұрады. Оның 15 сағаты дәрістік, 30 сағаты тәжірибелік, СӨЖ 30 сағаттан тұрады. Пән бойынша оқу - әдістемелік теориялық курс – лекция конспекттері, оқу әдістемелік құралдар. Лекция кезінде оқытушы негізгі түсінікті, терминдерді және берілген тақырып бойынша анықтамаларды таныстырып өтеді. Лекция барысында оқытушы сұрақ-жауап қою арқылы пікір талас жүргізеді, пікір-талас барысында студент қосымша балл жинауына болады. Сонымен қатар, оқу аудиториясында студенттің аудиториядан тыс өзбетінше жұмысы СӨЖ-дер өткізіледі. Студенттердің тәжірибелік сабаққа және жазба жұмыстарының дәрістері үшін керекті құрал саймандары болу керек. (қалың жазу дәптері, графит қарындаштар, түрлі-түсті қарындаш, маркер фломатерлер, сулы бояулар түрлері, тушь, қыл қалам, желім, өшіргіш, А4,2,3 форматтағы ватман) Материалды қарастыру және өзіндік жұмыстарды істеу барысында қатаң әдістемелік бірізділікке маңыз аудару қажет. Ол көркемдік жобаның этаптары мен графикалық дизайн объектілерінің диалекті өзара байланыс функциялары, көлемдері және көркемдік сапасы қазіргі заман талаптарына сәйкес орындалуы керек. Көрме экспозицияларынан және қазіргі жобалық графика түрлерімен танысып, өзіңіздің көркем деңгейіңізді көтеру.«Дизайн нысандарын жобалау V»пәнінен өзіндік жұмысының шығармашылық есебі ретінде қорытынды жоба орындайсыз. Егер сабақ жібермей, СӨЖ-ді тұрақты орындайтын болсаңыз, жоспарланған оқу материалдарын толық көлемінде игересіз.Мультимедиялық таспалар да сабақ барысында көрсетіледі. Негізгі мәліметтерді лекция конспект ретінде жазып алған жөн.