Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)

Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италиядақалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда:  Франция, Испания,  Нидерланд,  Польша,  Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында— тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Италияндық қайта жаңғыру дәуірі

«Қайта жаңғыру» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512—1574) өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» (XVI ғасыр) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы — көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIII ғасыр бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV— XV ғасырлар Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғаты, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, «гуманизм»латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан (гомо — «адам» деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді «жаңа адамдар» — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы — ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым — гуманист, Леонардо Бруни (1370—1444 жылдары) «гуманизмді» адамның өмірі мен әдет- ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді.

Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыкажәне т.б. жатқызды.

Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс- тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи — ел басшысы болса,Полициано — университет профессоры, Пико делла Мирандола — граф, ал Лоренцо Вониконтри — офицер болды. Демек, гуманизм — мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мөдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бүл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең«проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265— 1321жылдары).

 

 

                                      Ежелгі Месопотамия (Қосөзен) мәдениеті

Б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Қосөзен - Тигр және Евфрат өзендері аңғарында Мысырдағы сияқты өте жоғары мәдениет пайда болып, қалыптасты. Бұл өлкеде тарихи есеппен қарағанда аз уақыт ішінде Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран атты елдер пайда болып, бірін-бірі алмастырып отырды.

Шумер-аккад мәдениеті. Қосөзеннің ең ежелгі мәдениеті — Шумер-аккад мәдениеті. Олардың мәдени жетістіктері талас тудырмайды: "Алтын ғасыр" поэмасын, бірінші элегияларды жазды, бірінші кітапхана тізімін жасақтады. Шумерлер — ең алғашқы медициналық еңбек-тердің, жыл күнтізбесінің авторы. Ең алғашқы шекті аспаптар  шумер елінде пайда болды. Жер бетіндегі ең алғашқы жазулардың бірі - сына жазуын да ойлап тапқан шумерлер еді. Шумер әдебиетінің саз тақталарға жазылған көптеген ескерткіштерінің барлығына жуығын оқудың сәті түсті. Шумер әдебиетінің аса көрнекті ескерткішіне Гильгамеш туралы аңыздар жүйесі жатады. Бұл шығарманың тек Шумер еліне ғана емес, Қосөзенге көршілес орналасқан басқа да елдер мәдениетінің дамуына орасан зор әсері болды.

Вавилон мәдениеті. Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Вавилон мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші - 2 метрлік тасқа ойылып жазылған Хаммурапи патшаның (б.д.д. 1792-1750 ж.) заңдары. Бұл заңдарда Вавилонның шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрініс тапты. Хаммурапи ескерткішінде орын алған мәтіннен Қосөзен халқы өмірінің шынайы бейнесін танып білуге болады. Вавилондық абыз Мысырдағыдай о дүние рахатын ешкімге уәде қылмайды, бірақ өзінің айтқандарын мүлтіксіз орындағандарға осы өмірден жақсылықтар көрсетуді ұсынады. Вавилон көркемөнерінде о дүниені суреттейтін көріністер мүлде жоқ.

Қосөзенді мекендеген ежелгі халықтардың сенім-нанымдарының арасында суға табыну ерекше орын алған. Вавилондық астрономдар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің, Айдың айналу заңдылықтарын, олардың тұтылу уақытын дәл анықтай отырып, өмірлік қажеттілігіне пайдалана білғен.

Вавилондық абыздардың ілімдеріне сай, адамдар құдайларға қызмет жасау үшін жаратылған. Вавилон құдайларының саны өте көп болған. Олардың ішіндегі ең бастылары болып Күн құдайы - Шамаш, Ай құдайы - Син, ауа райы құдайы - Адад, махаббат құдайы - Иш-тар, өлім кұдайы - Нергал, соғыс құдайы - Ирра, от құдайы Вильги саналған. Вавилондықтар өз құдайларын адамдармен салыстырып, адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекетімен сәйкестендірген. Құдайлар адам тағдырын шешкен. Құдайлардың пиғылын тек абыздар ғана білген. Тек солар ғана құдайлармен тілдесіп, болашақты аспан денелерінің қозғалысы арқылы аныңтап отырған. Сондықтан адамдар патшалар мен абыздардың айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырысқан.

Қосөзеннің ежелгі тұрғындарының діни нанымдары олардың монументтік өнерінен көрініс тапты. Қалаларда құдайларға арналған ғибадатханалар салынды. Ғибадатхана жанынан бастары көкке өрлеген, кірпіштен өріліп, терассалармен қоршалған Зикураттар салынды. Зикураттар (мұнаралар) әр түрлі бояулармен боялған, терассалар гүлдермен, көкпен өрілген. Вавилон көркем-өнерінің сәулеттік ескерткіштері біздің заманымызға аз жетті. Себебі, вавилондықтар сарайлар мен ғибадатханаларды кірпіштен салатын болған, ал кірпіштің ұзақ уақытқа шыдамайтыны белгілі. Дегенмен, қазіргі кезде жартылай сақталған сарай қалдықтарын зерттей келе, өнертанушылар еуропалық сәулет өнерінің Қосөзен аралығы сәулет өнерінен көп үлгі алғандығын анықтап отыр. Вавилон орасан үлкен, шулы Шығыс қаласы болған. Қалада үлкен 24 даңғыл болған, негізгі көркі Этеманка құдайына арнап салынған, биіктігі 90 м. Вавилон мұнарасы «әлемнің жеті кереметінің» біреуі саналған. Вавилон мұнарасының айналасын "әлемнің тағы бір кереметі" Семирамиданың аспалы бақтары көріктендіріп тұрған.

Ассирия мәдениеті. Вавилонның мәдениетін, дінін және көркемөнерін ассириялықтар жалғастырды. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың {б.д.д. VII ғ.) сарайының қирандылары арасынан ғалымдар сына жазумен жазылған ондаған мың мәтіндерден тұратын кітапхананы тапты. Ашшурбанипалдың тікелей нұсқауымен Қос-өзен аралығында жазылған барлық кітаптар және ескерткіштер бір жерге жиналған.

Иран мәдениеті. 

Б.д.д. VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы орнады. Ежелгі парсылардың рухани мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші Зороастра пайғамбардың қасиетті кітабы "Авестада" Ассирия, Үндістан, Вавилон, Кіші Азия, Мысыр, Сирия патшалықтары мәдениеттерінің элементтері жинақталған. Парсы (Иран) мемлекетіне кірген көптеген халықтардың арасында иудейлер де болған. Бұл халықтың дуниетанымы қасиетті кітап - "Ескі өсиетте" берілген.

 

Ежелгі Үндістан мәдениеті

Үндістан - дүниежүзілік өркениет мәдениетінің өте жоғары дәрежеде дамыған ошақтарының бірі. Оның аумағынан палеолит заманында қолданылған материалдық мәдениеттің (әр түрлі аңшылық құралдар, теселер мен үгіткіштер, мата қалдықтары) көптеген ескерткіштері табылды. Б.д.д. III мың жылдықтың екінші жартысынан бастап бұнда 400 пиктограф пен буындық белгілерден тұратын жазу пайда болды. Үнділер басқыншы болмағанымен, оларды басқалар үнемі бағындырумен болған. Ежелгі замандардан бастап әр түрлі халықтар Үндістанның табиғи байлықтарына - асыл тастарына, алмаздарына, хош иісті майларына, пілдері мен арыстандарына, ақыл-ой қазыналарына қол жеткізуді арман еткен.

Саяси өміріне келетін болсақ, Үндістанның Қытайдан ерекшелігі, Қытайда барлық адамдар тең болса, мұнда адамдар касталарға бөлінген. Бірінші каста - браминдер, абыздар, бұлар құдайдың елшілері саналып, аса маңызды артықшылықтарды пайдаланған. Екінші кастада - әскерлер мен басқарушылар, үшінші кастада -егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер болған. Төртінші кастаның өкілдері - шудралар, қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандықтан, олардың қара, лас, ауыр жұмыс жасаудан басқа ешқандай құқылары болмаған. Үнділердің ең ежелгі кітабы Веды деп аталды. Ол санскрит тілінде жазылған. Ведалардың мәтініндегі діни қағидалар мен ережелер адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге көмектесті.

Ғылымы мен әдебиеті. Ведаларда металл (қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын) өңдеу тәсілдері, медициналық емдеу (анатомия, патология, терапия, хирургия, т.б.) әдістері, математика, шахмат туралы мәліметтер толық берілді. Үнді мәдениеті әсіресе, Маурилер династиясы билеген тұста (б.д.д. ІV-ІІ ғасырлар) айрықша өркендеді. Бүл кезеңде үнді ғалымдары қазіргі сандарды санаудың ондық жүйесін, арифметикалық және геометриялық прогрессияларды, тригонометрия мен алгебраның негіздерін ойлап тапты. Химия саласындағы білімдер сілтіні, қышқылды, бояуларды, дәрілерді, әтірді, цементті, тұзды дайындауға мүмкіндік берді.

Ежелгі үнді мәдениетін, ғылымын, қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастарын оқып-үйренуге б.д.д. 1-мың жылдықта өмірге келген эпикалық әдебиет қызмет етеді. Эпикалық әдебиеттің көрнекті шығармалары "Махабхарата" мен "Рамаянаны" ежелгі үнді елі өмірінің эн-циклопедиясы деп есептеуге болады. Шыққанынан бері 2 мың жыл бойы үнді елінде бұл дастандар өте кең тараған. Олардың кейіпкерлері - Кришна ("Махабхарата") және Рама ("Рамаяна") әулиелендіріліп, қазіргі индуизм дінінің ең басты құдайы Вишнумен теңестірілген.

Көркемөнер, сәулет өнері. Ежелгі үнді мәдениетінің аса құнды бөлігі халық музыкасы болды.Ән, би, құалды музыка жанрлары ежелден ерекше дамыды. Ежелгі үнді көркем сурет өнері құю,қолөнер, фрескалықсурет) және сәулет өнері қол жетпейтін табыстарға ие болды Үнді көркем суретіне бейнелердің байлығы мен нәзіктігі, шығармашылық қиялдың батылдығы, композициялардың әр түрлілігі мен күрделілігі, қозғалыстар мен сезімді берудегі шеберлік тән болды.

Буддизмнің таралуына байланысты табынатын құрылыстар — ступалар салына бастады. Бұлар монументтік алып құрылыстар еді. Гупта династиясы билеген тұста (б.д.д. П-І ғасыр) үңгірлік сәулет өнері кең өріс алды.

14 дәріс.