- •Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4. Пәннің пререквизиттер және постреквизиттер
- •5 Пәннің сипаттамасы
- •5.1 Пәннің тағайындау
- •5.3 Пәннің міндеті:
- •5.4 Пәннің мазмұны
- •5.5 Оқу сағаттардың тақырыптар бойынша бөлунуі
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6,2 Қосымша әдебиеттер
- •Пән бойынша оқу –әдістемелік картасы
- •Пәннің тізбесі
- •Пәннің мазмұны
- •Сөж тақырыптары
- •8.Пәнңін саяси барысы
- •1 Тақырып Көне дәуірден бастап XX ғасырдың басына дейінгі «мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы
- •3 Тақырып Ежелгі Мысыр мадениеті жане Ежелгі Мысыр
- •4 Тақырып Ежелгі Месопотамия ( қ осөзен) мәдениеті
- •5 Тақырып Ежелгі Үндістан мәдениеті
- •6 Тақырып V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті
- •Қытай жазуы
- •Әдебиеті мен өнері
- •7 Тақырып Жаңа заман мәдениет. Итальян қайта өрлеуі
- •8 Тақырып Орта ғасыр мәдениеті
- •9 Тақырып Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы
- •10 Тақырып Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы
- •11 Тақырып Парсы тілі – әлем мәдениеті мен әдебиетінің құнды қазынасы
- •12 Тақырып Ресей мәдениеті. Ежелгі славяндардың мәдениеті
- •Кілтті сөздер: функционалдылық,стайлинг
- •3. Ежелгі Русь мәдениеті
- •Ежелгі славяндардың дүниетанымы
- •Ежелгі Русь мәдениеті
- •13 Тақырып XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті Дәріс мақсаты: Пропорция Функция Элемент функционалдылық,стайлинг
- •XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті
- •Mәскеулік кезең мәдениеті
- •Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
- •Италияндық қайта жаңғыру дәуірі
- •1 Тақырып Қазақтың дәстүрлі мәдениеті
- •15 Тақырып Қазақ халқының материалдық мәдениеті:
- •6.Тәжірибе пәнді бойынша тапсыру графигі
- •7.Пәнді менгеру бойынша әдістемелік нұсқалар
- •Жоспар:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •8. Студенттердің өз бетінше орындайтын тапсырмаларға материалдар
- •1. Тақырып: Мәдениет пен дәстүрдің қазіргі кезеңдегі өзара қарым-қатынастары
- •4. Тақырып: Қазақстан өнеріндегі көркем бейнелер
- •1.Тақырып: Мәдениет пен дәстүрдің қазіргі кезеңдегі өзара қарым-қатынастары
- •9 Студенттердін білімін бақылайтын сұрақтар мен тапсырмалар
- •10.Студенттердін білімін бақылайтын емтихан сұрақтар мен тапсырмалар
- •Жазбаша жұмыстардың тақырыптары Мәнжазба тақырыптары:
- •Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
- •11. Ұсынылған аудиториялар
Ежелгі Русь мәдениеті
Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.
№ 13 дәріс.
13 Тақырып XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті Дәріс мақсаты: Пропорция Функция Элемент функционалдылық,стайлинг
Кілтті сөздер: Mәскеулік кезең мәдениеті Ежелгі славяндардың дүниетанымы
Дәріс жоспары: 1. XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті
2. Ежелгі славяндардың дүниетанымы
3. Ежелгі Үндістан мәдениеті
4. Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті
XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.
Mәскеулік кезең мәдениеті
XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдыңтарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің — барокко мен «мұжықтық» мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (1626—1686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымаc қайраткер, әрі тамаша педагог Ущаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіндемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константинов» Б. Огурцов және т.б. салған Мәскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (1635—1636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (1635—1653ж.) XVII ғасырдан сәулетшілік және кескіндемелік ;ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады.XVII ғасырда миниятюра да, графика да гүлдеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде, халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мөдениетінің басты сипаты — оның басқа халықтар мөдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мәдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалды.Петрдің реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларымен қатар мәдени өмірді де қамтыды. Соның нәтижесінде бұдан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда мәдени дамудың қарқыны күшейіп, өнер саласында жаңа стильдер (борокко, рококо,классицизм) қалыптасты. Бүл Ресейлік жаңа заман мөдениетінің басты ерекшелігі болды.Ерекше атап өтетін бір жайт, тек қана Петрдің кезінде ғана мектеп, жастарға білім беру мәселесі — мемлекеттік мәселеге айналды.Мамандар тапшылығына байланысты отандық ақсүйектік мектептер жүйесімен қатар, XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап жастарды шетелдерде оқыту ісі қолға алына бастады. Халықтық ағарту ісінің жолға қойылуы, түрлі мектептердің ашылуы — оқулықтар санын көбейтуді қажет етті. Сөйтіп XVIII ғасыр басынан бастап кітап басып шығару ісі жолға қойылды. Жаңа жағдайда ескі оқулықтардың орнына «Әліппе», «Славян грамматикасы», «Арифметика» сияқты мүлде жаңа заман талабына сай оқулықтар шығарыла бастады.
Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы — халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған «Ведомости» ғазеті — Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым жөне ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық — адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр — XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин менЧаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский менТолстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады.
Орыс мәдениеті — мәдениеттің православилік типі
Ежелгі Шығыс славяндарының материалдық мәдениет ескерткіші. Ресей мәдениеті – адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторлармен тығыз байланысты. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы – православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа
созылған батыс – еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
Киев русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі – орыс мәдениетінің гүлденген дуірі ХУІ-ХУІІ ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Мәскеулік Русь өзін «Қасиетті русь» деп танып, ал мәскеу – «Үшінші Римге» айналды. 1547 жылдан ІХ Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі – Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын
Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ.ХУІІ ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты блды. Бұл кезеңде халық тарихының жаңа дәуірі басталды.
Ресейдің жаңа заман мәдениетінің басты сипаты – оның басқа халықтар мәдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бұл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға болады.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун — қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай — «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер — ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен
антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Любимов Л. — Алматы, 1989. — 67-бет). Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі
парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабыл¬дан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда фран¬цуз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.
Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ендеше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халықтарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңғалақты, желкенді қайықты, мыс, қола құймаларын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Шетінен математик, астроном, жер өлшеуші. Заңды, аспан денелерінің адам организміне әсерін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалыптастырған. Олардан қалған қыш тақтайшаларының талайы ежелгі рецептер мен ібіліс сиқырынан аман сақтайтын магиялық формулалар болып шықты. Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына сабан, қамыс салып, қам балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден үй салуды кең өрістеткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқабатты, ішкі аулалы, аспалы бақты болған. Су құбырларын тартқан. Қалаларының қақ ортасында жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан. Сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен музыка теориясын да бірінші боп ыждаһаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс деп түсінген. Сол нанымға негізделген заң жүйелері бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы Хаммуранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші жетпейді. Ал адам пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-қатынасы осыған негізделген. Атақты Гильгамоштен бастап, шумер мифтері осылай үйретеді. Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең етіп жүрген осы іргелі мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес мың жыл бұрын көршілес Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас көтермеген. Акадтарды жеңген бабылдар да шумер мәдениетінің мұртын шақпастан, одан әрі дамыта түскен. Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал еткен факторлардың бірі – осы шумер жазуына үйрену арқылы қалыптасқан жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер жазуын ғана емес, сол арқылы келген өнер-білімді де дамытты. Олардың орнына келген ассириялықтар да солай етті. Оған 1849 жылы ағылшын оқымыстылары А.Г.Лэйрд пен О.Рассамның “Нимрод” төбесінен (ежелгі Ни¬невия) тапқан ассириялық патша Аптшурбани¬пал¬дың (б.д.ж.д. 668-631 ж.ж) 30 мың қыш қалақ¬шалардан тұратын аса бай кітапханасы айғақ бола алады. Олардың арасынан дәрігерлік, балгерлік, математика, дін, тарих тақырыбындағы еңбектер, ассирия-бабыл-шумер сөздіктері, грамматика оқулықтары шықты. Сөйтіп, шумер жазуын көпке таратып жүрген шумерлер емес, ол жайлаған кеңістік пен олар ойлап тапқан мәдениетті иемденген, оларға қырық қайнаса, сорпасы қосылмайтын Қос Өзен мен Жерорта теңізі жағалауын мекендеген семит халықтары еді. Олардың әліпбиін Кіші Азия мен Афри¬кадағы семит емес халықтар да үйренді. Ақыр аяғында олар ойлап тапқан жазу жүйесі жетіле-жетіле келіп, бастапқы пиктограммалардан басталған суреттіліктен түгел арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыс¬тық) жазуға айналды.
Сөйтіп, дыбыстық жазуға жол ашып берген финикиялықтар әліпбиі өздерінің ежелгі астаналары болған Библиос қаласында дүниеге келді. Біз де оны алғаш рет 1968 жылы сол қаланың тарихи музейіндегі мәрмәр тақтайшадан көргенбіз. Ол әліппе жиырма екі әріптен тұрады екен. Олардың арасында дауысты әріптер болмады. Оның мұндай кемшілігінің орнын Угарит әліпбиі толықтырды. Алайда оны тудырған Угарит қаласы әлденеше елдермен тікелей байланыс жасап тұрған Библиостай ежелгі саудаға ықпал жүргізген қала емес еді. Сондықтан оның әліпбиі финикиялық әліпбидей кең тарала алмады. Финикиялықтар жазуы батысқа грек, шығысқа арамей жазулары арқылы таралды.
Арамей тілі де финикиялықтар тілі сияқты еді. Семит тілдері тобына жататын. Флективті тілдердің қай-қайсысы тәрізді ондағы сөз түбірі де тек дауыссыз дыбыстардан тұратын. Сондықтан ондай сөздер жазылғанда бір-бірінен еш айырмасы жоқ омонимдер сияқты болып көрінетін. Бұл мәселені арамей тілі әуелі жол үсті, жол астына жазылатын қосалқы диакрит белгілер арқылы шешуге тырысты. Мәселен, осындай семит тобында болып табылатын араб тілінде “а” дыбысын белгілейтін алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын көлбеу сызықша “фатха” деп аталды. Ал и дыбысын білдіретін “кесра” белгісі алдындағы дауыссыз дыбыстың астына көлбеу сызықша күйінде бейнеленді. Сондай алдындағы дауыссыз дыбыстың үстіне қойылатын үтір сияқты белгі у дыбысын білдіріп, “дама” деп аталады. Сондай әріптің үстіне қойылатын “ташдид” белгісі өзінің астындағы дауыссыз дыбыстың қосарланып айтылатынын көрсетті. Ал дауысты а, у, и дыбыстарының қосарланып созылыңқы айтылуы тенвии дама, тенвии фатха, тенвии кесера дейтін арнайы белгілермен көрсетілді. Дауыссыз дыбыстан кейін келетін дауысты дыбыс жоқ екендігін білдіретін “сукун” дейтін дөңгелек таңба да болды. Мұндай қосымша белгілер қойылмайынша, тек дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірдің мағынасын аңғару өте қиын еді. Мысалға, “ктб” дейтін үш әріптен тұратын түбірді сөйлемдегі айтылып отырған ойдың ретіне қарап, “китабун” деп те, “катибун” деп те оқуға болатын. Алғашқысы кітап деген мағына білдірсе, соңғысы кітаптарды түсіндіретін көп оқыған адам дегенді ұғындырды. Жүре келе, әлгіндей түбір сөздің мағынасын түрліше құбылтатын дауысты дыбыстардың әрқайсысына тұрақты әріптер ойлап табылды. Авеста, ұйғыр, моңғол, манжұр жазулары бірден сондай қағидаға бас ұрды. Арамей тілі еврей, сирия, иран, араб тілдері деп төртке бөлінді. Бұл иудаизм, сириялық христианшылдық, зороастризм, мұсылман діндерінің дәуірлеуіне байланысты еді. Әсіресе, зороастризм мен шығыс христианшылдыққа бірдей қызмет еткен арамей тілі мұсылман діні шыққанға дейін бүкіл шығыс елдеріне мейлінше кең тарады. Ол парсы-арамей, пехлеви-аршак, пехлеви-сасан, авеста, хорезм, соғда жазуларына жіктелді. Қиыр Шығыс пен Сібірде иероглиф және сына жазулары өрістеді. Кейін ислам дінінің дәурендеуіне байланысты Қиыр Шығыс иероглиф жазуынан басқасын араб жазуы мүлдем жұтып жіберді. Мамандардың айтуынша, араб жазуы арамей жазуының набатей тармағынан тарайды. Оның ең ескі үлгілеріне біздің жыл санауымыздан бұрынғы 300-ші жылдар шамасындағы үш графит тақтайшаға жазылған көнелікті мәтіндер жатқызылады. VІІ ғасырда араб жазуы баданадай ірі және доғал әріптерден тұратын куфа және нәзік те әсем шиырылып түсетін насх жазу түрлеріне жіктелді. Арабтар жаны бар мақұлықтардың суретін сала алмайтын болғандықтан кесте тіккендей қып әдемі ирекше әшекейлерге көбірек мән берді. Оларды кейде тым шиыршық атқызып, қырық құйқылжытып жіберетін. Бұлары көруге келісті болғанымен, түсінуге қиын түсетін еді.
Ал б.ж.с.д. 8-7 ғасырларда пайда болған грек әліпбиі жазылуы жағынан финикия жазуына ұқсағанымен, дыбысталуы жағынан бабыл, ассирия, арамей, иудей, халдейлерге тән флективті семит тілдерімен емес, ежелгі санскрит, қазіргі үндіеуропалық тілдермен төркіндес еді. Аглюнативті тілдер тобына жататын. Семит тобындағы флективті тілдердегі мағына дауысты дыбыстардың өзгеруіне байланысты құбылса, үндіеуропа тобындағыдай аглюнативті тілдердегі мағына түбірдің алды-артынан тіркелетін қосымша, жалғау, жұрнақтарға байланысты түрленетін. Сондықтан гректер финикия жазуына айта қаларлықтай өзгерістер енгізіп бақты. Дауысты әріптермен бірге бұрын жоқ “фи”, “хи”, “пси”, “омега” сынды жаңа дауыссыз әріптерді де ойлап тапты. Жазу басқа шығыс тілдеріндегідей оңнан солға қарай емес, солдан оңға қарай оқылатын болды. Солайша жаңарған грек әліпбиінің әралуан соны нұсқалары қалыптасты. Батыс-грек жазуы жүйесіне эртрус, латын жазуларымен қоса, Италияның мессап, венет, оск, сикул, умбет т.б. сынды ежелгі халықта¬рының әліппелері жасалды. Шығыс-грек жүйесінің негізінде 2-3 ғасырларда христиан дінін қабылдаған ежелгі мысырлықтардың ұрпақтары болып табылатын коптардың жазуы, ал І мыңжылдық ортасында византия жазуы қалыптасты.
Византия жазуы негізінде осы заманғы грек, славян, әрмен, гүржі жазулары шықты. Орта ғасырлар басында бүкіл Батыс Еуропада жалғыз латын тілі ғана жазба тіл болып табылатын. Латын жазуынан басқа жазу болмайтын. Герман тайпалары мен ирландықтар руна (киелі) жазуын пайдаланды. Латынша жазу немістерде, ағылшындарда, ирландиялықтарда 7-8, француздарда – 9, испан, португал, норвегтерде – 12, итальян, швед, дат, венгр, чехтарда – 13 ғасырда пайда болды. ІХ ғасырда славяндардың глаголица және кирилица деген екі жазуы болды. Алғашқысын аз уақыт оңтүстік-батыс славяндары ғана пайдаланды. Сосын барлығы да кирилицаға көшті. 1941 жылы Моңғолстан мен кейбір кеңес республикалары сол жазуға өтті. Өтпегендер арасында бұрыннан латын жазуымен пайдаланатын латыш, эстон, литвалықтар, жаңа бір дәуір басында өз әліппелерін жасап алған әрмендер мен гүржілер бар еді. Тарихта жазудың төрт жүз түрі болғанымен, бұл заманда соның жиырмадайы қолданыста жүргенімен, ең көп қолданылатын бес жазудың қатарына – әлем тұрғындарының 30 пайызы пайдаланатын латын, 10 пайызы пайдаланатын кирилица, 10 пайызы пайдаланатын араб, 20 пайызы пайдаланатын буындық-үнді, 25 пайызы пайдаланатын түбірлік-қытай жазулары жатқызылады. Ал қалған грек, еврей, эфиоп, гүржі, әрмен және басқа тілдерде жер шарының бар болғаны 5 пайызы ғана жазып-оқиды.
Оқудың мәдени құбылыс ретінде таралуы тек жазуға ғана байланысты емес еді. Оның қандай нәрсенің бетіне жазылып, таралуына да байланысты еді. Бағзы бабалар бұл мақсатта жартастарды, үңгір қабырғаларын, дөңбек тастарды, тас бағандар мен қалақ тастарды пайдаланған. Бірақ, тас барлық жерден табыла бермеген. Алайда, жазу білетін адам жазатын зат таппай қоймайды. Теріскей тайпалары ағаштардың діңгегі мен қабығын, күнгейдегілер пальма жапырақтарын, малта тастарды жазуға қолданған. Ал ондай орман жоқ құла дүздегі Месопатамия (Қосөзен) халқы болып табылатын шумерлер саз балшықтан дымқыл шаршы жасап, оған таңбаларын басып, оны өшіп кетпес үшін тандырға жауып күйдірген. Биіктігі 2,5 сантиметрден аспайтын шағындарына ұсақ-түйек ескертпелерді түртіп қойса, биіктігі 40 сантиметрге дейін баратын көлемділеріне “Жердің жаратылуы”, “Алтын ғасыр”, “Гильгамеш туралы” хиссаларын жазған.
Мысырлықтар шумер жазуын алғанмен, әлгіндей қыш қалақшаларға жолаған жоқ. Өйткені, Ніл бойында жазуға пайдалануға болатын нар қамыстар өсті. Егер олардың діңгегін құрайтын түтік қабықтарын кеспе секілді ұзыншалап, жолақ-жолақ қылып қатарластыра тіліп, бетіне дәл сондай жолақ тілімдерді көлденең тізіп жауып, үстерін су бүркіп ылғалдап, күнге кептіріп қойса, бір-біріне желімше жабысып, жап-жазық, жып-жылтыр парақтарға айналып шыға келеді екен. Сосын қайқайтып қаламыңды суыр да, сумаңдатып қалаған мәтініңді жаза бер!.. Мысырлықтардың ондай парақтарға қойған атауы гректердің құлағына папирос, римдіктердің құлағына папирус болып естілген. Олар¬ды бір-біріне желімдеп сала құлаш қып ұзартып, сосын шиыршықтап ораған тығырық бумаларды римдіктер харта деседі. Қазіргі кең таралған Хартия термині әу баста осыдан өрбіп жүрсе керек. Сондай ширатынды қағазға жазып пәтуаластандырылған шарт деген ұғымды білдіріпті. Мұндай буманың ұзыны көбіне көп 10 сантиметр болып келген түрі бар. Тіпті 5 сантиметрге жетер-жетпес құрдым, 100 метрге дейін жететін көшқұлаш папирустар да кездесетін көрінеді. Мәселен, “Иллиада” бөлек-бөлек 24 бумадан, Інжіл де әлгіндей әлденеше бумадан тұрыпты. Бірақ, аса жұқа әрі нәзік болғандықтан, бізге дейін жеткен мысыр папирустары тым аз. Ең ескілері б.ж.с.д 18 ғасырларда жазылыпты. Гректер мен латындар ұзақ уақытқа дейін біздің қазақтар сияқ¬ты ауыз әдебиетін өркендеткен. Әзелгі классиктердің бір де бірінің түпнұсқалары табылған емес. Мәселен, б.ж.с.д 7-8 ғасырларда туған “Илиада” мен “Одиссея” тек б.ж.с.д 6 ғасырларда ғана папирус манускрипт қалпына түскен. Ал олардың біздің дәуіріміздегі І ғасырдағы нұсқасы ғана жетіп отыр. Ең толық нұсқасы ІV ғасырда жазылыпты. Папирустардың бумалардан гөрі қолдануға ыңғайлы қып дәптерлеген түрін кодекс деп атаған. Олар біздің дәуірдің І ғасырынан бастап пайда болған. Сөйтіп, Мысыр халқы көбейген сайын Ніл бойындағы әлгіндей қамыстар ойсырай азайып, ақырында дербес өсімдік түрі ретінде біржола құрып біткен.
Ұлы Александр б.ж.с.д 322 жылы дүние салып, баласы Птолемей Египет астанасын Ніл сағасына көшірді. Әлемдегі ең үлкен Александрия кітапханасы дүниеге солай келді. Бірақ, бұл мәселеде басқалар да Мысырдан қалысқысы келмеді. Кіші Азияда 250 жылы тәуелсіз патшалық құрылды. Онда Мысырдың өздерінен озып кетпесін деп папирус сатуды жыл ма жыл қысқартқанына қарамастан, тамаша кітапхана бой көтерді. Пергамдықтар жазуға мал терісін пайдалануды үйренді. Екі беті бірдей шелденіп, есін кетіре иленіп, тақтайдай қылып, әдемі сүргіленген жібектей жұмсақ жұқа тері кітап шығаруға кететін шығынды екі есе қысқартты. Сөйтіп, Пергам кітапханасы Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденді. Ондай тері өзі жасалған қаланың құрметіне пергамент деп аталды. Кейде пайдаланылған теріге жаңа мәтін жазылатын еді. Ондай кітаптар палимсест делінді. Кейін оқымыстылар олардың діни мәтіндер жазылған жаңа қабатының астынан Цицерон, Плавт шығармаларын тауып, қайтадан қалпына келтіре бастады. Бұл орта ғасырдағы Еуропада қолжазба кітаптар шығарумен, негізінен, ғибадатханалар шұғылданып, кезінде көп кітап діни сипатқа ғана арналғанын көрсетеді. Қолжазба кітаптар арасынан көркем әдебиет шығармалары кездесіп жарымайтын десе де болады.Қолжазба кітаптар әдетте жалғыз-ақ дана шығарылды. Ол сұранысты қанағаттандырмады. Оның үстіне ұрпаққа керекті тарихи деректердің біржола құрып кету қаупін күшейтті. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің тарихына қиянат жасайтынын былай қойғанда бір билікші әулеттің екінші әулеттің тарихи мұраларына өш келетінін адамзат талай рет бастан кешкен. Б.ж.с.д. VІІ ғасырда эламдықтар Меопатамиядағы ежелгі білім көзі болып табылатын Ур-Намму Зикуратин көзапара жойып жіберді. Осыдан жиырма үш ғасыр бұрын Қытай императоры Цин Ши-Хуанди мәжусилермен алысқан болып, өзінен бұрынғы кітаптардың бәрін өртетті. Біздің VІІ ғасырда арабтар атақты Александрия кітапханасын талқандады. ХVІ ғасырда католик иереархтары майя мұрағаттарын құрттырды. ХІІ-ХІV ғасырдағы католик иезуиттері ежелгі қолжазбалар мен антикалық әдебиетті құртып шығады. Ежелгі иезуиттер кітаппен алысса, кейінгі иезуиттер жазуды өзгерту арқылы қоғамды тарихи жадынан айырып отыруды әдетке айналдырды. Қытай билікші династияларының осындай озбырлығына, басқаны қойып, конфуций мен даосизм мұраларының өздері аз ұшыраған жоқ. Тарихта болған төрт жүзден астам жазу түрі көбіне-көп бейбіт түрде емес, сондай күштеп өзгертуден азайды. Жазу мен оқуға монополия династиялық билік кезінде негізгі саяси күрес әдісі болды. Жазуды, жазба мұраларды сақтап қалу өркениеттер өзектестігі мен ұрпақтар сабақтастығының басты кепіліне айнала бастады. ХV ғасыр ортасында кітаптарды механикалық әдіспен көбейту қажеттілігі туды.Бұған дейін ксилография әдісі қолданылып еді. Ол – қазіргі бәйбішелердің кеспе пісіру үшін тақтайға шелпек жайғандарына ұқсайтын ағаш оқтаумен мәтін басатын қарапайым тәсіл еді. Мұндай әдіс алғаш рет VІІІ ғасырда Қытайда пайда болыпты. Сол Қытайда кітап басуға керек қағаз да ойлап табылды. Оны 105 жылы Цзай Лунь дейтін сарай маңындағы шебер жүзеге асырды. 751 жылы қағаз Таяу Шығысқа да тарады. Оған Қазақстанның тікелей қатысы бар еді. Дәл сол жылы Тараз маңындағы Атлах түбінде қызыл қырғын шайқас өтті. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салых пен Қытай әскербасы Гео Сян-Чжи соғысты. Айқас 5 күнге созылды. Қытайлардың тас-талқаны шықты. Сөйтіп, арабтар қағаз шығару құпиясына ие болды.
ХІ-ХІІ ғасырларды Испанияны жаулаған арабтар арқылы қағаз Еуропаға да жетті. 1455 жылы Майнц қаласының шебері Иоген Гутенберг техникалық әдіспен 42 жолдық екі томдық Інжілді басып шығарды. ХV ғасырдың аяғында Еуропаның 236 қаласында типография орнады. Гутенбергтің пайдаланған темір әріптерін итальяндар мысқылдап гот жазуы деп атады. Өйткені олар өздерін бір кезде тас-талқан еткен жауынгер гот тайпасын өлердей жек көрді. Оларды шетінен ақылсыз, дөрекі жұрт деп санайтын. Олардың қолынан шыққан нәрсенің бәрін күлкіге ұшыратуға тырысатын. Тіпті, готтардың Лондон түбіндегі қалалары Готами туралы да “онда ылғи нақұрыстар тұрады” деп, неше қилы қисынсыз лақап таратты. “Готамиден шыққан үшеу – бірінен бірі өткен данышпан, қамыстан тоқып, қайық мініп, көк толқынмен алысқан”, – деп мазақтайтын. Сәулет өнеріндегі көпке белгілі готика стилі де, Гутенберг шығарған гот құйма әріптері де, итальяндардың ұғымынша, ерсілік пен ебедейсіздіктің ең сөлекет үлгілері болып шығар еді. Оның үстіне итальян шебері Альд Мануций бір жағына қарай сәл көлбетіп, мейлінше нәзік шиырып, әдемі әшекейлеген әріптер құйып, оны курсив (шапшаң жазылатын) атады. Сөйтіп, полиграфия өркендей түсті. 1500 жылға дейінгі шығарылған кітаптар инкунабул саналды. Ондай жалпы саны 12 миллион данаға жететін 40 мың атау жарық көріпті. Олардың жарты миллиондайы біздің тұсымызға дейін жетіпті. ХVІ ғасырдың бірінші жартысында шыққан кітаптарға палеотип деген айдар тағылды. Көркемделуі жағынан сиықсыз, мазмұны жағынан сұрықсыз болса да, бұған дейін адамзат мұнша мол көлемде кітап шығарып көрмеген-ді.
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — «роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі XI—XIII ғасырда, әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде оюөрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді».
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берілді. Әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық, таяу шығыстық (әсіресе, сириялық), германдық, кельттік және басқа да солтүстік тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне, сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген атқа ие болды.
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — ою-өрнекпен ғимараттарды одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мұлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары ұмыт болған еді. Қалай болғанда да, сыналы тастардан жасалған шомбал күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.
Ортағасырлық кран
Шіркеулер үлкен қалаларда ғана емес, қалашықтарда да салына бастады. Сонау шалғайдан көзге шалынатын бұл ғимараттар ортағасырлық өмірдің аса ірі жетістігі болды. Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігерінің айғағы ретінде жақсы көрді. Шіркеу қоңырауының сыңғыры мен органдық музыканың әуенінен бастап, бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жолжоралық діни рәсімдерге қатынасу — қарапайым адамдарды күнделікті күйбең тіршілік қамынан бір сәтке болса да сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді.
Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар, Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнері саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі — романдық стильдің аса көрнекті үлгісі — Париждегі Нотр-дам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз. Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып жарасымды айбыны да, арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды. Тарихи уақиғаларға толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы — «Роланд туралы жырда» (XII ғасырда) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туындыда орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтық эпостың негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардьщ көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық рухқа толы болды. XII—XIII ғасырда Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды. Олар-дың сатираларында шіркеу мен феодалдық езгіге қарсы сарын мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ, еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы бір кезеңце қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.
Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты. Рейндік, саксондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің дамуына зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман-қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салды. Солардың бірі — өзінің асқақ тұлғасымен көзге түсетін атақты Вармс соборы (1174—1234 жж.). Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет-бейнесін мүлде өзгертпеген. Шындығына келсек, Вармс, Шпейер, Майнц сияқты қалаларда тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігі де олардың күрделі асқақтығында еді.
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе, кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін, XII ғасырдағы неміс шеберінің қолынан шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сөт көз салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың тамырларын кеміріп жатыр.Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толтырып, олардың ғажайып үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс шеберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер туындысының мазмұны — шығыстық аңызға негізделген, өйткені ағаш — өмір символы, тышқандар — күн мен түн, яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт. Осылайша, ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін ортағасырлық адамның есіне салған.
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын айқындала түсті. Оған дәлел — XI ғасыр басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пизақаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.
Шамамен 1000 жылдан бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен ромаңдық стиль — ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік төуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің христиандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сөулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі — оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. XIX ғасырда өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді».
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезенді басынан кешірді. Бірінші кезең — алғашқы готика — XII ғасыр соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең — кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIII ғасырдың 20 жылдар соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе «жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі XIV—XV ғасырлар аралығын қамтиды.
XIII ғасырлар аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мыңдаған жылдардың тұңғиығында жатқан өнердің таңғажайып жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы да басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды. Сұсты да, аумақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген готикалық сәулетшілік өнер туындылары көз тартарлықтай әсем де, сәнді болып шықты. Романдық ғимараттардың биіктігі 18— 20 метрден аспаған болса, алғашқы готиканың ең айбынды ескерткіші болып саналатын атақты Париж Құдай — ана соборының (париждіктер жай ғана Нотр-Дам деп атаған) биіктігі 32 м. болса, одан кейін Рейнде — 32 м., ал Аменьде — 42 м. дейін созылды. Олардың көкке қарай бой түзеген күмбездерінің биіктігі 150 метрге жетті. Аталған әрбір ғимараттың әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің куәсі, замана туындысы болып табылады. Салынғанына алты ғасыр уақыт өтсе де, Батыс Еуропалық сәулет өнері тарихының жаңа кезеңін бастаған қасиетті Париж Құдай — ана соборы француз көркем өнер кемеңгерлігінің аса үздік туындысы болып қала береді. Осы орайда Лев Любимовтың бұл жайындагы «Египеттегі пирамидалар, Афиныдағы Парфеон немесе Константинопольдегі София соборы сияқты париждік Нотр-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеялары мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындығымен құнды» деген орынды пікірімен санаспасқа болмайды.
Замана ағымындағы талай тарихи уақиғалардың (француз корольдері осында тәж киген, және Жанна д'Арк өзінің жеңіс туын осында әкеліп қойған) куәгері болған Рейм соборы да француздық гогакалық өнердің шыңы болды. Оның бас фасады Париждегі атақты Париж Құдай — ана соборы сияқты торлы терезелері бар, екі биік мұнарасы аспанмен таласқан үш қабаттан тұрады. Аса нәзіктікпен нақышты етіп жасалған бұл ғимарат сәулет өнері мен мүсіндердің өзара үндестігін паш етеді, өйткені көз тартарлық көрінісі мен таңғажайьш мүсіндердің сән-салтанаты осы бір заңғар құрылысты жепжеңіл етіп көрсетіп тұр.Германия, Франция мен Англияға Караганда готикалық стильге кеш көшкеніне қарамастан готикалық әсемдік идеясын тамаша жүзеге асырудьщ арқасында зөулім ғимараттар салуда айтарлықтай нәтижеге жетгі. Бүкіл неміс халқының мақтанышьша айналған, Гоголь «готикалық өнердің тәжі» деп бағалаған Кельн соборы — неміс сәулетшілерінің тендесі жоқ шабытты шеберлігінің занды нәтажесі болып саналады. Бас айнаддырарлықтай болып көкке тік көтерілген неміс готикасының тендесі жоқ үлгісі — Фрейбург соборын «готикалық ойдьщ ең айқын, зор жаңалығы» деп бекер бағаламаған.
Француз бен неміс халықтарының мәдени дөстүрлер сабақтастығының куөгері болып есептелетін Страсбург соборы да неміс халқының ұлттық ерекшелігін ашумен қатар, шынайы интернационалдық мазмұнға ие болғандығын атап өтпеске болмайды. Бүкіл елді табындырған бұл сымбатты ғимаратгың бас сәулетшісі неміс Эрвин Штейнбахский болды.
Ортағасырлық готикалық өнер туындысы
Дүниежүзілік мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан итальян сәулетшілері де готикалық стильдегі айтулы мәдени ескерткіштерімен орынды мақтана алады. Солардың бірі, Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микенланджело өзімнің «қалыңдығым» деп мақтаныш тұтқан атақты Санта Мария Новелла шіркеуі (XIII—XIV ғасырлар) Италия сәулетшілері үшкір мұналары, жебе тәрізді аркалары, тор көзді терезелері бар ғимараттарды салған кезде құрылыстың көлемділігіне ерекше назар аударып, сәулетшілік үлгіні үнемі жетілдіріп отырды.
Готикалық стиль XIV ғасырда Англияда кең қанат жайды. Бұл кезең — көкке өрлете салған, үйлесімділігімен көз тартатын сәндік готиканың гүлденген уақыты мен «перпендикулярлық стильге» көшуге бет алған сәт болды. Өнердің дамуындағы готикалық кезеңде алып ғимараттар құрылысымен кәсіптік артельдерге біріккен қолөнершілер шұғылданды. Олар құрылыс жұмысстарының сұраныстарына қарай қай жерде құрылыс жүріп жатса, сол жерден табылатын. Бұл жағдай готикалық сәулет өнерінің Еуропаның барлық жерлеріне кеңінен тарауына зор ықпал етті. Неміс елінің топырағында пайда болған, ал одан кейін Франция мен Англияға тарай бастаған мұндай артельдердің мүшелері сәулет өнерінің небір құпияларын жетік меңгерді және оның сырын басқаға ашпады. Тіпті артель мүшелері өзара символикалық тілмен сөйлесіп, өз ұйымдарында қалыптасқан тәртіпті қатаң ұстаған. Демек, орта ғасыр тас қалаушылары өздерінің бұл өмірлік кәсібіне соншалықты мән берген, өнерлерін бағалай білген.
Орта ғасырлар дәуірінде готикалық стильде салынған ашық галереялы қалалық салтанатты ратушалар, Руандағы атақты сот Сарайы, азаматтық құрылыстар, сөн-салтанаты көз тартар жеке үйлер, сөулет өнерінің құрамдас бөлігіне айналған небір ғажайып тас мүсіндер — өнер адамдарының ұшқыр ойын, болашаққа деген жарқын көзқарасын ізгілік пен адамгершілікке ширыққан қайтпас жігерін айқындап көрсететін баға жетпес мәдени ескерткіштер болып табылады.
Готикалық өнер өкілдері адамзат баласының арман-мұңын шындық шеңберінде бейнелеу үшін өздері жасаған кейіпкерлерді аса өсерлі етіп көрсетуге барынша күш салды. Өмірге келген өрбір образда адамның нақты бейнесін жасауға тырысушылық байқалды. Олай болса, романдық және готикалық өнер даналықтарының үздік туындылары көркем өнердің ғасырлар бойы өшпейтін асыл қазынасы, мөңгілік туындылары болып қала береді. Өзінің рухани байлығы, шабытты күші жағынан готикалық өнер тек қана дүние жүзілік көркем өнер саласында ғана емес, сонымен қатар дүние жүзілік мәдениеттің даму барысындағы қанатын қияға сермеғен зор жаңалық болды.
Алайда, XIII ғасырда гүлденудің шарықтау шегіне жеткен готикалық өнер біртіндеп өзінің айқындығы мен жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Орта ғасырлар заманының соңғы кезеңде готикалық өнер тоқырауға ұшырады да, дін үстемдік еткен осы бір тарихи кезеңнің дәстүрлерінде тәрбиеленген дарынды шеберлердің ең соңғы дүниелері қоштасу белгісіндей болып қала берді. Мұндай эволюциялық құбылыс, готикалық өнердің отаны болған Францияда ғана емес, бүкіл Еуропалық өнерге тән заңды құбылыс болды. Қорыта келгенде айтарымыз, орта ғасырлық мәдениет — халықтық сипатта болды, халықтың ой-арманын нақты бейнелеуге тырысты. Мәдениет дамуының шарықтау шегіне жетіп отырған бүгінгі заманымызда өнерді бағалаушылардың бір кезде ұмыт қалған ортағасырлық мәдениетті жан-жақты әсемдік қалпында түсінуге ұмтылуы, өткен замандардағы өнер ұлылығын қастерлеп, табынумен қатар оған ерекше мән-мағына беруі — дәуір тынысынан туған замана талабы.
Қайта жаңғыру дәуірі
Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
