Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

6 Тақырып V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті

Дәріс мақсаты: V-IX ғасырлардағы Қытай мәдениетін таныстыру

Кілтті сөздер: Таза макет,бояулар,эмалдар,лактер Қытай жазуы

Дәріс жоспары: 1. Орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті мен өнері

2. Қытай жазуы

3. Кытай мәдениеті мен ғылымы

Орта ғасырлардағы Қытай мәдениеті мен өнері. Қала, қолөнер және сауда

III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде 

Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.

VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек, мал, киім,зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.

Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы  Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді,парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.

V-VI ғасырларда Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі танымы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Жоғарыда айтқанымыздай, Ежелгі Қытайда кағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады.

Будда дінінің таралуы жаңа дүниетаным тудырып, идеалистік көзқарас қалыптасты. Материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жиһангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Үнді жеріне барған Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.

Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.

VIII-X ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, окуға үйрету қолға алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді. Ақындар Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. Қытай жазушысы Хань Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазған. Адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік оның өлеңдері мен романдарының негізгі арқауы болды. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды. 

Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды. Батыс Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің орта, төменгі аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этнологиялық қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңтүстіктегі Мань, шығыстағы И, солтүстік пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда б.з.б. 3 ғасырға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде Чанцзяннан оңтүстікке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен солтүстікнде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген. Қытайлардың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады. Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, тағы басқа көшпелі халықтардан металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, тағы басқа үйренді. Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей патшалық өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 жылы өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206 жылы билікке Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этнологиялық құрылымы осы кезеңде қалыптасты. Қазіргі қытайлардың этнологиялық атауы – Хань да осы әулеттің атымен байланысты. 3 – 6 ғасырда қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен ымырасыз күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасын түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 жылы Тан империясы билік құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген мерзімі болып есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі артып, солтүстіктегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени байланыстары күшейді. Бұл кезеңде қытайлар этнология жағынан да біртұтастанып, нығая түсті. 10 – 13 ғасырларда қытайлар бөлшектенген жағдайда өмір сүрді. Таза Қытай әулеттері елдің орталық және оңтүстік аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі Солтүстік Қытайда көшпелі түркі, моңғол, тағы басқа халықтардың мемлекет бірлестіктері бірінен соң бірі ауысып жатты. Олардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо (916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся (1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 жылы Қытайда Шыңғысханның немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 жылы Мин әулеті мемлекет билікті қолға алды. 1644 – 1911 жылы маньчжурлік Цин әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет қытайлар 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін бірікті. Қытайларды әлем халықтары әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna, мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды. Chіna, Sіna, Чин атаулары ежелгі қытайдағы Цинь империясының атауынан шыққан. Жалпы түркі тектес елдер Қытайды тарихтың әр кезеңінде билік басына келген әулеттердің атымен атаған. Ежелгі ғұндар мен сақтар Қытайды Чин деп атаса, көне түркілер Табғаш елі (Солтүстік Қытайды билеген түркі тектес тобашы Вэй әулеті), Оңтүстік Қытайды Шин-Машин деп, ал моңғол тектес қидандар билеген кезден бастап Қытан, кейін Қытай деп атады. Бұл атау түркілер арқылы Шығыс Еуропаға таралды. 16 – 18 ғасырларда қазақтар Қытайды билеуші әулет шүршіт атымен де атаған. Елде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі филос. ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зорастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды. ҚХР-да тұратын қытай халқының 70 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етіп, тары, күріш, бидай, жүгері, мақта, соя, шәй өсірумен айналысады. Көкөністің 100-ден аса түрі бар. Негізгі ұлттық тағамдары күріш пен ұннан, балық, құс етінен (тағы басқа жәндіктерден), мал, шошқа етінен жасалады. «Желінбейтін нәрсе жоқ, тек аспаз соны дәмді етіп пісіре білсін» деген мақал қытай тағамдарының ерекшеліктерін көрсетеді. Қытайлар ұлттық киімдерінде ерлер мен әйелдердің сырт киімдерінің үлгі пішімі ұқсас, тек кейбір жеке бөліктері ғана өзгеше. Отбасында ерлердің рөлі басым. Дәстүрлі ұлттық мерекелері – қытайдың күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы – Көктем мерекесі (Чуньцзе) аса салтанатты жағдайда өтеді. Ол қаңтардың 21-нен ақпанның 19 аралығына тура келеді. Ай күнтізбесі бойынша 4-айда өтетін Цинмин (таза жарық) мерекесінде ата-баба аруағына мінәжат етеді. Бұдан басқа да 5-айдағы «Дуакоу» және 8-айдағы Чжунцю (орта күз) мерекесінде шаруашылыққа, діни нанымға қатысты ғұрыптық іс-шаралар өткізіледі.

Қытай тілі. Қытай – Тибет тілдері тобына жатады, Тайвань, Сингапур, Малайзия, тағы басқа елдерде қолданылады, 1,5 миллиардқа жуық халық күнделікті қарым-қатынаста пайдаланады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1) Қытай тілінде төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2) әрбір иероглиф бір буын болып есептеледі; 3) жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфолагиялық түрлену болмайды; 4) сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады. Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби тілі солтүстік. диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12 – 13 ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында) қалыптасты, «Су бойында», «Оқымыстылар шежіресі», «Қызыл сарай түсі» сияқты көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде зерттеу Ма Цзянь Чжунның «Ма Ши Вань ун» (1898 жылы) атты грамматикалық еңбегінен басталады.