Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел жәрдем шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.08 Кб
Скачать

1-денгей

1)Ж.м.ж.негіздері-мед.көмек көрсетуге әр түрлі ауруларда,көптеген зақымдануларда теориялық тұрғыда мед.қ көмек беру болып табылады.Теориялық білімді жане мед.қ этиканы ақыл жане практикалық тұрғысында дәрігерге дейін жәбірленушіге көмек көрсету.Өзіндік комплексті қарапайым іс-шаралардан тұрады,ол мед.қ кызм.ң көмегіне дейін науқастың өмірін құтқаруға жане денсаулығын сақтауға бағытталған.Адам көлденең кездейсоқ жағдайға,жарақаттанғанда,қан кеткенде,кенеттен есінен танғанда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді.Мұндағы бірінші міндет-жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу.Екінші міндет-қарапайым мед.қ дәрі-дәрмектер мен құралдардыпайдалана отырып,оқиға болған жерде алғашқы жәрдем көрсету.Үшінші міндет-дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру.

2.Алғашқы жәрдемнің ең басты міндеті -

а)Қажетті іс-шаралар арқылы өмірге қауіпті жағдайларды жою.

б)Болатын асқынуларды ескеру

в)Жәбірленуші тасымалдауды жоғары дәрежеде қамтамасыз ету.Алғашқы көмекті зақымданушыға лайықты жедел және біреудің басқаруымен жүргізу қажет.Басқа адамдардың тұрғысынан айтылған қарама-қарсы пікірлер алтын уақытыңызды жоғалтады.Дәрігерге хабарлау немесе ауруханаға зақымданушыны тез арада жеткізу керек.Жедел жәрдем көрсетудің басты міндеттері-жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу;қарапайым мед.қ дәрідәрмектер мен құрал жабдықтарды пайдалана отырып,оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету;дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру.

3)Қан кетулер кезіндегі жедел көмек.

Қан кету кезінде ең алдымен,қандай қан тамырлары-күретамыр,артерия,капилляр зақымданғанын біліп алу қажет.Қан тоқтату-уақытша және түпкілікті деп бөлінеді.Уақытша қан тоқтату алғ.мед. көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады және төмендегі тәсілдер жүргізіледі.

1)дененің зақымданған бөлігін кеудеге қатысты алғанда-көтеріңкі қалыпта ұстау(аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім қою);

2)кішігірім қан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен зақымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу(жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартқаннан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады) 3)аяқ-қолды мейілінше шұғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру(иық алды немесе балтыр,табан жараланғанда,шынтақ немесе тізе буынын бүгу немесе жазу аяқ-қол жарасына қатты қан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда,қолды арқаға мейлінше созып,ал аяқты ішке бүгіп тұрақтандыру).

4)Жарақаттың түрлері-терінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді ашық және жабық жарақаттар.Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады;жара,сынық,күйік,буынның таюы.Жабық жарақатқа-терінің сыдырылуы ,сіңірдің созылуы,бұлшық еттің жаншылуы,аяқ қолдың буыннан шығуы,сүйектің жабық сынуы.Жедел және созылмалы жарақаттар.Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану.Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәртте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.Тікелей және тікелей емес жарақаттар.Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады.Тікелей емес ағзаның бпсқа жерінде пайда болған жарақаттар.Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

5)Толық сынық түрлері-1)көлденең сыну сызығы-сүйек ұзындығына көлденең келеді.(түтікті суйектерде,қысқа сүйектерде-білек,балтыр,табан сүйектері,тізе тобығы,,өкше сүйегі және т.б)

2)қиғаш сыну сызығы-суйек ұзындығына көлденең.(аяқ-қолдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі)

3)бойлық сыну сызығы-сүйек ұзындығына параллель(көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында)

4)бұранда тәрізді сыну сызығы-бұранда тәрізді сызық түрінде(ұзын сүйектердің бұралған кезінде көбінесе аяқ,иық сүйектерінде)

5)аралас сыну(сызықтарының бірнешеуі Т-тәрізді,Ш-тәрізді,сына тәрізді және т.б)сызығы.Көбінесе ішкі және буын айналасы сүйектерінің сынуы.

6)шаншылған сүйек сынығы-басқа сүйекке еніп(шаншылып) кетеді.Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекелеген және көптеген,жарықшақты болады(сүйектің үш және одан да көп сынуы.Көбінесе оқ тиген жараларда).