6 Сурет.
Жүректің электр импульсін тарату жүйесіндегі ақау аритмия немесе жүрек соғуының бұзылуы деп аталады. Мұндай ақау жүрек соғысының өте төмен (брадикардия) немесе өте жоғары (тахиаритмия) болуына алып келеді.
Медициналық практикада жүрек потенциалын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ) деп атайды, ал өлшеу құралын электрограф деп, өлшеу нәтижесінде алынған қағаздағы жазба мәлімет электрограмма деп аталады. Оның негізіне Эйнтховенның тармақтар теориясы алынған. Бұл теорияға сәйкес жүрек диполдық моменті РЖ болатын электр диполі ретінде қарастырылады, ол жүрек қызметінің циклына сәйкес уақыт өтуіне қарай өз осі бойымен кеңістікте бұрылады, орналасуын өзгертеді. Эйнтховен жүректі үштары «оң қол - сол қол- сол аяқ» болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп санауды ұсынған (7 сурет). Олай болса диполдің дипольдік моментінің үшбұрыш қабырғаларына түсіретін проекциясы жоғарыда аталған нүктелер арасындағы потенциал айырымына тең, ол өз кезгінде жүрек потенциалын сипаттайды.
Биопотенциалдары өлшенетін екі нүкте жұбы «тармақтар» деп аталады. Осыған сәйкес 1912 ж. Эйнтховен «ОҚ- СҚ-СА» тармақтарын «стандартты тармақтар жүйесі» деп атауды ұсынды және ол үш тармақтан тұрады.
І тармақ «оң қол- сол қол», ІІ тармақ «оң қол- сол аяқ», ІІІ тармақ «сол қол- сол аяқ». Әр тармаққа өз потенциалдар айырымы UI : UII : UIII сәйкес келеді. Жүрек - диполдің үшбұрыш қабарғаларына түсіретін диполдік моментінің проекциясы Pi мен потенциалдар айрымы Ui арасында мынадай тәуелділік анықталған UI : UII : UIII = РI : РII : РIII.
«Диполь-жүрек» уақытқа байланысты өз осімен айналатындықтан оның тармақтардағы проекциясы потенциалдар айрымының уақытқа тәуелділігін көрсетеді, оны электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды (8 сурет). Жүрек -диполдің РЖ моменті мен оның І тармақтағы проекциясы арасындағы бұрыш жүректің электрлік осінің бағытын көрсетеді, ол көбіне жүректің анатомиялық осімен сәйкес келеді (8 сурет).
UI
РI
РІ
PII PIII
UII UIII
7 –сурет. 8-сурет.
ЭКГ тістерін латын әріптері P, QRS және T белгіленеді. ЭКГ-дағы Р тісі жүрек құлақшасының қозуы кезінде пайда болады, QRS- жүрек қарыншасының деполяризациясы кезіне, яғни қарыншада қозудың таралуына, ал Т тісі оның реполяризациясында сәйкес келеді.
Медицналық практикада стандартты тармақтардан басқа кардиалды униполярлы ( кеуде) ЭКГ тармақтары да кең түрде қолданылады. Мұнда бір электродты активті деп атап, оны кеуде қуысының сол жақ бетінің 6 нүктесіне орналастырады. Бұл активті электрод Вильсон электродымен бірге 6 кеуде тармағын құрайды. Кеуде тармағы «V» бас латын әрпіне активті электродтың орналасқан орнына сәйкес келетін санды тіркеп жазу арқылы белгілейді, мысалы V1, V2, V3, ... V6
Рис. 9 Рис 10
V1 тармағы – активті электрод оң жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.
V2 тармағы - активті электрод сол жақ кеуде куысындағы 4 қабырға аралық нүктеге орнатылады.
V3 тармақ - активті электрод екінші және төртінші позицияда, яғни сол жақ парастерналды сызық деңгейіндегі төртінші қабырға нүктесіне орнатылады;
V4 активті электрод сол кеуде кусындағы 5 қабырға аралық сызық бойына орнатылады;
V5 активті электрод сол жақ қолтық асты сызығының бойына орналатылады;
V6 активті элемент сол жақ қолтық асты горизонталь сызық бойына орналатылады;
ЭКГ диагностикалық мәліметі ретінде оның P, QRS және T тістерінің биіктігі және P-Q, Q-R-S,S-T, R-R интервал ұзақтығы алынады. Пациентен алынған ЭКГ мәліметтерді төмендегі кестеде берілген стандарты мәліметпен салыстырылады.
ЭКГ II тармағында қалыпты жағдайдағы жүрек биопотенциалы мен уақыт интервалың мәндері
P |
Q |
R |
S |
T |
|||||
U,мВ |
t,cek |
U,мВ |
t,cek |
U,мВ |
t,cek |
U,мВ |
t,cek |
U,мВ |
t,cek |
0.05-0,25 |
0-0,1 |
0-0,2 |
max 0,03 |
0,03-1,6 |
max 0,03 |
0-0,03- |
max 0,03 |
0,25-0,6 |
max 0,25 |
Интервалдың ұзақтағы, сек |
|||||||||
PQ |
QRS |
QRST |
ST |
RR |
|||||
0,12-0.2 |
0,06-0,09 |
0,03-0,44 |
0-0,15 |
0,7-1,0 |
|||||
Электрографияның түрлері:
ЭЭГ- электроэнцефалография, ми биопотенциалын тіркеу.
ЭМГ- электромиография, бұлшық ет биопотенциалын тіркеу.
ЭРГ- электроретинография көзге әсер ету кезіндегі көз торында пайда болатын биопотенциалды тіркеу.
