Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емдеу - алдын-алу мекемелерінің негізгі типтері МЕТОД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
439.3 Кб
Скачать

4 Бөлім Науқас гигиенасы

Әр түрлі аурулардың ағымы мен соңына палатадағы гигиеналық жағдай, таза төсек-орын және жеке бастың гигиенасын сақтау үлкен әсерін тигізеді.

Ауруханада жатқан науқастар уақытының көп бөлігін төсегінде өткізеді. Кіші мейірбике науқастың төсекке ыңғайлы орналасуын, төсек жаймасының тазалығын қадағалау керек.

Төсек жаймасы, көрпе-жастықтың тысы ақшыл түсті, таза болу қажет, оларды апта сайын ауыстырады.

Нәжісі және зәрі еріксіз бөлінетін науқастарды үш бөлімнен тұратын арнайы кереуетке жатқызады, оның ортаңғы бөліміне дәрет алу үшін қолданатын судно қойылады, егер нақасқа жартылай отыру жағдайы қажет болса, науқастың денесі сырғанамау үшін оның аяғына тіреуіш қойылады.

Кереуеттің қасында науқастың заттары қойылатын тумбчка тұрады, оның биіктігі кереуеттің бойымен бірдей келу керек.

Төсек жаймасы және науқастың іш киімі гигиеналық ваннадан кейін аптасына 1 рет ауыстырылады. Кейбір жағдайда кірленген кезде ауыстырады.

Кіші мейірбикеде таза төсек жаймасының бір күндік қоры болу керек. Кірленген жаймаларды клеенкалы қапқа салып, дереу палатадан шығарады. Жаймаларды жууға жіберерге дейін арнайы бакқа салады. Кіші мейірбике халатын ауыстырып жаймаларды бірден сұрыптайды. Қан немесе басқа да бөлінділермен былғанған жаймаларды алдымен хлорамин ерітіндісіне батырады, одан кейін ғана жууға жібереді. Таза жуылған жаймаларды басқа бөлмеде сақтайды. Бөлімшедегі жаймаларға шаруашылық мейірбикесі жауап береді, ол таза жаймаларды таратып, кірленген жаймаларды жинап алады. Таңертең ерте кіші мейірбике кір жаймаларды санап өткізіп, тазасын қабылдап алады.

Тері күтімі.

Гигиеналық ванна қабылдай алмайтын, төсекте ұзақ жатқан науқастардың денесін суға немесе дезинфекциялық ерітінділерге: камфорлы спирт, әтір, спирттің судағы ерітіндісі, сірке суына батырылған орамалмен сүртеді. Ол үшін орамалдың бір ұшын дезинфекциялық ерітіндіге батырып, шамалы сығып, құлағының артын, мойнын, арқасын, кеудесінің алдын және қолтық астын сүртеді.Әсіресе сүт бездерінің астын мұқият сүрткен жөн. Құрғақ орамалмен денесін осы реттілікпен құрғатып сүртеді. Төсекте ұзақ жатқан науқастарда, әсіресе арқасымен жатса, тері ойылулары пайда болады. Сегізкөз және дененің басқа да аймағында терінің қызаруы байқалса лимонды жартылай кесіп, оны теріге жағы керек немесе дымқыл орамалмен құрғағанша сүртеді, одан соң кварц шамымен сәулелендіреді және жүелі түрде терінің жағдайын қадағалап отырады. Егер тері ойылуы пайда болса перманганат калий ертіндісімен сүртіп, Вишневский майы, синтомицин эмульсиясы, перуан маймен пихтовый бальзамның қоспасын қолданып терінің ойылған бөлігін таңады.

Тері ойылуының алдын-алу.

Мақсаты: тері ойылуларын болдырмау.

Көрсеткіш: Ұзақ төсек режимі, орталық және шеткері жүйке жүйесінің зақымдалуы, организмдегі алмасу процессінің бұзылуы, зәр шығару жүйесінің қызметінің бұзылуы.

Жабдықтар (стерильді): лоток, салфеткалар, пинцеттер, шынылы банка; 10% камфорлы спирттің ерітіндісі немесе 40% этил спиртінің ерітіндісі; киім және төсек жаймасы, қапталған дөңгелектер, поролонды мақта-дәкеле сақиналар.

Міндетті жағдайлар: терінің бүтіндігі сақталу керек

Таблица 1

Этаптар

Негіздеу

Дайындық

1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату.

Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.

2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу.

Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.

3. Тері ойылуы кездесетін дене бөлігін күнделікті қарау: сегізкөз, өкше, жауырын, шүйде, ұршық аймағы, сан сүйегі, тізі буынының ішкі аймағын дене қалпін ауыстырған сайын терідегі өзгерістерді бағалау.

Ескерту: терінің бозарған немесе қызарған бөлігін байқасыңыз дереу дәрігер шақыртып, алдын-алу және емдеу шараларын бастау қажет.

Тері бүтіндігінің бұзылуын анықтап қарау. Тері ойылуларының пайда болу қаупі төмендейді.

4. Киім және төсек жаймаларындағы қыртыстарды жазу.

5. Тамақтандырғаннан соң төсек жаймасындағы қиқымдарды қағу.

6.Қолды жуып, кептіру.

Мейірбикенің жеке гигиенасын сақтау.

Таблица 2

Орындау

1. Төсектегі пациенттің дене қалыпын әр 2 сағат сайын ауыстыру, төсектен денесін шамалы көтеру, әр бір қырына және ішіне кезектесіп аудару.

Дененің қысылу ұзақтығы төмендейді. Денесінің қалыпын ауыстырғанда терінің үйкелуі болмайды.

2. Жылы сабынды сумен терісі ойылуы мүмкін дене аймақтарын сөткесіне 2 рет сүрту.

Тері күтімін жүзеге асыру, оның бүтіндігін сақтау. Инфицирленуді болдырмау.

3. Орамалмен құрғатып сүртіп, жылы камфор немесе этил спиртіне батырылған салфеткамен

Беткей капиллярларды кеңейту, терідегі қан айналымын жақсарту, терінің қоректенуін қамтамасыз ету.

4. Қорғайтын кремдерді жағу.

5. Массаж жасау арқылы терісі ойылуы мүмкін аймақтардың жұмсақ тіндерін уқалау.Сүйегі шығып тұратын аймақтарға массаж жасалмайды.

Қан айналымын жақсарту.

6. Пациенттің сегізкөз аймағына матамен қапталған поролонды дөңгелекті қою.

Теріге түсетін қысымды азайту.

7. Поролонды дөңгелектерді шынтақ және өкше астына қою.

8. Терінің қысылуын төмендететін жабдықтарды қолдану.

9. Тері ойылуының алдын-алу шараларын науқастың туысқандарына және оны күтуге қатысатын адамдарға үйрету.

Науқасты үнемі күтуді қамтамасыз ету.

Аяқтау

Қолды жуып, кептіру

Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іш киімін ауыстыру.

Стационарда іш киімді гигиеналық ванна қабылдағаннан соң 7-10 күнде бір рет ауыстырылады. Өте әлсіз, тершең және салақ науқастардың іш киімі жиі ауыстырылады. Үстіндегі көйлегін шешу үшін мейірбике науқастың сегізкөзі аймағынан көйлектің шетінен ұстап басына қарай қайырып, оның қолын көтерген күйде қайырылған көйлекті алдымен мойны арқылы басынан, содан соң қолынан шешеді. Көйлекті кигізгенде керісінше, алдымен қолынан, содан соң басы арқылы кигізеді. Науқастың қолы жарақаттанған болса алдымен сау қолын шешеді, кигізгенде алдымен жарақаттанған қолынан бастап кигізеді.

Төсек жаймасын ауыстыру.

Төсек жаймасын аптасына бір рет гигиеналық ваннандан кейін ауыстырады. Кейбір жағдайда былғанған кезде қосымша ауыстырылады.

Бөлімшеде жаймалардың бір сөткелік қоры болу керек. Жаймаларды орталық жылуландырудың радиаторына жайып кептіріп, қайта науқасқа беруге болмайды. Ластанған жаймаларды клеенкалы қапқа салып дереу палатадан шығарады. Жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын мейірбике кіші мейірбикенің көмегімен ауыстырады. Науқасқа отыруға рұқсат болса мейірбике оны орындыққа отырғызады, ал кіші мейірбике бұл кезде төсек жаймасын ауыстырады. Төсектегі жатқан науқастың төсек жаймасын ауыстырғанда жайманы бас және аяқ жағынан валик тәрізде орап жайлап шығарып алады. Екі жағынан ортасына дейін оралған таза жайманы науқастың сегізкөзінің астына жайлап салып науқастың бас және аяқ жағына қарай бағыттап тегістеп жаяды. Жаймада қыртыстар болмау керек. Жайманы басқа тәсілмен ауыстыруға болады: науқасты төсектің қырына қарай аунатып, ластанған жайманы ұзынынан бинт тәрізді орап, оның орынан таза жайманы жаяды. Науқас көп физикалық күш жұмсамау үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысады.

Көз күтімі

Көрсеткіш: пациент жағдайының ауыр болуы.

Жабдықтар: (стерильді): лоток, пинцет, дәкелі дөңгелектер, көз), фурациллин ерітіндісі 1:2000, вазелинді май, мензурка, физиологиялық ерітініді, пипеткалар, қолғап, дезинфекциялық ерітінідісі бар ыдыс.

Таблица 1

Этаптар

Негіздеу

1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату.

Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.

2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу.

Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.

3. Көзді қарап, оның жағдайын бағалау

4. Қолды жуып, қолғап кию.

Инфекциялық қауіпсіздік

5. Жабдықтарды дайындау

Жұмыста тиянақтылықты сақтау

6. Бір мензуркаға стерильді вазелинді майды, екіншісіне – фурациллин ерітіндісін құю.

Асептиканы сақтау.

7. Мақта дөңгелегін пинцетпен ұстап вазелинді майға батырып, мензурканың қабырғасына тигізіп шамалы сығу.

8. Мақта дөңгелегін оң қолға алып көздің қабағын оның сыртқы жағынан ішкі жағына қарай бағыттып сүрту.

Іріңді қабыршықтарды жұмсарту және сыдыру.

9. Осы бағыт бойынша құрғақ мақта дөңгелектерімен көзді сүрту.

Көздегі сыдырылған қабыршықтардан тазалауды қамтамасыз ету.

10. Мақта дөңгелектерін фурациллин ерітіндісіне батырып осы бағыт бойынша сүртуды қайталау.

Көзді антисептикалық ерітінідімен тазалау.

11. Мақта дөңгелектерін ауыстырып көзді 4-5 рет сүрту.

12. Көздің бұрышында іріңді бөліністер байқалса: а) сол қолдың сұқ және үлкен саусағымен қабақтың арасын ашып , ал оң қолмен пипетка арқылы коньюктива қуысын физ. ерітіндімен шаяды.

б) осылайша құрғақ мақтамен сүртеді.

в) Екінші көзді де осы тәсілмен тазалайды.

Коньюктива қуысын тазалау.

13. Қолданған мақта, пинцет, мензурка және пипетканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады.

14. Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады.

Инфекциялық қауіпсіздік.

15. Қолды жуып, кептіреді.

Жеке гигиена.

Құлақ күтімі

Сыртқы құлақ түтігінде қоңыр-сарғыш масса - құлық болады, олар жиналып есту қабілітінің төмендеуіне себеп болады. Сау құлақты жылы сабынды сумен жуу арқылы күтуге болады. Сыртқы есту түтігін үшкір затпен тазалауға болмайды, себебі барабанды жарғақ немесе есту түтігінің қабырғасы тесілуі мүмкін. Құлаққа құлық жиналса мейірбике оны дәрігердің бақылауымен тазалайды.

Мақсаты: құлықтың жиналу себебінен есту қабілетінің төмендеуін болдырмау.

Көрсеткіш: төсек режимінде жатқан жағдайы ауыр науқас.

Қарсы көрсеткіш: құлақ қалқанының және сыртқы құлақ түтігінің қабыну аурулары.

Жабдықтар: (стерильді): лоток, пинцет, мензурка, мақта турундалары, қолғап, 3% сутегінің асқын тотығы, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс.

Таблица 2

Этаптар

Негіздеу

1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату.

Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.

2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу.

Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.

3. Қолды жуып, кептіру

Қолды гигиеналық тазалау.

4. Стерильді мензуркаға 3% сутегінің асқын тотығын құю.

5. Сабынды ерітіндісі бар ыдысты дайындау.

6. Қолғап кию.

Инфекциялық қауіпсіздік.

7. Салфетканы сабынды ерітіндіге малып құлақ қалқанын сүртіп, құрғақ салфеткамен кептіру

Құлақ қалқанының гигиенасы.

8. Мақта турундасын пинцетпен алып 3% сутегінің асқын тотығы ерітіндісіне батыру.

Құлақ түтігіндегі құлықты жібіту.

9. Турунданы оң жақ қолға алу.

10. Есту түтігін түзулету үшін сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тарту

Сыртқы есту түтігіне жету

11. Турунданы есту түтігіне 1 см тереңдікке енгізіп 2-3 минуттай айналдырып қозғалтады.

12. Турунданы есту түтігінен айналдыра отырып шығарып алады .

Есту түтігінен құлықты алу.

13. Екінші құлақтың есту түтігін осы тәсілмен тазалайды.

14. Қолданылған турундаларды, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады.

Инфекциялық өңдеу.

15. Қолғапты шешіп, дезинфекциялау.

16. Қолды жуып, кептіру.

Жеке гигиена