- •Патофизиология – 2. «жүйке жүйесі» модулі
- •Дәріс жинағы
- •Аксондар зақымдануы
- •Синапстық аппараттың зақымдануы
- •Мый қанайналымының бұзылысы
- •Нейронның гиперактивтілігі және дкқо- ның түзілуі Деафферентация синдромы - бұл
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқуалар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Жүйке жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
- •1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды? Инсульт дамыды. Оны жүйкелік зерттеулер кезінде анықталған белгілер (жұмсақ таңдай парезі, нистагм, гемигипестезия ж.Б.) дәлелдейді.
- •3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?
[Введите текст]
Патофизиология – 2. «жүйке жүйесі» модулі
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: студенттерді іргелі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде ересектер мен әр түрлі жастағы балалардың қалыпты және дерттік жағдайдағы жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін басты физиологиялық үрдістер және синдромдарды қалыптастыратын патофизиологиялық тетіктерді түсіне отырып қалыпты және патологиялық жағдайларды клиникалық зерттеу негіздеріне үйрету.
Патофизиология-2 модулінің мақсаттары: жүйке жүйесінің дерті кезінде дамитын , негізгі әйгіленімдер мен синдромдардың дамуының тетіктерін түсінуді үйрету.
Дәріс жинағы
№ 1 тақырып. «Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі. Мый қанайналымы бұзылыстарының патофизиологиялық тетіктері»
Мақсаты:
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезінің сұрақтарын меңгеру.
Мый қанайналымы бұзылыстарының патофизиологиялық сұрақтарын меңгеру.
Дәріс жоспары:
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының (нейрондардың, аксондардың, дендриттердің, синапстық аппараттың зақымданулары) патогенезі.
Жүйелі қанайналым өзгерісі кезінде мый қанайналымының бұзылысы (артериялық гипертензия, артериялық гипотензия).
Мыйдың өзіндегі қантамырлы жүйесінің дерттік өзгерістері кезіндегі мый қанайналымының бұзылысы: мый тінінің ишемиясы, веналық гиперемиясы, артериялық гиперемиясы
Инсульт туралы түсінік, ишемиялық және геморрагиялық инсульттің этиологиясы мен патогенезі
Дәріс тезистері
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының этиологиясы
Экзогенді жайттар:
- нейротропты улар (қорғасын, ванадий, кураре, есірткі, этил және метил спирті , дәрі-дәрмектер)
- микробтар - сіреспе, ботулизм қоздырғыштары, менингококк, - вирустар - құтыру, полиомиелит, тұмау
|
Эндогенді жайттар: Туа біткен:
Жүре пайда болған:
|
Жүйке жүйесінің қорғаныстық тетіктері
Мый қабықтары, нейронды қоршаған глиальды және шванн жасушалары
микроглия (мононуклеарлы фагоциттер жүйесі)
гематоэнцефалдық тосқауыл
қарсы жүйелер (антиноцицепті, антиэпилепсиялық)
жүйкелік түзілістердің қызмет етуінің жоғарғы дәрежесі.
Этиологиялық жайттар әсерінің ерекшеліктері
күшті және ұзақ болған сайын әсері маңызды болады
жалпы мөлшерде аз, әлсіз, бірақ ұзақ және ұдайы әсер ететін жайттар бір реттік әсер еткенге қарағанда зақымдаушы әсер көрсетуі мүмкін ( Беринг эффектісі).
қызметі бұзылуының дәрежесі зақымданған нейрондар санына ғана байланысты емес, қызметтік ақауды жоғарылататын тежелу аймағының түзілуіне де байланысты
Жүйке жүйесіне дертті агенттердің түсу жолдары
гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы
жүйке бағанасы бойымен.
Жүйке жүйесі қызметі және жүйке қызметі реттелуі бұзылуы шартты-рефлекторлы түрде шақырылуы мүмкін.
Экзогенді және эндогенді этиологиялық жайттар
эндогенді тетіктер зақымдануының қалыптасуы
(салдарлық ішкі этиологиялық жайттар )
нейрондар зақымдануы
нейрон аралық байланыстардың зақымдануы
ДКҚО- дерттік күшейген қозу ошағының қалыптасуы
дерттік детерминанта және жүйе қалыптасуы
Нейрондар зақымдануы
нейрондар денесінің зақымдануы
аксондардың зақымдануы.
дендриттердің зақымдануы
синапстық аппарат қызметінің бұзылысы
Нейрондар зақымдануының патогенезінде маңызы бар :
мембрана және ферменттік жүйе зақымдануы
қажыммен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
иондық теңсіздік
жасуша реттелуінің бұзылысы
НЕЙРОНДАР МЕМБРАНАСЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ патогенезІ
ЛАТ әсерленуі
мембраналық фосфолипаза және басқа гидролазалар белсенділенуі
осмостық зақымдануы
иммундық зақымдануы
