- •«Астана Медицина Университеті» ақ
- •Астана 2012
- •Дисциплинаның қысқаша мазмұны
- •Оқытудың әдістері
- •Сабақтың күнтүзбе-тематикалық жоспары
- •Тәжірибиелік сабақтың атауы, қысқаша мазмұны
- •Өзіндік жұмыс үшін тапсырма
- •Методы оценки знаний и навыков обучающихся
- •Қорытынды бақылауды бағалау ережесі мен критерийі
- •Конечные результаты обучения:
- •Дополнительная:
|
«Астана Медицина Университеті» АҚ
|
Форма № РП 07.2.11. |
|
Шығарылған күні:11.04.11 |
|||
Жедел жәрдем курсымен реаниматология анестезиология кафедрасы |
Ревизия күні: |
||
Ревизия #: |
|
||
«Астана Медицина Университеті» ақ
«БЕКІТЕМІН»
Ғылыми және клиникалық қызметі бойынша проректор
м.ғ.д., профессор
_________________Ф.А.Галицкий
«___» ___________________20__ г.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедрасы: Жедел жәрдем курсымен реаниматология анестезиология
Мамандығы: Анестезиология және реанимация
Дисциплина: Ішкі аурулардың анестезиологиясы және реанимациясы
Оқу сағаттың көлемі: 594
Астана 2012
ДИСЦИПЛИНА МІНЕЗДЕМЕСІ
Анестезиология – ауырсынусыз және өмірге маңызды ағзалардың қызметін басқару туралы дербес дисциплина. Реаниматология – хирургиялық тәжірибеде операция және жарақаттар кезінде, сонымен қатар кең тәжірибие кезінде тыныс алу ағзаларының, эндокрин жүйесінің, қанайналым, зат алмасу бұзылысы және тағы басқа кезінде, жедел жағдайлар кезінде қайта қалпына келтіру және өмірге маңызды ағзалардың қызметін басқару туралы ғылым. Большинство методов, применяемых в анестезиологии, в своей основе являются методами реанимации, следовательно, знание основ реанимации необходимо в практической работе врача любого профиля.
ДИСЦИПЛИНА ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Аталмыш топтаманың негізгі мақсаты жансыздандырудың жаңа ережесін үйрену, жұмысқа анестезилог-реаниматолог дәрігер маман ретінде дайындау.
ДИСЦИПЛИНА ОҚУЫНЫҢ МІНДЕТІ
Негізгі медициналық емдік-диагностикалық және өмірге маңызды ағзалардың және жүйелердің қызметін қолдау және қайта қалпына келтіру бойынша профилактикалық кешенді іс-шараларды баяндау;
дәрігерлік этиканы және эксперт өткізу кезінде, анестезиологиялық және реанимациялық қызметтегі шарттарды профилактикалық және емдік-диагностикалық іс-шаралар кезінде деонотологияны сақтауды үйрету;
дәлелді медицина үрдісі негізінде кәсіби шешім қабылдауды үйрету;
науқаспен, оның туыстарымен, жұмыскерлермен қарым-қатынаста, әлеуметтік қызметтің қызметкерлерімен сөйлескен кезде лайықты коммуникативті дағдыны таңдау;
топпен жұмыс және көшбасшылық сапа дағдыны баяндау.
Дисциплинаның қысқаша мазмұны
Кәсіби дайындық теориялық және клиникалық дайындық болып табылады. Теориялық курс клиникалық анестезиология-реаниматология негізгі сұрақтарын ашады және фундаменттік дисциплинаның таңдалған бөлімдері, мамандандырылған білім және тәжірибелік дағды жеңілдетілген түсінік. Сабақ тәжірибиелік денсаулық сақтау шартында өткізіледі. Тәжірибиелік курс оқытылуы тәжірибиелік жұмыс бөлімдерде және операциялық бөлімдерде, көппрофильдік клиникалық ауруханалар негізінде оқытылады. Рациональды оқыту ротация үрдісі бойынша оқытылып жатқан негізгі клиникалық база бөлушілер бойынша кафедра резиденттің жеке жоспарлары сәйкес келуі керек. Оқу барысында резидент жалпы және жеке анезтезиология және реаниматология мәселелерін оқиды. Бұл жұмыстың соңғы мақсаты осы дағдыларды тәжірибиеде қолдана білу болып табылады. Резиденттер өздігінен операцияға баратын науқастарды тексеріп, операция алды дайындықты міндетті түрде жүргізеді, науқастың жалпы жағдайына қарап жансыздандыру түрін таңдайды. Басқарушының бақылауында анестезиологияда қолданатын (кеңірдек интубациясы, перудуральду блокада, бұғанаастылық көк тамырға пункция) техникалық әдістерді орындайды. Реанимация бөлімшесінде резиденттер кафедра басқарушыларымен бірге науқастарды қарайды, тускен науқастарға курация жүргізеді. Қан айналым тоқтаған жағдайда реанимациялық шаралар әдісін үйреніп, сонымен қатар кеңірдек интубациясын, ұзарған ӨЖЖ, жедел қан жоғалтқан науқастарға, әртүрлі генезді шоктарда, жүрек ырғағының бұзылысы кезінде инфузионды емге алгоритм құрады. Көп кездесетін патологияларда анестезиологиялық әдістерді қалай қолдануына байланысты тәжірибиелік дағдыларын бағалайды.
