- •«Балалар стоматологиясы» пәні бойынша силлабус
- •Алматы 2014
- •1. Жалпы мағлұматтар:
- •1.7. Ұстаздар туралы мағлұматтар:
- •2. Бағарлама
- •2.3.Оқудың мақсаты:
- •2.4. Оқудың соңғы нәтижелері:
- •2.7. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, сөж-дің тақырыптық жоспарлары Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары Тәжірибелік сабақтардың жасалған тақырыптары
- •Оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыстың тақырыптық жоспары
- •2.9. Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- •2.11. Білімді бағалау критериилері және ережелері:
- •2 Кезең тәжірибелік дағдылар бойынша қма мбсе базасында тәжірибелік денсаулық сақтаудан жиберілген тәуелсіз эксперт-экзаменаторлар қатысуымен жүргізіледі. Осқе 3 кезеңде өтеді:
- •Букреева бойынша анамнез жинауды және қарап тексеруді бағалау критерийлері. Стоматологиялық статусын анықтау
- •Аурулар бойынша науқасты емдеу жоспарын құруды бағалау критерийлері:
- •Рентгенограмма интерпретациялық нәтижесін бағалау критерийлері
- •Асқынбаған тісжегі
- •Асқынған тісжегіні эндодонтиялық емдеу
- •Клиникалық жағдайды сұрыптауды бағалау критерийлері.
- •Амбулаториялық карта толтыруды бағалау критерийлері
- •Табиғи тіс сайларын герметизациялауды бағалау критерийлері.
- •Реминерализация әдістерін игергендігін бағалау критерийлері
- •Студенттің коммуникативті дағдыларын бағалау критерийлері
- •Балалар терапиялық стоматологиясы бойынша рубеждік бақылау білімін бағалау шкаласы
- •Мультимедиялық форматтағы презентацияны бағалау критерийі
- •Студенттің құқықтық компетенциясын бағалау критерийлері
- •Балалардың тіс жарақаттары. Емнің және ағымының ерекшеліктері.
- •Балалар және жасөспірімдердегі шықшыт буыны аурулары. Клиникасы, нақтамалануы. Емнің әдістері және принциптері. Емнің нәтижесі.
- •Балалардың уақытша тістерінен пайда болған жақтардың одонтогенді қабынулық кисталары(оқк). Клиникалық ағымының, нақтамасының, емінің ерекшеліктері
- •Еттж бар балаларды кезеңді реабилитациялау принциптері
- •ЕжТтж бар балаларды реабилитациялау орталығының мақсаты және міндеттері.
- •Студенттің құқықтық компетенциясын бағалау критерийлері
- •Аралық бақылауды бағалаудың шкаласы
- •Балалардағы абсцесстер, флегмоналар, шиқандармен көршиқандар. Клиникалық ағымының, диагностикасының және емінің ерекшеліктері. Клиникалық ағымының, емінің және нәтижесінің ерекшеліктері
- •Еріннің туа пайда болған жырығы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емнің принциптері, операция нәтижелері.
- •Таңдайдың туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емнің принциптері, операция нәтижелері
- •Балалардағы беттің жұмсақ тіңдерінің және ауыз қуысының ісік және ісік тәріздес туындылары. Салыстырмалы нақтамасы, хирургиялық емнің принциптері. Нәтижесі
- •Балалардағы жұмсақ тіңдердің және жақсүйектерінің қатерлі ісіктері,
- •Студенттің құқықтық компетенциясын бағалау критерийлері
- •Аралық бақылауды бағалаудың шкаласы
2. Бағарлама
2.3. Кіріспе
Оқу-әдістемелік программаға сәйкес теориялық және тәжірибелік дайындық
- пародонт аурулары бар балаларды қарап тексеру әдістерін үйрену;
- клиникалық ағымның ерекшеліктерін үйрену;
- балаларда пародонт ауруын нақтамалау әдісі,емдеу және алдын алу;
- балаларда ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының ағамының ерекшелігін үйрену;
- ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар балаларға жоспар құру және емдеу.
Бет-әлпеті аймағындағы патологиялық үрдістердің ағымы және көріністеріне сәйкес баланың жасының өз ерекшеліктері бар, жаңа туылған кездегі және емшекте болған жасында, бет, жақ сүйегі және тістердің қатты тіндерінің құрылымы қалыптасып келе жатқанда. Анасының және баласының денсаулығының жағдайына байланысты тұқым қуалайтын факторлардың әсер етуінен тұқым қуалайтын патология дамиды немесе өз көрінісін береді немесе тістердің қатты тіндерінің дамуының зақымдануы пайда болады.Сондықтан тәжірибелік дәрігер баланың жасына байланысты анатомиясы мен патологиясын білуге; уақытын анықтап және аурулардың алдын алу әдістерін таңдауға, консервативті немесе хирургиялық ем қолдануға, туа пайда болған ауытқуларды уақытылы анықтап және бет-жақ жүйесінің ауытқулары мен деформацияларын әрі қарай дамуын алдын алуға міндетті.
Дәрігер-стоматолог балаларға стоматологиялық көмекті көрсетудің заманауи принциптерін жақсы білу керек, балалардағы негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алуын құрастырып, балаларға ауыз қуысын жоспарлы сауықтыруын жүргізуге және шағымданып келген баларларға да сауықтыруды жүргізу керек.
2.2. Пәннің мақсаты: аурудың дамуының себебін, клиникалық ағымының ерекшелігін, нақтамалау әдістерін, емдеу тәсілдерін және бет-жақ аймағының патологиялары мен стоматологиялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдердің реабилитация принциптерін оқып үйрену.
2.3.Оқудың мақсаты:
балалардың және жасөспірімдердің бетінің, сүйектерінің, ауыз қуысындағы
ағзалардың туа пайда болған патологиясының клиникалық көріністерін анықтауды үйрету;
балалар жасындағы онкостматология мәселелерін білу, балалар мен жасөспірімдерде жұмсақ
тіндердің, бет сүйегінің қаңқасының, ауыз қуысындағы ағзалардың қатерлі ісіктері мен ісік
тәрізді түзілістердің әр түрлі нозологиялық түрлерінің арасында салыстырмалы нақтамалау
жүргізілген;
балаларда уақытша және тұрақты тістердің жарақаттары кезінде емдеу тәсілін дұрыс таңдау;
балалардағы беттің жұмсақ тіндеріндегі жараларды алғашқы өңдеуді жүргізудің принциптерін
білу;
балалардың және жасөспірімдердің жақ және бет сүйектерінің сынықтары кезінде алғашқы
медициналық және квалификациялық стоматологиялық көмекті көрсете алу керек.
балалар мен жасөспірімдердің шықшыт буынының туа пайда болған және жүре пайда
болған патологияларын анықтап білу.
2.4. Оқудың соңғы нәтижелері:
баланы қарап тексеру әдісін үйрету;
PMA,CPITN, ГИ қолданып пародонт тіндерінің жағдайын зерттеу әдістеріне үйрену;
пародонттың,ауыз қуысының шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің ауруларын
жергілікті медикаментозды емдеуді жүргізу әдістерін үйрену;
стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық аспаптармен жұмыс
істегенде қорғаныштық техникасын білу керек;
балалардың бет-жақ аймағының іріңді-қабынулы ауруларында зерттеу әдістерін жүргізуді
үйрену;
балалардың бет-жақ аймағының іріңді-қабынулы ауруларында дренаж қою әдістерін үйрену;
жоғарғы және төменгі еріндердің және тілдің үзеңгілерінің орналасуын, ауыз қуысының
кіреберісінің тереңдігін анықтау;
френулотомия, френулоэктомия, вестибулопластика операцияларын жүргізу әдістерін үйрету;
шықшыт буынының патологиясы бар балалар мен жасөспірімдердің зерттеу әдістерін
үйрену;
беттің жұмсақ тіндерін, ауыз қуысының ағзаларын, бет сүйектерінің қатерсіз ісіктері
мен ісік тәрізді түзілістердің емдеудің әр түрлі көрсеткіштерін анықтау;
ерін мен таңдай жырықтары бар балаларды кезеңмен реабилитациялауға жоспар құру.
2.5. Реквизитке дейін: балалардың аурулары, стоматологиялық ауруларды алдын алу, балалар стоматологиялық пропедевтикасы және ортодонтия, фармакология, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, психология негіздері, коммуникативті дағдылар, стоматологиялық ауруларды алдын алу, балалар стоматологиясының алдын алу және ортодонтия, ішкі аурулар, оториноларингология.
2.5. Реквизиттен кейін: интернатура бойынша стоматологиялық пәндер.
2.6. Сабақтың қысқаша мазмұны: Балаларға стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Балаларға арналған стоматологиялық бөлімдердің негізгі және қосымша санитарлы нормалары, оларды жабдықтандыру.Балалар дәрігер-стоматологының, медбикенің, санитарканың жұмыс орындары.Дәрігерлер штаты және қосымша жұмыскерлер. Күнделікті және отчет жазылатын құжаттар. Этика және деонтология
Балалардың пародонт тіндерінің құлымының ерекшелігі. Пародонт аурулары бар балаларды тексеру әдістері. Балалардағы қызыл иек қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Пародонт қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Балалардағы жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. Этоилогия, патогенез, клиникалық ағамының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі. Балалардағы пародонт қабынуын алдын алу.
Әр түрлі жастағы ауыз қуысының шырышты қабатының құрылымының ерекшеліктері. Т.Ф.Виноградова бойынша балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының жіктемесі. Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар балаларды тексеру әдістері. Ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымдануы. Клиникасы, емі. Жұқпалы және соматикалық аурулары бар кезінде ауыз қуысының шырышты қабатының өзгеруі. Клиникасы, емі. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатында СПИД-тің және спецификалық аурулардың көрінісі. Нақтамалау әдісі, клиникалық ағамының ерекшеліктері, емдеу принциптері және алдын алу. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты аурулары. Жедел герпетикалық стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы вирусты сүйелдер, герпангина, везикулярлы стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы саңырауқұлақ аурулары. Жедел псевдомембраналық кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының аллергиялық аурулары. Дәрілік стоматит. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардың ауыз қуысының қайталамалы афталары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы көптүрлі жалқықты эритема. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы ерін аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу. Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағамының ерекшелігі, емі, алдын алу.
Бет-жақ аймағының қабыну аурулары (одонтогенді және одонтогенді емес). Балалардың бет-жақ аймағындағы абсцесстер мен флегмоналар. Клиникалық ағымының ерекшелігі және нақтамасы. Емдеу принциптері. Балалардың жақ сүйектерінің жедел және созылмалы остеомиелиттері.
Балалар жасындағы стоматология. Анықтамасы, түсініктемессі, тарихы, мақсаты және міндеті. Басқа да медициналық және техникалық сабақтармен байланысы. Заманауи жағдайы, дамудың болашағы, Қазақстан ғылымдарының рөлі. Балаларды квалификациялық стоматологиялық көмекпен қамтамасыз ету.
Балаларда тістердің жарақаттары. Жіктемесі. Балалардың уақытша тістерінің зақымдануы, шығып кетуі. Клиникалық ағымының ерекшелігі және емі. Балалардың тұрақты тістерінің шығып кетуі, сынып кетуі, жасына байланысты клиникалық ағымының ерекшелігі. Балалардың жұмсақ тіндерінің зақымдануы, клиникалық ағамының ерекшелігі, жараларды біріншілік хирургиялық өңдеу. Бет қаңқасының сүйегінің сынуы, клиникалық ерекшелігі, емі. Балалардың жақ-бет аймағының қосалқы зақымданулары.
Дәрігер-стоматологпен баланы тексеру әдістері, баламен және оның ата-анасымен жақсы психологиялық қатынасты қалыптастыру. Ата-анасының шағымдарын тыңдап, анамнезін толық жинау, жүктілік кезі қалай өткенін, тұқым қуалайтын ауруларының бар жоқтығы туралы. Баланың физикалық және жүйкелі-психологиялық дамуы туралы анамнезін жинау. Баланың жеке өмірінің ерекшеліктері, оны қалай қарап өсіргені. Жалпы тұлғасын, баланың жасына сәйкес физикалық және психикалық дамуының сәйкестігіна анықтау.
Балаларда тіндердің, ағзалардың және жүйелердің туа пайда болған ауытқулары. Жіктемесі. Этиологиялық факторлар. Еріннің туа пайда болған жырығы, клиникалық көрінісі, оны жоюдың хирургиялық әдістері. Таңдайдың туа пайда болған жырығы, клиникалық көріністері, оны жою үшін қолданылатын хирургиялық әдістер. Жоғарғы ерін мен таңдайдың жырығы бар балалардың кезеңмен реабилитациялау принциптері. Ерін мен таңдай жырығы бар балаларды арнайы орталықтарға диспансеризациялау.
Балалардың бет қаңқасының сүйегіндегі қатерсіз ісіктер мен ісік тәрізді түзілістер. Жіктемесі. Клиникалық көрінісі. Хирургиялық емнің принциптері. Болатын асқынулар. Жақ сүйекерінің ақаулары бар балаларды реабилитациялау.
Балалардың жақ сүйектерінің және жұмсақ тіндерінің қатерлі ісіктері. Клиникалық көріністері, нақтамалау әдістері, қатерлі ісіктері бар балаларды емдеу принциптерін ұйымдастыру.
