Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-18 Методрек для занятий Стом .DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Мына тақырыптар бойынша екінші аралық бақылау өткізу: №9-17, срс №5-10

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Липидтер. Биологиялық ролі. Сабындалатын липидтер.

  2. Триацилглицириндер мен фосфоглицериндердің құрылыс принциптері

  3. Жоғары қатты майлар сабындалатын липидтердің құрылымдық компоненттері ретінде.

  4. Қатты майлар мен майлардың гидролизі.

  5. Қатты майлар мен майлардың аналитикалық сипаттамасы (йод саны, сабындану саны).

  6. Талшықтар. Құрылысы. Жоғары бір атомды (цетил, мирицил). Араның талшығы. Спермацет.

  7. Фосфолипидтер (фосфатидилколаминдер, фосфатидилхолиндер).

  8. Сабындалмайтын липидтер.

  9. Изопреноидтар. Изопрен терпеноидтардың құрамдық бөлігінің негізі ретінде. Изопренді ереже.

  10. Изопренді тізбек саны мен циклдер саны бойынша жіктелуі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, есептер мен жаттығуларды шешу.

2. Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:

Тақырып: Липидтер. Сабындалу (майлар гидролизі)

Тәжірибе №1: Сабындалу (майлар гидролизі)

Пробиркаға 10 тамшы өсімдіктің майын, 4-5 тамшы 40-тік КОН-тың спирттегі ерітіндісін тамызып, ауызын ұзын шыны түтігі (суытқыш) бар тығынмен жауып, су моншасында қайнатындар. Сабының бір текті ерітіндісі (гидролизат) түзілгеннен кейін, үстіне 2 мл. су қосып, жақсылап шайқандар. Май гидролизденіп глицерин және жоғары май қышқылдарының тұздарын түзеді.

Гидролизат келесі тәжірибеде қолданылады

Тәжірибе №2: Гидролизаттағы майдың құрам бөліктерін ашу

Жоғарғыда дайындалған гидролизаттың үстіне 10-тік күкірт қышқылының ерітіндісін біртіндеп тамызып, араластырғанда бетіне май қышқылдары қалқып шығады:

17Н33-СООК + H2SO4  2С17Н33-СООН + К2SO4

Пробиркадағы қоспаны қағаздан сүзгіш жасап, сүзу керек. Қышқылдар сүзгіште қалады, ал фильтратқа глицерин мен тұз өтеді; фильтрақа лакмус бойынша 10 -тік NаОН ерітіндісін қосып, нейтралдау керек. Түзілген ерітіндіге 1-2 тамшы 5-тік СuSО4 қосқанда, ерітінді көкшіл түске боялады.

2NaOH + CuSO4  Cu(OH)2  + Na2SO4

Тәжірибелерге қорытынды жасаңдар.

3. Аралық бақылау №1 орындау

Тапсырмалары:

Органикалық қосылыстардың жіктелуі.Органикалық қосылыстардың негізгі кластары. Функционалдық топтар, органикалық радикалдар. Көмірсутектер. Радикалды орынбасу алкандардың негізгі химиялық қасиеті. Галогендеу және радикалды тотығу.Қанықпаған қосылыстардың электрофильді қосылу реакциялары. Марковников ережесі. Қабысқан жүйелердегі электрофильді қосылу реакцияларының ерекшеліктері. Электрофильді орынбасу реакциялары. Ароматты сақинадағы орынбасарлардың орынбасу бағытына әсері. Орынбасу ережесі.

Спирттер. Аминдер. Азо - және диазоқосылыстар. Спирттердің химиялық қасиеттері. Спирттердің алкилденуі. Аминдер. Аминдердің негізгі қасиеттері. Біріншілік амин тобы бар қосылыстарды дезаминдеу. Аммиак пен аминдерді алкилдеу. Алкилдеу реакциясының биологиялық ролі. Азо - және диазоқосылыстар.

Оксоқосылыстар. Альдегидтер мен кетондар. Карбонилді топтың электрондық құрылысы. Нуклеофилді қосылу реакциялары. Галоформдық реакциялар. Осы процестердің биологиялық мәні. Карбон қышқылдары. Карбоксил тобының электрондық құрылысы. Топ құрылысының нуклеофильді орынбасу реакциясының бағытына әсері. Ацилдеу реакциясы. Ацилдеуші агенттер. Ацилфосфаттар және ацилкофермент А- табиғи ацилдеуші реагенттер. Ацилдеу реакциясының биологиялық ролі.

Гетероциклді органикалық қосылыстар. Амин қышқылдары. Ақуыздар. Аминоспирты. Галоген туындылар және гидроксиқышқылдар. Олардың биологиялық ролі.Аминоқышқылдар, олардың биологиялық ролі. Амино- және гидросиқышқылдардың химиялық ерекшеліктері. Лактамдар, лактондар және олардың гидролизі. Элиминирлену реакциялары. Оксоқышқылдар. Декарбоксилдеу реакциялары. Олардың биологиялық ролі. Альфа-амин қышқылдары. Құрылысы, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Химиялық қасиеттері. Альфа-амин қышқылдарының биосинтетикалық жолмен түзілуі. Альфа-амин қышқылдарының биологиялық маңызды реакциялары. Альфа-амин қышқылдарынан пептидтердің түзілуі. Пептидтік топтың құрылысы. Пептидтердің гидролизі. Ақуыздардың біріншілік құрылымы. Ақуыздардың гидролизі. Ақуыздардың екіншілік, үшіншік, төртіншілік құрылымы.

Көмірсулар. Моносахаридтер және олардың классификациясы. Стереоизомерия. Фишер және Хеуорс формулалары. Циклотізбекті таутомерия. Моносахаридтердің маңызды өкілдері. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері. Аминоқанттар және олардың туындылары – нейрамин және сиал қышқылдары. Олиго- және полисахаридтер. Дисахаридтер. Дисахаридтердің түзілуі және құрылысы, циклотізбекті таутомерия. Дисахаридтердің тотықсыздандырғыш қасиеттері. Дисахаридтердің гидролизі. Полисахаридтер. Гомополисахаридтер. Гетерополисахаридтер. Құрамы мен құрылысы. Полисахаридтердің биологиялық мәні.

Гетероциклді қосылыстар. Бес және алты мүшелі гетероциклдер. Бір гетероатомы бар гетероциклдер. Тетрапирролды қосылыстар (порфин, гем) туралы жалпы түсінік. Пиридиннің биологиялық маңызды туындылары.екі және одан да көп гетероатомды гетероциклдер. Пиразолон-5 – наркотикалық анальгетиктердің негізі. Гидроксипуриндер. Алкалоидтар.

Нуклеин қышқылдары. Пиримидиндік және пуриндік азотты негіздер. Рибо – және дезоксирибонуклеозидтер. Рибо- және дезоксирибонуклеотидтер. Құрылысы, номенклатурасы, гидролизі. Нуклеозидтердің моно-, ди- және трифосфаттары. Нуклеозидциклофосфаттар – цАМФ, ц-ГМФ және ішкі жасушаның биореттегіштері. РНҚ мен ДНҚ нуклеотидтік құрамы. Нуклеин қышқылдарының гидролизі. ДНҚ екіншілік құрылымы. ДНҚ биологиялық қызметіндегі комплементарлы өзара әсерінің ролі. РНҚ түрлері.

Липидтер. Липидтердің жіктелуі. Сабындалатын липидтер. Ацилглицериндер. Олардың құрылысы, құрамы, атауы және химиялық қасиеттері. Негізгі жоғарғы май қышқылдары (қаныққан және қанықпаған). Олардың ерекшеліктері. Глицерофосфолипидтер. Фосфатидті қышқыл. Фосфатидилсерин, фосфатидилэтаноламин және фосфатидилхолин жасуша мембранасының құрылымдық компоненттері ретінде. Сфинго- және гликолипидтер туралы түсінік. Сабындалмайтын липидтер. Терпендер және стероидтар. Стероидтардың биологиялық ролі. Стериндер. Холестерин. Д тобының витаминдері. Өт қышқылдары.Стероидты гормондар туралы түсінік