Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-10 СРС (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.94 Кб
Скачать

3. Тапсырмалар:

  1. Моносахаридтердің циклдік формалары (пиранозалық және фуранозалық)

  2. Гексоздардың пиранозалық формаларының конформациялары, олардың полисахаридтердің кеңістіктік құрылысының қалыптасуына әсері.

  3. Моносахаридтердің туындылары.

а) O- және N-гликозидтер, олардың құрылысы, биологиялық ролі, гликозидтердің гидролизі.

4. Аминоқанттар, құрылысы, биологиялық ролі.

а) глюкозамин, галактозамин

б) нейрамин қышқылы және оның туындылары – сиал қышқылдары.

Жаттығулар:

1. α-D-глюкопираноза метанолмен сусыз қышқыл ортада әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі? Хеуорс формуласының көмегімен реакция теңдеуін жазыңыз.

2. α-D-галактопираноза этанолмен сусыз ортада қышқылдың катализатор қатысында

әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі. Хеуорс формуласының көмегімен реакция теңдеуін жазыңыз.

3. Этил-α-D-маннопиранозидтің алыну реакция теңдеуін жазыңыз. Бастапқы моносахарид ретінде β-D-рибофуранозидті қолдануға бола ма.

4. Этил-α-D-глюкопиранозидтің қышқыл ортада гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз.

5. Хеуорс формуласының көмегімен метил-α-D-галактопиранозидтің гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз.

6. β-D-глюкопираноза мен метил спиртін өзара әрекеттестіріп гликозидтің алыну реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен қышқылдық катализді қажет етеді?

7. 2-дезокси-β-D-глюкопираноза мен метил спиртін өзара әрекеттестіріп гликозидтің алыну реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен қышқылдық катализді қажет етеді?

8. 2-амино-2-дезокси-β-D-галактопираноза мен метил спиртін өзара әрекеттестіріп гликозидтің алыну реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен қышқылдық катализді қажет етеді?

9. «Күміс айна» реакциясында глюкоза қандай қасиет көрсетеді? Биологиялық сұйықтықтарда глюкозаны анықтау неге негізделген?

4. Орындау формасы: Конспект, жаттығуларды орындау

5. Орындау критерийлері:

Тапсырма конспект, есеп-жаттығуларды шешу түрінде дәптерге жазбаша немесе А4 форматқа баспаша, шрифт Times New Roman, кегль 14, полуторный интервал. Поля: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм орындалады, реакция теңдеулері мен формулаларды қолмен жазуға болады. Конспект 4-5 бет көлемінде орындалады. Оқытушыға СӨЖ тақырыптық жоспарда көрсетілген мерзімде өткізіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 13-ші апта

7. Бағалау критерийлері:

СӨЖ тапсырмаларын орындауды бағалау критерийлері – бағалайтын балға әсер ететін жағдайлар:

  • тапсырманы өткізу мерзімі;

  • анализді жүргізу мұқияттылығы;

  • Өз ойларын анық қалыптастыруы және көрсетуі;

  • Қорытындылары мен ұсыныстарының дәлелділігі;

  • берілген көлемнен беттерінің санының артуы;

Максимальді балл-4 алу үшін тапсырма толығымен орындалуы керек, орындауды бағалау критерийлеріне сәйкес келу керек және мерзімінде өткізілу керек. Егер:

  • СӨЖ тағайындалған мерзімінен кейін өткізілсе, онда баға 1 баллға төмендейді;

  • СӨЖ орындалу талабына сәйкес жазылмаса, онда баға 1 баллға төмендейді;

  • толтыру сәйкес талаптар сақталмаса, онда баға 0,5 баллға төмендейді.

8. Әдебиет

  1. Патсаев Ә.К., басқалар «Бейорганикалық және физколлоидтық химия»Шымкент, 2004.

2. Есенгулова Ш.К. «Бейорганикалық,физикалық және коллоидтық химия», Семей 1999.

3. Пастаев Ә.Қ., Дауренбеков К.Н. Бейоорганикалық химия пәнінің лабор. сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2004.

4. Сейтембетов Т.С. Химия негіздері. Алматы 1994

5. Есенгулова Ш.Қ. Аналитикалық химия негіздері. Семей 1990.

6. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Алматы

7. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию М. 1989

8. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. 1983

9. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. - М., 2001.

9. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.б.)

Студенттің СӨЖ қорғауға арналған жаттығулар.

1. Хеуорс формуласын пайдаланып метанолмен және метиламинмен келесі моносахаридтердің О- және N-гликозидтерінің түзілу реакция теңдеуін жазыңыз.

1.0. α –Д–глюкопиранозаның

1.1. β–Д–глюкопиранозаның

1.2. α–Д–маннопиранозаның

1.3. β–Д-маннопиранозаның

1.4. α–Д–галактопиранозаның

1.5. β–Д-галактопиранозаның

1.6. α–Д–фруктофуранозаның

1.7. β–Д–фруктофуранозаның

1.8. α–Д–рибофуранозаның

1.9. β–Д– рибофуранозаның

Реакцияның жүру жағдайын көрсетіңіз, реакция өнімін атаңыз.

2. №1 тапсырмадағы О–гликозидердің гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз. Реакцияның жүру жағдайын көрсетіңіз.

3. №1 тапсырмадағы моносахаридтерден аминоқанттардың алыну реакция теңдеуін және олардың ацилденуін жазыңыз.

4. №1 тапсырмадағы моносахаридтердің пиранозалық формасының ең тиімді конформациясын жазыңыз.

1. Тақырып 9: Гетероциклдердiң биологиялық манызды туындылары.

2. Мақсаты: бес-, алты мүшелі және конденсирленген гетероциклді қосылыстардың маңызды өкілдерінің құрылысын, химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық ролін оқыту.