Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС№4.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.86 Кб
Скачать

Ішкі суда жүзу кемелерінде физикалық факторлардың зиянды әсерінен қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

  358. Кеме үй-жайларында дыбыс деңгейінің және дыбыс қысымының деңгейі жиіліктердің октавалық жолақтарында осы Санитариялық қағидалардың 24-қосымшасында келтірілген, діріл жылдамдығының немесе діріл үдеуінің деңгейлері жиіліктердің октавалық жолақтарында осы Санитариялық қағидалардың 25-қосымшасындағы көрсеткіштерден аспайды.     

  359. Қозғалу және радиорубкалар, радиобайланыс, радионавигация және радиолокация құралдары радиожиілік диапазонындағы электромагниттік өрістен (бұдан әрі - РЖ ЭМӨ) қорғайтын құралдары болады.  

     360. Электростатистикалық өріс қуатының, магнит өрісі қуатының, энергия ағыны тығыздығының деңгейі осы Санитариялық қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес болады.    

   361. Қозғалу рубкасында орнатылатын радио таратқыш құрылғылар мен радиостанциялар, оның ішінде жылжымалы аппараттар экрандалады және белгіленген деңгейден асатын электромагниттік ұшқын жібермеуі тиіс.    

   362. Үй-жайдың ішіндегі орта жиілік тасымалдаушы антенна фидерлерінің металл қаптамасы болады; жоғары жиілік тасымалдағыштарына экрандалған кабель қолданылады. Антенна қосымшалары экрандалған үлгіде көзделеді.    

   363. Радиореле станцияларының қабылдаушы-таратқыштары арнайы үй-жайларда орналасады.    

   364. Ашық палубада РЖ ЭМӨ деңгейі белгіленген деңгейден артық болса, ескерту тақтасы және қорғаныш экрандары орнатылады.     

  365. Радиобайланыс, радионавигация және радиолокация құралдарында жұмыс істеу орнатылған және бекітілген штаттық экрандарда және қаптамаларда жүргізіледі және персоналдың жұмыс уақытына шектеу қойылады.

      366. Машина бөліктерін және камбуз үй-жайларын жобалаған кезде қызған жерлерден шығатын ұзын толқынды инфрақызыл сәулеленудің әсерінен қорғау құралы көзделеді.   

    367. Жұмыс орындарында инфрақызыл сәулеленудің қарқындылығы дене бетінің 25%-нан асырмай сәулелендіруді есептей отырып, шаршы метрге 100 ваттан (бұдан әрі - Вт/м2) аспайды және оқшаулау бетінде температура 450С-тан аспайды.  

     368. Адаммен жанасатын синтетикалық полимерлі материалдардың беткі қабатында өндірілетін статикалық электр өрісінің кернеулігі минус бірінші дәрежедегі метрге 20 киловаттан (бұдан әрі - кВм-1) аспайды.

Ішкі суда жүзу кемелерінің жылыту, желдету, ауаны баптау және жарықтандыру жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

342. Кеме үй-жайларында осы Санитариялық қағидалардың 22-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес микроклимат жағдайы жасалады.   

    343. Жылыту аспаптарының конструкциясы шаңнан ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етеді.     

  344. Ауамен жылыту жүйесінде ауаның кіруін қолмен реттеу көзделеді. Үй-жайға берілетін ауаның температурасы +400С-тан жоғары емес температураны ұстап тұрады.      

345. Ауамен жылыту кезінде берілген ауаның көлемі осы Санитариялық қағидалардың 22-қосымшасының 2-кестесінің талаптарына сәйкес болады.    

   346. Кеменің барлық үй-жайлары табиғи және жасанды іске қосылатын жалпы айналым ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады. Жылы мезгілде үй-жайға берілетін ауаның көлемі (есептелген ауа айналымы) осы Санитариялық қағидалардың 22-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес есеппен айқындалады немесе қабылданады

347. Бас қозғалтқыштардың қуаты 1500 киловаттан (бұдан әрі - кВт) жоғары кемелерде, климатта шектеусіз жыл бойы пайдалануға арналған кемелерде ауа баптау жүйесі көзделеді.  

     348. Ауа copу құрылғылары оларға ластанған ауаның, газдың және судың түсуіне жол берілмейтін орындарда орналасады

349. Жасанды желдеткіштің ішке copу жүйелерінің, егер олардың ауа өткізгіштері ауамен жылыту үшін пайдаланылмаса, жылдың салқын мезгілінде ауаны жылыту және температураны реттеуге арналған құрылғысы болады.   

    350. Ауаны ішке copу табиғи түрде көзделген каюталарда және жолаушылар салонында ауа алмасуды реттеу үстелге қойылатын немесе төбеге қондырылған желдеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Каюталардан және жолаушылар салонынан ауаны ішке сорып сыртқа шығару есіктің желдеткіш саңылаулары (торлары) арқылы көзделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]