- •3.Оқыту шарттары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқытудың әдістері:
- •6. Пайдаланылған әдебиеттер:
- •7.Бақылау (сұрақтар, тест тапсырмалары, тапсырмалар):
- •9.Медициналық қызметтің едәуір жоғары деңгейінің негізгі тұтынушылары:
- •10.Қарттық кезеңде биологиялық жасты бағалаудың негізгі критерилері
АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау |
||
1. №12 Сабақтың тақырыбы: « Медико-әлеуметтік қолдаудағы қарт адамдардың қажеттіліктерінің бағасы. Қоғам ресурстары және мамандандырылған қызметтер мен ведомстваларды жоспарлау. Гериатриялық және паллиативті көмекті ұйымдастыру»
2.Сабақтың мақсаты: Медико-әлеуметтік қолдаудағы қарт адамдардың қажеттіліктерінің бағасын үйрету, қоғам ресурстары және мамандандырылған қызметтер мен ведомстваларды жоспарлау, гериатриялық және паллиативті көмекті ұйымдастыруды үйрету.
3.Оқыту шарттары:
Студенттерде келесі компетенцияларды қалыптастыру:
Білім аудиториясында үйренетін келесі жағдайларға бағытталған когнитивтік біліммен:
-медико-әлеуметтік қолдаудағы қарт адамдардың қажеттіліктерінің бағасына
-қоғам ресурстары және мамандандырылған қызметтер мен ведомстваларды жоспарлауға. -Гериатриялық көмекті ұйымдастыруға. -Паллиативті көмекті ұйымдастыруға
Тәжірибелік дағдылар:
Студенттерде келесі дағдылар мен машықтарды қалыптастыру:
- медико-әлеуметтік қолдаудағы қарт адамдардың қажеттіліктерінің бағасын сарапқа салу.
- гериатриялық және паллиативті көмекті ұйымдастыру дағдыларын игеру.
-тәжірибеде құқықтық- нормативтік актілерді қолдану
Коммуникативтік дағдылар:
--Кәсіптік деңгейде барлық субъектілермен арақатынаста тиімді тілдесу қағидаларын ұстану;
-Ақпарат жіберу үрдісінде жеке бас коммуникативті потенциалын қолдану;
-Студентте медициналық мекеме қызметкерлері, әріптес/студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында өзара түсіну қабілеті және байланыс орната алу дағдысын қалыптастыру, коммуникативті қарым-қатынастың сәйкес үлгісін таңдау және қолдану;
-Өз көзқарасын айтып, оны дәлелдей алу.
Құқықтық дағды:
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық негізін білу:
ҚР Конституциясы, құқықтық заңнамалық акт, «еңбек туралы Заң», Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 30.12.2009 ж. №2295.
ҚР ДСМ бұйрықтары;
-дәрігер және науқас құқығы мен міндеттері.
Өзін-өзі дамыту:
-Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент сұрақтары бойынша білімін әрдайым жетілдіру және өздігінен білім алу;
-оқу және ғылыми әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды өз бетімен оқып үйрену, ақпаратты электронды тасымалдаушылармен жұмыс, желі ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана алу;
-коммуникативті дағдыны үздіксіз жетілдіру;
-медициналық мекемелерде пайда болатын күрделі жағдайларда психикалық өзін өзі реттеу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Медико-әлеуметтік көмекте қарт адамдардың қажеттіліктерінің негізгі түрлерін атаңыз.
2.Осы қажеттіліктер қоғамдық және қамқорлық ұйымдарына, медициналық қызметтің қай түріне жүктеледі?
3.Пайда болған қатерге туатын қарт адамдардың эмоциональді реакцияларын сипаттаңыз.
4.Қарт адамдарда қорқыныш сезімін басуда қолданылатын психотерапевтік көмек әдістерін атап өтіңіз.
5.Медико-әлеуметтік қызмет үшін халықтың қартаюының салдары қандай?
5. Оқытудың әдістері:
Теориялық материалды оқытушымен бірге талқылау, интерактивті әдістерді қолданып проблемалық-бағытталғн оқыту: шағын топтарда рөлдерді үлгілеу, алған ақпараттарды талдау «ой-талқы», рөлдік ойындар, рөлдік ойындар, дискуссиялар, ситуациялық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу.
