Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабақ 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.64 Кб
Скачать

АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау


1.Сабақ тақырыбы № 8: Медицина маркетинг негізі. Ерекшеліктері, өзге маркетингтерден медициналық маркетинг ерекшелігі. Дамыған медицина саласындағы маркетингтің алатын орыны.

2.Сабақ мақсаты:

Әртүрлі дамыған мелекеттердегі денсаулық сақтау ұйым саласындағы жалпы реформалық системаның Қазақстанда алатын орны жайында студенттерге принцип ұстанымдары, аймақтық медицина көмек модернизациясы және болашақта алатын орны, жаңа технологияларды басқаруға бағытталады.

3.Оқыту міндеттері:

-Денсаулық сақтау саласындағы әлемдік деңгейдегі тәжірибе және практикалық реформирмалау;

-Жеке ұлттық денсаулық сақтау системасы (ЕНСЗ);

-Әсерлі менеджмент принциптері;

-Информациалық менеджмент.

Тәжірибелік дағдылар:

Студенттерде дағдыларды қалыптастыру:

Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі әлемдік тенденцияларына және Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың тәжірибесіне талдау жасау;

Медициналық мекемелер (БМСК, стационарлар) жұмысының негізгі көрсеткіштері;

  • Медициналық мекемелер (БМСК, стационарлар) жұмысының негізгі көрсеткіштері;

  • Медициналық мекемелердің жұмысында қолданылатын негізгі құжаттар тобына талдау жасау;

  • Медициналық мекемелердің стратегиялық және бизнес-жоспарын құрастыру;

  • Денсаулық сақтауды басқару және медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа үлгісін дайындау мен енгізу дағдысын игеру;

  • Денсаулық сақтау мекемелерін басқаруға менеджмент және маркетинг қағидаларын, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерді енгізу:

  • Медициналық қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру қағидалары, қызметінің ағымдық бақылауы және үйлестірілуі;

  • ҚР медициналық мекемелерінің қызметі жайлы ақпаратты жинау және талдау;

  • Бекітілген үлгіге сәйкес есеп жинау және құрастыру;

  • Емхана және аурухана қызметінің көрсеткіштерін есептеу;

  • Статистикалық сараптама нәтижелерін динамикада бағалау және интерпретациялау;

  • Ауруханада жағдайында туындайтын келіспеушіліктерді шешу кезінде, науқастар және олардың туыстарымен қарым-қатынасында, медициналық қызметкердің күнделікті тәжірибесінде коммуникативтік дағдыларды қолдану;

  • Тәжірибеде заңдық-нормативтік актілерді қолдану.

Коммуникативті дағдылар:

- Білікті өзара әсерлесудің барлық субъекталарымен қарым-қатынас кезінде сапалы қатынастың принциптерін қолдану;

- Көбірек әсер көрсететін, коммуникативті қарым-қатынас әдісінің адекватты жағдайын таңдау және қолдану;

-Пациенттер мен қызметкерлестерге ықпал ету үшін қатынастың вербальды және вербальды емес әдістерін таңдау және қолдану;

-Ақпаратты тарату кезінде жекелеген коммуникативті потенциалды қолдану;

-Кәсіби қызметте коммуникативті дағдыға қол жеткізу үшін коммуникативті білімін жетілдіріп отыру;

-Студентерде өзара түсіністікті және қарым-қатынасты орнықтыру, коммуникативті байланыста әріптестермен студенттермен,медициналық мекеме қызметкерлерімен эффективті қарым-қатынасқа бағытталған тиісті модельді таңдау және қолдану;

-Өз көзқарасын қалыптастыра алу.

Құқықтық дағды:

-ҚР құқықтық-нормативтік білімі,

-ҚР Конституциясы,құқықтық заңдық актілер, «Еңбек туралы заң»,

-ҚР Кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»,

-« 2012-2020 ж Денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстарды дамыту концепциясы, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі».

- 30.12.2009 ж. №2295 «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

- ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтары;

-Дәрігер мен науқастың құқықтары мен міндеттері.

Өзін-өзі дамыту:

-Денсаулық сақтаудағы және менеджменттегі сұрақтар бойынша әрдайым өзіндік білімін дамыту және жетілдіру;

-Кәсіби қызметтің барлық кезеңінде қажеттілікті түсіну, өзіндік оқуға және біліктілігін арттыруға қабілеттілігі.

-Ғылыми әдебиеттер мен нормативті құжаттарды өзіндік оқып-үйренуге,электронды ақпарат жүйелермен жұмыс істеуде ғаламтор мүмкіншіліктері мен ресурстарын қолдануға қабілеттілігі.

-тесттік тапсырмаларды өзіндік шешу қабілеттілігі; рефераттарды дайындау;өзіндік оқып үйрену аясында мұғалімдермен консультация жүргізудің қажеттілігін түсіну;

-Коммуникативті қабілеттілікті үздіксіз жетілдіру;

-Жұмыс жағдайындағы күйзелісті хал-жағдайды өзгерту ;

-Медициналық мекемелерде туған қиын жағдайлар кезінде өзіндік психологиялық реттеу.