Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабақ 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау


  1. 3 тақырып: «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі принциптері. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметі(құрылымы, Департаменттер мен Комитеттерінің функциялары). 2011-2015жж. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы»

  2. Сабақтың мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі принциптерін түсіндіру. Студенттерді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметімен таныстыру. Студенттерді 2011-2015жж. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен таныстыру. Осы бағдарламаның жалпы жағдайын, оның мақсатын, міндеті мен жүзеге асыру тетіктерін оқыту.

  3. Оқыту міндеттері:

  • студенттерге ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметі жайлы түсінік беру

  • ҚР денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі қағидаларымен таныстыру

  • «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттерін студенттерге түсіндіру

  • мемлекеттерге қолдау көрсетуге арналған базалық жиынтық ресурстары және қызметтерінің міндеттерімен студенттерді таныстыру

  • мемлекетте Саламатты Қазақстан саясатын жүзеге асыратын бірлескен компоненттер жайлы студенттерге түсінік беру

  • Саламатты Қазақстан саясатының дәлелді мәліметтер базасы мен жаңа шолуларын қарастыру

  • мониторингтің тетіктерін, индикаторларын және мақсаттық бағытын оқыту

  • Саламатты Қазақстан саясатының мүше-мемлекеттерде жүзеге асырылуымен студенттерді таныстыру

Студенттерде келесі дағдыларды қалыптастыру:

Когнитивті біліммен қамтамасыздандыру:

  • Шетелдердегі денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың тәжірибесі мен әлемдік тәжірибе

  • Отандық денсаулық сақтау жүйесін реформалау мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары

  • ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылымы мен қызметі

  • Қазақстан Республикасындағы медициналық мекемелердің қызметінің нормативті-құқықтық базасы

  • Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері

  • Емдік-профилактикалық мекемелердің бірыңғай номенклатурасы

  • Денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық жүйесі

  • Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

  • Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін қаржыландырудың жаңа моделін енгізу

  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі аккредитация және стандартизация сұрақтары

  • Ақпараттық менеджмент

  • Басқару қызметіндегі жүйелік қауіпсіздік сұрақтары

  • Басқару қызметіндегі этика және коммуникация сұрақтары

Тәжірибелік дағдылар:

  • Студенттерде дағдыларды қалыптастыру:

  • Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізгі әлемдік тенденцияларына және Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың тәжірибесіне талдау жасау;

  • Медициналық мекемелер (БМСК, стационарлар) жұмысының негізгі көрсеткіштері;

  • Медициналық мекемелердің жұмысында қолданылатын негізгі құжаттар тобына талдау жасау;

  • Медициналық мекемелердің стратегиялық және бизнес-жоспарын құрастыру;

  • Денсаулық сақтауды басқару және медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа үлгісін дайындау мен енгізу дағдысын игеру;

  • Денсаулық сақтау мекемелерін басқаруға менеджмент және маркетинг қағидаларын, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерді енгізу:

  • Медициналық қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру қағидалары, қызметінің ағымдық бақылауы және үйлестірілуі;

  • ҚР медициналық мекемелерінің қызметі жайлы ақпаратты жинау және талдау;

  • Бекітілген үлгіге сәйкес есеп жинау және құрастыру;

  • Емхана және аурухана қызметінің көрсеткіштерін есептеу;

  • Статистикалық сараптама нәтижелерін динамикада бағалау және интерпретациялау;

  • Ауруханада жағдайында туындайтын келіспеушіліктерді шешу кезінде, науқастар және олардың туыстарымен қарым-қатынасында, медициналық қызметкердің күнделікті тәжірибесінде коммуникативтік дағдыларды қолдану;

  • Тәжірибеде заңдық-нормативтік актілерді қолдану.

Коммуникативтік дағдылар:

  • Кәсіпкерлік қарым-қатынаста барлық субъектілермен тиімді араласу қағидасын қолдану;

  • Коммуникативтік қарым-қатынас моделінде сәйкес жағдайды таңдау және қолдану;

  • Әріптестеріне және науқастарға жақсы әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қарым-қатынас тәсілдерінің бай қорын таңдау және қолдану;

  • Ақпарат беру үрдісінде жеке коммуникативтік потенциалды қолдану;

  • Кәсіптік қарым-қатынаста коммуникативтік компетенттілікке қол жеткізу үшін коммуникативтік үрдіс жайлы алған білімдерді қолдану;

  • Студенттерде әріптестерімен, медициналық мекеме қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік қатынастың тиісті моделін таңдау және қолдануды қалыптастыру;

  • Өз көзқарасын қалыптастыру және ұстануды үйрету.

Құқықтық дағды:

  • Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын білу:

ҚР Конституциясы, құқықтық-заңдық актілер, «Еңбек заңы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» жайлы Қазақстан Республикасының Кодексі, «Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаусекторында технологияларды беружәнеинституционалды реформажүргізужобасы», «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. 30.12.2009ж. №2295. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтары; Дәрігер және науқастың құқықтары мен міндеттері.

Өзін-өзі дамыту:

-қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент сұрақтары бойынша тұрақты білім алу және оны жетілдіру .

-қызметінің барысында қабілеттіктің керектігін түсініп өзі оқып және біліктілігін жоғарлату .

оқу және ғылыми әдебиеттерді,нормативті құжаттарды өзіндік оқып үйрену ,электронды тасымалдау ақпаратымен жұмыс істеу ,ресурс пен әлеуметтік желіні қолдану қабілеті.

-тест жұмысын өзіндік шешу,реферат дайындау ,оқытушының тақырып бойынша өзіндік оқып үйрену консультациясын түсіну қабілеті.

-коммуникативтоммуникативті дағдыны үздіксіз жетілдіру ;

-жұмыс жағдайындағы стресті жағдай;

-медицинық мекемеде қиын жағдай туындағанда өзін психологиядық бақылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- ДДҰ ның саясаты денсаулық сақтау облысындағы ұлттық шара.

- «Саламатты Қазақстан»бағдаламасының басты бағдарламасы.

- «Саламатты Қазақстан»бағдарламасының қарастыратын мүмкіндіктері.

-ресурстар мен қызмет көрсету базалық орталықтарына мемлекеттік қолдау көрсету.

-Еліміздегі Саламатты Қазақстан саясатын жүзеге асыру компонент пакетінің өзара қатынасы.

-Саламатты Қазақстан деректер базасындағы жаңа шолулар.

-Мақсатты бағдарлар, мониторинг тетігінің индикаторы

Саламатты Қазақстан саясатының мемлекеттік ішінде жасалуы

-ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің қызметі.

- Департамент және Комитеттердің құрылымы мен атқаратын кызметі.

5. Оқыту мен білім беру әдістері:

Теориялық материялды тақырып сабақтарын оқытушымен бірге талқылау,қиын оқу бағдарлаасын интерактивті әдістерді қолданып оқу: кіші топтарда «милық штурм»моделденген интерпретация, ролдік ойындар, дискуссия, ситуациялық тапсырма орындау және тестті шешу.

6. Әдебиет:

1. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С., Комаров Ю.М Әлемдік денсаулық сақтаудағы Реформалар. Әлемдік денсаулық сақтаудағы Реформалар Қазахстанда, Кыргыз Республикасындажәне Ресейде. –Palmariumacademicpublishing, 2013.-347б.

2. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С., Кульжанов М.К Қазахстан мен әлемдік тәжірибедегі денсаулық сақтаудағы ұлттық есеп . -Алматы, 2013. -110б.

3. Аканов А.А., Хамзина Н.К., Ахметов В.И., Мирзабекоа О.М., Турдалиева Б.С., Аимбетова Г.Е., Искакова Э.Е., Изекенова А., Абикулова А., Облыстардағы денсаулық пен денсаулық сақтау саласындағы тексеріс.2бөлім: АҚШ тәжірибе. –Алматы, 2012. -222б.

4. Аканов А.А., Мейманалиев Т.С. Қазахстан Республикасының тұрғындарының денсаулығы мен денсауық сақтау жүйесі . –Алматы, 2012. -81б.

5. Аканов А.А. Казахстаныңденсауық сақтау жүйесі: өткен, қазіргі, келешегі.- Астана.2005,122б.

6. Европиялық региональды комитет Алпыс үшінші сессия Чешме, Измир, Турция, 16–19 қазан 2013 ж.

7. Аканов А.А., Сейдуманов С.Т., Ахметов В.И., Тулебаев К.А., Турдалиева Б.С., Конеев К.А. Жаңа денсаулық сақтау контуры және денсаулық сақтау стратегиялық реформасына концептуальды қадам басу 2020 жылға дейін –Алматы ,2009. -164б.