- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқытудың әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7.Бақылау (сұрақтар, тест тапсырмалары, есептер):
- •1. Қазіргі уақытта «Денсаулық 2020» саясатының негізгі міндеті болып табылады:
- •2. «Денсаулық 2020» саясатын құрастырғанда келесі мүмкіндіктер қарастырылды, мынадан басқа:
- •3. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің негізгі 3 тапсырмасы:
- •4. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің құрамына келесілер кіреді, мынадан басқа:
- •5. Денсаулық-2020 саясатының орындалуының шаралар пакетінің құрамына келесілер кіреді, мынадан басқа:
- •6. «Денсаулық-2020 саясатының ережелерімен танысу» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •7. «Денсаулық-2020 саясатының призмасы арқылы мемлекеттегі жағдайды талдау» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •8. «Қоғамдық денсаулық сақтау потенциалы мен қызметтерін күшейту» шаралар пакетінің бірінші компонентінің негізгі бағыттары болып табылады:
- •10. Қандай жүйе аясында 22 мемелекетте «Денсаулық-2020» саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр:
- •E. «Таяу Шығыс» жүйесі
АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасы Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау |
||
1. №1Сабақтың тақырыбы: «БДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы саясаты. «Денсаулық 2020» бағдарламасы. Негізгі мақсаттары, тапсырмалары, орындалу механизмдері».
2. Сабақтың мақсаты: студенттерді БДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы саясатымен таныстыру. БДСҰ-ның негізгі тұжырымдамаларын студенттерге түсіндіру. «Денсаулық 2020» бағдарламасымен таныстыру. Бұл бағдарламаның жалпы қағидаларын, оның мақсатын, тапсырмаларын, орындалу механизмін үйрену.
3. Оқыту тапсырмалары:
- студенттерге БДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы саясаты жайлы түсінік беру;
-Денсаулық сақтау саласындағы БДСҰ-ның қызметтерімен және ұлттық шаралармен таныстыру;
-студенттерге «Денсаулық 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттерін түсіндіру;
-«Денсаулық 2020» бағдарламасы қарастыратын мүмкіндіктерді үйрету;
-студенттерді мемлекетке қолдау көрсету үшін базалық пакет ресурстары және қызметтерінің тапсырмаларымен таныстыру;
-Денсаулық-2020 саясатының елдерде орындалуы бойынша өлшемдер пакетінің өзара байланысы жайлы студенттерге жалпы ақпарат беру;
- Денсаулық-2020 саясатының дұрыс мәліметтер базасын және жаңа шолуларды қарастыру;
-мониторингтің мақсатын, индикаторларын және механизмін үйрету;
- Денсаулық-2020 саясатының мүше-мемлекеттерде орындалуымен студенттерді таныстыру.
Студентте келесі дағдыларды қалыптастыру:
Білім аудиториясында үйренетін келесі жағдайларға бағытталған когнитивтік біліммен:
-шетелде денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың әлемдік тәжірибесіне; отандық денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық ұйымдарды реформалауғға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына;
-ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің қызметі мен құрылымына және оның негізгі құрылымдық бөлімдерін;
-Қазақстан Республикасындағы әр түрлі меншік түріндегі медициналық мекемелердің нормативті-құқықтық негіздегі қызметін;
-халыққа медициналық көмек көрсету түрлері;
-медициналық мекеменің (медициналық ұйымдардың) болмысын анықтауға негізделген жаңа тәсіл;
-емдік-профилактикалық мкемелердің қолданылып жүрген бірыңғай тізімдемесін;
-Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ);
-тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі (ТМККК);
-соңғы нәтижеге бағытталған, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін қаржыландырудың жаңа үлгісін енгізу;
-денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және стандарттау сұрақтары;
-кәсіптік арақатынас субъектілерінің тиімді менеджмент қағидаттары;
-ақпараттық менеджментке;
-басқару қызметіндегі кешендік қорғаныс сұрақтарына;
-басқару қызметіндегі әдеп және коммуникация сұрақтары.
Тәжірибелік дағдылар:
Студенттерде келесі дағдыларды қалыптастыру:
-Әлемдік денсаулық сақтау саласындағы реформалаудың негізгі тенденциясы мен Қазақстандағы денсаулық сақтаудағы реформалаудың тәжірибесін талдау;
-медициналық мекеме жұмысының негізгі көрсеткіштері (БМСК, стационарлар);
-медициналық мекемелер (ұйымдар) жүмысында қолданылатын негізгі құжат топтарына талдау жасау;
-медициналық мекемелердің стратегиялық және бизнес-жоспарын құру;
-медициналық көмек және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың жаңа үлгілерін дайындау мен енгізу дағдыларын меңгеру;
-денсаулық сақтау мекемелерін басқаруда экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерді, менеджмент және маркетинг қағидаларын енгізу;
-қызметтің ағымдық координациясы мен ағымдық бақылауы, медициналық қызметкердің еңбегін ұйымдастырудың қағидалары;
-ҚР-дағы медициналық мекемелер қызметі жайлы ақпаратты жинау және талдау;
-бекітілген формаларға сәйкес есептеме жинау және құру;
-поликлиника мен стационар қызметінің көрсеткішін есептеу;
-статистикалық талдау нәтижелерін динамикада бағалау және түсіндіру;
-стационар жағдайында ұйымдастыру аспектілерінде өзара қарым-қатынас құруда тиімді әдістерді қолдану;
-күнделікті медициналық қызметкер тәжірибесінде, науқас және олардың туысқандарымен қарым-қатынаста, стационар жағдайында туындайтын конфликтті жағдайларды шешуде коммуникативтік дағдыларды қолдану;
-тәжірибеде заңнамалық-нормативтік актілерді қолдану.
Коммуникативті дағдылар:
-Кәсіптік деңгейде барлық субъектілермен арақатынаста тиімді тілдесу қағидаларын ұстану;
-Ең тиімді коммуникативті арақатынас үлгісінде адекватты жағдайды таңдау және қолдану;
-Әріптестер мен науқастарға әсер ету мақсатымен вербальды және вербальды емес арсеналын таңдау және қолдану;
-Ақпарат жіберу үрдісінде жеке бас коммуникативті потенциалын қолдану;
-Кәсіби қарым-қатынаста коммуникативті компетенттілікке жету мақсатымен
коммуникативті үрдіс жайлы алған білімді қолдану;
-Студентте медициналық мекеме қызметкерлері, әріптес/студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында өзара түсіну қабілеті және байланыс орната алу дағдысын қалыптастыру, коммуникативті қарым-қатынастың сәйкес үлгісін таңдау және қолдану;
-Өз көзқарасын айтып, оны дәлелдей алу.
Құқықтық дағды:
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық негізін білу:
ҚР Конституциясы, құқықтық заңнамалық акт, «еңбек туралы Заң», Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 30.12.2009 ж. №2295. ҚР ДСМ бұйрықтары; дәрігер және науқас құқығы мен міндеттері.
Өзін-өзі дамыту:
-Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент сұрақтары бойынша білімін әрдайым жетілдіру және өздігінен білім алу;
-өз бетімен оқып және оның қажеттілігін түсіну, кәсіби қызметтің барлық кезеңінде өзінің біліктілігін арттыру;
-оқу және ғылыми әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды өз бетімен оқып үйрену, ақпаратты электронды тасымалдаушылармен жұмыс, желі ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана алу;
-тест тапсырмаларын өз бетімен шеше алу, реферат дайындау, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды оқытышумен кеңесу қажеттігін түсіну;
-коммуникативті дағдыны үздіксіз жетілдіру;
-жұмыс жағдайының стрессогенділігінің өзгерісі;
-медициналық мекемелерде пайда болатын күрделі жағдайларда психикалық өзін өзі реттеу.
