- •Ақпарат блогы ауруханадағы қауіпсіз орта
- •Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
- •2.Енжарлы
- •Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер.
- •3 Медбике ауыстырады
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Науқасты «қолмен қапсыра ұстау арқылы» сүйемелдеу
- •Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
- •2.Енжарлы
- •Науқасты бөлімшеде,науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
- •3 Медбике ауыстырады
Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
Көрсеткіші: инсульттен, жарақаттан кейін жүруіне көмектесу.
Процедураға әзірлеу
Науқаспен сенімділік қатынасын орнату.
Науқастың жағдайын бағалау, оның тарапынан көрсетілетін көмекті, оған қажетті қосымша құралдардың керектігін сұрап-білу. Науқас тарапынан қолдауға қатысу белсенділігін қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Процедураны орындау
Науқаспен қатар тұрып, «бас бармағы алақанымен қапсыра ұстап» оның оң қолын оң қолыңмен, сол қолын сол қолыңмен ұстап, науқас қауіпсіздік жағдайда екеніне көз жеткізу. Науқастың қолы түзуінен, алақанын медбикенің алақанына апарып тіреп бас бармағымен «құлып» етіп жұму.
Басқа қолымен науқастың шынтағынан, немесе қолтық асты жағынан немесе науқастың белінен құшақтап демеу, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Мүмкіндігінше науқасқа жақын тұрып , тізесін аяғыңмен тіреп, науқас өзін жақсы сезінуіне сендіру керек. Бұл науқастың құлап қалуынан сақтайды және өзін сенімді ұстауына ықпал жасайды.
Науқаспен бірге қатар жылжыңыз. Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Процедураны аяқтау
Жұқпалы аурудан (инфекциядан) сақтану үшін қолыңызды жуып, құрғата сүртіңіз.
Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар. Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы: 1.Белсенді
2.Енжарлы
3.Мәжбүрлі
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды. Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі: Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды. Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады. Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән. Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән. Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.
НАУҚАСТАРДЫҢ МӘЖБҮРЛІ ЖАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Мәжбүрліжағдайдыңмінездемесі |
Ауруы (синдром) |
Жағдайынжеңілдететінсебептер |
Ортопноэ – отырадынемесе төсектің бас жағы көтеріңкі |
Жүрекжеткіліксіздігі |
Ентікпеніңазаюынанқұрсаққуысыағзаларынанемесетөменгіаяқтарғақанныңжеткіліктенуі |
Төсектеекіқолынтірепотыруы |
Бронхиальді астманыңұстамасы |
Тынысалуғақатысатынбұлшықеттердіңмобилизациясы |
Науқастыңауырғанқырыменжатуы |
Құрғақ плеврит |
Зақымдалғанаймақтағы плевра жапырақшаларыныңөзараүйкелісініңазаюы |
Сауқырыменжатуы |
Қабырғаныңсынуы |
Егерауыратынқырыменжатса, сынғанқабырғаларбір-біріменүйкелісіп, қысылыпауырсынусезімікүшейеді |
Ішіменжатуы |
Ұйқыбезініңісігі |
Ұлғайғанұйқыбезіндегіқысымдытөмендеуі |
