Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№2 тәжірибелік сабақтың Ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қауіпсіздігінің ерекшелігі..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.39 Кб
Скачать

Пән:«Медбикелік ісі негіздері»

ЦӘК:«Медбике ісі»

№2 тәжірибелік сабақтың тақырыбы:«Ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қауіпсіздігінің ерекшелігі. Пациентті сүйемелдеп ұстау. Пациентті орнынан ауыстыру».

Мамандығы:«Медбикелік іс»

ЦӘК «Медбике ісі» оқытушысы:

Курс -1,семестр-1

Курс -2,семестр-3

Сабақ түрі: жаңа білімді жетілдіру сабағы

Сабақ типі: стандартты сабақ

Өткізілу уақыты: 270 минут

Сабақ мақсаты:

Білімділік: теориялық білімдерін меңгерту, сүйемелдеу, науқастарды ауыстыру және тасымалдау бойынша білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу, ауыр жағдайдағы науқастарға жақсы қарым-қатынаста болу.

Дамытушы мақсат: Науқаспен қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бақылауды дамыту.

Пән аралық қатынас:

  • «Коммуникация негіздері» - «Қарым-қатынас дағдылары тақыры бойынша».

  • «Адам физиологиясы» - «Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы», «Тыныс алу жүйесінің физиологиясы».

  • «Қалыпты анотомия»- «Артериальды және венозды тамырлар», «Тыныс алу мүшелері»

Пән ішіндегі қатынас:

  • Медбике ісі негіздері тақырыптар:

  • «Медбикелік қарым-қатынас»

  • «Медбикелік этика-деонтология»

  • «Пациенттің жеке бас гигиенасы»

  • «Жүрек қан-тамыр ауруларындағы көмек».

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗЕҢІ

Сабақ кезеңі

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Мақсат

Уақыты

1

Ұйымдастырушы кезең

Сабаққа қатысуын түгендеу, Сабақтан қалған студенттердің себебін анықтау. Сыртқы түрін бақылау

Староста айтады. Студенттер оқытушының ескертуін ескереді

Жұмысқа көңіл бөлу

5 мин

2

Түсініксіз сұрақтарды анықтау

Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

Үй тапсырмасын орындау кезінде кімде қандай қиыншылықтар болғанын анықтау. Түсініксіз сұрақтарды талдау. Сұрастыру жүргізу

Сұрақтар қояды

Түсініксіз сұрақтарды анықтау

45 мин

3

Жаңа тақырыпты талдау.

Жаңа тақырыпты талдау. Студенттерге керектігін және маңыздылығын айту

Тыңдайды, жауап береді, бір-бірін толықтырады.

Тақырыптың маңыздылығын айту

5

мин

4

Сабақтың мақсатын анықтау.

Студенттерге сабақты ң мақсатын айтады.(нені білу керек, нені жасай алу керек)

Білімдерінің жетістіктерін дәптерге жазып отыру

Қорытындыны көрсету.

5 мин

5

Бірінші тақырыпшаны талдау: Дене биомеханикасының негізгі принциптері

Дене биомеханикасының негізгі принциптерін айту

Тыңдайды сұрақ қояды

Жаңа тақырыпты меңгеру

20

мин

6

Бекіту

Жаңа тақырыптың теориялық материалын таратады. Әр түрлі ситуацияларды ұсынады

Теориялық материалды оқиды, ситуацияларды шешеді, өзінің ситуацияларын ұсынады

Түсіну,жаңа материалды меңгеру және бекіту

7

Екінші тақырыпшаны талдау:

Науқастарды тасымалдау

Тасымалдаудың негізгі принциптерін айту. Студенттерің көмегімен науқасты каталкадан төсекке және керісінше аударуды демонстрациялау

Тыңдайды, есте сақтайды,

Тасымалдау бойынша сұрақтар қояды

Түсіну, жаңа тақырыпты меңгеру

30-35

мин

8

Студенттердің өзіндік жұмысы

Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету

Тренажерларда каталкадан төсекке және керісінше аударуды көрсету

Материалды бекіту

60

мин

9

Үшінші тақырыпшаны талдау:

«Науқастарды сүйемелдеу»

Сүйемелдеуді айту және студенттерде көрсету

Тыңдайды, есте сақтайды, науқастарды сүйемелдеу бойынша сұрақтар қояды

Түсіну, жаңа тақырыпты бекіту

45

10

Науқастарды сүйемелдеуді өзіндік жасап көрсету

Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету.

Бір-бірлерінде сүйемелдеу техникасын көрсету

Тренажерларда техниканы көрсету

60

мин

11

Тақырыпты қорытындылау

Топтың іс-әрекетін бағалау

Тыңдайды,

Талқылайды

Іс-әрекет стимуляциясы

10

12

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын айту

Тапсырманы жазып алу

5

Ақпарат блогы ауруханадағы қауіпсіз орта

Эргономика – жұмыста қызметкерлерге қауіпсіздігін сақтауға, кәсіби жарақаттардың алдын алуға бағытталған ғылым саласы.

Емдеу мекемесінде қатты ауырып жатқан жандарға, қызмет көрсету процесіне қатысқан медбикелер мен басқа қызметкерлердің барлығы да, адам ағзасына қарсы әсер ететін факторларға ұшырайды. Оған: науқасты басқа жақтарға ауыстыруға байланысты шектен тыс физикалық ауырлықтың түсуі, адам ағзасына улы заттардың және әртүрлі дәрмектердің, құралдардың, инфекция, радиация әсер етуі және жүйке жүйелерінің жұқаруы жатады.

Науқастарға күтім жасау кезінде медбикелер мен жалпы медицина қызметкерлерінің сақтану керектігі жөніндегі бірқатар сақтану әдістерін қарастырайық.

Науқастармен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан медбикелердің жоталары (арқасы) жарақат алып, күтім көрсету процесі кезінде ол аурудың сезілуі мүмкін. Сондықтан да, науқастарды әр жерге тасымалдау (транспартировка), жатқан жерінде аудару, басқа орынға ауыстыру кезінде медбике өзінің денесіне, беліне ауырлық түсірмеудің жағын ойлап, олармен жұмыс істеудің дұрыс әдістерін пайдаланғаны жөн.

Науқасты басқа жерге ауыстыру үшін алдымен анықтайтын қажетті жағдай:

Ауыстырудың мақсаты;

Науқас денсаулығының жағдайы, көмек көрсетуге мүмкіндігі;

Ауыстыру үшін қолдағы бар қосымша механикалық құралдарды анықтау (төсегінен көтерілуге арналған арқан-жіп (трость), жылжуға арналған арба (ходунки) және балдақ);

Нық бұйрық беретін және науқасқа түсіндіретін басшының рөлін анықтау.

Әртүрлі қозғалыс, орын ауыстыру сияқты әртүрлі қызмет көрсету барысында мыналарды есте ұстаған абзал:

Науқасты көтеру алдында оны қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайға келтіру;

Қызмет көрсетушілер науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріп жатқызу үшін және қауіпсіздікті сақтау мақсатында науқастың салмағына және қимылдату бағытына қарай ыңғайлау;

Өзіне ауыртпалық түсірмеу үшін медбике және басқа да қосымша қызмет көрсетушілер денелерінің салмағына қарай қолдарымен ептеп әрекет жасағаны жөн. Әсіресе, тербету арқылы науқасқа қозғалыс жасай отырып, оны жеңіл көтеріп алу әрекетіне (өте абай болу керек) мән беру.

Науқасты көтере бастағанда сіздің аяғыңыз жерді толық басып, нық және сенімді тіреп тұруыңыз қажет;

Науқасты көтерген кезде өзіңіздің өте дұрыс жағдайда тұрғандығыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Арқаңызды (жотаңызды) тік ұстап, науқасқа өте жақын тұрыңыз. Мүмкіндігінше бұл қимылдарды жасаған кезіңізде сенімді болыңыз. Басқа да көмекшілеріңіз сондай сенімді жағдайда болуы тиіс. Науқасты басқа жерге ауыстыру барысындағы қозғалыс (жылжу) дұрыс болуын барлық қызмет көрсету тобының (бригада) келісе отырып атқаруы, табысты болатындығын естен шығармаңыз. Ол үшін:

Басшылықты дұрыс жүргізетін адамды таңдап алыңыздар;

Науқасқа ыңғайлы, ең жақсы әдісті таңдап алыңыздар;

Ауыр жұмысты кім өзіне алатын адамды нақтылап, белгілеп алыңыздар. Өйткені, науқасты жерге құлатып алмау үшін, оның белі мен мықын жағын, жалпы денесін ұстап тұруға күшті әрі денсаулығы жақсы (қызметіне байланысты емес) медбике болуы тиіс.

НАУҚАСТЫ «ҚОЛМЕН ҚАПСЫРА ҰСТАУ АРҚЫЛЫ» СҮЙЕМЕЛДЕУ

Көрсеткіші: науқасты артқы жағына «орындықтың арқасынан» ұстап, қозғалуына ықпал жасау.

Процедураға әзірлеу

Науқастың сеніміне кіру.

Науқас жағынан берілетін көмек барысын-да бағалау. Қозғалыс жасауға науқастың белсенді араласуын қамтамасыз ету.

Науқас сізді қолдап, ұстап тұрудың мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Бұл іс-әрекеттің қалай жасалтын жолын түсіндіру.

Қоршаған ортаның жағдайын (еденнің ылғалдылығын, еденде бөгде кедергі келтіретін көлденең заттардың бар-жоғын, аяқ киімнің өкшесіз болуын) қадағалау.

Процедураны орындау

Науқастан, қолдарын өзінің денесінде ұстап және қажетті деңгейде тұруын өтіну. Бұл науқас денесінің биомеханикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Егер науқастың бір қолының қимыл әрекеті нашарлау болса, онда екінші күші бар қолымен әлсіз қолын қапсыра ұстату.

Науқастың сырт, арқа жағынан келіп (ол отырған орындықтың артынан) көмек беруші медбике немесе басқа медицина қызметкері өзінің қолын науқастың қолтығының астынан кіргізіп, қапсыра құшақтайды, осы кезде науқастың қолы ауыратын болса абайлау керек.

Ескерту: мұндай қапсыра құшақтап ұстау медбике денесінің биомеханика-сының дұрыстығын сақтап, науқасты дұрыс ұстауына жағдай жасау, оның құлап кетуін болдырмау. Науқас ауруының қайта шығуына жол бермеу.

Процедураны аяқтау

Науқасқа процедураның аяқталғаны жөнінде хабарлау.

Науқасты қауіпсіз жағдайға келтірілгеніне көз жеткізген соң, медбике өзінің қолдарын еппен шығарып алуы тиіс. Науқасқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айту. Ол өзінің жатқан жерінің қауіпсіз екендігін және өзінің берген көмегін сезінуі керек.

Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолды жуып, кептірген жөн.