Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 1тәжірбиелік сабақ Медициналық этика доентология биоэтика коммуникация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.49 Кб
Скачать

Коммуникация негіздері

Бір-бірімен тілдесу – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық процесс. Тілдесу немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құбылыс, соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр.

«Коммуникация» - бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу.

Вербальды ақпарат – сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді, ойды, байқағандарын жазу арқылы жеткізу. Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу.

Коммуникацияның негізіне – бірге қиналыс білдіру, сыйлау мен шынпейілділік, өзара түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейірбике үшін бұл процесстің мақсаты науқастың бойында қалған құпияны зерттеп- білу болып табылады. Осындай оқып – зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай-ақ өзі жайында да хабардар бола алады.

Мейірбике ісіндегі тілдесу – науқасқа жеке әсер етіп, оның денсаулығын жақсарту арқылы өміріне өзгеріс әкелуі мүмкін. Ол үшін мейірбикеден арнайы білім мен іскерлік талап етіледі. Мұндай кезде науқастың денсаулығы жағдайы, оның физиологиялық және психологиялық жағдайы ескерілуі қажет.

Науқасқа мүмкіндігінше үлкен көмек беріп, қолдауы үшін мейірбике коммуникативті және кәсіби білімі жоғары болуы тиіс. Науқастарды дұрыстап тыңдай білгені, оның қиналысына түсіністікпен қарап, қамқорлық танытып, қойылар сұрақтарға мән бергені жөн.

Науқаспен және оны күтумен айналысып жүрген барлық адамдармен дұрыс тілдесуі керек. Мейірбикеден оларды сыйлау және жазылып шығамынау деген сеніміне түсіністікпен қарау талап етіледі. Сонда ғана науқастар өздерінің жазылатынына сенім ұялатып, жаңа жерге қалыптасу процессі тез жүрмек.

Тілдесу деңгейі

Психология – үш тілдесу деңгейін ерекше бөліп көрсетеді.

Бірінші тілдесу деңгейі (коммуникация)ақпаратты беру және қабылдау жағдайын-да өтеді. Бірінші тілдесу деңгейінде белгілі бір ереже, дәстүр және қабылданған норма болуы талап етіледі.

Коммуникацияның екінші деңгейінде өзара ашық жағдай қалыптасады.

Онда өзара ақпарат алысу және шешім қабылдау. Жалпы міндетті шешу жөнінде нақты тақырыпта тілдесу. Коммуникация – ақпараттық, оқу-оқыту, нұсқау беру, сауал қою, бұйрық беру жағдайында болуы мүмкін. Мұның өзі бірлесе атқарған жұмыста бірқалыптылықты қамтамасыз етпек.

Ақпарат алмасу алға қойған міндетті бірлесе отырып шешуге бағындырылған. Ол қажетті мәліметті алу, оқу процессі барысында оқу материалдарын меңгеру болып саналады. Ондай оқыту бір сеансты немесе бірнеше кездесуді талап етуі мүмкін

Коммуникацияныңүшінші деңгйеінде тілдесу үшін нақты шаралар: бірін бірі түсінісуге ұмтылу, басқаның пікіріне, келіспегеннің өзінде оған құлақ асу.

Тілдесу құралы

Вербальды тілдесу құралына жататыны бір мезгілде ақпарат көзі ретінде сөйлеп, сондай-ақ, әңгімелесіп отырған жанға қозғау салу әдісі.

Мейірбике сөйлесу мәнерін түсініп, оның ынтасын бағалай отырып, әңгімеге тарта білуі тиіс. Ол науқастың ерекшелігін танытып, қызуқандылығын көтереді. Мысалы, ентігу кезінде науқас үзіп-үзіп, әрі ауыр сөйлейді. Ал кейбір жағдайларда науқас қойылған сауалға жауап та бермейді. Бұл оның жанының күйзеліп отырғандығын көрсетеді. Сондықтан да науқастың сөйлесу, тілдесу мәнері психологиялық жағдайына, ауруының түрлеріне де тікелей байланысты болмақ.

Тілдесудің, – яғни сөйлесудің тез, баяу, тұтығып сөйлеу, беріліп тілдесу, қатты, сыбырлап сөйлесу сияқты т. б. түрлері бар. Оның ішінде кіммен болса да сабырлы, орташа дауыспен бір қалыпты тілдесудің орны ерекше.

Сөз адамның кім, қандай екендігін, оның мүддесін, тұтыну қабілетін, сенімін

көрсетеді. Сөз пікірлесуде адамға әсер етудегі пайдалы құрал. Өзінің сөзі арқылы мейірбике науқастың жағдайына эмоциональды түрде жақсы әсер береді.

Іс жүзінде мейірбике науқаспен әңгімелескен сайын оның қатесін түзетіп, өзінің ауруы туралы пікірінің дұрыс емес екендігін түсіндіреді.

Зерттеу жұмыстары дәлелдегендей күнделікті коммуникация актсінде адам сөздің 7 пайызын құрап, дыбыс пен дауыс ырғағын 38%-ға, ал сөйлем құрауды 53%-ға арттырып отырады екен.

Ыммен сөйлесу (мимика) кезінде беттің бұлшық еттерін қимылға келтіреді. Сондай-ақ, қолдың қимылы арқылы және қол алысу, сүйісу, алақанымен денені сипалау, итеріп жіберу сияқты вербальды емес тілдесу құралдары науқастарға жақсы әсер етіп, олармен тіл табысуға жол ашады. Осындай тілдесудің арқасында олар ақпараттың 70%-ын қабылдайды екен. Қорыта айтқанда, осының барлығы да тілдесудің тиімді элементтері. Осылай арқылы ойлау, сезіну туралы ақпараттарын шешіп қана қоймай, науқастың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыруға, науқасты қолдап, олардың ыммен, қолдары арқылы қимыл көрсетіп, айналасындағымен байланыста болуын қамтамасыз ету мейірбикенің парызы болып табылады.

Тілдесуге жағдай жасайтын факторлар

Науқастарға көмек көрсете отырып, мейірбике өзінің жеке басының барлық жақсы қасиеттері мен артықшылықтарын толық пайдалануы тиіс. Сөйтіп, қалай болғанда да науқаспен, оның отбасы мүшелерінің арасында белгілі бір сенім орнату керек. Мұның өзі науқастың проблемасын тиімді шешуге жол ашуы мүмкін. Мейірбикенің осындай жеке жақсы қасиеттері науқаспен тіл табысуды айтарлықтай жеңілдетіп, оның проблемасын шешуді жеңілдетеді.

Сенім және байланыс – бұл маңызды элементтер. Науқастың тілдесуі мейірбике істерінің шын екендігіне сенгенде пайда болады.

Оның барлығы да көптеген факторларға тікелей байланысты десек, оның бірнешеуін атап өтуге болады. Олар:

  • Тілдесе білу тәжірибесі;

  • Сөйлесу барысына мән беру және мәселені қоя білу;

  • Мақсатты жоспарлау;

  • Кеңес беру, жаңа тәжірибені меңгеру мақсатында практикалық сабақтар өткізу;

  • Конфронтация (мысалы, ауру ешкімге керегім жоқ деп ойлайды. Ал, мейірбике оның туыстарымен жақсы қатынас орнатып, науқасқа жақсы қамқорлық көрсетеді. Оның ойының дұрыс емес екендігін, ол ойдан аулақ болуын түсіндіріп, соған сендіреді).

  • Қолдау (мысалы, науқастың жағдайын қиындататын күрделі проблема, науқас жағдайының күрт ауырлауы. Осы кезде мейірбике үлкен рөл атқарады. Ол науқаспен бірдей қиналып, оған түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді).

  • Үндемеу (мысалы, жақын адамның қазасы науқасқа қатты әсер етеді, жылайды, қатты қиналады, мұндай кезде науқастың қасында бол, бірақ үндеме).

Сонымен осындай тиімді тілдесу мейірбикенің кәсіби тәжірибелілігін, жеке басының адамгершілігін, іскерлігін көрсетеді. Әртүрлі әдістерді дұрыс пайдалана отырып науқаспен тіл табысу мейірбикеге үлкен бедел, зор құрмет және сенім әкеледі.

Тілдесуге кедергі жасайтын факторлар

  1. Науқасқа кеңес беру немесе өзінің пікірін айту. Егер мейірбикенің берген кеңесі, науқас естігісі келген кеңестен алшақ болса, онда бұл науқастың денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан да егер науқас мейірбикенің кеңесін естігісі келсе, онда одан «сіз не естігіңіз келіп еді» деп сұрағаныңыз жөн. Келіңіз, бұл мәселе төңірегінде кеңірек әңгімелесейік дейсіз.

  2. Әңгіменің басқа салаға тез ауысып кетуі өзара түсіністікті үзіп жіберуі мүмкін. Оны болдырмау үшін сәл үзіліс жасап, басқа әңгіменің желісіне дауыс ырғағын өзгерте отырып ауысу керек. Сұрақ және жауап арасында ойлануға мүмкіндік туады.

  3. Науқастың сынаған адамын қорғау дұрыс емес. Ол кезде мейірбикеге мен ол адамды жамандап, өсектеп отыр деп науқасқа ой келуі ғажап емес. Сондай ойдан соң науқас ол әңгімені одан әрі жалғастырмай, үнсіз қалуы мүмкін.

  4. Науқас өзінің қиналысын жеткізе отырып, ол мейірбикеден өзіне түсіністікпен қарауын күтеді. Ондайда қиналатындай ешнәрсе болған жоқ, қапаланудың реті жоқ, – деп айту орынсыз.

  5. Бәрі жақсы болады, – деп науқасқа уәде беруде артықтау. Өйткені, ол кезде мейірбике шындықты жасырады. Ол науқастың қорқынышын іштей күшейтіп, үнсіз қалдырады.

  6. Асығыс қорытынды жасау да науқасқа кері әсерін тигізеді. Сондықтан да келтірер фактлерді дұрыс тексеріп алған жөн.

  7. Қатты дауыс шығарып сөйлеу де науқасқа қатты әсер етеді. Сондықтан да тілдесуге кедергі жасайтын осы және басқа да факторларға абай болып, науқастардың үлкенімен де, кішісімен де дұрыс қатынас жасау мейірбикенің парызы ғана емес, тікелей міндеті.