Пән:«Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК:«Медбике ісі» |
№1 тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Медициналық этика, деонтология, биоэтика, коммуникация». |
Мамандығы:«Медбикелік іс» |
«Медбике ісі» ЦӘК оқытушысы: |
Курс-1,семестр-1 Курс -2,семестр-3 |
Сабақ түрі: жаңа білімді жетілдіру сабағы
Сабақ типі: дәстүрлі сабақ
Өткізілу уақыты:270 минут
Сабақ мақсаты:
Білімділік: теориялық білімдерін меңгерту, медициналық этика, деонтология, биоэтика, коммуникациябойынша білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу, ауыр жағдайдағы науқастарға жақсы қарым-қатынаста болу.
Дамытушы мақсат: Наукаспен қарым-қатынасты дамыту, өзіндік бақылауды дамыту.
Пән аралық қатынас: «Коммуникация негіздері», «Психология».
Пән ішіндегі қатынас: Медбике ісі негіздері, тақырып «Медбикелік араласулар», «Медбикелік үрдіс», «Медбикелік педогогика», «Медбиклік тілдесу шеберлігі».
Сабақты жоспарлау кезеңі
№ |
Сабақ кезеңі |
Оқытушының іс-әрекеті |
Студенттің іс-әрекеті |
Мақсат |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастырушы кезең |
Сабаққа қатысуын түгендеу, сабақтан қалған студенттердің себебін анықтау. Сыртқы түрін бақылау |
Староста айтады. Студенттер оқытушының ескертуін ескереді |
Жұмысқа көңіл бөлу |
5 мин |
2 |
Түсініксіз сұрақтарды анықтау Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру |
Үй тапсырмасын орындау кезінде кімде қандай қиыншылықтар болғанын анықтау. Түсініксіз сұрақтарды талдау. Сұрастыру жүргізу |
Сұрақтар қояды |
Түсініксіз сұрақтарды анықтау |
45 мин |
3 |
Жаңа өтетін тақырыппен таныстыру. |
Жаңа тақырыпты талдау. Студенттерге керектігін және маңыздылығын айту |
Тыңдайды, жауап береді, бір-бірін толықтырады. |
Тақырыптың маңыздылығын айту |
5 мин |
4 |
Сабақтың мақсатын анықтау. |
Студенттерге сабақтың мақсатын айтады.(нені білу керек, нені жасай алу керек) |
Білімдерінің жетістіктерін дәптерге жазып отыру |
Қорытындыны көрсету. |
5 мин |
5 |
Бірінші тақырыпшаны талдау:«Этика», «деонтология», «биоэтика»терминдеріне түсініктеме. Этикадеонтологияның медбикелік принциптері. Биомедициналықэтиканыңмоделі». |
«Этика», «деонтология», «биоэтика» терминдеріне түсініктеме беру. Этикадеонтологияның медбикелік принциптерін, биомедициналықэтиканыңмоделінің негізгі принциптерін айту |
Тыңдайды сұрақ қояды |
Жаңа тақырыпты меңгеру |
20 мин |
6 |
Бекіту |
Жаңа тақырыптың теориялық материалын таратады. Әр түрлі ситуацияларды ұсынады |
Теориялық материалды оқиды, ситуацияларды шешеді, өзінің ситуацияларын ұсынады |
Түсіну,жаңа материалды меңгеру және бекіту |
|
7 |
Екінші тақырыпшаны талдау:«Ұжымдағымедициналық этикет жәнеқарым-қатынас. Медбикеге қойылатын деонтологиялық талаптар (И.Харди типі бойынша). Ятрогендік аурулар».
|
Ұжымдағымедициналық этикет жәнеқарым-қатынастың,медбикеге қойылатын деонтологиялық талаптардың(И.Харди типі бойынша),ятрогендік аурулардың негізгі принциптерін айту.
|
Тыңдайды, есте сақтайды, ұжымдағы медициналық этикет және қарым-қатынас,Харди бойынша медбикенің типтері,ятрогендік аурулар бойынша сұрақтар қояды |
Түсіну, жаңа тақырыпты меңгеру |
30-35 мин |
8 |
Студенттердің өзіндік жұмысы
|
Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету |
Субординация,ятрогендік аурулар,Харди бойынша медбикенің типтері бойынша рольдік ойындар ойнау. |
Материалды бекіту |
60 мин |
9 |
Үшінші тақырыпшаны талдау: «Қарым-қатынасудың функциясы және түсінігі.Қарым-қатынасу құралы. Қарым-қатынасудың тиімді критерилері».
|
Қарым-қатынасудың функциясы және түсінігін,қарым-қатынасу құралын,қарым-қатынасудың тиімді критерилерін айту |
Тыңдайды, есте сақтайды, қарым-қатынас функциясы,құралы,деңгейлері,критерилері бойынша сұрақтар қояды |
Түсіну, жаңа тақырыпты бекіту |
45 |
10 |
Қарым –қатынас функциясы,критерилері,деңгейлерін айту. |
Қиыншылықтар болған жағдайда кеңес беру, техникасын дұрыс көрсету. |
Қарым-қатынас құралын,түсінігін талдау,талқылау,рольдік ойындар ойнау. |
Тренажерларда техниканы көрсету |
50 мин |
11 |
Тақырыпты қорытындылау |
Топтың іс-әрекетін бағалау |
Тыңдайды, Талқылайды |
Іс-әрекет симуляциясы |
20 |
12 |
Үй тапсырмасы |
Үй тапсырмасын айту |
Тапсырманы жазып алу |
|
5 |
