Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.рек.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
680.96 Кб
Скачать

1.Тақырып: Психикалық аурулардың диагностика әдістері мен зерттеу ерекшеліктері. Психиатриялық көмектің құрылымы.Сараптама түрлері. Қабылдаудың бұзылыстары.

2. Мақсаты: Білімді бекіту: психиатрия пәні оқыту саласы, психикалық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары, терапия әдістері, психиатриядағы профилактика мен реабилитация. Үйрету: психикалық жағдайдың өткірлігін анықтау арналған белгілерді бағалау, диагноз құрастыру, психиатриялық стационар мен диспансерде қолданатын құжаттарды толтыру, психикалық науқастардың әлеуметтік қауыптілігін анықтау мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін анықтау, бақылауды ұйымдастыру, қозудағы және әлеуметтік қауіпті науқасты тасымалдау.

3. Оқытудың міндеттері: Студент білу керек:

1) психиатриялық көмек ұйымдастыру.

2) Психикалық науқастарға әлеуметтік-құқықтық көмек ұйымдастыру.

3)Психиатриядағы қолданылатын зерттеу әдістер

4)Түйсік және қабылдау бұзылыстары.

Студент істей білуі керек:

1) науқас пен қоршаған орта адамдарының денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жедел

психикалық бұзылыстарды уақытында анықтау.

2)әлеуметтік, қозу үстіндегі қаупті науқастарды бақылау, ұстау және тасымалдауды

ұйымдастыру.

3)психикалық науқастардың субъективті, объективті анамнездік мәліметтерін жинау және

олардың алдын ала талдау жүргізу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Психиатриядағы диагностика

2. Психиатриядағы зерттеу әдістері

3. Клиникалық диагностика

4. Сараптама түрлері

5. Түйсік бұзылысы

6. Қабылдаудың бұзылысы

5. Сабақ беру және оқыту әдістері

Бастапқы білім деңгейін бағалау – тестар шешу

Өздік жұмыс- науқастармен жұмыс, анамнез жинау, клиникалық тексеру.

Оқытушымен жұмыс – СӨЖ қорытындысын талқылау, тақырыптарға сай науқастарды талқылау ( психикалық жағдайды бағалау, тексеру кезінде), сабақтың тақырыбын ауызша сұрау түрінде талқылау, дскуссия.

қорытынды білім деңгейін бағалау – жағдайлық есептер шешу.

6. Әдебиет

Негізгі:

1.Илешева р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.

2.Қудиярова ғ.М., Жарбосынова б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.

3.Қудиярова г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б

4. Оспанова Н.Н. Психопатологиялық синдромдар. – Семей. – 2008. – 52 б.

5. Жариков Н.М., Тюльпин П.Г.Психиатрия: Учебник- М.Медицина. 2000 г.

6. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М., Медицина, 2007.

7. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР

8. Н.М.Жариков.,Л.Г.Урсова., Д.Ф. Хритинин, Қ.Т.Сарсембаев. Алматы: «Эверо»- 2010

ж.–524 б

Қосымша:

1. Коркина М.В.,Лакосина Н.Д., Личко А.Е., Сергеев И.И. Психиатрия: Учебник для студентов мед.вузов- М.,МЕДресс-информ, 576с.

2.Субханбердина А.С. Учебник. Наркология.- Алматы, 2009.387с.

3. Психиатрия национальное руководство. Под. редак. Т.Б. Дмитриевой М. ГЕОТАР – медиа 2009 г. 1000 стр.

4. Пропедевтика психиатрии. Учебное пособие.В.Л.Гавенко, Г.А.Самардакова, В.И.Коростий, и др./ Под редакцией В.Л.Гавенко.- Ростов – на-Дону «Феникс», 192 с.

5. Психиатрия и наркология. Под редакцией В.Д. Менделевича, М.: Издательский центр «Академия», 368с.

7. Бақылау

Бастапқы білім деңгейін бағалау үшін бақылау тестар.

1.Науқастың көңіл күйі төмендеген, дыбыстар әлсіз, алыстан сияқты еститініне және тамақтың дәмсізденуіне / шөп тәрізді / шағымданады:

1. парестезия

2. гипэстезия

3. сенестопатия

4. парейдолия

5. псевдогаллюцинациялар

2. Науқастың көңіл күйі төмендеген, әлсіреген, крахмалдаған төсек жаймасы тітіркендіріп, денені тырнауына шағымданады

1. гипэстезия

2. сенестопатия

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. парейдолия

5. псевдогаллюцинациялар

3. Науқас қозған, басының ішінде бүлкіндеу және сабдырлауға шағымданады.

1. гиперестизия

2. сенестопатия

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. парейдолиялар

5. псевдогаллюцинациялар

4. Науқас төс артындағы сөзбен жеткізе алмайтын, жағымсыз денесін қышқылмен жеп баратындай сезімге шағымданады.

1. гиперсетезия

2. парэстезия

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. сенестопатия

5. псевдогаллюцинациялар

Науқас бөлме қабырғалары еңкейіп оның үстіне құлап кететіндей периодті түрде пайда болатын сезімге шағымданады:

1. Деперсонализация

2. гиперестезия

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. парейдолиялар

5. псевдогаллюцинациялар

6. Науқас терісінің астында ұсақ жәндіктермен құрттар жыбырлауын сезеді.

1. парейдолиялық иллюзия

2. тактильді галлюцинация

3. вербальді галлюцинация

4. деперсонализация

5. псевдогаллюцинация

7. Науқас аузында жоқ шәштарды сезеді, нәтижесіз аузын тазартуға әлек.

1. тактильді галлюцинация

2. сенестопатия

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. парейдолиялар

5. псевдогаллюцинациялар

8. Науқас даладағы адамдар кей- кезде кішкентай (ергежейлер тәрізді) деп айтады.

1. гиперестезия

2. деперсонализация

3. психосенсорлы бұзылыстар

4. парейдолиялар

5. псевдогаллюцинациялар

9. Науқас басының грек жаңғағы көлеміне дейін кішірейгенін сезеді

1. сенестопатиялар

2. шынайы галлюцинациялар

3. вербальді галлюцинациялар

4. дене схемасының бұзылуы

5. псевдогаллюцинациялар

10. Галлюцинацияға келесі тән

1. негативтті (дефецитарлы) симптомларға тән

2. невротикалық деңгейдегі бұзылыстарға тән

3. тек шизофренияда кездеседі

4. жоқ зат (құбылыс) қабылданады

5. құбылыс қате қабылданады

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тестар.

1. Науқас 37 жаста, егер науқас бастың iшiнде өзiн ұрсып, нұсқау беретiн дауыстарды естiсе, ол қабылдаудың бұзылуының қай түрiне жатады?

1.Вервальды иллюзиялар

2.функциональды галлюцинациялар

3.императивтi галлюцинациялар

4.парэйдолиялық иллюзиялар

5.Сенестопатиялар

2. Басқа бiр тiтiркендiргiшпен қоса, пайда болатын галлюцинациялар қалай аталады?

1. Рефлекторлы (функциональды) галлюцинациялар

2. психогендi галлюцинациялар

3. акоазмдер

4. фотопсиялар

5.зоогаллюцинациялар

3.Ұйықтап бара жатқанда пайда болатын галлюцинациялар қалай аталады?

1. экстракампиндi галлюцинациялар

2. гипногогикалық галлюцинациялар

3. рефлекторлы галлюцинациялар

4. акоазимдер

5. Висцеральды галлюцинациялар

4.Егер iстемейтiн телефонмен науқас бiреулермен сөйлесiп тұрса, қалай осы симптом аталады?

1.Липман симптомы

2.Рейхард симптомы

3.Шаш симптомы

4.Ашаффен симптомы

5.Бератут симптомы

5.Тiтiркендiргiш сезiммен қоршаған ортаны қабылдау қалай аталады?

1.Гиперестезия

2.Гипестезия

3.анестезия

4.парестезия

5.сенестопатия

6. Денеде әртүрлi түсiнiксiз сезiмдердi қабылдау қалай аталады?

1.иллюзия

2.галлюцинация

3.сенестопатия

4.анестезия

5.гиперестезия

7. дереализация деген не?

1.Қоршаған ортаның бiртүрлi өзгеруi

2.Бiр заттардың орнына басқа заттарды қабылдау

3.сезiмталдықтың төмендеуi

4.жансыздану, ұю сезiмi дене бiтiмiнiң өзгеруi

8. Айналадағы заттардың қызыл түске боянуы қалай аталады?

1.Ксантопсия

2.макропсия

3.микропсия

4.эритропсия

5.метаморфопсия

9. Рейхард симптомы болып саналады?

1.Көлемiнiң түрiнiң өзгеруi

2.Сезiмталдықтың жоғалуы

3.Таза қағаздан жазбалар оқу

4.iстемейтiн телефоннан дауыстар есiту

5.Бiр заттардың орнына басқа заттарды қабылдау

10. Науқас өз ішкі негізінің өзгергенін сезінеді, оның ойлары, сезімдері бұрынғыдай емес

1.Ешқашанда көрмеген

2.ертеде көрген

3.акоазимдер

4.деперсонализация

5.иллюзиялар

1-ші тақырыпқа жауап эталондары: Психикалық аурулардың диагностика әдістері мен зерттеу ерекшеліктері. Психиатриялық көмектің құрылымы.Сараптама түрлері. Қабылдаудың бұзылыстары.

Бастапқы деңгей тестары.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

1

2

4

3

2

1

3

4

4

Қорытынды деңгей тестары.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3

1

2

4

1

3

1

1

5

1