Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.рек.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
680.96 Кб
Скачать

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В130100 - Жалпы медицина

Пәні: психиатрия

Кафедра: неврология, психиатрия, наркология

Курс 5

Тақырыбы № 5 блок 2 Бала жасы үшін спецификалы психикалық бұзылыстар.

Аралық бақылау.

Құрастырушы: пәнге жауапты,

м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.

Семей – 2011ж.

1.Тақырып: Бала жасы үшін спецификалы психикалық бұзылыстар. Аралық бақылау.

2. Мақсаты: Білімді бекіту: бала жасы үшін спецификалы психикалық бұзылыстардың, преморбидтті симптомдардың клиникалық көріністерін бекітуге. Психикалық бұзылыстардың диагностикалық критерилері, бала жасына сәйкесті, жас шамасына қарай ерекшеліктер, психопатологиялық синдромдар көлемі. Үйрету: психикалық бұзылыстарды уақытында таба білуге, осы патологияның бала жасына сәйкесті дифференциальды диагностикасын жүргізу, психиатр кеңесіне жіберу.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

1) бала жасына сәйкес психикалық бұзылыстардың жіктелуі, этиологиясы.

2) бала жасына сәйкес психикалық бұзылыстардың клиникалық симптомдары мен

синдромдары

3) алдын-алу және емдеу тәсілдері

Студент істей білуі керек:

1) бала жасына сәйкес психикалық бұзылыстарды уақытында таба білу

2) осы патологияның дифференциальды диагностикасын жүргізе білу

3) балалар психиатры және психотерапевт кеңесіне жіберу

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Балалар шизофрениясы. Клиникасы, ағымы

2. Олигофрения, клиникасы, түрлері, негізгі себептері

3. Жүйкелік тикттер

4. Ерте балалар аутизмі, клиникасы, ағымы және болжамы

5. Акселерация және инфантилизм, психикалық дамуға әсері

6. Балалардағы психикалық бұзылыстардың даму ерекшеліктері

7. Ерте жастағы балалардағы невропатия синдромы

8. Балалардағы гипердинамикалық синдром, клиникалық ерекшеліктері

9. Гебоидтты синдром, құрылымы және клиникалық ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері

Бастапқы білім деңгейін бағалау – тестар шешу

Өздік жұмыс- науқастармен жұмыс, анамнез жинау, клиникалық тексеру.

Оқытушымен жұмыс – СӨЖ қорытындысын талқылау, тақырыптарға сай науқастарды талқылау ( психикалық жағдайды бағалау, тексеру кезінде), сабақтың тақырыбын ауызша сұрау түрінде талқылау, дскуссия.

қорытынды білім деңгейін бағалау – жағдайлық есептер шешу.

6. Әдебиет

Негізгі:

1.Илешева р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.

2.Қудиярова ғ.М., Жарбосынова б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.

3.Қудиярова г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б

4. Оспанова Н.Н. Психопатологиялық синдромдар. – Семей. – 2008. – 52 б.

5. Жариков Н.М., Тюльпин П.Г.Психиатрия: Учебник- М.Медицина. 2000 г.

6. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М., Медицина, 2007.

7. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР

8. Н.М.Жариков.,Л.Г.Урсова., Д.Ф. Хритинин, Қ.Т.Сарсембаев. Алматы: «Эверо»- 2010

ж.–524 б

Қосымша:

1. Коркина М.В.,Лакосина Н.Д., Личко А.Е., Сергеев И.И. Психиатрия: Учебник для студентов мед.вузов- М.,МЕДресс-информ, 576с.

2.Субханбердина А.С. Учебник. Наркология.- Алматы, 2009.387с.

3.Психиатрия национальное руководство. Под. редак. Т.Б. Дмитриевой М. ГЕОТАР – медиа 2009 г. 1000 стр.

4. Пропедевтика психиатрии. Учебное пособие.В.Л.Гавенко, Г.А.Самардакова, В.И.Коростий, и др./ Под редакцией В.Л.Гавенко.- Ростов – на-Дону «Феникс», 192 с.

5. Психиатрия и наркология. Под редакцией В.Д. Менделевича, М.: Издательский центр «Академия», 368с.