Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ГОСО 2006 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.26 Кб
Скачать

G-041.07.01.32-2007

Силлабустың құрылымы МЖБС 2006

№02 тек

Бет 12 тен 15

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ НАРКОЛОГИЯ КафедраСЫ

Силлабус

(Syllabus)

Пән: психиатрия

Пәннің коды: PNN - 4306

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі: 152 сағат

Курсы және оқу семестрі : 5 курс, 9-10 семестр

Семей 2011

Силлабусты неврология, психиатрия, наркология кафедрасы құрастырылды

«Неврология, психиатрия, наркология» типтік оқу бағдарламасының негізінде; № 731 2010 жылдың 17 қыркүйегінен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі қ.а. бұйрығымен бекітілген.

Авторлар:

«___» «__________» 20____ кафедра отырысында талқыланды

№____Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________________Хайбуллин Т.Н.

1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Курс меңгерушісі Оспанова Наргүл Нариманқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогикалық қызмет мерзімі -19 жыл.

Жұмыс орнының телефоны: 64-06-54

Ғылыми қызығушылықтары: «Семей ядролы полигонында жарылыстар сынағынан зардап шеккен адамдардың психикалық бұзылыстары»

Ғылыми мектеп: клиникалық ординатура, іштей аспирантура, кандидаттық диссертацияны қорғау: «Общественно опасные действия в структуре дебюта и манифестации психических заболеваний в подростковом возрасте» (1992 г.). В.П. Сербский атындағы әлеуметтік және сот психиатриясының Мемлекеттік Ғылыми Орталығы. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор В.А. Гурьева

Мамандығы 14.00.18 – психиатрия.

Психология және психиатрия пәндерінен қазақ тілінде дәрістер оқу.

Оқытушылар:

Сарсембина Жаннат Джумажанқызы - СММУ неврология, психиатрия, наркология кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты. Жалпы медициналық қызмет мерзімі-13жыл, педагогикалық мерзім 2 жыл.

Ғылыми қызығушылықтары: «Семей ядролы полигонында жарылыстар сынағынан зардап шеккен адамдардың психикалық бұзылыстары», психосоматикалық бұзылыстар.

Ғылыми мектеп: субординатура, интернатура,С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ іштей аспирантура, кандидаттық диссертацияны қорғау: «Особенности психических расстройств у соматических больных, длительно проживающих в зоне Семипалатинского полигона» (2009г.). С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет. Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор А.С.Субханбердина

Мамандығы:14.00.18 – психиатрия.

Психиатрия, медициналық психология, коммуникативті дағдылар пәндерінен тәжірибелік сабақ жүргізу, дәрістер оқу.

Молдагалиев Тимур Мұратұлы- СММУ неврология, психиатрия, наркология кафедрасының ассистенті. Жалпы медициналық қызмет мерзімі-3жыл, педагогикалық мерзім 2 жыл.

Ғылыми қызығушылықтары: «Семей ядролы полигонында жарылыстар сынағынан зардап шеккен адамдардың психикалық бұзылыстары».

Ғылыми мектеп: психиатрия мамандығы бойынша интернатура, дәреже жоғарылатудың тақырыптық циклдары.

Байланыс ақпараты: Қалалық психикалық денсаулық орталығы, 5-ші қабат, СММУ неврология, психиатрия, наркология кафедрасының психиатрия курсы

Мекен – жайы-Семей қ. Дулатов көшесі 282

Телефон: 64-06-54

№3 автобуспен және №207 маршрутты таксимен ”Психиатриялық аурухана” аялдамасына дейін жетуге болады.

Пәннің саясаты: кафедраның студенттерге оқу процесіне қоятын жалпы талаптары, ол студенттердің оқу материалдарын толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары, емтихандарға рұқсат бермеудің критерийлері және т.б. (студенттің сыртқы келбеті, форманы сақтауына талаптар, клиникалық кафедраларда санитарлы кітапшаның болуы).

Студенттердің өздік дайындығын ұйымдастыруға кафедраның мүмкіндіктері. Студенттік ғылыми үйірменің болуы. Оқытылатын пән бойынша өткізілетін кеңестердің уақытын, апта күнін көрсете отырып, ақпараттар енгізу қажет.

Студенттер міндетті:

  • Білімін, тәжірибелік дағдыларын толық көлемде меңгеру;

  • Оқытушылар, қызметкерлер, студенттерге сыйластықпен, сыпайылықпен қарау;

  • Студенттер тәртіпті, ұқыпты болуы тиіс және Университет пен ауруханаларда өздерін дұрыс ұстауы тиіс;

  • Сабақ басталуымен барлық оқу және оларға жақын орындарда оқу үрдісінің дұрыс жүруі үшін, тыныштық және тиянақтылық сақталуы тиіс;

  • Студенттердің сабақ басталғаннан соң аудиториядан кіріп-шығуы тек оқытушының рұқсатымен болады;

  • Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, лабораторлық) сабақтарға, СОБЖ сабақтарына міндетті түрде қатысу;

  • Дәрістерге, тәжірибелік (семинарлық, лабораторлық) сабақтарға, СОБЖ сабақтарында, емтиханда міндетті түрде медициналық формада болу;

  • Клиникалық кафедраларда СЭС берілген санитарлы кітапшалар болу керек;

  • Кафедра заттарын ұқыпты пайдалану;

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • Университеттің ішкі тәртібінің ережелерін сақтау;

  • Кафедра өміріне белсене араласу ( СҒҰ қатысу,кафедра мерекелері т.б.).

  • Мобильді телефондарды дәріс, сабақ кезінде өшіру, емтиханға мобильді телефонды алуға тыйым салынады;

  • Дәріске қатысу міндетті түрде болуы керек. Егер дәріс босатылса материалды конспектілеп, лектормен кездесіп босатқан дәрісті өтейді;

  • Кафедралар мен курстарда босатқан сабақтарды өтеу сабақтан тыс уақытта- сенбілерде, клиникада- оқытушылардың түнгі кезекшілігінде рұқсат етіледі;

  • Студент сабақты босатқан сағатқа сәйкес бағдарлама бойынша өтеуге тиісті;

  • Егер сабақ босату себепті болса ( стационарлы емделуде болу,төтенше жағдай кезінде: стихиялық апаттар, жол апаттары және т.б.), студент немесе оның туыстары үш тәулік ішінде кафедраны кез-келген әдіспен(телефон арқылы және т.б.) болған оқиға жайлы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде бұл оқиғаны дәлелдейтін құжаттарды әкелуге тиісті. Құжаттар: Студенттік емхана анықтамасы, жақындарының қайтыс болуы жайлы куәлік, донорлық анықтама, некелесу анықтамасы,бала туу туралы куәлік. Бұл құжаттар болмаған жағдайда босатқан сабақ себепті емес деп танылады.

  • Егер босатқан сабақ себепті болса сабақты ақысыз, босатқан сабақ материал көлемінде дәлелдейтін құжатпен және деканат рұқсатқағазымен өтеуге болады. Кафедраға рұқсатқағазбен қатар дәлелдейтін құжаттың көшірмесі беріледі. Студент бір уақытта екі сабақты (дәрісті) өтей алады.

  • Егер сабақ (дәріс) себепсіз босатылса, студент сабақты босатқан сағат көлемінде, ақылы түрде өтейді. Төлемақының мөлшерін жоо Ғылыми кеңесі шешеді. Бір уақытта студент бір сабақты (дәрісті) өтейді.

  • Босатылған сабақ өтелгеннен кейін журналдағы «жоқ» дөңгеленіп, алынған баға қойылады.

  • Себепсіз жағдай бойынша өтелген сабаққа студентке 3,33 артық баға қойылмайды. Электронды журналда «ж» орнына алынған балл қойылады.

  • Бір ай ішінде екі немесе одан көп сабақ не дәріс босатылса, студент аттестация қойылмайды. Студент босатқан сабақтаарды (дәрістерді) себепсіз жағдайда бір ай ішінде, себепті жағдайда екі ай ішінде өтеуі тиіс. Циклді жүйе бойынша оқитын студенттер себепсіз жағдайда бүкіл циклді босатса, деканат студентке рұқсатқағаз берілмейді, студент ақылы семестр өтуге тиісті.

  • Деканаттан рұқсатқағаздар және төлемақы жөніндегі квитанциялар босатқан сабақты өтеуге арналған тіркеу журналында сақталады.

  • Бір ай ішінде себепсіз босатылған сабақ өтелмесе, студенттер босатылған сабақты өтеуге құқықтары жоқ. ОРД сабақ ұзақтығына, босатқан сабақ көлеміне байланысты төмендейді. ОРД автоматты түрде электтронды журналда төмендейді.

  • Егер бақылау сабағы бір ай ішінде өтелмеген жағдайда, «жоқ» орнына «0» қойылады.

  • Бір ай ішінде себепсіз босатылған сабақ өтелмесе, журналда «жоқ» жанына «0» қойылады, ал электронды журналда «жоқ» орнына 0 қойылады.

  • Егер студент аудиторлы сабақтың 25% себепсіз босатып, өтемесе, емтихан/ дифсынақ тапсыруға рұқсат етілмейді және студент ақылы семестр өтуге тиісті.

  • Егер студент дәрістердің 25% себепсіз босатып, өтемесе, емтихандық сессияға рұқсат алмайды. Студент академиялық кезең ішінде (семестр) барлық босатылған дәрістерді ақылы өтеуге тиісті.

  • Қорытынды баға студент тек рейтинг бойынша және қорытынды бақылау (емтихан/дифсынақ) бойынша жақсы бағасы болса ғана есептеледі. Бұл кезде жақсы баға 50% дан 100% дейін, қанағаттанарлық емес баға 0 дан 49% дейін.

  • Сабақ бойынша сынақты ОРД анықтайды. Егер ОРД 49% және төмен болса, студентке сынақ қойылмайды және студент ақылы семестр өтуге міндетті.

  • Сабақта және бақылау сабақта алынған қанағаттарнарлық емес баға өтелмейді. Қанағаттанарлық емес баға болса студент төмен ОРД алады ол емтиханға әсер етеді.

  • Студенттер барлық сынақтарды жоспарға сәйкес қатаң тәртіпте тапсыруы керек. Сынақ кітапшасында сынақтар оң жақта қойылады. 2006 жылдың ГОСО бойынша сынақ кітапшасының оң жағында ОРД қойылады. Дифсынақ бағасы стипендия тағайындауына әсер етеді.

  • Семестрдың барлық сабақтар бойынша оқу бағдарламасын орындаған шартта, барлық сынақтарды тапсырғанда, ОРД алғанда студенттер емтихандық сессияға жіберіледі. Емтихандық сессияға рұқсатты деканат белгілейді, бұл кезде сынақ кітапшасында «сессияға рұқсат» штампы қойылады.

  • Емтиханда немесе дифсынақта студент шпаргалка қолданса, автоматты түрде студентке «қанағаттанарлық емес»бағасы қойылады.

1.Кіріспе

1. Кіріспе: Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.

Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.

2. Пәннің мақсаты: негізгі психикалық ауруларға диагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.