- •ҚаУіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық КамАз автосамосвалының жүргізушісі үшін
- •1 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
- •1 Кесте. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жққ беру нормасы
- •2 Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талааптары
- •4 Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •5 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
- •6 Біліктілік пен жауапкершілік
- •7 Қоршаған ортаны қорғау бойыгша шаралар
- •8 Энергия үнемдеу шаралары
- •Танысу қағазы
- •Жіберу қағазы
- •Өзгеріс тіркеу қағазы
4 Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
4.1 Қозғалушы автокөліктің бөлшектері немесе агрегат істен шыққан кезде көлік құралын жол жиегіне шығарып, қозғалтқышты, алғашқы берілісті және тұрақ тежеуін қосу, доңғалақтар астына өздігінен жүруге қарсы тіреулер қою және 15-30м. қашықтыққа орнату, оның артында апатты тоқтау белгісі.
4.2 Отын немесе тасымалданатын жүк жануы кезінде жүргізуші өрт сөндіргі, киіз, брезент, құм және өзге қолда бар құралдармен отты өшіреді. Өртті өз күшімен жою мүмкін болмағанда жүргізуші өрт қорғауын шақырып, жұмыс жетекшісіне хабарлау керек.
4.3 Жол көлік оқиғасы кезінде осыған қатысты жүргізуші міндетті:
а) дереу тоқтап, көлік құралын, сонымен қатар оқиғаға қатысты басқа заттарды орнынан қозғамау;
б) оқиға туралы жұмыс жетекшісіне хабарлау;
в) егер басқа көлік құралдарының қозғалысы мүмкін болмаса, жүру бөлігін босату, көлік құралының күйін, жол көлік оқиғасына қатысты заттар мен іздерді алдын ала белгілеу.
5 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
5.1 Жұмыс аяқталғанан кейн КамАЗ жүргізушісі міндетті:
а) қозғалтқышты тоқтату;
б) автокөлікті гаражсыз сақтау кезінде қысқы уақытта радиатор мен қозғалтқыштан суды төгу, тұрақ тежеуішінің рычагын тарту;
в) кабинаны құлыпқа жабу;
г) жол қағазын өткізу;
д) қажет болған жағдайда жоюға болатын ақаулар тізімін көрсетумен ағымдағы жөндеуге тапсырыс жасау;
е) автокөліктің дұрыс күйі немесе жұмыс уақыты кезінде пайда болған барлық ақаулар туралы жұмыс жетекшісіне немесе жауаптыға хабарлау.
5.2 Автокөлікті жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге қатысатын жүргізуші ауысым аяқталғаннан кейін міндетті:
а) берілген нарядты орындау туралы жетекшіге хабарлау, берілген наряд бойынша ауыстыруға жататын түйіндер мен бөлшектерді мұқият бекіту. Автокөлік астында, зиянды аймақтарында (бампер жаны,кузов, көліктің арты) адамдардың жоқтығына көз жеткізбей, жөнделген автокөлікті сынау үші жіберуөткізбеу;
б) жұмыс инвентарін тазарту. Тұтастығын тексеріп, арнайы бөлінген орынға орналастыру, ЖҚҚ тұтастығын тексеру;
в) ауысым қабылдау–жүргізуді өндіру.
5.3 Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін КамАЗ а/с жүргізушісі арнайы киім мен ЖҚҚ шкафқа іліп, душ қабылдайды және ауысымнан кейінгі медициналық бақылаудан өтеді.
6 Біліктілік пен жауапкершілік
6.1 Білімі–орташа, еңбек өтілі 1 жылдан кем емес, квалификацияны растайтын құжаттың болуы–мамандық бойынша еңбек тәжірибесі мен куәлігі бар тіркемемен КамАЗ автосамосвалын жүргізуші – «С», «Е» категориялы жүргізуші куәлігі.
КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі білу керек:
а) КамАЗ автокөлігінің құрылымы мен пайдалану ережесі;
б) КамАЗ а/м ППР және ТО көрсету реті мен атқару уақыты;
в)жұмыстың үздіксіз қауіпсіздігі;
г) слесарь ісінің негізі және электр қауіпсіздігі;
д) жөк көтеру механизмдерімен жұмыс езіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптары;
е) жарық және дыбыс дабылдары;
ж) апатты жою жоспары.
6.2 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жауапты:
а)ауысым нарядын орындау;
б) қызмет көрсетуші жабдықтың техникалық күйі;
в) еңбек қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, ішкі еңбек тәртібі бойынша талаптар, нормалар мен нұсқаулықтарды сақтау, қалдықтармен жұмыс талаптарын орындау;
г) әрекет етуші талаптарға сай жеке және ұжымдық қорғаудың дұрыс әрі таза құралдарын мерзімді қолдану;
д)жұмыс жүргізудің қауіпсіз әдістері мен дағдыдарын, еңбекті қорғау нұсқаулықтары , жұмыс орнында стажировка бойынша оқуды табысты аяқтау, сонымен қатар еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарының білімін тексеру;
е) өндірісте болған кез келген оқыс оқиға, адамдар өміріне, денсаулығына қауіп тудыратын кез келген жағдай туралы механикке немесе жоғары лауазымды жетекшіге хабарлау;
ж) міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексерістерден, ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі куәландырудан өз уақытында өту,
и) берілген нұсқаулықты орындамау (дұрыс орындамау);
к) өз қызметінің үрдісінде құқық бұзушылықтар жасау, материалдық зиян келтіру - ҚР әрекет еткші еңбек, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық Заңнамасымен анықталатын шекте.
л) еңбек қызметін негізге ала отырып, жұмыскер орындалатын / берілетін жұмыстардың компанияда (ұйымда) бекітілген/ қабылданған саясатқа, регламенттерге, корпоративті стандаттар мен өзге ішкі құжаттарға (жұмыс беруші акті) сәйкестігімен, енгізілетін өзгерістер және/немесе толтықтыруларды ескерумен, байланысын басшылыққа алу керек;
м) жұмыскердің компанияда (ұйымда) бекітілген/қабылданған саясаттан, регламенттен, корпоративті стандарттан, басшылықтан немесе өзге ішкі құжаттан (жұмыс беруші акті) кез келген ереже бұзуы тәртіп бұзу ісі ретінде қарастырылады және жұмыскерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаарстырылған тәртіптік шаралар қолданылады, соның ішінде жұмыс беруші бастамасымен еңбек келісімін бұзу.
н) өз қызметінің үрдісінде құқық бұзушылықтар жасау, материалды шығын келтіру – ҚР еңбек, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық Заңнамасында анықталған шектерде.
6.3 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі құқылы:
а) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орны;
б) санитарлы – тұрмыстық бөлмелермен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, ЖҚҚ беру нормаларына сай арнайы киіммен, сонымен қатар ұжымдық, еңбек келісімдерімен қамтамасыз ету;
в) жұмыс орнында еңбекті қорғау талаптарын тексеру туралы еңбек бойынша және оның аймақтық бөлімшесінің құзыретті органына жүгіну;
г) еңбекті қорғау жағдайын, қауіпсіздігін жақсартуға байланысты сұрақтарға жеке қатысу;
д) оның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар пайда болған кезде жұмыс орындаудан бас тарту, бұл туралы механик немесе жоғары лауазымды басшылыққа жазбаша хабарлаумен;
е) еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау үшін білім және кәсіби дайындық алу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған ретте;
ж) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмыс беруші талаптарының бұзылу нәтижесінде жұмыс тоқтату уақытына орташа еңбек ақының сақталуы;
и) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің әрекетіне шағым түсіру.
