- •ҚаУіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық КамАз автосамосвалының жүргізушісі үшін
- •1 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
- •1 Кесте. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жққ беру нормасы
- •2 Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •Жұмыс уақыты кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау талааптары
- •4 Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
- •5 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
- •6 Біліктілік пен жауапкершілік
- •7 Қоршаған ортаны қорғау бойыгша шаралар
- •8 Энергия үнемдеу шаралары
- •Танысу қағазы
- •Жіберу қағазы
- •Өзгеріс тіркеу қағазы
2 Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары
Жұмыс басталар алдында КамАз автосамосвалының жүргізушісі міндетті:
а) жол (бағыт) қағазын алу, еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеру туралы куәлік, жүргізуші куәлігін және карьерге рұқсатты жұмыс бөлушіге көрсету;
б) жол (бағыт) қағазында медициналық жұмыскерлің белгісімен (штамп) және қолымен ауысым алдындағы медициналық тексеруден;
в) бекітілген үлгідегі арнайы киім, аяқ киім және ЖҚҚ кию;
г) жұмыстар өндірісіне жұмыс жетекшісінен жазбаша наряд алу, жұмыстар жетекшісіне қауіпсіз жұмыс әдістерінің білімін тексеру туралы куәлік көрсетіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескерумен тапсырма алу.
Жұмыс басталар алдында КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі міндетті:
а) жұмыс орнында әрекет етуші қауіптерді анықтау үшін оларды басқару мен идентификацияның бақылау қағазын толтыру. Мүмкін қауіптерді төмендетуге бағытталған жұмыс жетекшісі ұсынған барлық шараларды зерттеу. Егер іс шаралар түсінікті және жұмыс басталар алдында оларды жүзеге асыру мүмкіндігі болса (аспаптармен, жабдықтармен қамтамасыз ету), жұмыс басталар алдында талап етілетін профилактикалық шараларды орындайды, аяқтаған соң тапсырма орындауға көшеді. Егер қауіпті орнында жою мүмкін болмаса, жұмыс жетекшісіне хабарлайды және оған идентификацияның бақылау қағазын тапсырады, жетекші өз кезегінде МИОТ 07-21 «Қауіптіліктер идентификациясы, жұмыс өндірісі кезінде қауіптерді бағалау және басқару» «А» әдістемесі бойынша анықталған қауіптерге баға беруді жүргізеді және ақырғы шешім қабылдайды;
Ескерту: Егер жұмыс орнынд жұмыс звено немесе бригадамен орындалса, қауіптерді жеке бағалауды бригадир жүргізеді. Бланк бригадирмен толтырылады, қол қойылады.
б) әрекет етуші қауіптер мониторингін жүргізу және өлім қауіптіліктер тізімімен тексеру. Жұмыс орнында мүмкін қауіптіліктердің және зиянды өндірістік факторлардың жоқтығына көз жеткізу, анықталған қауіптерге сәйкес қажетті шараларды анықтау;
в) автосамосвал металлконструкцияларының дұрыстығын тексеру, соның ішінде:
1) автосамосвал механизмдерін, олардың бекітілуі мен тежелуін тексеру, сонымен қатар жүріс бөлігі мен ЖБЗ төгілмеуіне көз жеткізу.
2.3 Жұмыс орнын тексергеннен кейін автосамосвал жүргізушісі автосамосвалдар жөндеу бойынша бригадирге немесе Ш және Ж механигіне барлық анықталған қауіптер мен оларды жоюға қажетті шараларды жеткізу керек.
2.4 Шығару және жөндеу механигінен наряд тапсырма алынғаннан кейін КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі міндетті:
а) медициналық дәрі қорабының, өрт сөндіргіштердің, аспаптар құралының болуын тексеру;
б) желіде қауіпсіз және үздіксіз жұмысты анықтау мақсатында автокөліктің техникалық күйін тексеру, шиналардың, тежеуіштердің, рөлдік басқарудың, кардан білігінің бекітілу болттарының дұрыстығына көз жеткізіп, сымдар жүйесін, шамды, стоп –дабылды, бұрылыс көрсеткіштерін, дыбыс дабылын, бақылау - өлшеу құралдарын, артқы көрініс айналарын тексеру керек;
в) ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсету мен автокөліктің отынмен, маймен, сумен, антифризбен (жылдың қысқы уақытында) құйылуын жүргізу, аккумулятор батареясында электролит деңгейін, тығыздығын тексеру;
г) автокөлікке отын, май құйғаннан кейін мұнай өнімдері тиген машинаның барлық бөліктерін құрғатып сүрту;
д) ЖБЗ төгілуі мен қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында гидрожүйелер, шлангтар тұтастығын тексеру, құю кезінде төгілген жанғыш бояу затттарын шүберек, құм немесе жоңқа көмегімен жою, кейін олар маркалануға сәйкес арнайы сыйымдылықта орналастырылады;
е) бос жүрісте қозғалтқыштың жұмыс қабілеттігі мен дұрыстығын, жарықтандыру және бақылау өлшеу құралдарын тексеру, сонымен қатар аз жүрісте тежеуіштер мен рөлдік басқаруды тексеру;
ж) техникалық дұрыс машиналар шығаруға жауапты механикке автокөлік көрсету және автокөліктің техникалық ақаусыздығы туралы жол қағазында белгі алу.
2.5 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі қауіпсіздік талаптарының келесі бұзылулары кезінде сызыққа шықпау керек:
а) автокөлікті пайдалануға тыйым салынатын механизмдер мен жүйелердің ақаулыңы кезінде;
б) автокөлік сипаттамаларының көлем, жүк көтергіштік, ұзындық пен басқа параметрлер бойынша сәйкессіздігі;
в) жарықтандыру құралдарының, артқы өкрініс айнасының, дабыл құрылғысының, өрт сөндіргіштердің болмауы.
2.6 Шығару және жөндеу механигімен бірге автосамосвалдың дұрыстығы мен толықтығын тексеру және жол қағазында сәйкес белгі алу. Автосамосвалды тексеру кезінде назар аудару:
а) тежеуіштер дұрыстығы;
б) спидометр, тахограф (мемлекеттік тексерудің болуы) дұрыстығы;
в) рөлдік басқарудың дұрыстығы;
г) жарықтандыру құралдары мен апатты дабыл жүйесі дабылдарының дұрыстығы;
д) дыбыс дабылының дұрыстығы;
е) әйнек тазалауыштың дұрыстығы;
ж) жылыту құрылғысының дұрыстығы,шиналардағы қысым;
и) артқы көрініс айналарының болуы;
к) медициналық дәрі қорабы, өрт сөндіргішердің, өздігінен жүруге қарсы тіректердің, апатты тоқтау белгілерінің болуы.
2.7 Тексерілмеген және ақаулы КамАЗ автосамосвалында сызыққа шығуға болмайды.
2.8 Анықталған ереже бұзушылықтарды өз күшімен жою керек, ал мүмкін болмаса, КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі шығару және жөндеу механигіне хабарлау қажет.
