Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IOT-07-54-2015_DLYa_VODITELYa_AVTOSAMOSVALA_KamAZ kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.05 Кб
Скачать

«Казхром» Трансұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы

«Казмарганец» Кенбасқармасы

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық

КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі үшін

ЕҚН-07-54-2015

Қарағанды қ.

2015ж.

Алғы сөз

1 _____________ бастап № ______ Бұйрықпен күшке енді

2 Құжаттандырылған үрдіс 5.2 MC ISO 9001:2008 т., 4.3.1 MC ИСО 14001:2004 т., 4.3.1 OHSAS 18001:2007 т. сай келеді.

3Тіркеу туралы мәліметтер:

Тіркелді

«Казмарганец» Кенбасқармасы

Тіркеу нөмірі

Күні

Тіркеу нөмірінің орнына

Қолы

Нағыз ЕҚН бөлшекті немесе толығымен шығарылмауы мүмкін, «Казмарганец» Кенбасқармасының рұқсатынсыз тираждалды және таралды

II

КЕЛІСІЛГЕН: БЕКІТЕМІН:

Профком төрағасы «Казмарганец» КБ Директоры

_______Х.Д. Шахманов ____________ А.А. Сафонов «___»___________2015 ж. «___»_______________2015 ж.

ҚаУіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық КамАз автосамосвалының жүргізушісі үшін

ЕҚН-07-54-2015

Енгізілген күні «___»___________2015ж.

1 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары

1.1 КамАЗ автосамосвалдары дайын өнімді жүк жөнелту қоймасына тасымалдау үшін тағайындалған.

1.2 Автосамосвал басқаруға 18 жасқа толған, дайындық курсынан өткен, «С және Е» категориясындағы жүк автокөлігін басқару құқығына жүргізу куәлігі, тіркемемен жұмыс жасау дағдысы және еңбек қорғау бойынша куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.

1.3 Жұмысқа қайта қабылдануға дейін КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі бөлімше бойынша бұйрықпен (өкім) нағыз Нұсқаулықпен танысу және қол қою арқылы алғаннан кейін өздік жұмысқа жіберіледі.

1.4 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі өздік жұмысқа жіберер алдында өту керек:

а) міндетті алдын ала (жұмысқа түсер кезде) мерзімді медициналық тексерістер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ретте вахталық жұмысқа жарамды деп танылу мақсатында;

б) ЕҚ және ӨҚ бойынша кіріспе, брінші ретті нұсқаулық;

в) жұмыстар орындаудың қауіпсіз әдісі мен дағдыларын, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты оқу, жұмыс орнындағы стажировка және еңбекті қорғау талаптарының біліміне тексеру.

    1. КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі өз қызметінің үрдісінде өту керек:

а) ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі (тексерулер) медициналық тексерістер, жұмыс орындауға жарамды деп танылу үшін;

б) арнайы кітапта (журналда) тіркеумен жылына екі реттен кем емес ЕҚ және ӨҚ бойынша қайталама нұсқаулықтан өту;

в) мамандық бойынша оқу (10-сағаттық бағдарлама) және өндірістік қауіпсіздік бойынша білім тексеру.

1.6 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі «Казмарганец» КБ ЕҚ бойынша Алтын ережелері мен нағыз Нұсқаулықты білу керек.

1.7 КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жұмыс орнында келесі құжаттарға ие болу керек:

а) жүргізуші куәлігі;

б) борттық журнал;

в) өндірістік қауіпсіздік бойынша куәлік;

г) ЕҚ және ӨҚ бойынша білім тексерудің куәлігі;

д) жеке жетілу жоспары;

е) карьерге рұқсат;

ж)жол қағазы.

1.8 Жұмыс үрдісі кезінде КамАЗ автосамосвалының жүргізушісіне келесі қауіпті өндірістік факторлар және жұмыс өндірісі кезіндегі негізгі қауіптер әсер ету мүмкін:

а) Жұмыс өндірісі кезіндегі қауіпті факторлар:

Физикалық қауіптер:

1) жұмыс жасаушы машиналар, агрегаттар мен механизмдер;

2) біртексіз және сырғанақ беттер;

3)қол аспаптары, материалдар;

4) экстремальды температуралар, ыстық, суық беттермен байланыс;

5) техногенді сипаттағы апаттар:құлау, үйілу, т.б..;

6) табиғи сипаттағы апаттар:су басу, сел, дауыл, т.б.;

7) жиналған энергия: сығылған ауа, су ағыны және т.б.

Химиялық қауіптер:

1)шаң, газ, бу, құрғақ қоспалар,жанданатын сұйықтар.

Эргономика:

1)ұзақ жұмыс күйі;

2)ұзақ қарбаластық.

Биологиялық қауіптер:

1)жануарлар, жәндіктер,жорғалаушылар.

Табиғи (ауа райы)қауіптер:

1)табиғи құбылыстар: мұз, қар, бұршақ, жаңбыр, көктайғақ, қылау, тұман, күшті жел.

б) Жұмыс өндірісі кезіндегі негізгі қауіптер:

1) жол-көлік оқиғасы;

2) максимальды жүк көтергішті арттыру;

3) механизмнің қозғалушы, айналушы бөліктерінің әсері;

4) ұшушы, түсуші тіліктердің, бөлшектердің, заттардың әсері;

5) электр тогының әсері;

6) өрт;

7) діріл әсері;

8)биіктен құлау;

9) шаң әсері;

10)созылу, бұлшық ет жүйесінің үзілуі, ішкі органдардың түсуі;

11)тірек қозғалыс жүйесіне әсері;

12)ыңғайсыз қарбалас күй;

13) көру органына әсері;

14) психикалық қарбаластық;

15) шағу;

16)адамдардың батуы;

17) сырғанақ, біртексіз жерлерде құлау;

18) затқа соғылу.

1.9 Жалпы өндірістік ластанулардан және механикалық әсерлерден қорғау үшін КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі жеке қорғау құралдары (кейін ЖҚҚ) мен арнайы киім қолдануға міндетті. Кез келген автокөлік түріне отыру, шығу кезінде тұтқаларды қолмен ұстау және баспалдаққа бетпен қарап түсу. Өндіріс алаңшасының аймағында болған кезде және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде КамАЗ автосамосвалының жүргізушісі қорғаныс каскасы мен қорғаныс көзілдіріктерін кию керек.

Арнайы киім, аяқ киім, ЖҚҚ беру нормасы 1 кестеде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]