Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.11 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

1) Гликоген синтезінің схемасын көрсетіңіз. Гликоген «қалдығына»бір молекула глюкозақосылатынэнергия жұмсалуымен байланысты жүретін реакцияны көрсетіңіз.

2) Гликогенолиз схемасын жазыңыз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфататың СО2 мен Н2О-ге дейінтотығуыкезіндетүзілетінАТФ санын көрсетіңіз.

3) Стресс жағдайында қанда қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын және бұл гормонның гликоген синтезі мен ыдырауын реттеуші ферменттердің белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

32 тәжірибелік есеп

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

1) Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.Реакцияның ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

2) Схемада АТФ пайдаланылатын жәнесинтезделетін реакцияны көрсетіңіз.Осы үрдісте түзілетінАТФ-ті есептеңіз.

3) Бұл үрдісте АТФ-тің синтезделу әдісін атаңыз.

33 тәжірибелік есеп

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

1) Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз. Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

2) Көз бұршағындағы сияқты, АТФ синтезі өтетін тіндер мен жасушаларды атаңыз, неге тек қана осы тәсілмен фосфорлану жүретінін түсіндіріңіз және осы фосфорлану әдісін атаңыз.

3) Осы үрдісте өтетін дегидрлену реакциясын және соңғы өнімнің түзілу реакциясын формуламен жазып беріңіз .

34 тәжірибелік есеп

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

1) Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.

2) Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

3) Бұл үрдістің соңғы өнімдері қандай өзгерістерге қатысатынын және оның жиналуы кезінде қандай өзгерістер болатынын көрсетіңіз.

35 тәжірибелік есеп

Пируваттың лактатқа айналуы – қайтымды реакция,табиғаты олигомер болып табылатын лактатдегидрогеназамен (ЛДГ) катализденеді. ЛДГ М- және Н-суббірліктен тұратын тетрамер, бұлар өз арара комбинацияланып, бес түрлі тетрамер (М4 (ЛДГ1), М3Н1 (ЛДГ2), М2Н2 (ЛДГ3), М1Н3 (ЛДГ4), Н4 (ЛДГ5)) құрайды. Бұл изоферменттер бір-бірінен біріншілік құрылымы және физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді, бір реакция түрін ғана катализдейді. Сонымен қатар олардың тіндерде орналасуы да әр түрлі. Жүрек бұлшық еттері үшін Н4 изомері, қаңқа бұлшық еттеріне М4 тән. Жүрек бұлшық еттерінде ЛДГ1 лактаттың пируватқа айналу реакциясын катализдейді. Жүрек бұлшық еті метаболизмі кезіндегі бұл изоферменттің рөлін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Жүрек бұлшық етінде осы фермент катализдейтін реакцияны көрсетіңіз.

2) Жүрек бұлшық етіндеосы реакция өнімінің СО2 мен Н2О-ге дейін тотығу жолын схема түрінде жазыңыз.

3) Көрсетілген үрдістің нәтижесінде қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

36 тәжірибелік есеп

Тәжірибеде бұлшық ет гомогенатына глюкоза қосылды. Арнайы катаболизм жолымен 1 молекула глюкозаның тотыққанда энергия ретінде қанша АТФ түзіледі, егер тәжірибеде нативті митохондриясы бар тін гомогенатын барбитурат қатысында қолданса?

Шешу алгоритмі:

1) Осы жағдайларда синтезделетін АТФ-тің метаболиттік жолының схемасын көрсетіңіз.

2) Осы метаболиттік жолдағы барбитураттар бұзатын үрдістің схемасын көрсетіңіз.

3) Қандай тыныс алу комплексін барбитураттар ингибирлейді? Кофермент құрылысын және дегидрогеназаға сәйкес келетін витаминді көрсетіңіз.

37 тәжірибелік есеп

Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Глюкозаның екі молекула пируват түзілгенше ыдырауы кезінденеше АТФ түзіледі, аэробты және анаэробты жағдайда?

Шешу алгоритмі:

1) Гликолиз схемасын және АТФ пайдаланылатын және синтезделетін реакцияларды көрсетіңіз.

2) Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып жазыңыз.

3) Аэробты және анаэробты жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын жазыңыз.

38 тәжірибелік есеп

Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысты. Спринтер жүз метрарақашықтықтыжүгіріпшықты, ал стайер онынышы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз ететін процестердің айырмашылығын көрсетіңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Стайердің бұлшық ет жұмысы үшін энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің схемасын көрсетіңіз.

2) Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жазыңыз, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің кез келген бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсетіңіз.

3) Спринтер мен стайердің ағзасындағы жүгіру кезіндегі үрдістердің айырмашылығын көрсетіңіз, яғни глюкозаның арнайы тотығу жолдарында түзілетін энергия шығынын (АТФ санын) және соңғы өнімдерінің құрамын.

39 тәжірибелік есеп

Тексерілу кезінде науқаста анемия анықталды және эритроциттерде Хайнц денешіктері табылды.Олоттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығуы және дисульфидті байланыстар түзілуі барысындагемоглобин протомерлерінің агрегациясының нәтижесінде түзіледі. Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары, осындай клиникалық жағдайдың себептері болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]