Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prakticheskie_zadachi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.11 Кб
Скачать

Шешу алгоритмі:

1) Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз,БТ сызбанүктесін пайдалана отырып электрондармен протондардың оттекке тасымалдану жолын көрсетіңіз.

2) БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануымен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіз.

3) «Тыныс алуға» анықтама беріңіз және АДФ-ты әр қосқан сайын митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.

23 тәжірибелік есеп

Барбитураттар (натрий амиталыжәне т.б) медицинада ұйықтатқыш заттар ретінде қолданылады.Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге улы әсері неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

1) Осы препараттар әсер ететін процестердің схемасын салыңыз.

2) Схемадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін процесс сатысын көрсетіңіз.

3) Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз.

24 тәжірибелік есеп

20-шығасырдың басында 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери заводтарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын медицина қызметкерлері байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда өлімге апаратыны байқалғандықтан қолдану тоқтатылды. 2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты?

Шешу алгоритмі:

1) Осы препараттың әсерінен қандай үрдіс бұзылады?

2) Әсер ету механизмін сипаттаңыз.

3) 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалану неге негізделгенін түсіндіріңіз.

25 тәжірибелік есеп

Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АДФ қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттектіңжұмсалуыбойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге?

Шешу алгоритмі:

1) ҮКЦ-да цитраттанальфа-кетоглутарқышқылы түзілгенге дейінгі реакцияны жазыңыз.

2) Оттектің жұмсалуымен және АДФ-ты пайдалануымен қай этап байланысты екенің анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз.

3) БТ схемасы түрінде сутектің тотығатын субстраттан оттекке берілу жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентің көрсетіңіз

26 тәжірибелік есеп

Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды.

Бұл қандай жағдайларға алып келуі мүмкін?

Шешу алгоритмі:

1) Осы фермент катализдейтін реакция теңдеулерін жазыңыз.

2) Осы реакцияның өнімі қандай процестерге (реакцияларға) қолданылады?

3) Осы процестердің бұзылуынан қандай жағдайларболатыны туралы қорытынды шығарыңыз.

27 тәжірибелік есеп

Клиникаға сүтпен тамақтандырғаннан кейін диарея болған нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынғасуда еріген 50 г лактоза берді.30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қанда глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкін болатын себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Ішекте лактозаның қорытылу реакциясын жазып, ферментін көрсетіңіз.

2) Неге қанда глюкоза мөлшерініңжоғарламағанын түсіндіріңіз?

3) Осы науқаста сүт тағамдарын пайдалана алмау бұдан кейін де жалғасады ма? Жауапты дәлелдеңіз.

28 тәжірибелік есеп

Қант диабеті – созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз синтезделуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қандаглюкозаныңдеңгейiн төмендетутәсiлдердiңбiрi«Глюкобай»  препаратынқолдануболыптабылады.Оның әсер етуші заты –акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және ол көмірсулар алмасуына қатысатын ащы ішекферменттері-дисахаридазалардыңингибиторы. Акарбозасы бар препараттармен емдеу барысында ащы ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Көмірсулардың ішекте қорытылу схемасын салыңыз.

2) Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді атаңыз.

3) Акарбозамен осы ферменттердің ингибирлену түрін атаңыз.

29 тәжірибелік есеп

Науқастың бауырында глюкозо-6-фосфатазаның тұқымқуалаушылық жетіспеушілігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайда: бауырда тамақ ішкеннен кейін гликоген синтезі, аштық кезінде гликогенолиз және глюкозаның қанға шығуыбайқалады ма?

Шешу алгоритмі:

1) Гликогеннің ыдырау схемасын көрсетіңіз.

2) Гликогеннің ыдырауына қатысатын ферменттерді және жетіспейтін (дефектілі) ферментті көрсетіңіз.

3) Бауырдағы гликогенолиздің,бұлшықеттегі гликогенолизден қандай ерекшелігі бар екенін көрсетіңіз.

30 тәжірибелік есеп

Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент емтиханға дейін 4 сағат бұрын тамақтанса, қандағы глюкозамөлшерінің өзгеру себебін анықтаңыз?

Шешу алгоритмі:

1) Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкозаның концентрациясын көрсетіңіз және бұл жағдайда студент қанында қандай гормонның мөлшері жоғарлайтынын атаңыз.

2) Бауырда бұл гормонмен активтенетін үрдістің схемасын және ол процесті реттеуші ферментті көрсетіңіз.

3) Гормонның реттеуші ферментке әсер ету механизмін көрсетіңіз.

31 тәжірибелік есеп

Адам көмірсулардан тұратын түскі тамақтан кейін 30 минут өткен соң жылдам физикалық (дене еңбегі) жұмыс жасады (мысалы, қауіптен қашу). Не себептен осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезі тоқтайтынын, ал гликоген ыдырауыстимулденетінін түсіндіріңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]