- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
2) Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?
3) Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың жарылғыштығы жоғарлаған, дәнекер тіні зақымданған. Қандай реакция бұзылған, реакцияны жазып, ферментті атаңыз.
№ 15 тәжірибелік есеп
Созылмалы гастритпен және аш ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанын талдағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
2) Берілген витаминнің сіңірілуі қандай факторға тәуелді және ол қай жерде түзіледі?
3) Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз.
№ 16 тәжірибелік есеп
Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
2) Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?.
3) Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
№ 17 тәжірибелік есеп
Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролиз реакциясын жүргізеді. Бұл фермент көк бауыр, простата (қуық асты безі) жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферменті рН=4,7-6,0 мәнінде (қышқылдық ортада) ең жоғары ферментативтік активтілік көрсетеді.
Шешу алгоритмі:
1) Реакция жылдамдығының орта рН-на тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.
2) Ферменттің класын, тобын, топшасын анықтаңыз.
3) Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы қандай?
№ 18 тәжірибелік есеп
Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергиялық субстраттардың (гликоген, ТАГ) қоры бартіндерде метаболизмнің өзгеруі болады.
ц. АМФ-тің ыдырауына (ц. АМФ → АМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?
2) Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай процестер активтенетінін атаңыз және бұл процестердің (реакциялардың) схемасын келтіріңіз.
3) Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?
№ 19 тәжірибелік есеп
Клиникада асқазан ішек жолдары бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген?
Шешу алгоритмі:
1) Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілетін жерін көрсетіңіз)
2) Ас-қорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен).
3) Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе трипсинніңбасқа пептидтік ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).
№ 20 тәжірибелік есеп
Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылыаспартатаминотрансферазның (АСТ)көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады?
Шешу алгоритмі:
1) АСТ жылдамдататын реакция теңдеуін жазыңыз және осы ферменттің құрамына қандай витамин кіреді?
2) Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?
3) Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?
№ 21 тәжірибелік есеп
Зерттеу кезінде митохондрияда тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Мына заттардыңқайсысы тыныс алу тізбегін, ал қайсысы тотығудан форфорлану процестерін ингибирлейді?
А) натрий амиталы;
Б) 2,4-динитрофенол
В) цианидтер
Г) май қышқылдары
Д) СО
Шешу алгоритмі:
1) Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің схемасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар қай этаптарға қалай әсер етеді?
2) БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз
3) Қай кезде тыныс алу коэффициенті (Р/О) 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыпты жағдайға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз.
№ 22 тәжірибелік есеп
Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде малат қолданылды.Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды(ыдыстағы газдың азаюымен).АДФ-ты әр қосқан сайын оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесі қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?
