- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
- •Шешу алгоритмі:
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
2) Бұл витаминнің витамерлерін атаңыз.
3) Құрамында аталған витамин бар ферментер катализдейтін реакцияларға мысалдар келтіріңіз.
№ 11 тәжірибелік есеп
Негізгі тағамдары жүгері болып келетін Оңтүстік Америка тұрғындары көп жағдайда нерв жүйесінің зақымдануы (деменция), ас қорыту жүйесінің зақымдануы (диарея) және терінің ашық жерлерінің симметриялы түрде зақымдануы тәрізді белгілер көрсететін аурулармен жиі ауырады. Аталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
2) Бұл витаминнің антивитаминін атаңыз; қандай тағамдардың құрамында болатындығын және механизмін түсіндіріңіз.
3) Бұл витамин ағзада қандай аминқышқылдарынан түзілетіндігін атаңыз және формуласын жазып көрсетіңіз. Ағзада бұл витамин аминқышқылдарының біреуінен (атаңыз) түзілгенімен, егер де тағаммен түспесе авитаминозге ұшырататындығын түсіндіріңіз.
№ 12 тәжірибелік есеп
Инсоляция төмен болып келетін Солтүстік аймақта тұратын сәбиге мешел ауруының алдын-алу үшін балық майы берілген. Дәрігер тексеру кезінде бас сүйегінің ерте қатаюын, сүйектердің ұзына бойы өсуінің баяулауы нәтижесінде қаңқа сүйегінің қисаюын байқады. Анасы сәбиде іш қату барлығын, тағамға тәбетінің нашарлағанын және салмақ жоғалтқанына шағымданды. Сәбидегі бұл өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?
2) Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз.
3) Берілген витаминнің әсер ету механизмін және активті- алмасу түрінің (1,25-(ОН)2Д3) ішек қабырғасына және басқа ағзаларға әсерін көрсетіңіз.
№ 13 тәжірибелік есеп
Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қанға жасалған анализ пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз екенін көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?
2) Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.
3) Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.
№ 14 тәжірибелік есеп
Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында аз. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтынын, тістерінің босап кеткенін, буындарының қақсайтынын, есте сақтау қабілетінің нашарлағанын, жиі суық тиіп ауыратынын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында көптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
