Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OS_1256_Zh_5_ZhM.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.19 Кб
Скачать

5 ОСӨЖ

1.Тақырыбы: Коферменттер түзілуінде суда еритін витаминдердің ролі. Майда еритін витаминдердің биологиялық ролі.

2. Мақсаты:

Авитаминоздар туралы оқу-ғылыми жағдаяттарды интерпретациялауды және сәйкес ұсыныстарды беруді үйрену.

3.Оқыту міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін тиіс:

    1. Витаминдердің химиялық құрылысын, табиғатта таралуын, тәуліктік дозасын, биологиялық маңызын және суда, майда еритін витаминдердің авитаминоздарының белгілері мен молекулярлық механизмдерін, провитаминдер, антивитаминдер, витамерлерге жалпы сипаттамасын білу.

    2. Витаминдер, провитаминдер, витамерлер, антивитаминдер туралы білімдерді ОСӨЖ үшін қолданылу.

    3. Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

4.Өткізу түрі:

кесте толтыру, тақырып бойынша кеңес беру, жаттығуларды және оқу-ғылыми жағдаяттарды жасау, ролдік ойын, бейнефильмдерді қарап талқылау.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: кестені толтыру, жаттығуларды және жағдайлық есептерді жасау, бейнефильм мен оқу-ғылыми жағдаяттарды талқылау.

6. Таратылатын материал:

кестелер, оқу-ғылыми жағдаяттар, бейнефильмдер, жаттығулар мен жағдайлық есептер, кафедраның оқу құралы, Ітом.

1 кесте «Витаминдер»

Вит

Аттары

Табиғатта таралуы, провитаминдер

Құрылысы, витамерлер

Биологиялық маңызы

Тәуліктік дозасы

Авитаминоздарының белгілері мен негізгі көріністерінің молекулярлық механизмдері

2 кесте «Антивитаминдер»

Антивитамин

Аталуы

Кездесетін жері

Әсер ету механизмі

Қабылдағанда пайда болатын белгілер

Жаттығулар:

1. а) алиментарлы және ә) екіншілік витамин жетіспеушілігінің пайда болу себептері мен механизмдері.

2. Организмді витаминмен (мөлшеріне байланысты) қамтамасыз етудің бұзылуына қатысты 3 ауру типін атап, оларға сипаттама беріңіздер. «Полиавитаминоз» термині нені білдіреді?

  1. Антивитаминдер дегеніміз не? Олардың әсер ету механизмі қандай? Бірнеше антивитаминге мысал келтіріңіз.

  2. Суда еритін витаминдер организмде қандай функция атқарады? Олардың ферменттермен байланысын көрсетіңіз.

  3. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз, берілген реакцияға ПДГ-комплекстің коферменттерінің құрамына кіретін қандай витаминдердің қатысатынын көрсетіңіз.

  4. Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз. Олардың қандай реакцияларға қатысатынын көрсетіңіз.

  5. Никотинамидтің формуласын жазыңыз, одан түзілетін коферменттерді атаңыз. Осы коферменттер қатысатын реакцияларды жазыңыз.

  6. Всжәне В12авитаминозы қалай аталады? Бұл жағдайда қандай ферменттердің функциялары бұзылады?

  7. С витамині қандай биологиялық әсер көрсетеді?

  8. Вс авитаминозы кезінде қандай ферменттердің функциясы бұзылады? Осы ферменттердің катализдік функциясы.

  9. Триптофанның декарбоксилдену реакциясын жазыңыз, бұл реакцияны қандай ферменттездетеді, оның коферментінің құрамына қандай витамин кіреді?

Жағдайлық есептер:

  1. Қан сарысуында пирожүзім қышқылының мөлшері артқан, содан кейін ол зәрде де пайда болған. Бұл жағдай қандай витаминнің авитаминозы кезінде байқалады?

  2. Науқаста амин қышқылдарының алмасуы бұзылған, жүйке жүйесінің зақымдануы, РР витаминімен емдеуге келмейтін дерматит. Науқасқа қандай витамин берген жөн?

  3. Науқаста перинциозды анемия. Мұны қай витаминдердің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады?

  4. Науқастың психикасы бұзылған, есте сақтауы нашарлаған, сандырақ, асқа тәбетінің болмауы, жүрек қағысының жиілеуі, жүрек аймағының ауыруы, шеткі жүйке жүйесі бойынша ауырсыну, балтыр бұлшық етінің ауыруы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Оны қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  5. Науқастың тілінің және ернінің кілегей қабықтарында қабыну (ашық қызыл түсті), езуінде сызаттар бар, көздің қасаң қабығында қабыну мен васкуляризация (қан тамырларының тамырлануы), катаракта байқалады. Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  6. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген, фоль қышқылымен емдеуге келмейтін анемия (қан аздық). Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

Жаттығулар:

  1. Е витаминінің тіндік тыныс алуға және липидтер алмасуына әсері қандай?

  2. А витаминінің авитаминозы кезінде неліктен ксерофтальмия байқалады?

  3. Д3 витаминінің активті алмасу формаларының құрылысын жазыңыз.

  4. Қандай витамин жеткіліксіз түссе, қан ұюының бұзылуы байқалады?

Жағдайлық есептер:

  1. Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны қампиған, тіс жаруы кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттігі және табиғатта таралуы.

  2. Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  3. Науқастың танауынан және асқазан-ішегінен қан кету жиі байқалады. Хирургиялық операция кезінде көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  4. Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп қабылдаған, осыдан кейін науқаста дерматит (бүкіл денесі қызарып, қабыршақтанған) дамыды, шашы түсіп, тырнақтары зақымданды. Егер В5және В6витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]