Биологиялық сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы
Ересек адамның қан плазмасындағы белоктың қалыпты мөлшері қанша?60-80 г/л
Ересек адамда қалыпты қан көлемі қанша?5,0л
Қан плазмасындағы онкотикалық қысымды қандай белок реттейді?альбумин
Моноцитарлы-макрофагтык жүйеге гемоглобинді қай белок тасымалдайды?гаптоглобин
Дені сау ересек адам қанында болатын альбумин концентрациясы қанша болуы керек?35-45 г/л
Қалыпты жағдайда қан сарысуында α1 –глобулиндердің мөлшері қанша?0-5%
Қалыпты жағдайда қан сарысуында α2 –глобулиндердің мөлшері қанша?5-10%
Қалыпты жағдайда қан сарысуында β–глобулиндердің мөлшері қанша?10-15%
Қалыпты жағдайда қан сарысуында γ–глобулиндердің мөлшері қанша?15-20%
Дені сау ересек адам ағзасында фибриноген концентрациясы қанша?3-5 г/л
Қандай белок дені сау ересек адам ағзасында мысты тасымалдайды?
Көлемді қан жоғалтудан кейін науқаста анемия және айналымдағы қан көлемі төмендегені байқалды. Айналымдағы қан көлемін қалпынына келтіру үшін қандай белокты міндетті түрде енгізу қажет?альбумин
Науқаста оқшауланған біріншілік иммунды тапшылықтың белгілері байқалды. Глобулиннің қандай фракциясы төмендеген?гамма-глобулиндер
Науқаста ауыр түрдегі қабыну үрдісінің белгілері байқалады. Қандай белок қан сарысуында бірденжоғарылайды?С реактивті белок
Науқаста созылмалы қабыну процесі мен буындары ауруы белгілері байқалды. Бұл жағдайда қанда белоктың қандай фракциясы жоғарылайды?гамма-глобулин
Қанның бейорганикалық құрамдас бөліктері қандай қызметтерді атқарады?осмостық қысымды реттейді
Қандай көрсеткіш қан рН –на сәйкес келеді?7,37-7,44
Гипернатриемия кезінде қандай клиникалық белгілер байқалады?артерия қысымының жоғарылауы
Қандай патология гипонатриемия дамуына әкеледі?
Қандай патология гиперфосфатемия дамуына әкеледі?гипоапаратиреоз
Қандай патология гипофосфатемия дамуына әкеледі?рахит
Қандай патология гипокальциемия дамуына әкеледі?гипопаратиреоз
Науқаста метаболиттік ацидоз белгілері байқалды. Бұл кезде қан плазмасында қандай заттың жоғарылауы байқалады?кетон денелері
Мешел (рахит) ауруының клиникалық белгілері пайда болғанға дейін қан плазмасындағы қандай макроэлементтің мөлшері төмендейді және осы ауруды нақтылауға мүмкіндік береді?фосфор
Науқаста тоникалық тырыспалар мен остеопороз белгілері анықталды. Қан сарысуында қандай макроэлемент төмендеген?кальций
Науқаста шаршау, бас ауруы, лоқсу, құсу, анорексия, естің бұзылуы,гиповолемия байқалады. Қан плазмасында қандай элемент төмендеген?натрий
Науқастың жүрек жұмысының ауыр бұзылысы , миокардта зат алмасу бұзылысы, экстрасистола, пароксизмальды жыбырлақ аритмиясы байқалады.Қан плазмасында қандай элемент төмендеген?калий
Бүйрек қаннан организмге керексіз және зиянды заттарды – белоктар алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілік және улы заттарды шығаруға қабілетті. Бүйректің осы функциясы қалай аталады?экскреторлық
Бүйрек қандай функциясы зәр түзумен, оны концентрациялау мен сұйылту кабілетіне байланысты?экскреторлы (тазарту)
Бүйрек иондар мен су мөлшерін, қышқыл-негіздік тепе-тендікті? Осмостық және артериялық қысымды қалыпты ұстап тұруға қатысады. Бүйректін осы қызметі қалай аталады?реттеуші-гомеостаздық
Төмендегі заттардың қайсысы артериялық қысым артқанда артады, сонымен қатар бүйректің жинағыш түтікше жасушаларының суға өткізгіштігін реттейді?вазопрессин
Жүрек қызметінің бұзылыстарында, жедел түрдегі нефритте күндізгі және түнгі диурездің арақатынасының бұзылуы байқалады. Осы күй қалай аталады?никтурия
Бүйректің ауыр түрдегі зақымдануы кезінде оның концентрациялық қызметі бұзылады, зәрдің меншікті салмағы бір тәулік ішінде өзгермейді, біріншілік зәрдегімен бірдей. Осы күй қалай аталады?изостенурия
Дені сау адамда зәр рН-ы нешеге тен?5,0-7,0(5,3-6,5)
Дені сау адам зәрінің қандай физика-химиялық қасиеті зәр пигменттерінің – стеркобилин, урохром, уроэритрин, урозеиннің болуына байланысты? түсі
Бұл қосылыс белоктар алмасуының соңғы өніміне жатады, қалыпты жағдайда зәрдің құрғақ массасының 25-30г құрайды, оның мөлшері тағамда белоктың болуына тәуелді. Бұл қандай зат?мочевина
Дені сау ересек адамдарда тәулігіне бөлінетін зәр мөлшері қанша?1,5-2,0 л
Химиялық табиғаты пептид болып келетін, ц ГМФ арқылы әсер ететін, қан тамырларын кенейтетін және диурезді арттыратын фактор қалай аталады?натрий уретикалық
Науқаста протеинурия байқалады, тәулігіне бөлінетін мояевина мөлшері 15 г. Қалдық азот мөлшері – 43 моль/л. Қандай орган зақымданған?бүйрек
Бүйрек және зәр шығару жолдары жарақаттанғанда (травма), бүйрек пен зәр шығару жолдарындағы ісіктің ыдырауы кезінде, бүйрек-тас ауруында, гломерулонефритте гематурия байқалады. Осы жағдайларда төмендегі заттардың қайсысы зәрде пайда болады?қан
Инсулин жетіспегенде және инсулин антогонистері көп болғанда зәрде қандай зат анықталады?глюкоза
Бүйрек ауруларында қандай патологиялық заттар зәрде аңықталады?белок
К. есімді науқаста ісіну байқалады. Соңғы аптада ісіну денесіне, әсіресе аяғына жайылды. Зәр анализінің нәтижелері: тәуліктік диурез-700мл, зәр тығыздығы 1,037. Қай органның зақымдануы ықтимал?бүйрек
Науқас бел тұсы ауыратынын және денесінің ісінетінің байқады. Зәрде қандай патологиялық көрсеткіш анықталуы мүмкін?белок
Науқас жиі зәр шығаратынына, тәуліктік зәр мөлшері артқан, шөлдейтініне, тамақсаулығына, зәрінен жеміс эссенциясы иісінің сезілетініне шағымданады. Науқастың патологиялық жағдайын анықтау үшін зәрде қандай көрсеткіш аңықталуы қажет? глюкоза
Науқаста полиурия, зәр иісі өзгергені, зәрінің меншікті салмағының артқаны байқалады. Зәрдін осы сынамасында кетон денелерінің бар екенін дәлелдеу үшін қандай реагент тандапалынуы тиіс?натрий нитропруссиді
Бауырда улы заттар залалсызданып, қандай қосылыс түрінде зәрмен бөлінеді?
Минералдық құрамы жоғары тін?
Сүйек тінінің арнайы ферменттері болып табылады?
Сүйек тінінің резорбциялануына қатысатын фермент?
Минерализацияланған тіндердің негізгі минералды құрамын не атқарады?
Төмендегі гормондардың қайсысы сүйек тінінде кальций фосфаттарының жиналуын қамтммасыз етеді?кальцитонин
Қандай гормон сүйек тінінен кальций фосфаттарының шығарылуын қамтамасыз етеді?паратгормон
Қай амин қышқылы көп мөлшерде сүйек тіні коллагенінің құрамына кіреді?пролин
Сүйек тінінің арнайы ферменттері не болып табылады?сілтілі фосфотаза
Қандай заттар сілтілі фосфатазаның қатысуымен тасымалданады?
Қай фермент сүйек тінінің резорбциялануына қатысады? Қышқылды фосфотаза
Сүйек тінінің аппатиттерін ерітуге қандай зат қатысады? цитрат
Қай элемент сүйек тінінің ізбестенуіне әкеледі? кремний
Дәнекер тіні дене массасының қанша пайызын?50%
Дәнекер тіні қандай рөл атқарады?организмнің негізгі қаңқасын түзеді
Сүйек тіні қандай рөл атқарады?бұлшықет бекінетін орын болып табылады
Сүйек тінінің дәнекер тінінің басқа түрлерінен ерекшелігі не болып табылады?жасушааралық заты көп
Остеобластардағы минералдануды бақылау қалай іске асады?олардың мембранасы арқылы кальций мен фосфордың өтуін реттеу арқылы
