Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biokhimia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.14 Кб
Скачать

Витаминдер

  1. Өмірге өте маңызды, организмге өте аз мөлшерде керек, төмен молекулалы органикалық зат. Бұл қандай заттар тобына жатады? витамин

  2. Қандай заттар суда еритін витаминдерге жатады?тиамин

  3. В тобының витаминдерінің зат алмасуындағы ролі қандай?коферменттік

  4. Тағам өнімдерінің қайсысында В тобының витаминдері жеткілікті мөлшерде кездеседі?қарабидай наны

  5. В1, В2 және В6 витаминдері коферменттік қызмет атқаруға қабілетті болу үшін организмге түскеннен кейін қандай реакцияға ұшырауы керек?фосфорлану

  6. Жасушада активті сірке қышқылының мөлшері, АТФ, бос май қышқылдары, холестерин синтезі төмендеген. Осы жағдай қандай витамин жетіспегенде байқалады?Тиамин

  7. Науқаста НАДН2-ң тотығу жылдамдығы тежелген. Осы процесті қалпына келтіру үшін қандай витамин қажет?фолацин

  8. Тін жасушаларында малаттың дегидрлену реакциясы бұзылған. Осы реакцияны тездететін дегидрогеназаның құрамына қандай витамин кіреді?нкотинамд

  9. Гипоацидті гастритпен ауыратын науқастың қанында гемглобин деңгейінің төмендеуі, қанының құрамында жетілмеген эритроциттер (мегалобластар) анықталды. Егер темірі бар препараттармен емдеу нәтиже бермесе, онда дәрігер науқасқа қандай витамин ұсынуы керек?кобаламин

  10. Науқас әлсіздікке, тез шаршайтынына, қызыл иегі қанайтынына шағымданады, осы науқаста қан тамырларының өткізгіштігінің артуы, петехиялар байқалады. Науқасты емдеу үшін қандай витамин ұсынған жөн?с

  11. Қандай витамин майларда және олардың еріткіштерінде ериді? холекальциферол

  12. Организмге тигізетін биологиялық әсеріне қарай кобаламинді қалай атайды?анемияға қарсы

  13. Аскорбин қышқылының авитаминозына байланысты ауру қалай аталады?цинга

  14. Адам терісінде алдымен активті емес түрде түзілетін, содан кейін бауыр мен бүйректе активті алмасу формаларына айналатын қандай витамин? Д3 витамині

  15. Қандай витамин көру процесіне қатысады?А витамині

  16. Қандай витамин кілегейлі қабаттың мүйізденуінің алдын ала отырып, құрамында мыс элементі бар ферменттің активтілігінің белгілі бір денгейде болуын қамтамасыз етеді?ретинол

  17. Адам организміндегі кальций мен фосфор алмасуын реттеуге қандай витамин қатысады?Д витамині

  18. Қандай витамин мешел ауруына қарсы әсер көрсетеді?Д витамині

  19. Қандай витамин көп қанықпаған май қышқылдарының тотығуының алдын алып, липидтердің пероксидті тотығу реакцияларын тежейді? токоферол

  20. Аталған витаминдердің қайсысы тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады?рибофлавин

  21. Науқаста шашының түсуі, тілі мен ернінің кілегейлі қабатының қабынуы, бойы өсуінің тежелуі байқалады. Науқастағы осы аталған белгілердің көрініс беруін қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады? В2 витамині

  22. Сәбидің бассүйегі ерте сүйектенген, ақыл-ойы дамымаған, асқа тәбеті жоқ, салмағы азайған, полиурия, бұлшық еттік сіресіп қалу (ригидтік) байқалады. Организмнің витаминмен жабдықталу деңгейіне байланысты байқалатын осы күй қалай аталады? Д витаминінің гипервитаминозы

  23. Науқас әлсіздікке, көз жасының бөлінуі тежелгеніне және сілекей бөлінуінің бұзылғанына (аузы құрғайтынына), кешқұрым көру қабілетінің нашарлауына шағымданады. Бұл қандай витамин тағаммен жеткіліксіз мөлшерде түскенде байқалады?А витамині

  24. Науқаста әлсіздік, қызыл иегінің қанауы, капиллярлардың жарылуы байқалады. Ол негізінен термиялық өңдеуден өткен тағамды пайдаланады. Науқаста қандай витаминнің жетіспеушілігі болуы мүмкін?С витамині

  25. Науқастың асқазанын алып тастағаннан кейін оның есте сақтауы нашарлады, шала салдану (парез), енжарлық байқалады, гемоглобин деңгейі төмендеді. Науқасты емдеу терапиясына қандай витамин енгізу керек?В12 витамині

  26. Қарт кісінің организмінде липидтердің пероксидті тотығу реакциялары күшейген, артериялық қысымы мен қандағы холестерин деңгейі артқан. Дәрігер антиатерогенді препарат ретінде науқасқа қандай витаминтәрізді зат ұсына алады? Ғ витамині

  27. Жүкті әйелде түсік тастау қаупі байқалды, бұған дейінгі жүктіліктер кезінде ұрықтың жетілуінің бұзылуы байқалған. Науқас әйелді кешенді түрде емдеу үшін қандай препарат немесе витамин ұсыну керек? токоферол

  28. Науқас антибиотик қабылдаған соң мұрны қанайтынын, кесілген жерінен қан көпке дейін тоқтамайтынын байқады. Терісі мен бұлшық етінде қан құйылулар байқалады. Осындай бұзылыстар кезінде дәрігер қандай препарат ұсынуы тиіс?викасол

  29. Ішімдікті көп пайдаланатын, құрамында көмірсуы көп, витамині аз құнарсыз аспен тамақтанатын науқас жүрек тұсының, балтыр бұлшық етінің ауыратынына, саусақтарының жансыздануына шағымданады. Қанның биохимиялық анализі кетоқышқылдары мен лактат мөлшерінің көбеюі есебінен ацидоздың дамығанын көрсетті. Бұл қандай авитаминоз деп болжауға болады?бери-бери

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]