- •Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі
- •1.Физиологиялық жіктелуі.
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі
- •1).Өсу түйіндерінің құралуы (жасуша ішілік қайта қалпына келуі); 2).Миосателлитоциттердің бөлінуі мен дефференсациясы (жасушалық қайта қалпына келуі).
- •3).Миотубулалар сатысы.
- •4).Ересек бұлшық ет талшықтары сатысы.
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі мен гипертрофиялануын күшейту
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері
- •Жүректің бұлшық ет тіні
- •1.Жұмыскер кардиомиоциттердің құрылысы жоғарыда айтылды
- •Бұлшық ет тіндерінің жасқа байланысты өзгерістері
- •Қолданылған әдебиеттері:
Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі
Физиологиялық қайта қалпына келуі. Қалыпты жағдайда қызмет етуі кезінде бұлшық ет талшықтарының бөліктерінің қартаюы мен бұзылуы жүреді. Қалпына келуі жасуша ішілікпен қоса, жасушалық қайта қалпына келу есебінен жүреді. Жасуша ішілік қайта қалпына келу кезінде қартайып келе жатқан органеллалармен бұлшық ет талшықтарының басқа да бөліктері қалпына келеді. Жасушалық қайта қалпына келу кезінде миосателлитоциттер көбейеді, миобласттарға айналады, кейіннен олар бұлшық ет талшығының құрамына қосылып, бұлшық ет талшығының бір бөлігіне дифференсалданады.
Репаративті қайта қалпына келуі. Ол да миосателлитоциттердің көмегімен жасуша ішілік және жасушалық деңгейде жүзеге асады. Бұлшық ет талшықтары зақымданғаннан кейін қайта келу процесінің ерте сатыларында, зақымданған жерде қабыну реакциясы дамиды. Онымен бір уақытта бұлшық ет талшықтарының бір бөлігінің бұзылуы, кейбіреулерінде зақымдалған жерден жойылуы жүреді. Қабыну инфильтратының жасушалар (нейтрофилдер мен макрофагтар)өлген тіндер бөлігінің, қарқынды түрде фагоцитоздайды, қалпына келу аймағын тазалайды. Фаготоциттердің өте күшті белсенденуі кезінде (тіндердің езіліп, жаншылып, өлуі кезінде байқалады) фагоциттердің секреция өнімдері бұлшық ет талшықтарын қосымша бұзуы мүмкін. Тіндердің бұзылуы кезінде түзілетін заттар (некрогомондар) кайта қалыпқа келуді күшейтеді. Бұл кезде бұлшық ет тінінің қалпына келуі қантамырлардың кайта калпына келуімен (реваскуляризация) бірге жүреді. Бұлшық ет талшықтарының қайта қалпына келуі екі процестің тығыз үйлесуімен жүреді:
1).Өсу түйіндерінің құралуы (жасуша ішілік қайта қалпына келуі); 2).Миосателлитоциттердің бөлінуі мен дефференсациясы (жасушалық қайта қалпына келуі).
Бірінші жағдайда бұлшық ет талшықтарының зақымданған бөліктерінде өсудің бұлшық еттік түйіндері құралады: саркоплазманың колба тәрізді кеңеюі. Жасуша ішілік қайта қалпына келу (миофибрилдерде жаңа саркомерлердің, жаңа органеллалардың және т.б. пайда болуы) есебінен түйіндер бір-біріне қарсы бағытта өседі.
Екінші жағдайда бұлшық ет талшықтарының жарақат аймағына жақын жерде миосателлитоциттердің белсенденуі жүреді. Қарқынды түрде көбейіп және дифференсалдана отырып, олар әрі қарай миогенездің сатыларына ұқсас сатылардың дамуымен қамтамасыз етеді.
1).Миобласттық саты. Миосателлиттерден митоз жолымен көбейетін миобласттар түзеледі.
2).Миосимпласттық саты. Миобласттар бір-бірімен қосылып, миосимпласттарды құрайды. Олардың шетіне бұлшық ет жіпшелері, орталық бөлігінде ядролары орналасады.
3).Миотубулалар сатысы.
4).Ересек бұлшық ет талшықтары сатысы.
Миобласттар бір-бірімен қосылып және бұлшық ет түтікшелерін құрап қана қоймай, сонымен бірге бұлшық ет тіндеріне қосылып, олардың бір-біріне қарсы өсуін күшейтіп, жылдамдататынын айтып кету қажет.
Бұлшық ет талшықтарының жаңадан құралған бөліктері алдындағы болғандардан жұқалау, жиі аяғына дейін дифференсалданбаған болады (миотубулалардағы сияқты ортасында жататын ядролары бар). Зақымданған бұлшық етке дұрыс мөлшерленген күш түсіру, олардың толық дамыған бұлшық ет талшықтарына айналуына ықпал етеді.
Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің толық қалпына келуі шамалы зақымданулар кезінде жүреді. Соңғы уақытта жүйкемен тамырларды қалпына келтіруіне мүмкіндік беретін микрохирургия тәсілдерінің арқасында үлкен көлемді зақымданулар кезінде де бұлшық еттердің қанағаттанарлықтай қалпына келуіне қол жеткізуге болады, ол жарақаттар кезіндегі ампутацияланған аяқ-қолдары реплантациялауға мүмкіндік береді. Бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуінің қолайлы жағдайлары болып табылады:
1.Зақымданған бұлшық ет талшығының шеттерінің тігіс жасау жолымен барынша жақындауы.
2.Қайта қалпына келу аймағынан өлген тіндерді жою және дөрекі тыртықтық дәнекер тінінің дамуына кедергі болу.
3.Қан тамырлар мен жүйкелердің толықтығын қалпына келтіру. Операциялық микроскоптың астында оларды тігу жолымен жүзеге асырылады.
4.Бұлшық ет талшықтарының базалды мембранасының бүтіндігін сақтау да бұлшық ет талшықтарының қалпына келуінің қолайлы жағдайы болып табылады. Ол зақымданған бұлшық ет талшығына фибробласттардың кіруіне және дәнекер тінінің дамуына кедері жасайды. Сақталған базалды мембрана бұлшық ет түтікшелерінің орналасу бағытына әсер етеді, қалыпты микроортамен қамтамасыз етеді.
Қаңқалық бұлшық ет тінінің компенсаторлық-дағдыланулық қайта құрылуы мен өсуі. Онтогенезде бұлшық ет тінінде оның өсуі мен қызмет етуі кезіндегі өзгеріп отыратын жағдайларға дағдылануымен байланысты, айтарлықтай өзгерістер болады.
Бұлшық ет тіні мен қаңқалық бұлшық еттердің өсуі екі процесс есебінен жүреді: бұлшық ет жіпшелері мен барлық бұлшық ет талшығының 1).қалыңдауы және 2).ұзаруы. Бұлшық ет талшығының қалыңдауы жаңа миофибрилдердің түзілуі есебінен, сондай-ақ қайта синтезделген миофиламенттердің алдындағы болған миофибрилдерге қосылуы жолымен қалыңдауы есебінен де жүзеге асырылады. (миофибрилдердің гипертрофиясы). Со-нымен бірге қалыңдаған миофибрилдердің ыдырауы жолымен олардың санының көбеюі, содан соң олардың гипертрофиялануы мүмкін. Оған параллельді, талшықта саркоплазманың және ондағы органеллалардың құрамының жоғарылауы да жүруі мүмкін.
Миофибрилдер мен бұлшық ет талшығының ұзаруы екі жол арқылы өтеді: 1).Миофибрилдердің соңдарына жаңа саркомерлердің орналасуы жолымен және 2).бұлшық ет талшығымен жаңа миосателлитоциттердің қосылуы нәтижесінде. Бұлшық ет талшығының ұзаруының негізінде, саркоплазманың жаңа компоненттерінің түзілуі жатыр.
Қаңқалық бұлшық ет тіні мен қаңқалық бұлшық еттердің гипертрофиясы-бұл бұлшық етке ұзақ уақыт күш түскен кезде болатын бұлшық ет тінінің өзіндік бір дағдылануы, анаболиттік процестер катаболиттіктен басым болуымен сипатталады. Гипертрофияның негізінде миофибрилдердің, саркоплазманың компоненттерінің өлшемдерінің (диаметрінің) үлкеюі жатыр. Қаңқалық бұлшық ет тіні мен бұлшық еттерінің атрофиясы (семуі) гиподинамия, денервация және ашығу кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда (ашығу, гиподинамия), атрофия өмір сүрудің жағдайларына өзіндік дағдылануы болып табылады. Қаңқалық бұлшық ет тінінің туа біткен атрафиясы (дистрофия) генетикалық өзгерістер кезінде байқалады. Дистрофин ақуыздарының синтезінің генетикалық азаюымен сипатталады, олардың құрамының төмендеуімен жүреді. Бұл ақуыздар миофибрилдерді сарколеммамен және эндомизидің жасуша аралық затымен байланыстырады. Мұндай байланыс бұлшық ет талшықтарының қалыпты биологиясын қамтамасыз етеді. Дистрофиндердің құрамының төмендеуі бұлшық ет талшықтарының бұзылуымен және олардың талшықты дәнекер тінімен май тіндерімен ауыстырылуымен көрінеді.
