- •Мәтінді форматтау
- •Ақпараттың қолданбалы теориясы
- •3. Алгоритмдік.
- •Idf0,dfd инструменталдық құрылғы
- •Алгоритмдерді жазу жолдары
- •С тіліндегі арифметикалық операциялар, қатынас операциялары, инкремент және декремент операцияларын пайдалану.
- •С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.
Информатикаға кірісре. Негізгі түсініктер мен ережелер
Адам өзінің ісінде ақпарат жиымдарын пайдалануын дамытып келеді. Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат көлемі, 10 жылда екі есе көбейсе, қазіргі кезде 2-3 жылда осындай екі еселену болады. Ақпаратпен жұмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, іздеудің, өңдеудің қолайлы тиімді түрімен байланысты көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бұдан ақпараттың қасиеттерін зерттеу керек. Мұнымен информатика ғылымы шұғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласына ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде (іпformаtіon – ақпарат және automatigue – автоматика) ақпартты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайдаланылды.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымына келесі салалар кіреді
1. алгоритмдік;
2. программалық;
3. техникалық.
Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытын қамтитын ғылыми -техникалық пәндердің кешені болып табылады.
2) Компьютерлердің арифметикалық негіздері. Санау жүйелері. Компьютердің аппараттық және жүйелік құралдары.
Ақпаратты кодтау барысында санау жүйесі қолданылады. Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандардың аталу және жазылу тәсілін санау жүйесі деп атайды. Санау жүйесі екі топқа бөлінеді: позициялық жѕне позициялық емес. Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мѕні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жџйені алуға болады. Осы жџйеде жазылған XXX санында X цифры кез келген позицияда 10-ды (онды) білдіреді. Позициялық емес санау жџйесінде арифметикалық ѕрекеттерді орындау біраз қиын болғандықтан, бџкіл дџние жџзі біртіндеп позициялық санау жџйесіне ауысты. Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына (позициясына) байланысты болды. Позициялық санау жүйесінің негізі деп жүйедегі пайдаланылатын цифрлар санын айтады. Компьютерде, әдетте, ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі 2 болатын санау жүйесі қолданылады. Екілік жџйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының, көмегімен жазылады жѕне екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік санды ондық саннан ажырату үшін екілік санды жазуда екілік санау жџйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112 .
Компьютердің аппараттық құралдары: ► Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан; ► Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютерлік жадынан; ► Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессордан; ► өңдеу нәтижелерін шығаратын - шығару құрылғылардан; ► барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кең арнадан тұрады.
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар: ► Жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық кұрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын; ► Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған; ► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
3) Windows операциялық жүйесі. Windows – ты басқарудағы негізгі әдістер мен нысандар.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді. WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады. Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар. Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз болып шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады, Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар: 1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады. Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған. 2. Windows графикалық жүйе болып табылады. Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады. UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған. Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында.
3) Файлдарды архивациялау. Информацияны қысу дегеніміз - файлдағы информацияның сақтау жадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі.
Файлда информацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.
Архивтеу файл алатын кеңістік көлемдерін едәуір қыскартуға мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден басқаға тасымалдауды елеулі жеңілдетеді, файлды дискіге көшіру уақытын кішірейтеді, бөгде адамдардың орынсыз қатынауынан (килігуінен) информацияны парольмен қорғайды және сонымен қатар файлдарды компьютерлік вирустардан бұлінуден жарым-жартылай қорғайды.
Архивтеудің мәнісі - қарапайым қапшықтар мен файлдар буып-түйіледі (қысылады) және арнайы архивтік файлға орналастырылады.
Архивтік файл дегеніміз — өзінде бір немесе бірнеше файлдар, немесе кысылған түрде капшықтар, сонымен қатар файлдың аты, олардың құрылған немесе өзгертілген күні және уақыты, өлшемі т.с.с. туралы қызметтік информациялардан тұруы мүмкін арнайы түрде ұйымдастырылған файл.
Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мүндай архивті көптомды деп атайды. Том дегеніміз — көп томдық архивтің құрайтын бөлігі. Бірнеше бөліктерден архивті құра отырып, олардың бөліктерін бірнеше дискеттерге жазуға болады.
Архивтеу немесе буып-түю алғашқы файлдарды қысылған түрде архивтік файлға орналастыру болса, онда кері процесс архивтік файлдарды шешу (архивтен шығару) болуы қажет. Соңғы уақыттарда қолданушыларда ARJ, RAR және ерекше WINZIP архиваторлары кеңінен танылуда.
ARJ архиваторы жүмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін камтамасыз етеді. RAR архиватор ARJ-ге карағанда өте ыңғайлы интерфейске ие. WINZIP архиваторы WINDOWS-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады.
4) Антивирустық бағдарламалар.
Антивирустық программа (Антивирусная программа; antivirus programm) — компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын программа. Егер вирус жойылмаса, онда зақымданған программа жұмыс істей алмайды, сондықтан оны өшіріп тастау керек. Олар екі режімде жұмыс істей алады, бірі - осы уақытқа дейін тигізетін зияны анықталған белгілі бір вирустың кері әсері болғанын анықтау, ал екіншісі — сол кері әсерді жою, яғни емдеуге талпыну, емдеуге келмейтін файлдар жойыуы тиіс.
Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:
Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;
Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;
Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.
Антивирустық программалардың келесі типтері бар:
Детектор - программалар;
Доктор - программалар;
Ревизор - программалар;
Фильтр - программалар;
Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.
5) MS Excel кесте құру процессоры. Мәліметтерді енгізу және түрлендіру. Ұяшықтарды адрестеу.
Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекті түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Ұяшықтың блогы немесе аралығы
Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін топ немесе блок деп атаймыз. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтар адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2 : D8 түрінде көрсетіледі.
Кестеге мәліметтер жазу
Ехсеl программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгілі және формула болуы мүмкін.
Excel электрондық кестесінде адрестерді көрсету әдістері
Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу:
Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, A1:H9 т.с.с сілтемелерлі қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуісалыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы.Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек»деп қабылдайды.
Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі-бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы: $A$C14 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде C14 ұяшығындағы мән пайдаланылады.
Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, мысалы $C14 немесе C$14.Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық алдында ғана жазылса ($C14), баған мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (C$14) түрінде жазылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Негізгі түсініктер.
Қазіргі кезде адам өмірінде әртүрлі ақпараттар өңдеу көп. Сондықтан оларды басқару және ұйымдастыру үшін кең көлемдегі деректер қоймасы мен базасын құруға тура келеді. Дүниедегі кез келген есептер ақпараттар мен мәліметтерді түрлендірумен байланысты. Сол себепті соңғы жылдары көптеген әртүрлі компьютерлік жүйелерде деректер базасын басқару жүйелері пайда болды. Деректер базаларын бір уақыт кезеңінде параллельді түрде бірнеше қолданушылар жаңартып, қолдана алады. Қолданушылардың мәліметтер қорына кіру мүмкіндігін мәліметтер базаларының арнайы программалық жабдығы — деректер базасын басқару жүйесі береді. Деректер базасын басқару жүйесі(ДББЖ) — ол көптеген қосымшаларға арналған жалпыланған деректер базасын құру, оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және қолданушылардың оларға берілген өкілеттіктер шеңберінен аспайтын ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған программалық жүйе. Программалық жабдықтарды саралау өрнегі бойынша ДББЖ мәліметтер қорларын өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар пакеті болып саналады. Қолданылу түріне байланысты ДББЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес ДББЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес ДББЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы ДББЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы ДББЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. (ДББЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық ДББЖ, желiлiк ДББЖ, реляциялық ДББЖ болып үшке бөлiнедi. Реляциялық деректер базасы– бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Бұтақ тәрізді нысандардың кестесі иерархиялық құрылым болады. Мұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі нысан жоғарғы деңгейдегі нысанға бағынышты. Желілік ДББЖ-да Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады.
Мәліметтер қорының құрылымы
Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды. еректер қорының элементтері. Негізгі түсініктер.
Кестелер – деректер қорының негізгі объектілері. Онда деректер сақталады.
Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.
Формалар (Қалыптар) – объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.
Есеп берулер – бұл формалардың (қалыптардың) керісіншесі. Олардың көмегімен деректер тұтынушы үшін қолайлы түрде беріледі.
Макростар – бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.
Модульдер – Visual Basic for Application тілінде сипатталған программалық процедурлар.
Ассеss 2007 деректер қоры басқа да деректер қоры сияқты кестелік құрылымға ие болады. Бұл әр жазбаға өзінікін меншіктегу мүмкіндік беретін бейнелі адрес, яғни жолдар мен бағандардың қиылысымен анықталады. Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.
Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолднуға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады.
Кез келген өрістің негізгі қасиеті оның ұзындығы болып табылады. Өрістің ұзындығы символдарменөрнектеледі. Өрістің ұзындығынан оған қаншалықты ақпараттың сиятындығына тәуелді болады. Жазылған сөз – бұл бағанның тақырыбында бейнеленген ақпарат. Оны өрістің атымен шатастыруға болмайды, дегенмен егер жазылған сөз болмаса, онда тақырыбында өрістің аты бейнеленеді. Мысалы, әртүрлі өрістерге жазылған сөздер бірдей бола алады. Өрістердің әр қилы түрлері әр түрлі қасиеттер мен міндеттерге ие болады.
Мәліметтер моделінің түрлері.
Мәліметтер қорын басқарып, ұйымдастырудың 3 класы (моделі) ажыратылады: иерархиялық, желілік және реляциялық. Иерархиялық модель, атауына сәйкес, иерархиялық құрылымы бар, яғни әрбір элементтер жоғарыда тұрған бір ғана элементпен байланысты, бірақ сол мезетте оған бір немесе бірнеше төменгі элементтер сілтеме жасайды. Иерархиялық модель терминологиясында түсінікті, нақты терминдер қолданылады: “элемент”(түйін); “деңгей” және “байланыс”. Ол сұлбалық түрде граф ретінде, яғни әрбір түйін өз алдына белес (шың) болатындай бейнеленеді. Иерархиялық модель модель түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы болып саналады. Иерархиялық модельде негізгі ақпараттық бірліктер ретінде мәліметтер қоры, сегмент және мәліметтер жолы алынады. Желілік модель стандартын ең алғаш 1975 жылы CODASYL (Conference Of Data System Languages) ассоциациасы анықтады. Бұл ұйым осы модельді базалық ұғымдарын және сипаттауды формальды тілін анықтаған.
Модельді базалық терминологиясына келесі ұғымдар жатады:
мәліметтер элементі;
жазу (запись);
мәліметтер жиынтығы.
Аталған модельді қолданып мәліметтер қорын графикалық түрде көрсеткенде желі түріндегі граф құрылады. Граф төбелеріне ақпаратты жазу деп аталған құрамдық бірліктері сәйкес келеді. Жазу экземплярлары файл деп аталады. Әр МҚБЖ-де жазу құрылымдары әр түрлі болып келеді.
Мәліметтер қорлары жүйелеріндегі теориялық-көптік модельдерді пайда болуы графтық модельдердегі мәліметтер элементерімен жұмыс жасаудан макронысандарды қолдануға көшуге байланысты. Бұл мәліметтер модельдерінің сыныптамасында негізгі болып реляциялық модель саналады. Аталған модель ерекшелігі - қарапайым пайдаланушылар үшін түсініктілігі және екінші жағынан – толығымен теориялық негізделуі, сонымен қатар мәліметтерді осындай түрде орналастыру бұндай аппаратты білім базаларында қолдану мүмкіндігін береді, осы жай күрделі ақпарат жүйелерінде ақпаратты өдеуді жаа сапалы көзқарастарын ұсынады.
Инфологиялық модель құрудың реляциялық тәсілдеме.
Инфологиялық модельді құру үшін мынадай қарастыру қолданылады:
графтық модель, семантикалық желі, «мән-байланыс» моделі және тағы басқалар осылардың ішінде ең белгілісі «мән-байланыс» моделі болып табылады, оны төменгі бөлімдерде қарастырамыз.
Инфологиялық модельдеудің мақсаты – адам үшін жасалынып жатқан мәліметтер қорында сақтауға болжалған мәліметтерді табиғи жинау және көрсету. Сондықтан мәліметтердің инфологиялық моделін аналогия бойынша табиғи тілмен құруға тырысады. Мәндер, олардың арасындағы байланыстар және олардың қасиеттері (атрибуттар) инфологиялық модельдің негізгі құраушы элементтері болып табылады.
Инфологиялық модельді құру кезінде ER-диаграммасы (ағылшынша Entity-Relationship, яғни мән-байланыс) тілін қолдануға болады. Мұнда мән тіктөртбұрышпен, ассоциация ромб немесе алтыбұрышпен, атрибуттар овалмен, ал олардың арасындағы байланыс үстіне байланыс дәрежесі қойылған бағыты жоқ сызықтармен берілген.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефонсымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.[1]
Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.
Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы ќажет.
Компьютердің желілік аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.
Негізгі желілік хаттамалар — ISO (International Standard Organization) Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.
Хаттамалар:
· желінің физикалыќ және электрлік параметрлерін;
· орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, аќпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;
· аќпаратты беру кезіндегі ќателікті табу және түзету реті және т.б. ќызметтерді орындайды.
Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер – сервер желі жұмысын басқарады. Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады. Бір деңгейлі компьютерлер желісі – мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады. Бір орталықтан басқарылатын желіні «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа). Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект.
Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері Желі құрамындағы негізгі элементтер: Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер). Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары). Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix). Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы
Интернет
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.
Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).
Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін әріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.
HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.
Мәтінді форматтау
HTML-да шрифтерді өзгертуді екі нысанада жасауға болады. Олар физикалық және логикалық стильдер болып табылады.
Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы <B> және </B> тегтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, ал <I> және </I> арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тегтер ретінде <TT> және </TT> тегтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.
Логикалық стильдерді мәтіннің кейбір бөліктерін (сөздерді) ерекшелендіріп жазу кезінде қолданылады. Логикалық стильдерге:
<EM>…</EM> - Emphasis деген ағылшын сөзі – акцент.
<STRONG>…</STRONG> - Strong emphasis деген ағылшын сөзі – күшейтілген акцент.
<CODE>…</CODE> - бастама мәтіндердің бөліктерінде қолданған дұрыс.
<SAMP>…</SAMP> - Sample деген ағылшын сөзі – үлгі. Программалармен экран бетіне шығатын хабарламалардың үлгілерін жазғанда қолданған дұрыс.
<KBD>…</KBD> - Keybord деген ағылшын сөзі – пернелер тақтасы (клавиатура). Пернелер тақтасынан не енгізілетенін нұсқаған кезде қолданған дұрыс.
<VAR>…</VAR> - Variable деген ағылшын сөзі – айнымалы. Айнымалылардың аттарын жазғанда қолданған дұрыс.
HTML мәтіннің бүтін абзацтарының көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Абзацтарды тізімдер түрінде көрсетуге, оларды экран бетіне форматталған түрде шығаруға немесе экранның сол жақ шетін ұлғайтуға болады. Осының бәрін келесі түрде жасауға болады:
Номерленбеген тізімдер: <UL>…</UL>
<UL>…</UL> арасына алынған мәтін номерленбеген тізім ретінде қабылданады. Тізімнің әр элементін <LI> тегімен бастау керек. әр элементтің белгісін <UL> тегіне жазылатын TYPE атрибутымен шеңбер (circle), боялған шеңбер (disk) және боялған квадрат (square) беруге болады.
Номерленген тізімдер: <OL>…</OL>
Номерленген тізімдер номерленбеген тізімдерге ұқсас, тек қана әр элементті белгілейтін белгілердің орнына сандармен немесе әріптермен беріледі. әр элемент белгісін TYPE атрибуты арқылы бас әріптермен де белгілеуге болады. Солайша әр элементті римдік сандармен де белгілеуге болады. Ал олардың қай саннан немесе алфавит бойынша қаншасыншы әріптен бастау керек екендігін START атрибуты көмегімен көрсетуге болады. Егер атрибуттар көрсетілмесе, онда жай сандармен белгіленеді.
Анықтама тізімдері: <DL>…</DL>
Анықтама тізімдері басқа тізімдерге қарағанда өзгеше болып келеді. <LI> тегтерінің орнына <DT> (Definition Term – анықтаушы термин) және <DD> (Definition Definition – анықтама анықтамасы) тегтері қолданылады.
HTML құжатына бейне (сурет) қою өте оңай. Ол үшін тек қана сізде GIF (*.gif кеңейтілуі бар файлдар) немесе JPEG (*.jpg немесе *.jpeg кеңейтілулері бар файлдар) форматындағы бейне және HTML мәтінінен бір жол ғана керек.
Кесте <TABLE>тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады. <TABLE> тегі бірнеше атрибуттарды қабылдай алады:
ALIGN – құжат шекарасы бойынша кестені орналастырады. Мәндері: LEFT, CENTER, RIGHT (сәйкесінше сол, орта және оң жақтар).
WIDTH – кесте ені. Мәні ретінде пиксел түрінде немесе браузер экранының еніне шаққандағы пайыз түрінде көрсетуге болады.
BORDER – кестенің сыртқы рамкасының және ұяшықтарының рамкасының қалыңдығын анықтайды (пикселмен). Егер атрибут көрсетілмесе, онда кесте рамкасыз көрсетіледі.
CELLSPACING – кесте ұяшықтары арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.
CELLPADDING – ұяшық рамкасы мен мәтін арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.
Кестеге <CAPTION> және </CAPTION> тегтері көмегімен кестенің тақырыбын қоюға болады.
