- •1 Кабель өнім өндірісінің ұйымдастырушылық- технологиялық ерекшеліктерімен оның есепке әсер етуі
- •1.1 Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
- •1.2 «Интелкабель» жшс қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
- •1.3 «Интелкабель» жшс бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
- •2 «Интелкабель» жшс қазіргі заман талаптарына сай дайын өнім өткізу мен шығару есебі
- •2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау
- •2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомосі
- •Журнал-ордері № 11
- •Қаржылық есептілік
- •2.3 Тиелген өнімнің қозғалысының есепке алу ведомосін қолдану
- •3 Дайын өнім өткізу және оны шығарудың талдауы мен аудиті
- •3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
- •Талдау объектілері
- •7 Сурет – Өнім өндірісінің және өткізу көлемін талдау
- •3.2 Дайын өнімді шығару және өткізудің аудиторлық тексерісі
- •3.3 «Интелкабель» жшс-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
- •Кабельді шығару туралы есебі
- •1320 «Дайын өнім» шотының карточкасы
- •1320 «Дайын өнім» шотын талдау
- •Айналым сальдолық ведомосі
- •Қаржылық есептілік
3.3 «Интелкабель» жшс-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
Аудиторлық бақылау есеп-төлем құжаттарын, салық декларацияларын және тағы басқа қаржылық міндеттемелер мен экономикалық субъектілердің талаптарын, сонымен қатар басқа да аудиторлық қызмет көрсететін аудиторлардың (аудиторлық фирмалардың) бухгалтерлік (қаржылық) есепті ведостволықтан тыс тәуелсіз тексерісті жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметін білдіреді. Ол экономикалық субъектінің қызметін қаржылық бақылауымен қатар мемлекеттік органдарының арнайы уәкілетімен жүзеге асырылады.
Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты экономикалық субъектінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін ақиқаттылығын және онымен жасалатын шаруашылық операциялар мен нормативтік актілердің сәйкестігін анықтау болып табылады.
Тексерудің кім жүргізгеніне байланысты аудитті ішкі және сыртқы деп бөледі.
Ішкі аудит ішкіфирмалық аудиторлық қызметпен жүзеге асырылады және табыс пен рентабельділікті максималдау мақсатында кәсіпорынның ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану бойынша басқарушылық шешімдерді тиімділігін жоғарылатуға бағытталған. Ішкі аудиттің ерекшелігі ол – біріншіден, ұйымның ішінде аудитор мамандарымен жүргізіледі; екіншіден – басқарушылық шешім қабылдау үшін, қызметкерлер туралы мәліметтер алу үшін басшылықтың қалауы бойынша ұйымдастырылады; үшіншіден - аудит жүргізуді қаржыландыру бойынша шығындарды ұйымның өзі жабады. Демек, аудит жүргізу барысында мемлекет бухгалтерлік (қаржылық) есеп пен есептіліктің дұрыс және жоғары сапасын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын шығындамай дұрыс есептеулер мен салықтар және де басқа да төлемдер алуға мүмкіндік алады. Бірақ бұл мемлекеттік ұйымдардың арнайы уәкілдігімен жүргізілетін аудиттің мемлекеттік бюджеттік-қаржылық бақылауды ауыстыратынын білдірмейді [8].
Сыртқы аудитті жеке аудиторлар мен арнайы аудиторлық фирмалар орындайды. Ақылы түрде жүргізілетін сыртқы аудиттің негізгі міндеті болып тексерілетін кәсіпорынның қаржылық шаруашылық бойынша қорытынды шығару және айқындылығын орнату ғана емес, сонымен қатар бар жетіспеушіліктерді жою бойынша ұсыныстар мен соңғы қаржылық нәтижелерді жоғарылату және жақсарту бойынша ұсыныстар жасау болып табылады [8].
Ішкі және сыртқы аудит бірін бірі толықтырады және сонымен бірге бір бірінен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы аудиттің ерекшелігінің сипаттамасы 10 кестее көрсетілген.
Ішкі аудит жүргізудің негізгі тәсілінің бірі түгендеу жүргізу болып табылады.
Дайын өнімді түгендеудің негізгі міндеті қоймадағы дайын өнімнің іс жүзінде қолда барын және есеп мәліметтерімен тиеудегі сәйкестігін тексеру болып табылады. Біруақытта дайын өнімнің артығын, жетіспеушілігін, ақау фактісін, құжатталмаған накладнойларды анықтайды. Шот бойынша қалдықтың құжаттық дәлелдігін тексереді, шығарылған шоттардың толық емес немесе уақыты өткен төлемдерді анықтайды.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнімге түгендеуді есепті кезең соңында жүргізеді. Бұл тауардың интенсивті қозғалысымен байланысты.
Кәсіпорын басшысы түгендеу комиссиясын құруға бұйрық береді және түгендеу комиссиясының мүшесіне текст береді, ал комиссияның председателіне бақылау пломбысын береді.
Комиссия мүшесі материалды-жауапты тұлғадан, бухгалтер және директордың қолбасшысынан тұрады.
10 кесте – Ішкі және сыртқы аудиттің сипаттамасының ерекшеліктері
Факторлар
|
Ішкі аудит |
Сыртқы аудит |
|
Есептің қойылуы
|
Кәсіпорынның бөлімшесі сиқты басқарудың сұранысына сүйене келе және жалпы кәсіпорынмен басшылықпен анықталады |
Тәуелсіз жақтар арасында келісімшартпен анықталады: кәсіпорынмен және аудиторлық фирмамен (аудитормен) |
|
Объекті |
Басқарудың жеке функционалдық тапсырмаларын шешу, кәсіпорынның ақпараттық жүйесін тексеру мен өңдеу |
Кәсіпорынның есебінің жүйесі мен есептілігі негізінен |
|
Мақсат |
Кәсіпорын басшылығымен анықталады |
Аудит бойынша заңдылықпен анықталады: қаржылық есептіліктің дұрыстығын бағалау мен қолданыстағы заңның орындалуын растау |
|
Құралдар |
Өз бетінше таңдалады (немесе ішкі аудит стандарттарымен анықталады) |
Жалпықабылданған аудиторлық стандарттармен анықталады |
|
Қызмет түрі |
Орындаушылық қызмет |
Кәсіпкерлік қызмет |
|
|
|
|
|
10-кестенің жалғасы
|
|
||
Жұмысты ұйымдастыру |
Басшылықтың нақты тапсырмаларын орындау |
Жоғарыда айтылған нормаларға және аудиторлық тексерістерге сүйене келе аудитормен дербес анықталады |
|
Өзара байланыстар |
Кәсіпорынның басшылығына мойынсұну, бағыну, оған тәуелді болу |
Тең құқылы серіктестік, тәуелсіздік |
|
Субъектілер |
Қызметкерлер, кәсіпорынның басшылығының қол астындағылар мен кәсіпорынның штатында болатындар |
Сәйкес аттестаты және осы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар тәуелсіз сарапшылар |
|
Біліктілік |
Кәсіпорынның басшылығының шешімі бойынша анықталады |
Мемлекетпен реттеледі |
|
Төлем |
Штаттық кесте бойынша еңбекақы есептеу |
Келісімшарт бойынша көрсетілген қызметке төлеу |
|
Есептілік |
Басшылық алдында |
Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігі болуы шығуы мүмкін, аналитикалық бөлігі клиентке беріледі |
|
Түгендеу басталмай тұрып, тауар қойма меңгерушісі түгендеу күніне дайын өнімнің кірісі және жіберу бойынша есебін құрады. Одан басқа, комиссия төрағасы қойма меңгерушісінен тауарлардың кірісіне және шығысына жататын барлық құжаттардың бухгалитерияға тапсырылғандығы және ешқандай келіп түскен тауарлар жоқ екендігі туралы қолхат алуы тиіс. Одан кейін комиссия қолда бар тауар тексерісін қайтадан санау жолымен тексереді. Олардың комплектілігін, сорттылығын тексереді. Түгендеу нәтижесі түгендеу описінде бекітіледі. Түгендеу описі материалдық құндылықтардың санынының және атауының кодын, олардың номенклатурасын, сортын, мөлшерін көрсетеді.
Түгендеу описіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, ал материалға жауапты тұлға түгендеудің дұрыс жүргізгендігі туралы және түгендеу комиссиясына ешқандай кінә тағулардың жоқ екендігі туралы қолхат береді.
Сонымен қатар жатып қалған ақауы бар өнімге жеке опистер құрылады. Жарамсыз тауарларды описке тіркемейді. Оларға жеке акт құрылады, онда себептер мен тауарлардың бұзылуына кінәлілер көрсетіледі.
Тиелген және еткізілген тауарларға, сатып алушылармен уақытында төленген түгендеу опистері әрбір тиеу кезінде жеке құрылады. Оларда тауарлар және сатып алушылардың атауы, тиеу күнін және төлем тапсырмасын жазған күні көрсетіледі.
Толтырылған түгендеу описін комиссия төрағасы бухгалтерияға салыстырмалы ведомость құру үшін жібереді. Ол тек қана есептік мәліметтер бойынша ақауы бар тауар түрлеріне құрылады. Оларға бухгалтер мен материалға жауапты тұлған қол қояды, егер артықшылығы немесе жетіспеушілігі анықталса, онда материалға жауапты тұлға жазбша түсіндірме ұсынады. Бекітілген нормадан тыс дайын өнім жетіспеушілігі кінәлі адамдар мойнына тартылады, ал артықшылығы кірістеледі. Егер нақты жетіспеушілікке, ақауларға кінәлілер тағайындалмаса қаржылық нәтижеге кәсіпорынмен есептен шығарылуы мүмкін. Түгендеу бойынша корреспонденция 11 кестеде көрсетілген..
11 кесте – Дайын өнім есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
-
№
Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденция
Дебет
Кредит
1
Дайын өнімнің артықшылығын кірістеу
1320
6280
2
Өнімнің жетіспеушілігі есептен шығарылды
7210
1320
3
Жетіспеушілік кінәлі адам мойнына есептен шығарылды
1250
1320
Ішкі аудит басқарушылық бақылаудың бірден бір ажырамас және маңызды элементі болып табылады. Ірі кәсіпорындарда басқарудың жоғарыдағы буыны күнделікті ұйым қызметін бақылаумен және төменгі басқару құрылымымен айналыспайтындығымен байланысты ішкі аудитке сұраныс пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет түрі жайында мәлімет береді және менеджерлердің есебінің дұрыстылығын, айқындылығын растайды.
Ішкі аудитке сұраныстың шарттары:
кәсiпорындардың ұйымдық құрылымын күрделенумен;
қызмет түрлерінің әртүрлілігімен және олардың бірігуінің мүмкіндігі;
бөлімшелердің, филиалдардың бас кәсіпоыннан алшақтылығымен;
экономикалық субъектінің әкімшілігінің басқарудың барлық деңгейдегі менеджерлердің әрекеттерін толық объективті және тәуелсіз баға алуға ұмтылуы;
кәсіби серіктестіктер жағынан кәсіпорынға сенімділік деңгейінің жоғарылауы.
Ішкі аудит ең алдымен ресурстарды жоғалтуды тоқтатуға және кәсіпорын ішінде керекті өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажет.
Ішкі аудиторлардың міндетін анықтауды бас бухгалтер мен қаржы директорына бағынатын бухгалтерия бойынша ревизиялық топтар орындайды, бірақ ішкі аудиторлардың міндеттерін кеңірек және оларға кіретіндер: активтердің жағдайын бақылау жіне шығынды болдырмау;
шешім қабылдау барысында басшылықпен пайдалынатын ақпараттың дәлділігін растау;
ішкіжүйелік бақылау процедураларының орындалуын растау;
ішкі бақылау жүйесінің және ақпараттың өңделуінің тиімділігін функционалдау;
басқарушылық ақпарат жүйесімен берілетін ақпарат сапсын бағалау.
Осылайша, ішкі аудит шеңберінде активтерді сақтауға егжей-тегжейін бақылау ғана емес сонымен қатар саясаты мен менеджменттің сапасына бақылау жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кез келген кәсіпорын нарықтық қатынастар жағдайында неғұрлым көп пайда әкелетін тауар, қызмет өндіруге тырысады. Пайда табу кәсіпорынның экономикалық өсу шарты болып табылады. Сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шығынға ұшырауына да кепілдік жоқ. Бұл ең алдымен кәсіпорынның өндіргелі отырған тауарлардың санын және сапасын, сұраныс тізімін (ассортиментін) және оларды өткізу әдістерін, сонымен қатар көптеген жағдайларға байланысты: сатып алушылардың көңілінен шықпайтын қалауларын дұрыс анықтау және оларды өндірілмеуіне кәсіпорынның бағытталуы, сатылған өнімнен түскен табыстан аз болатын өндірістік шығындар мөлшерін қаншалықты дұрыс анықтайтынына байланысты. Бұл әрбір шаруашылықты ұйымдастыру кәсіпорыннан белгілі экономикалық және өндірістік саясатын, өзінің дамуының жолдарын іздеуін, өзінің шаруашылық формалары мен бухгалтерлік есебін тура, дұрыс жүргізуді талап етеді.
Нарықтық жүйе шарттарында әрбір өндірісші өз еркімен нарыққа тауарымен шығады және нарықта өз тауарларын өткізу үшін ең жақсы жағдай жасап алған кәсіпорындар да басқа ұқсас тауарлар шығаратындармен салыстырғанда ең жақсы жағдайда болады. Сондықтан әрі қарай дамуы үшін өсу, капиталды қолданудың жаңа формаларын, жаңа экономикалық тиімді өндірістік технологияларды, нарыққа шығатын өнімдердің жаңа формаларын iздеп табу қажет.
Белгілі жайт, кез келен кәсіпорынның шаруашылық қызметі үш үздіксіз өзара байланысты шаруашылық процесстерден тұрады: жабдықтау (материалды-техникалық ресурстарды сатып алу және дайындау), өнім өндіру және оның өткізілуі (сату). Бұл процестер бір мезгілде жүзеге асырылады, осыған жұмысшылар еңбегі, негізгі және айналым құралдары қолданылады. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері болып табылатындар:
- мүлік қозғалысын, материалды, еңбек және қаржылық ресурстарды бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға сәйкес қолдануды бақылауды қамтамасыз ету;
- жедел басқару үшін, сонымен бірге инвесторлармен, жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, кредиторлармен, салықтық және банктік органдармен қолдануы үшін қажет болған кәсіпорын қызметінің шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпараттың құрылуы;
- ішкіөндірістік резервтерді анықтау, олардың мобилизациясы мен тиімді пайдаланылуы, қаржы-шаруашылық қызметтегі негативті құбылыстарды өз уақытында ескерту.
Сонымен, басты мақсатқа жету үшін кез келген кәсіпорын қызметінде маңызды роль – аз шығын шығара отырып макисмалды пайда табу – кәсіпорында дайын өнімнің талдауын және есебін ұйымдастыру болып табылады.
Өндірісте тиелген және өткізілген дайын өнімнің есебімен байланысты мәселені зерттеудің объективтілігін және қажеттілігін талқылай отырып, қазіргі уақытта Қазақстанда отандық экономиканың даму перспективасына негативті әсер ете алатын факторлар және әлі жеткіліксіз деңгейде тұрақты ұзақ мерзімді өсуге арналған жағдайлар жасалмағандығын байқамауға болмайды, ең алдымен:
- қазақстандық банктердің капиталдандырудың төменгі деңгейі;
- өндірістік базаның моральды және физикалық тозуының жеделдеуі;
- қуат көзіне бағаның төмендеуі мен әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуін қоса сыртқы экономикалық конъюктураның нашарлау мүмкіндігі.
Берілген экономикалық болмыс жағдайында жедел басқару мақсатында есептік ақпаратын қолдануда ұйымдардың өздерінің қызығушылықтарын арттыру керек. Әрине, нарықтық экономикаға көшу, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әртүрлі шаруашылық субъектілердің ұйымдық-құқықтық формаларының пайда болуы бухгалтерлік ақпарат мәнін және ролін айтарлықтай жоғарылатты. Кәсіпорында бухгалтерлік ақпарат объективті, дұрыс, түсінікті және ішкі және сыртқы қолданушыларға қорғалған болуға қол жеткізу үшін тек негізгі материалдық құжаттарды білу және творчестволық жолмен келу ғана мүмкін.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де әрбір сатып алушымен және жабдықтаушымен өнімді жеткізуге жеке келісімшарттар жасалады. Әрбір тарапта келісімшарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттері бар.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі орнатылған заң тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Есеп автоматтандырылған формада «1С Предприятие 8.2» компьютерлік бағдарламасын қолданумен жүргізіледі. Дербес компьютерде есеп жүргізу барысында қамтамасыз етіледі:
а) бухгалтерлік есеп мәліметтерін ай сайын басып шығаруға жіберу, оларға жеке журналдарға атқарушылар қол қояды (касса, банк, шот бойынша айналым-сальдолық ведомосі);
б) есеп мәліметтерін магниттік таспада рұқсат етілмеген защита данных учета на магнитных носителях от несанкционированного доступа при помощи пароля;
в) әрбір ай соңына есеп мәліметтері бар дискетаның бақылау данасының бар болуы.
Сайып келгенде, ЖШС «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»-де дайын өнім есебін ұйымдастыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда.
Дайын өнім есебіне аудит жүзеге асырған кезде аудиторлар негізгі қағидаларға сүйене отырып жүргізу қажет, олар: тәуелсіздік, шынайылық, объективтілік, кәсiби құзыреттiлiк, адалдық, оңтайлылық, кәсiби мiнез-құлық.
Сайып келгенде, дайын өнім есебін ұйымдастыру мен «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС -е оның қолданылуы қазіргі талдау және есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нурсеитов Э.О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп. – Алматы,2006 – 472 б.
Бухгалтерлік есеп стандарттары. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіретін, шығындардың классификациясы мен құрылу тізімі бөлімінде №7 «Тауарлы материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік нұсқаулықтар. Құжаттар жинағы. - Алматы, ТОО «LEM», 2002. -360б.
М.А. Вахрушина Бухгалтерлік басқару есебі. - Мәскеу: «Финстатинформ», 2000. -533б.
Ж. Ришар Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдауы және аудиті / франц.т.ауд. Ред. Л.П. Белых. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1997. -375б.
Өндірістегі шаруашылық қызметті талдау: Оқулық/ Н.А Русак., В.И. Стражева., О.Ф. Митун т.б.: Жалпы ред. В.И Стражева. 1998. -398б.
С.А. Бороненкова Басқарушылық талдау: Оқу құралы. - М.: Қаржы және статистика, 2003. -384б.
А.Аренс, Дж.Лоббек Аудит: ағылш.т.ауд../Бас.ред.Я.В. Соколов.- М.: Қаржы және статистика, 1998. -560б.
Аудит: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / В.И. Подольский, Г.Б. Поляк, т.б.; Ред. И.В. Подольский. - М.: ЮНИТИ- ДАНА, 2001. -655б.
Қазақстандағы және оның төңірегінің өнеркәсібі. Статистикалық жинағы 2009 – 2012жж./ Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігі / Редак. А. Смаилова. - Алматы, 2001. -199б.
«Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26 желтоқсан 1995ж.№2735
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты. Тәжірибелік пособие. Халықаралық банк. - Washington, 2000. -530б.
О.Қалдыбаев, А.Тимирбаев. Кәсіпорын экономикасы (фирманың)- Оқу құралы. - Алматы: «Санат», 1997. -208б.
В.К.Радостовец, В.В Радостовец, О.И. Шмидт Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. - Алматы: Центраудит-Қазақстан, 2002. -728б.
П.С.Безруких Бухгалтерлік есеп. - Москва: «Бухгалтерлік есеп», 1996. -576б.
Ч.Т. Хорнгрен, Дж. Фостер. Бухгалтерлік есеп: Халықаралық аспект: ағыл.ауд../ Редак. Я.В Соколова. - Мәскеу: «Қаржы және статистика», 2000. – 416б.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі //Қазақстандағы Салық Вестнигі - 2003.-№ 45-47.- Б.76-77.
Т.Витулева Учет давальческого сырья // Бухгалтер файлы.- 2004.-№19. - Б.11-17.
Қазақстан Республикасының субъектілерінің есептегі бухгалтерлік шаруашылық операциялар жинағы. - Алматы: LEM, 2002. -75б.
Н.П. Кондраков Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. - М.: ИНФРА-М, 1997. -560б.
Бухгалтерлік есеп: Оқулық/ Ред. П.П Новиченко. - М.: «Қаржы және статистика», 1990. -404б.
П.И. Камышанов, И.В.Барсукова, И.М. Густяков Бухгалтерлік есеп: отандық жүйе мен халықаралық стандарттар. - М.: ИД ФБК - ПРЕСС, 2002. -520б.
В.Л. Назарова Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі: Оқулық/ ред. Н.К Мамырова. - Алматы: Экономика, 2004. -308б.
«үште бір» формуладағы Басқару есебі / Г.Ю. Касьянова, С.Н.Колесникова - М.: Баспа кенес компаниясы «Статус-Кво 97», 1999. -328б.
Басқару есебі: Оқу құралы/ Редак. А.И. Шеремет. - М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2000. -512б.
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Бухгалтерлік есеп және аудит.- 1999.-№ 1.- Б.10-15.
Д.О. Абленов Аудит негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2003.-294б.
Д.Р. Кармайкл, М. Бенис Аудиттің нормалары мен стандарттары: ағыл.тіл.аудар. - М.:Аудит, ЮНИТИ, 1995. -527б.
Ішкі аудиттің кәсіби стандарттары. - www. iia-ru.ru..
А.М. Богомолов, Н.А. Голощапов Ішкі аудит. Жүргізудің әдістемесі мен ұйымдастыру. - М.: «Экзамен», 1999. -192б.
Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. - Алматы: Раритет, 2001. Т. 1,2. -260б.
Ж. Ришар Кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің аудиті және талдауы / франц.тіл.ауд.. Ред. Л.П. Белых. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1997. -375б.
Өнеркәсіптегі шаруашылық қызметті талдау: Оқулық/ Н.А Русак., В.И. Стражева., О.Ф. Митун және т.б.: Жалпы ред. В.И Стражева. - М.: 1998. -398б.
С.А. Бороненкова Басқару есебі: Оқу құралы. - М.: Қаржы және статистика, 2003. -384б.
Г. К. Тулешова халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп пен есептілік. Бизнес ақпарат, 2005-208с. 2005-256б. 1,2 бөлім.
Қаржылық есептің халықаралық стандарттары. Мәскеу: Аскери АССА – 2006. – 1058б.
ҚОСЫМШАЛАР
ҚОСЫМША А
ЖШС «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» дайын өнім есебі бойынша өткізілуі мен құжаттамасының схемасы
Қабылдау-тапсыру накладнойы
