- •1 Кабель өнім өндірісінің ұйымдастырушылық- технологиялық ерекшеліктерімен оның есепке әсер етуі
- •1.1 Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
- •1.2 «Интелкабель» жшс қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
- •1.3 «Интелкабель» жшс бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
- •2 «Интелкабель» жшс қазіргі заман талаптарына сай дайын өнім өткізу мен шығару есебі
- •2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау
- •2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомосі
- •Журнал-ордері № 11
- •Қаржылық есептілік
- •2.3 Тиелген өнімнің қозғалысының есепке алу ведомосін қолдану
- •3 Дайын өнім өткізу және оны шығарудың талдауы мен аудиті
- •3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
- •Талдау объектілері
- •7 Сурет – Өнім өндірісінің және өткізу көлемін талдау
- •3.2 Дайын өнімді шығару және өткізудің аудиторлық тексерісі
- •3.3 «Интелкабель» жшс-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
- •Кабельді шығару туралы есебі
- •1320 «Дайын өнім» шотының карточкасы
- •1320 «Дайын өнім» шотын талдау
- •Айналым сальдолық ведомосі
- •Қаржылық есептілік
3 Дайын өнім өткізу және оны шығарудың талдауы мен аудиті
3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауының мақсаты болып бәсекелестермен салыстырғандағы өнім өткізу көлемінің жоғарылату жолдарын табу, максималды өндірістік қуатты қолдану кезінде нарық еншілерінің кеңеюі және кәсіпорын табысының көбеюі нәтижесі болып табылады.
Өнімді шығару және өткізудің кешенді мақсатты талдауының негізгі міндеті болып келесі табылады: кәсіпорынның бәсекелестік қалпын талдауы мен нарық коньюнктурасының өзгерісінде ресурстарды икемді жүзеге асыру.
Бұл жалпы міндет келесі жеке аналитикалық есептерді шығару жолымен жүзеге асады:
өнімді өткізу жоспарының орындалуы мен өндірістік бағдарламаның деңгейін бағалау;
өнімді өндіру және шығарудың динамикасын бағалау;
көлем, жеткізудің уақытылылығы, сапасы және өнімнің кешенділігі бойынша келісімшарттың орындалуын бағалау;
өндіріс объектілерінің төмендеуі мен шығарудың уақытылы болмауының себептерін анықтау;
өнімді өткізу мен шығарудың өсу резервін сандық бағалау.
Дайын өнімнің өндіріс көлемі натуралды, шартты-натуралды және құндық өлшеуіштерде көрсетілуі мүмкін. Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері болып тауарлы, жалпы және өткізілетін өнім табылады.
Талдау объектілері 7 суретте көрсетілген.
Талдау объектілері
Өндіріс көлемінің көрсеткіштері
Шығынсыздық көлем
Өнiмнiң өндiрiс көлемiнiң релевантті қатарының көрсеткiштерi
Ұтымды көлем
Өнімнің құрылымы мен ассортименті
Максималды көлем
Өнім сапасы
Өткізу және өндіріс ырғақтылығы
Өнім өндіріс көлемінің өсу резерві
7 Сурет – Өнім өндірісінің және өткізу көлемін талдау
Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндіріспен қоса, барлық өндірістік өнім мен орындалған жұмыстың құны [4].
Тауарлы өнім жалпы өнімнен айырмашылығы оған аяқталмаған өндіріс қалдықтары мен ішкішаруашылық айналымы жатпайды. Есепті жылда жұмыс істейтін көтерме бағада сипатталады.
Өткізілген өнім – бұл сатып алушымен тиелген және төленген өнім құны [4].
Өндіріс көлемін зерттеу белгілі іскерлік белсенділік диапазонында жұзеге асады, яғни релевант қатарын білдіретін min — max шегінде. Талдау абсолютті min — max шегінде ғана емес сонымен қатар өзгермейтін тұрақты шығындар шегінде де өткізілуі мүмкін. Релевант қатары минималды мүмкiн, барынша мүмкiн, шығарылым және өнiмдердi сатуының ұтымды және нақты көлемдерiн құрайды.
Минималды мүмкін (шығынсыз) өткізу көлемі – бұл өндірістің орнатылып қойылған шарттар мен өнім бағасына табыстар мен шығындар теңелетін көлем.
Максималды көлем өндірістік факторлардың максималды жүктеуін қамтамасыз етеді.
Ұтымды өткізу көлемі дегеніміз белгілі баға диапазонында орнатылған өндірістік шарттар бойынша максималды пайда әкелуді қамтамасыз етеді. Оптимизациялау міндеті паркатикалықтан гөрі көбінесе теориялық, дегенмен өнімді өткізуді жоспарлауда оптималды көлемді білуге тиісті бағдар болып табылады.
Шығару көлемінің және өнімді өткізуге ретроперспективті талдау жүргізу үшін ақпараттар көзі ретінде статистикалық есептілік пен №16 «Дайын өнім қозғалысы және оларды тиеу мен өткізу» ведомосінде көрстелілген бухгалтерлік есеп мәліметтері қолданылады.
Аталып кеткен ақпараттар көзі ретроперспективті талдау өткізу үшін қолданылды, маңызды ролі шаруашылық қызметінің тәжірибесімен расталады. Оперативті талдау бухгалтерлік есептің алғашқы мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Өткізу және шығарудың перспективалы талдауы басқару талдауының мәліметтерін құрайды және альтернативті басқару шешімін бағалау және олардан ең ұтымдысын таңдаған кезде қолданылады.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінің негізгі көрсеткіші болып өткізілген өнім көлемі табылады. Өткізу көлемінің мөлшерінен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі, рентабельділік және айналымдылығы тәуелді болады. Осы көрсеткіш арқылы кәсіпорынның нарықтағы маңыздылығы туралы пікір айтады.
Өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуы тауарлы-шикізаттық ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесінен тәуелді. Бұл көрсеткшті зерттеу үшін тауарлы екі бағада өнім балансы құрастырылыды (7-кесте): өзіндік құн және өткізу бағасы бойынша.
7 кесте – 2012 жылға «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң дайын өнімінің балансы
-
Көрсеткіштер
Іс жүзінде мың тг.
Қолданыстағы сату бағасы
Өзіндік құн бойынша
Есепті жыл басына қоймадағы дайын өнім қалдығы
528,0
343,1
Тауарлы өнім шығару
32452,0
27170,0
Басқа да келіп түсулер
+2,2
+ 1,6
өткізу
23783,1
20260,7
Есепті жыл соңына қоймадағы дайын өнім қалдығы
9199,1
7254
7 кесте мәліметтері дайын өнім қозғалысының баланстық өзара байланысын көрсетеді, сондықтан өткізілген өнім көлемі келесідей түрде анықталады [5]:
Nө = Nқалд.I + Nш – Nқалд.IІ , (1)
мұнда Nө— өткізілген өнім көлемі; Nқалд.I, Nқалд.IІ – есепті кезең басына және соңына дайын өнім қалдығы; Nш — өнім шығару көлемі.
Өткізілген өнім көлемінің өзгерісіне факторлық моделде келтірілген (8 сурет) факторлар әсер етеді.
Өткізу көлемінің өзгерісінің факторлары салыстыру әдісімен есептеледі. Осыған орай жыл соңына дайын өнім және жыл соңына тиелген дайын өнім қалдығының өзгерісін есепке алады, кері таңба бойынша бұл көрсеткіштерінің өзгерісі ықпалында болады (кесте 7).
Өнімді өткізу көлемі сатып алушыларға өнімді тиеу бойынша немесе төлеу бойынша анықталады. Өнім өткізу тұтыну мен өндірісті байланыстыратын көзі болып табылады.
талдау Кестеде көрсетілген өнім өткізу және шығару құрылымының динамикасын зерттеуден басталады.
Кесте 24 – “ИНТЕЛКАБЕЛЬ”ЖШС-ң өнім өткізу және шығару динамикасын талдау
Айы |
Өндірілген өнім көлемі (т.т) |
Өсу темпі % |
Өткізу көлемі (т.т.) |
Өсу темпі % |
|||
Базис. |
Цепт. |
Базис. |
Цепт. |
||||
1кв 2012 |
5812 |
100 |
100 |
3398,2 |
|
|
|
2кв 2012 |
5495 |
94,5 |
94,5 |
5293,5 |
|
|
|
3кв 2012 |
26945 |
490,3 |
518,8 |
40644,3 |
|
|
|
4 кв2012 |
54048 |
200,6 |
|
51964 |
|
|
|
|
92300 |
|
|
101300 |
|
|
|
Кестеден 2012 жылы өндіріс көлемі 5,1%-ға, өткізу көлемі 2,3%-ға өскенін байқаймыз. Егер алдыңғы айлардағы өндіру мен өткізудің өсу темпі шамамен қайталанса, онда соңғы айларда өндірудің өсу темпі өткізу темпінен неғұрлым жоғары, ол сатып алушылармен төленбеген және қоймадағы өткізілмеген өнім қалдығының жиналғанын меңзейді.
Темпы роста объема производства и реализации продукции, повышение ее качества непосредственно влияет на величину издержек, доход и рентабельность предприятия. Анализ данных показателей имеет большое значение. Его основные задачи:
-оценка степени выполнения плана и динамики производства и реализации продукции;
-определение влияния факторов на изменение величины этих показателей;
-выявление внутрихозяйственных резервов увеличения выпуска и реализации продукции;
-разработка мероприятий по освоению выявленных резервов.
Анализ реализации продукции тесно связан с анализом выполнения договорных обязательств по поставкам продукции. Недовыполнение плана по договорам оборачивается для предприятия уменьшением выручки, дохода, выплатой штрафных санкций. Кроме того, в условиях конкуренции предприятие может потерять рынки сбыта продукции.
Вывод: Учет готовой продукции в ТОО «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ведется верно, с заполнением всех первичных документов. Проведенный аудит не выявил никаких нарушений.
Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес кәсіпорын өз бетінше өнімді сатып алушылармен, тауарды жабдықтаушылармен бекітілген келісімшарт негізінде қызметін жоспарлайды және өткізілетін өнімге сұраныстың даму перспективасын, кәсіпорынның өндірістік-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуін, жұмысшылардың жеке табыстарының өсуін анықтайды.
Өнім өткізуді талдау мақсаты бәсекелестермен салыстыра отырып өнім өткізу көлемінің жолдарын табу, жұмысты максималды қолдану бойынша нарық үлесінің кеңеюі және кәсіпорын табысының нәтижесін жоспарлау болып табылады. Өнімді өткізудің комплекттік мақсаттық талдаудың негізгі міндеті болып табылады: бәсекелестік позицияны талдау және оның нарық конъюктурасының өзгерісі барысында ресурстарды икемді жүзеге асыру.
Өнім өткізу
Өнімді тиеу
Тиелген тауар қалдығы
Тауар өнімін шығару
Есепті кезең басына тиелген тауар қалдығы
Есепті кезең басына қоймадағы дайын өнім қалдығы
Есепті кезең соңына тиелген тауар қалығы
Есепті кезең соңына қоймадағы дайын өнім қалдығы
8 сурет – Өнімді өткізу көлемі жүйесінің факторлық моделі
Өнімі өткізуді талдауы динамикадан байланысты. Бұл өсу қарқынының базистік және тізбектік есебі. Есебі Б қосымшада келтірілген.
Кестеден көрініп тұрғандай 2012 жылы өндіріс көлемі 5,1%-ға өскен, өткізу көлемі 2,3%-ға. Егер өткен айларда өндіріс және өткізу көлемінің өсу қарқыны сәйкес келсе, онда соңғы айларда өндірістің өсу қарқыны өнімді өткізу қарқынынан едәуір жоғары, бұл кәсіпорынның қоймаларындағы өткізілмей қалған өнімнің қалдығының жиналып қалғанын және сатып алушылармен төленілмегенін білдіреді.
Өндіріс көлемінің және өткізу көлемінің өсу қарқыны, сапасының жоғарылауы шығынның, табыс және рентабельділік көлеміне тікелей әсер етеді. Берілген көрсеткіштердің талдауы үлкен мағына білдіреді. Оның негізгі міндеттері:
-жоспардың орындалу деңгейі мен өнімнің өндіріс және өткізу динамикасын бағалау;
-осы көрсеткіштердің көлемінің өзгеруіне факторлардың әсер етуін анықтау;
-өнімді өткізу мен өндірудің өсуін ішкішаруашылық резервтерді анықтау;
-анықталған резервтерді меңгеру бойынша іс шаралар өткізу.
Өнімді өткізудің талдауы өнім жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді орындау талдауымен тығыз байланысты. Шарт бойынша жоспардың тоық орындалмауы кәсіпорын үшін пайданың, табыстың, төмендеуіне, айыппұл санкцияларының төлеуіне әкеліп соқтырады. Бұдан басқа бәсекелестік жағдайларда кәсіпорын нарықтағы өнім өткізуін жоғалтып алуы мүмкін.
Есеп жүйесінің маңызды міндетінің бірі менеджерлердің басқару шешімдерін қабылдауы үшін пайдалы ақпараттарды жинау және өңдеу болып табылады. Қазіргі уақытта менеджерлер кәсіпорында қысқа мерзімді шешімдер қабылдайды, бұның өкілдері өндірістік қызметтің шығынсыздығын талдау болып табылады.
Шығынсыздықты талдау дегеніміз – бұл басқарушылық жоспарлау және менеджерлердің қарамағындағы бақылау құралы. Шығынсыздықты талдаудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік қызметінде өзгеріс байқалатын жағдайда қаржылық жағдайына қалай әсер ететінін анықтайды, шығынсыздықты талдау шығындар, көлем және табыс сияқты сипаттамалардың өзара байланысын бақылауға көмектеседі. Осы көрсеткіштермен өзара қатынасы өндіріс көлемі жетекшіге өнім шығарудың кризистік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Негiзiнде шығынсыздық сыздықты талдау шығынсыздық нүктесінiң анықтауына ықпал етеді.
Шығынсыздық нүктесі – бұл кәсіпорынға нөлдік қаржылық жағдайды қамтамасыз ететін өндірістік көлем нүктесі, бұл нүктеге қол жеткізген соң кәсіпорын барлық өзінің шығындарын жауып, табыстары нөлге теңеледі.
Бұл ақпарат кәсіпорынға бәсекелестік жағдайда баға белгілеуін өз мүмкіндіктерін бағалауға қызмет қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар шығындармен басқару құралы болып табылады. Шығынсыздық нүктесінің анықталуы келесі шарттар орындалу жағдайында ғана пайдалы бола алады:
тұрақты және өзгермелі шығындардың тәртібі тура өлшенуі тиіс;
өнімді өткізуден түскен табыстар мен шығындар өндіріс деңгейінде сызықтық тәуекелділік болуы тиіс;
өзгермелі шығындар мен өнім бағасы жоспарлау мерзім ішінде өзгермеуі тиіс;
өнім құрылымы жоспарлу мерзім ішінде өзгермеуі тиіс;
өндіріс көлемі мен өткізу көлемі шамамен тең болуы керек.
Егер берілген шарттың біреуі орындалмаса, шығынсыздық талдауын қолдану қателіктерге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындардың өзгеруі туралы ақпарат өндіріс көлеміне байланысты басқарушылық шешім қабылдауға үлкен мағына береді. Кәсіпорынның өзгермелі және тұрақты шығындарының өзара байланысын талдауы бұндай шығындарды бөлу шығындарды топтастыру базасына негізделген өндіріс көлеміне тәуелді.
Өзгермелі шығындар өнім құнын сипаттайды. Өзгермелі шығындардың жиынтығы өндіріс көлеміне сызықтық тәуелділік етеді, ал өзгермелі шығындар тұрақты көлемдегі өнімнің бірлігіне.
Өзгермелі шығындар динамикасы 9 суретте келтірілген, осыдан өзгермелі шығындардың өзгерісі байқалады.
9 сурет – Жиынтық және салыстырмалы өзгермелі шығындардың динамикасы
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне тәуелді еместігіне және есепті кезең ағымында алынғандығымен ерекшеленеді. Оларға жарнамаға, жал төлеміне, негізгі құралдар мен материалды емес активтердің амортизациясына кеткен шығындар жатады.
Тұрақты шығындардың жиынтығы тұрақты мөлшер болып табылады, ал салыстырмалы тұрақты шығындар үлесі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді.
Жиынтық тұрақты шығындар мен салыстырмалы тұрақты шығындардың динамикасы 9 сурет көрсетеді.
10 суреттен көрініп тұрғандай өндіріс көлемі неғұрлым көп болса, келіп түскен өнімнің өзіндік құны шығындар үлесі соғұрлым аз.
Шешім қабылдау барысында ең пайдалы мәлімет болып маржиналды табыс болып табылады. Маржиналды табыс дегеніміз – бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмашылық [5].
МТ = Өткізілген өнім – өзгермелі шығындар (2)
Маржиналды табыстың жиынтығы өндіріс көлемін қолдануымен байланысты өзгереді. Салыстырмалы маржиналды табыс тұрақты болады, өйткені өзгермелі шығындар өнім бірлігіне және өнімнің өткізу құны тұрақты деп саналады. Әрбір сатылған өнім бірлігі маржиналды табыс береді, ол тұрақты шығындарды жабуға жұмсалады, одан кейін таза табыстың өсуіне кетеді.
10 сурет – Тұрақты жиынтық және салыстырмалы шығындар динамикасы
Басқару есеп жүйесінде шығынсыздық нүктені анықтау үшін қолданылады:
- теңестіру әдісі;
- маржиналды табыс әдісі;
- графикалық әдіс;
Теңестіру әдісі келесі формула көмегімен таза табысты есептеуге негізделеген [5]:
Оқшауланған
Тұрақты Таза
өзгермелі шығындар -
шығындар = табыс (3)
(4)
Бұл әдіс құрылымдық жылжулар әсерін талдау үшін қолданылады.
Мысалы: таза табыс нөлге тең деп алайық, осы шартта табыс пен тұрақты және өзгермелі шығындар арасында теңдік болуы мүмкін.
Кәсіпорын өзгермелі шығындар 1 метрге бағасы 500 теңге бұйым сатып алды, ал бірлігі 300 теңгені құрайды. Тұрақты шығындардың жалпы сомасы 70 000 теңгеге тең, жоғарыдағы көрсетілген формула бойынша теңдік құрастырайық:
(500*х)-(300*х)-70 000=0
200х=70 000
х= 70 000/200
х=350 кабельдің метрі
Шығындарын жабу үшін кәсіпорынға 350 метр кабель жасап шығару кетек.
Шығынсыздық нүктені ақшалай өлшемде көрсету үшін, бірлік санын өнім бірлігінің бағасына көбейту қажет.
Шығынсыздық нүктесі = 350 метр* 500 тенге = 175 000 тенге.
2) маржиналды табыс әдісі маржиналды әдіс көмегімен шығынсыздық нүктесін есептеуге егізделген. Өнімнің бірлігіне келетін маржиналды әдіс тұрақты шығындарды жабатын әрбір өткізілетін бірліктің үлесін көрсетеді, яғни барлық тұрақты шығындарды жабу үшін қанша бірлік сатылуы керек, бұл шығынсыздық нүктесі әдісі келесідей есептеледі [5]:
Шығынсыздық нүктесі = Тұрақты шығындар / Салыстырмалы Маржиналды табыс (5)
Берілген әдіс бойынша шығынсыздық нүктесі:
Шығынсыздық нүктесі = 70 000/200= 350 кабельдің метрі.
Егер маржиналды табыстың нормасы белгілі болса, онда шығынсыздық нүктесі келесі формула бойынша есептеледі [5]:
Шығынсыздық нүктесі = Тұрақты шығындар/ Маржиналды табыс нормасы (6)
Маржиналды табыс нормасы өнімді өткізуден түскен табыс сомасының өзгеруі маржиналды табысқа қалай әсер етіп тұрғанын көрсетіп тұр:
Маржиналды табыс нормасы = Маржиналды табыс/өнімді өткізуден түскентабыс * 100% (7)
Маржиналды табыс нормасын есептеу мысалы 8-кесте көрсетілген.
8-кесте – Маржиналды табыс нормасын есептеу мысалы
Көрсеткіштер |
Барлығы |
Өнім бірлігі |
% |
1.Өткізуден түскен табыс |
200,0 |
500 |
100 |
2.Өзгермелі шығындар (-) |
120,0 |
300 |
60 |
Маржиналды табыс |
80 |
200 |
40 |
Тұрақты шығындар (-) |
70,0 |
|
|
Табыс (шығын) |
10,0 |
|
|
Маржиналды табыс нормасы = 80,0/200,0*100%= 40 %
40 % маржиналды табыс нормасы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі бір ақша бірлігіне маржиналды табыстың 0,4 теңгеге өсуіне әкеп соғатынын білдіреді.
Шығынсыздық нүктесі = тұрақты шығындар/ маржиналды табыс нормасы (8)
Шығынсыздық нүктесі = 70,0 / 40 %= 175 000 теңге.
Графикалық әдіс шығынсыздық нүктесінде көрнекті түсінік береді. Осылай табу кешенді графиканың құрылуына апарады «шығындар – көлем - табыс».
График тiзбегiнің жасалуы келесідей кезеңдерден тұрады:
Графикке тұрақты шығындар сызығын жүргізу керек, бұл үшін параллелді Х осі жүргізіледі;
Берілген тұрақты шығындарды өзгермелі шығындар көлем мөлшерін формула бойынша көрсету [5]:
У- А + ВХ, (9)
Где :А- Тұрақты шығындар
В- Өзгермелі шығындар
Х – Өндіріс көлемі
өнімді өткізуден түскен табыс сомасын жүргіземіз. Графиктегі шығынсыздық нүктесі – бұл табыстар мен шығындар сипаты бойынша тура шығынның қиылысу нүктесі. Бұл 11 суретте график түрінде келтірілген.
11 сурет – Шығынсыздық нүктесінің графикалық әдістегі анықтамасы
Демек, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң шығынсыздық нүктесінде табыс та, шығында ала алмайды, яғни табыстар шығындарға тең. Егер «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС кабел мөлшерін шығынсыздық нүктесінен көп өндірсе, онда ол пайда түсіреді. Ал егер аз болса, шығынға үшырайды.
