Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моя дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.1 Кб
Скачать

2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі

Дайын өнімді өндірістен қоймаға қабылдау-тапсыру найкладной бойынша немесе өнім өндіру мәліметі бойынша кірістіреді. Қабылдау-тапсыру накладнойы екі данада жасалады. Дайын өнімді қоймаға өткізгеннен кейін бір данасы қоймада қалып, екіншісі цехта қалады. Қабылдау-тапсыру накладнойы кәсіпорындарда аспапты, радиотехникалық және басқа да өндірістің жаппай және сериялық сипаттағы өндіріс салаларында өндірістің тапсырыстық әдісі есебі бойынша қолданылады. Накладнойда шығарылған өнім көрсеткіштерімен қатар өнімді өткізудің оперативті есеп көрсеткіштері келтірілген. Бұл форманы жеке тапсырысшыларға үлкен номенклатурада дайындайтын кооперативтік жабдықтаушылардың бөлшектерін есепке алу үшін қолданылады.

Барлық өндіріс салаларында өндірістік тапсырмалардың орындалуына және шығарылған дайын өнімнің құнын есептелуіне оперативтік бақылау жүргізу үшін өнім өндіру жинақтарын қолданады. Жинақтау бо йынша бір айға өнімді Кірістеуді іске асыруға болады. Бұл жағдайда оған сәйкес накладнойлар қоса тіркеледі. Қоймада дайын өнім есебін материалдар есебене ұқсас қойма есебі карточкаларында жүргізеді. Ай соңында карточкада шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтары кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кіріс және шығыс құжаттары қабылдау тапсыру реестрі құжаттарымен бухгалтерияға келіп түседі. Қабылдау-тапсыру құжаттары реестрлерінің мәліметтері дайын өнімнің кірісі және шығысы бойынша олардың келіп түсу мөлшеріне сай есептеу тобы бойынша дайын өнім есебін синтетикалық жинақ ведомосінде толтырады. Ведомостте ай басына өнім қалдығын, кірісін және шығысын көрсетеді және есептеу тобы бойынша ай соңына қалдық шығарылады. Жинақтау ведомосінің мәліметтері дайын өнім қалдық кітабымен салыстырылады, бұл қойма және синтетикалық есептің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Ай соңында есеп калькуляцияларын құрғаннан кейін барлық өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны анықталады және іс жүзіндегі мен жоспарлы өзіндік құн немесе іс жүзіндегі өзіндік құн мен кәсіпорынның келісім құны арасындағы айырмашылығы анықталады. Жинақ мәліметтері негізінде дайын өнім шотын 1320 «дайын өнім» дебетіне және 8110 «негізгі өндіріс», 8210 «меншік өндірісінің шала фабрикаттары» және 8310 «Қосалқы өндіріс» кредитіне апарады.

Дайын өнім есебі және өткізу бойынша құжат айналымының жалпы схемасы 6 суретте көрсетілген, ал «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң дайын өнім есебінің құжат айналымы схемасы А қосымшасында келтірілген.

Шот фактура

Төлем тапсырмасы

Накладной

Кассалық ордер

Банк көшірмесі

Есеп айырысу актілері

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомосі

Журнал-ордері № 11

Бас кітап

Қаржылық есептілік

6 сурет–Дайын өнім есебі және өткізу бойынша құжат айналымының жалпы схемасы

Мәміле бойынша іс жүзіндегі және күтіліп тұрған шығындардың бағалануы жоғары деңгейдегі нақтылықпен өндіріледі, өйткені тауар сомасы келісімшартта айтылған, ал жабдықтаушы станциясына дейінгі тасымалдау шығындары тасымалдау мекемесінің құжаттарымен белгіленген тарифтер бойынша расталады. Тауарларды өткізу барысында келесідей мәміле түрлері жасалады: тауар өткізуді тоқтату мәмілесі. Мәміленің бұл түрінде келісімшартқа сәйкес тауар сатып алушыға меншік құқығында беріледі, бірақ оның шығуы белгілі уақыт мерзіміне жабдықтаушы қоймасында сақталады. Бұндай мәміле табысы сатып алушыға тауарға меншік құқығын беру кезінде келсідей шарттарды ұстанғанда танылады: тауарды жеткізіп беру жабдықтаушымен келісімшартта белгіленген мерзімде іске асырылады; жабдықтаушыда сатып алушыға жіберуге дайын тауар бар; сатып қойылған тауардың тиеу құны төленіп қойылған. оплачено стоимость доставки проданных товаров. Егер екі жақ тараптарда сатып алуға ғана немесе өткізу үшін тауарларды өндіруге деген ниеті болса, өткізуден түскен табыс танылмайды. Кәсіпорын мәмілеге қатысатын басқа заңды тұлғалармен табысты үлкен деңгейдегі нақтылықпен бағалайды келесілерге қатысты: арыз күші бар және екі жақ тараптарының қызмет көрсету және қабылдау әрбір жақ тараптардың құқығы; күтіліп тұрған өтемдер сомасымен; төлеу шарттары мен әдістері. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс істеу және қызмет көрсету келісімшартта атқарылған жұмыс, қызмет көрсету тәртібі, олардың төлем тәртібі мен құны нақты айтылуы тиіс.

Кәсіпорын өнімді бекітілген келісімшартқа сәйкес өндіреді. Олардың негізінде өткізу бөлімшесінде кәсіпорын бұйрықтар шығарады – қоймадан өнімді жөнелтуден (тиеу) кейін есеп айырысу төлем құжаттарын жазып беру үшін бухгалтерияға жіберетін, сатып алушыға өнімді жөнелту немесе тиеу накладнойлары. Сонымен қатар бухгалтерияға тауарлы-көліктік накладнойлар келіп түседі, онда темір жол тарифтік сомасы немесе су фрахтысы көрсетілген. Бұл құжаттардың негізінде бухгалтерияға төлем талап-тапсырмасын жазып береді, бұл сатып алушыларға акцепттен кейін инкассоға банкке өткізіледі, немесе сатып алушының төлемі үшін. Заңды түрде сатып алушыға тиелген өнім сатып алушының төлем-талап тапсырмасын төлемге дейін жабдықтаушының меншігінде қалады. Тиелген (жөнелтілген) тауар есебін 1210 «Сатып алушыладың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты өнім, (жұмыс, қызмет) көрсету есебі ведомосінде немесе машинограммада жүргізіледі.

Жұмыс қызмет көрсету және төлеу кезінде ұқсас шоттар корреспонденциясы тек 1320 «Дайын өнім» шотының орнына 8110, 8310, 8410 шоттарын кредиттеу сияқты айырмашылыпен құрылды, бұл шаруашылық қызметінің қандай өндірісте, тараптарға қандай жұмыс атқарып, қызмет көрсетілгеніне байланысты.

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–де дайын өнім есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–де дайын өнім болып көлік және коммуникацияға арналған кабель, сонымен қатар кабелдік-өткізгіш өнім. Сауда-саттық қызметі қоймадағы жиі тауар айналысымен байланысты. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –де қойма есебін кәсіпорынның материалға жауапты тұлғасы қоймашы жүргізеді.

Тауарлар өндірушілер қоймасынан Семей қаласына келіп түседі. Тауарды кірістеу тәртібі келесідей болып табылады:

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС кәсіпорынның директоры жабдықтаушыларға тапсырыс береді

Өнім өткізу бойынша администраторлар телефон арқылы тиеу мерзімі және төлем формасы туралы келіссөздер жүргізеді

Келісімге қол жеткізгеннен кейін материалға жауапты тұлға қоймадан дайын өнімді алады.

Төлем формасына байланысты өнім келесі қжаттарда бейнеленеді:

А) қолма-қолсыз есеп айырысу кезінде

Материалға-жауапты тұлға тауарға төлем туралы сенімхат пен банктің төлем-тапсырмасын көрсетеді

Өнім шот-фактура арқылы жүргізіледі

Қоймадан дайын өнімді жіберуге накладной толтырылады

Б) қолма-қол есеп айырысу кезінде

Материалды-жауапты тұлға жабдықтаушы кассасына талап етілген соманы тапсырыс бойынша төлейді және өнімді алуға төлем квитанциясы мен сенімхат көрсетеді

Дайын өнім өткізуге салықтық шот-фактура мен накладной толтырылады

Дайын өнімді өткізу есебі бойынша шоттар корреспонденциясы 2 кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнім есебінің шоттар корреспонденциясы

р/с

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Дайын өнім келіп түсті

1320

8110,8210, 8310

2

Өндірілген өнімнің өзіндік құнын ечептен шығару

7010

1320

3

Сатып алушылармен қайтарылған өндірілген өнімнің өзіндік құнының бейнесі

1320

7010

4

Артық дайын өнімді кірістеу

1320

6280

5

Кәсіпорынның әкімшілік шығындарына дайын өнімді есептен шығару

7210

1320

6

Дайын өнімді қайтарымсыз өткізу

7470

1320

7

Төтенше жағдайларда дайын өнімді есептен шығару

7470

1320

8

Қоймадағы дайын өнімнің нормадан тыс жетіспеушілігі:

- кінәлі адам табылмаған кезде

-кінәлы адамдар шотына өтелуі

7210

1250

1320

1320

9

Қоймадағы дайын өнімнің нормадан тыс жетіспеушілігі

7210

1320

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қоймасына келіп түскен тауар тауарлы-материалдық құндылықтар есебі қоймалық кітапта толтырылады және тауарлар тізіміне жазылады (егер өнім қайтадан келіп түссе). Қоймашы жұмысқа орналасқанда жеке, материалға жауапкершілік туралы келісімшартқа отырады. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қоймасында кіріс накладнойы бухгалтердік есепте бейнеленеді, кірістеледі.

Дайын өнім қоймадан қолма қол есеп айырысумен өткізіледі, немесе кассаға ақша өткізген соң тегін жеткізіліп салынады:

1. сатып алушы клиент таңдалған тауар бойынша шығыс накладнойын, шот фактураны, сонымен қатар екі данада чек толтырады, бір ғана чекті алып талап етілген соманы төлейді төлеп қойғаннан кейін ол төленген чекті көрсетіп екінші чекпен құжаттарын алады

  1. қоймашыға екінші чекті пен қалған құжаттарын қоймашыға дайын

өнімді алу үшін көрсетеді

  1. қоймашы өнімді құжаттар бойынша өткізеді, бұнымен қоса өзінде

екінші чек данасын қалдырады.

Жұмыс күнінің соңында қоймашы компьютер мен қоймашының чегін салыстырады және қалған өнімді тексереді. Қалдық туралы мәлімет директорға күнделікті өткізіліп отырылаы, бұл бойынша басшы өнім сатып алу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де өнім жол жүріс саудасы арқылы іске асырылады. Көлікпен қамтамасыз етілген сауда агенттері қарауындағы аумақтарды айналып өтеді және өнімді көтерме және бөлшек саудамен қолма қол есеп айырысумен кішігірім дүкендер сатып алушыларына өткізеді.

Әр бір сауда агентіне өнімді өткізу есебі карточкасы ашылады. Күнбе күн сауда агенттері тауарды шығыс құжаттарымен қабылдап алады және жұмыс күнінің соңында қайтып келген дайын өнімдікірістейді. Жұма соңында келіп түскен өнім туралы және кассаға өткізілген ақша туралы қойма мәліметтері мен касса мәліметтерін салыстырады.

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де дайын өнім есебі айқын көрсетілген, өйткені қалдықтарға, өнімнің кірісі және шығысына, қойма бойынша күнбе күн, агенттер бойынша әр апта үнемі бақылау жүргізіліп отырады, бақылауды басшы жүзеге асырады.

Тиелген өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны есебі 3 кестеде көрсетілген.

Тиелген өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны есебінің мазмұнын жолма-жол қарастырайық.

1 жол (6 жол) ведомость мәліметтері бойынша өткен айда іс жүзіндегі баға мен іс жүзіндегі өзіндік құн (210000 мен 200000 тенгеге сәйкес) бойынша толтырылады.

2 жол дайын өнім шығару ведомосінің мәліметтері бойынша (1320 «Дайын өнім» дебеті, 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншік өндірісінің шала фабрикаттары», 8310 «Көмекші өндіріс» кредиті) есептеу құны мен іс жүзіндік өзіндік құны бойынша (600000 мен 537100 теңгеге сәйкес) толтырылады.

3 жол 1-2 жол есептік бағасы мен іс жүзіндегі өзіндік құн (810000 мен 737100 тен­геге сәйкес) бойынша қорытынды сомасы болып табылады.

4 жол. Іс жүзіндегі өзіндік құнның есептік бағасы бойынша құнының пайыздық қатысы келесідей жолмен анықталыды: 737100 х 100: 810000=91,0.

5 жол. Өткізу тәртібінде тиелген (681000 тенге) өнімнің құны ведомость мәліметтері бойынша немесе машинограммамен анықталыды, бұнда өнімнің есептік құны бойынша бағасы көрстілген.

Кесте 3 – «ИНТЕЛЬКАБЕЛЬ» ЖШС-не тиелген өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны есебі

р/с

Көрсеткіштер атауы

Барлығы (тенге)

Есеп құны бойынша

Іс жүзіндегі өзіндік құны

3-кестенің жалғасы

2

3

4

1

Ай басындағы қалдық

210000

200000

2

Өндірістен келіп түсті

600000

537100

3

барлығы қалдықпен

810000

737100

4

Қалдықтың іс жүзіндегі өзіндік құны мен өндірістен келіп түскен өнімнің есеп бағасы бойынша құнына пайыздық қатысы

-

91,0

5

Өткізу тәртібінде тиелген

681000

619710

6

Ай соңына қалдық

129000

117390

Өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны өткізу тәртібінде тиелген, есептік бағасы бойынша (681000 х 91,0: 100 =619710 тенге) осы өнім құнының пайыздық қатынасын (91,0) есептеу жолымен табылады.

6 жол. Ай соңына қоймадағы дайын өнім қалдығы 3 жолдың қорытынды мәліметтерінен 1320 «Дайын өнім» шотының кредиті бойынша айналымын есептік бағасы мен іс жүзіндегі өзіндік құнды (129000 мен 117390 теңгеге сәйкес) алып тастау жолымен анықталады.

Анықталған пайыздық қатынасын бір айда тиелген (жөнелтілген) дайын өнімді іс жүзіндегі өзіндік құнға дейін апарады және 1320 «Дайын өнім» кредитінен шығарып 7010 «Өткізілген өнім мен көрсетілген қызмет» шотынының дебетіне апарады. Тиелген және өткізілген өнімнің операциялары тиеу, өнімді (жұмыс, қызмет) өткізу және өндіру есебінің ведомосінде көрсетіледі.

Өткізілген тауар (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының есебі. Өткізілген тауар және қызметтің өзіндік құнының есебі үшін 7000 «Өткізілген тауар (жұмыс, қызмет) өзіндік құны»бөлімшесінің шоты арналған, мұнда 7010-7110 синтетикалық шоттары кіреді.

7000 «Өткізілген тауар (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шоты. Берілген шотты өнімді, жұмыс және қызмет өндіретін, тиелген (жөнелтілген) дайын өнім іс жүзіндегі өзіндік құнын, атқарылған жұмыс, қызмет есептеу үшін арналған материалдық өндіріс саласында қолданады.

7010 шотына дайын өнім, жұмыс, қызмет өндірілетін, түрі (тобы) бойынша субшоттар ашылуы мүмкін. Кәсіпорынмен қабылданған субшоттар жүйесі кәсіпорынның Жұмыс шоттар жоспары мен Есеп саясатында көрсетілуі керек. 4 кестеде 7010 «Өткізілген тауар (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шоты бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген.

Кесте 4 – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де өткізілген өнімнің өзіндік құны есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны

7010

1310-1330

1350, 8030

2.сатып алушылармен қайтарылған өнім мен тауардың өзіндік құны

7010

1310-1330

1350,

3.ұзақ мерзімге берілген негізгі құралдардың баланстық (қалдық) құны

7010

2410

4.7010 «Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны» шотының есепті кезең соңында жабылауы

5410

7010

7010 шотының дебетінде көрсетілген өткізілген тауар, жұмыс және қызмет өзіндік құны есепті кезең соңында осы шоттың кредитінен 5410 «Қорытынды табыс (шығыс)» шоты дебетіне апарылады. Содан кейін 7010 шоты жабылауы тиіс.

7010 «Сатуға арналған өткізілген тауардың өзіндік құны» шоты көбінесе сауда, жабдықтау-өткізу, делдалдық және сыртқы кәсіпорындарда қолданылады. Бұдан басқа сатып алынған тауарлар өндірісін жүзеге асыратын басқа да экономикалық салалардағы кәсіпорындар қолдануы мүмкін. Кәсіпорындарда 7010 шотына өткізілген тауарлардың түрі (тобы) бойынша субшоттар ашылуы мүмкін.

Өткізілген өнімнің өзіндік құнына 8210 шотын дебеттеледі және 1330 «Тауарлар» шотын кредиттеледі. Есепті кезең соңында 7010 шотының дебетінде көрсетілген осы шоттың кредитіне жазылып және 5410 «Қорытынды табыс (шығыс)» шотының дебетіне жазылады. Есепті кезең соңында 7010 шоты жабылады.

Дайын өнімді өткізу мен тиеу есебі. Өткізуге арналған дайын өнім тауар болып табылады. Тауарды өткізуден түскен табыс субъектінің сатып алушыға тауарды меншік құқығына берген кезде танылады, іс жүзіндегі және күтіліп тұрған шығындарды бағалау мәміле бойынша сенімділіктің үлкен дәрежесімен өндіріледі. Тауарға меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға құжаттау кезінде расталады. Азаматтық кодекстің 239 бабына сәйкес өткізу деп сатып алушыға тауарды беруді, сатып алушыға тауарды жіберу үшін транспорттық мекемеге немесе байланыс ұйымдарына тапсыруды айтады. Тауарды өткізуге өткізу (тиеу) фактісін растайтын коносамент немесе басқа құжатты өткізу теңеседі.

Егер сатушы меншік құқығы мен міндетін сақтаса, мәміле өткізу деп саналмайды және табыс деп танылмайды. Меншік құқығы сатып алушыға келесідей жағдайларда тапсырылмайды:

- кәсіпорын кепілдікпен қамтамасыз еілмеген (тауар қалыпты жағдайда пайдаланылған кезде кепілдік мерзім ағымында жарамсыз халге ұшыраса ауыстыруға жатады; мысалы: тоңазытқыш, кір жуғыш машина бірінші айында жарамсыздық халге ұшыраса пайдалану мерзіміне бір жыл кепілдігі бар) мәміле шартының қанағаттандырмайтын орындалуының міндеттемелерін сақтайды;

- сатып алушы келісім шартта аталып өткен себепке байланысты сатып алудан бас тартуға құқығы бар, сатушы тауарды қайтаруға сенімдігі бар немесе жоқ (жаңа экспериментальды жабдықты сату барысында).

Кейінге қалдырылған өткізу. Кейінге қалтырылған өткізу дегеніміз бұл тауарды жіберу (тиеу) сатып алушы соңғы есеп айырысуын бөліп төлеген соң жасалатын өткізуді айтамыз. Бұндай жағдайда табыс тауар сатып алушыға берілген (жеткізілген) соң ғана танылады. Бірақ табыс, егер тауардың көп бөлігі өткізілген және алдын ала төленген болса, қоймадағы тауар сатып алушыға өткізілуге (жеткізілуге) дайын болған жағдайда танылуы мүмкін.

Жұмыс және қызмет өткізу. Жұмысты, қызметті өткізуден түскен табыс деп мәміленің аяқталу сатысы есепті кезеңде үлкен дәрежедегі нақтылықпен анықталады; мәміле жүргізуге кеткен шығындар мен мәмілені аяқтауға арналған шығындар нақтылықтың үлкен дәрежесімен бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]