Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моя дипломка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.1 Кб
Скачать

2 «Интелкабель» жшс қазіргі заман талаптарына сай дайын өнім өткізу мен шығару есебі

2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС тауарлы-материалдың қорлар есебі №2 «Қорлар» қаржылық халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылады, бұнда тауарлы-материалдық қорлардың өзгеруі, өзіндік құны, есептілікте ашылуы мен бағалануы сияқты стандарттың әрекет ету саласы анықталған.

Тауарлы-материалдық қорлар дегеніміз – бұл активтер түріндегі: қорлар, шикізаттар, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар мен жинақтама бұйымдар, отын, ыдыстар, өндірістік материалдардың запас бөліктері, өндірісте немесе жұмыс қызмет көрсеткенде қолдануға арналған; субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында сатуға арналған аяқталмаған өндіріс түрінде, дайын өнім және тауар түрінде [2].

Тауарлы материалдық қорлар есебі алдында келесідей мәселелер тұр:

- запастардың өз уақытында және толық келіп түсуін және бақылау, сақтау орындарындағы оларды қадағалау;

- запастар айналымының барлық операцияларының уақытылы және толық құжатталуы;

- тауарлы дайындау шығындарды уақытылы және дұрыс анықталуы;

- қоймадағы қорлар жағдайын бақылау;

- ішкі ресурстарды әртараптандыру мақсатында субъектіге керек емес материалдық қорларды шығару және өткізу;

- сақталу орындардағы запастардың қалдықтары мен айналымын нақты ақпаратын алу.

Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына келесілер кіреді:

сатып алуға кеткен шығындар: сатып алу бағасы, тиеу пошлинасы, комиссиондық сыйақылар, орналасқан жеріне тиеумен, қалпына келтірумен байланысты көліктік-дайындық шығындары, материалдар сатып алуға басқа да шығындар.

өнімді қайта өңдеуге кеткен шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) – табиғи ресурстар өндіру процесіндегі қолданылатын құн; шикізат, еңбек ресурстар, материалдар, отын т.б.

өндірісті ұйымдастырумен технологиямен оқшуаланған тікелей өндіріс бірлігімен байланысты басқа да шығындар.

Өндірістік өзіндік құнды құрайтын өнімді өндіруге кеткен шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесідей түрде топтасады:

  • материалдышығындар;

  • еңбекақы төлеу шығындары;

  • еңбекақыдан ұстаулар;

  • негізгі құралдардың тозуы;

  • басқа да шығындар.

Өндірістік өзіндік құнға жатпайтын шығындар:

  • жалпы – әкімшілік шығындар;

  • тауар өткізумен байланысты шығындар;

  • пайызбен байланысты шығындар.

Тауарлы-материалдық қорларды өткізудің өзіндік құны сол есепті кезеңдегі онымен байланысты табыс шығын деп танылады.

Барлық тауарлы-материалдық қорлар есебі активті 1300 «Қорлар» негізгі шоттар бөлімінде жүргізіледі.

Әрбір шоттар бойынша ұйымдар материалдар есебі бойынша субшоттар мен аналитикалық шоттардың керекті мөлшерін аша алады.

Өндіріске жұмсалатын материалдық ресурстардың іс жүзіндегі өзіндік құнның анықтамасы қорларды бағалаудың келесі әдісінің біреуі көмегімен жүргізіледі:

  • орташа құн өлшемі;

  • ФИФО;

  • арнайы идентификациялау.

Тауарлы-материалдық қорлардың орташа құн өлшемі есепті кезең басында ұқсас бірліктердің орташа құнымен есептеледі.

ФИФО әдісімен тауарлы-материалдық қорларды бағалаған кезде ең алдымен бірінші сатып алынған не бірінші өндірілген (бірінші болып келіп түскен, бірінші болып есептен шыққан) қорлар құнын есептен шығару керек).

Әдетте арнайы проектілер мен заказдарға арналған көрсетілген қызмет пен ауыстырылатын тауар болып табылмайтын арнайы бірегейлендіру бағалау әдісі бойынша тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құн есебін сипаттайды.Берілген әдісті алдын ала қолдану үшін, алдын ала қорлардың соңғы қалдық тізімін білу қажет: қандай қорлар және қандай бағада қалғанын.

Орташа құн өлшем әдісін мысал ретінде қарастырып көрейік:

1 наурыз 2012 жылға қалдық – 50 метр 1000 теңгеден, 50000 теңге сомасына.

3 наурыз 2012 жылға сатып алулар – 20 метр 2000 теңгеден, 120000 теңге сомасына.

6 наурыз 2012 жылға сатып алулар – 40 метр 3000 теңгеден, 120000 теңге сомасына.

20 наурыз 2012 жылы шығын – 60 метр.

Орташа құн өлшем әдісі көмегімен қорлардың соңғы қалдығы есептеледі.

1. кабельдің орташа құнын анықтаймыз

(1000 + 2000 + 3000) / 110 = 54,5 теңге

2. өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтаймыз

60 метр* 54,5 теңге = 3270 теңге

3. Ай соңына қорлардың соңғы қалдығы

50 + 20 + 40 – 60 = 50 метр

4. Қорлардың соңғы қалдық құны

50 * 54,5 = 2725 теңге

Ұйымның қорларды бағалау әдісін таңдауға мүмкіндігі бар және бұл әдіс кәсіпорынның есеп саясатында тіркелуі тиіс сонымен қатар әрбір жыл сайын қолданылып отыруы тиіс. Маңызды негіздер болған жағдайда, есепті кезеңде ұсынылған есеп саясаты туралы түсініктеме хатта өзгерістің нәтижесімен зардабының себебін анықтай отырып кәсіпорын таңдалған әдісін өзгерте алады.

Тауарлы-материалдық қорларды бағалау өндірілген дайын өнімнің өзіндік құны арқылы табыс көлеміне әсер етеді, сонымен қатар заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының көлеміне де әсер етеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыс жүргізілуін салық органдары қадағалап бақылап отырады.

Дайын өнім – өткізуге арналған негізгі және көмекші цехтардың өнімі. Дайын өнім өндіріспен аяқталуы, жабдықталуы тиіс, техникалық шарттармен стандарттарға сәйкес болуы, техникалық бақылау қызметімен қабылдануы, паспорты, сертификаты және де оның сапасы мен комплектілігін куәландыратын басқа да құжатының болуы, қоймаға өткізілуі тиіс, ал тапсырысшыға өткізу жерінде қабылдау актілерімен немесе басқа да құжаттармен толтырылуы керек. Дайын өнімді есепке алу үшін 1320 «Дайын өнім» активті шот қолданылады [3].

Дайын өнімге бір жаққа жасалған өндірістік сипаттағы жұмыс пен қызметті, сонымен қатар өткізуге арналған меншік өндірісінің шалафабрикаттардың құнын жатқызады. Өндіріс пен өнімнің (жұмыс, қызмет) өткізу бойынша жоспардың орындалуы негізгі көрсеткіш болып табылады, бұл субъектінің қызметін сипаттайды.

Субъект өз өнімін, жұмыс және қызметін тұтынушылармен жасалған шаруашылық келісімшартты орындау тәртібімен өндіреді. Өнімнің бір бөлігін өзінің сату сауда желісі арқылы өндіре алады. Субъектінің маңызды міндеті –мөлшері, номенклатурасы, жеткізу мерзімі, өнімнің сапасы мен басқа да шарттар бойыншакелісімшарттық міндеттемелерді орындау болып табылады. Сатып алушыларға (әрбір өндірісші-кәсіпорын сонымен қатар сатып алушы да болады) жеткізілетін өнімдерге өз уақытылы төлемі жалпы республиканың экономикасының және әрбір субъектінің тұрақты жұмыс істеуінің бірден бір шарты болып табылады.

Дайын өнімді синтетикалық есепте іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша бағалайды: ал аналитикалық есепте – келісімшарттық құн немесе жоспарлы өзіндік құн бола алатын, нақты бағасы бойынша бағалайды. Іс жүзіндегі және жоспарлы өнімнің өзіндік құнының немесе іс жүзіндегі өзіндік құнымен келісімшарттық құн арасындағы айырмашылығын жеке есептейді.

Бухгалтерлік есепте дайын өнімді бағалаудың келесі түрлері қолданылады:

- өндірістік өзіндік құн (жоспарлы, іс жүзіндегі), бұнда дайын өнімді өндіруге кеткен барлық өндірістік шығындар кіреді;

- толық өзіндік құн (жоспарлы, іс жүзіндегі), бұл коммерциялық шығындармен қоса (өндірумен, жарнама және басқа да сатып алушылармен өтелінбеген байланысты шығындар) өндірістік өзіндік құннан тұрады;

- кәсіпорынның келісімшарттық құны бойынша;

- бөлшек баға бойынша –қоғамдық тамақтану кәсіпорыны мен бөлшек сауда желісі арқылы өндірілетін және кең нарыққа келіп түсетін жеке тұтынудағы тауарлар бағасы бойынша. Олар сауда қосымшасымен келісім құнынан тұрады, ол сауда ұйымдарының табысының пайда болуы мен шығындар айналымын жабу үшін жүргізіледі.

Сату бағасын құрған кезде франкені көрсетеді, яғни әр бір жерге дейін (кімнің шотына) өнімді тиеумен байланысты шығындар сомасын өтеу жүргізіледі;тағайындау франко-станциясы, (кемежай) – жабдықтаушы тағайындау станциясы (кемежай) дейін өнімді тиеу бойынша шығындарды өтейді, яғни бұл шығындар өнімнің сату бағасына кіреді; тағайындау франко-станциясы (кемежай) – жабдықтаушы өнімді жөнелту станциясыны дейінгі кеткен және вагондарға тиеу бойынша шығындарды өтейді, қалған шығындарды сатып алушы өзі өтейді (жабдықтаушы станциясынан бастап өз станциясына дейін және қоймаға дейінгі жеткізу).Жеткізу келісімшарттары жабдықтаушының франко-қоймасына құрылуы мүмкін (жабдықтаушы өткізу бойынша шығындарын өтемейді) және сатып алушының франко-қоймасы (өнімді қоймаға дейін жеткізіп салудың барлық шығындарын жабдықтаушы өтейді).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]