- •1 Кабель өнім өндірісінің ұйымдастырушылық- технологиялық ерекшеліктерімен оның есепке әсер етуі
- •1.1 Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
- •1.2 «Интелкабель» жшс қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
- •1.3 «Интелкабель» жшс бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
- •2 «Интелкабель» жшс қазіргі заман талаптарына сай дайын өнім өткізу мен шығару есебі
- •2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау
- •2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомосі
- •Журнал-ордері № 11
- •Қаржылық есептілік
- •2.3 Тиелген өнімнің қозғалысының есепке алу ведомосін қолдану
- •3 Дайын өнім өткізу және оны шығарудың талдауы мен аудиті
- •3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
- •Талдау объектілері
- •7 Сурет – Өнім өндірісінің және өткізу көлемін талдау
- •3.2 Дайын өнімді шығару және өткізудің аудиторлық тексерісі
- •3.3 «Интелкабель» жшс-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
- •Кабельді шығару туралы есебі
- •1320 «Дайын өнім» шотының карточкасы
- •1320 «Дайын өнім» шотын талдау
- •Айналым сальдолық ведомосі
- •Қаржылық есептілік
1.3 «Интелкабель» жшс бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары мен әдістемелік нұсқауларға негіздемелік қағидалар мен ережелер бекітілген, қаржылық және басқару есебін жүргізу әдістемелерімен тәсілдерінің жалпылама танылатын ортасы анықталған, олар әрбір жеке кәсіпорындарда нақтыланған болуы керек, оның қызмет ерекшелігімен пайда болу шартынан шыға келе, техникалық басқару базасы бар, басқару персоналының біліктілігімен оның шешетін мәселесінің қаншалықты қиын дәрежеде екенін. Кәсіпорынның таңдаулы әдістер жиынтығын алғашқы бақылауын жүзеге асыру, құн өлшемі, ағымдағы топтамалармен шаруашылық қызметінің жалпылама қорытынды айғақтары кәсіпорынның есеп саясатында көрсетілуі керек.
Есеп саясатының құрылуы – бұл бухгалтерлік есеп жүргізудің белгілі әдістер жиынтығының кейбірін таңдау. Басқаша айтқанда, есеп саясаты – бұл алғашқы бақылауды жүзеге асыру тәртібі, құн өлшемі, ағымдағы топтамалармен шаруашылық қызметінің жалпылама қорытынды айғақтары немесе бухгалтерлік есепті өңдеу әдісі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін регламентін белгілейтін, ортақ қағидалар мен ережелер нормативті-құқықтық құжаттамамен бекітілген. Оларды өңдеу кезінде нақты кәсіпорынның есеп саясатында мақсатты келесідей мүмкіндіктен шыға келе:
— кәсіпорынның жекеленген мүлкі туралы (кәсіпорынның балансында заңға сәйкес оның жеке меншік мұлкі деп танылатын мүлкі ғана көрсетіледі, басқа да материалды құндылықтар, ақшалай қаражаттары мен міндеттемелері баланстан тыс есептелуі тиіс);
— қызметтің үздіксізділігі (есеп саясаты бойынша кәсіпорын өз қызметін ары қарай жүргізетінін, қызмет масштабының қысқартылуын жүзеге асыруы мен өзін өзі таратуына ниеті болмаған жағдайда ғана қандай да бір шешім қабылдайды);
— есеп саясатын қолданылудағы тізбектілігі (шаруашылық операцияларды бейнелейтін қабылданған әдістемесінің өзгеріссіздігі, мүлікті бағалау мен есепті кезең ағымындағы міндеттемелері; сонымен қатар бір жылдық есепті кезеңнен басқа жылға);
— шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықтылылығы (бұл фактімен байланысты іс жүзіндегі келіп түсуден және ақшалай қаражаттардың төленуінен тәуелсіз, есепті кезеңде өз орны болған фактілер жатады).
Есеп саясатының қабылдайтын басты мәселесімен негізгі міндеті – кәсіпорын қызметін максималды тәнік (адеквантті) бейнелеу, қызметті тиімді жүргізу мақсатында ол туралы толық объективті және шынайы ақпараттар құрау. Ол есептік процестерінің барлық жақтарын қамтуы қажет, яғни: әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық.
Әдістемелік аспект мүлік пен міндеттемелерді бағалаудың, амортизация есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нақты қандай әдісінкәсіпорын қолданатынын түсіндіреді; техникалық – есептік регистрлерде, синтетикалық шоттар схемасында бұл әдістердің қалай қалыптасатынын; ұйымдастырушылық –бухгалтерлік қызмет көзқарасы жағынан бұл әдістердің қалай жүзеге асырылатыны.
Есеп саясатының әдістемелік бөлімі кейбір белгілі бір бірнеше рұқсат етілген бухгалтерлік есеп Стандарттарыменбухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін таңдау жолымен құрылады. Егер объектілердің есебін жүргізу әдістері стандарттармен құрылмаған болса, кәсіпорын өзі бухгалтерлік есеп пен нормативтік актілерге сәйкес процедураларды жүзеге асырады. Кәсіпорын өз еркімен келесі бухгалтерлік есеп жағдайлары бойынша шешім қабылдайды:
№6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп Стандарты немесе №16 «Негізгі құралдар» қаржылық халықаралық есеп стандарты әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес келіп түскен негізгі құралдар объектілерін бағалау, негізгі құралдар объектілерінің алғашқы құны оларды сатып алуға және жөндеуге кеткен іс жүзіндегі шығындар; құрылтайшылардың өзара тағайындаған құны бойынша салымдары; қайтарымсыз келіп түскен объектілер, эксперттік жолмен немесе қабылдау-тапсыру актісі бойынша; іс жүзіндегі шығындар сомасы бойынша субъектінің өзімен дайындалған негізгі құралдар; айырбас операциясы кезіндегі келіп түскен объектілердің құны ағымдағы келіп түскен активтер құнымен өлшенеді, ол ағымдағы жөнелтілген құнға тең;
Негізгі құралдар амортизациясы –БЕС 6б. 15, 16 нұсқауларының әдістемелеріне сәйкес амортизация есептеудің келесі әдістерінің бірі қолданылуы мүмкін: құнның біркелкі істен шығарылу әдісі (тікелей), орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды істен шығару әдісі (өндірістік әдіс), сандар сомасы бойынша құнды істен шығару әдісі (кумулятивтік) және қалдық құнды азайту әдісі. Екі не одан да көп әдісін қолданған жағдайда, негізгі құралдың қай түріне амортизация есептеудің қай әдісі қолданылғанын көрсету керек. Негізгі құралдар объектісінің бір түрі бойынша амортизация есептеу кезінде әртүрлі әдістерді қолдану мүмкін емес; пайдалы қызмет ету мерзімі –негізгі құралдарды пайдаланудан мүмкін болатын экономикалық пайда алу кезеңі; пайдалы қызмет ету мерзімінің соңында негізгі құралдарды тарату кезінде пайда болатын лом, қалдық, қорлардың тарату құны;
Негізгі құралдарды жөндеу –негізгі құралдар объектілеріне жөндеудің қандай түрін және қандай уақытта жүргізу керектігін кәсіпорын өз бетімен шешім қабылдайды; негізгі құралдарға кеткен шығындар резервін құру мәселесін өзі шешеді;
— материалды емес активтер амортизациясы –кәсіпорын материалды емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін және оларға амортизация есептеу әдістерін өз бетімен тағайындауға құқылы;
—алдағы уақыт шығындары – нақты уақытын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, алдағы уақыттағы шығындар өнімнің (жұмыс, қызмет)өзіндік құнына жатқызылуы керек немесе басқа да қайнар көздерінен (таукен жұмыстарын жүргізуге кеткен шығындар, жаңа өнім түрін меңгеруге кеткен шығындар, жерді қайта өңдеуге кеткен шығындар және т.б.) есептен шығарылуыкерек, есептен шығарылу тәртібімен уақытын кәсіпорын өзі анықтайды;
—келешек шығындары мен төлемдер резерві – кәсіпорын қандай көлемде және қандай резервтер құруға шешім қабылдайды (кезекті демалысқа төлеуге резервтер, жұмысына лайық сыйақылар төлеу, негізгі құралдар жөндеу шығындары, маусымдық және басқа да салалардағы дайындық жұмыстарын жүргізуге өндірістік шығындар), олардың қолдану тәртібін анықтайды;
—күмәнді міндеттемелер бойынша резервтер – кәсіпорын дебиторлық берешектерді түгендеудегі мәліметтер негізінде қандай міндеттемелер күмәнді болып табылатынын және резервке жатқызылуын анықтайды, резерв құру әдісін өзі тағайындайды;
— қаржылық инвестициялар – кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қандай құн бойынша есептеуді шешеді: сатып алу құны, қайта бағалау немесе ағымдағы құнмен, сатып алу құнының ең төмен бағалау бойынша; қаржылық инвестицияларды қайта бағалауын қалай жүргізілуін; табыс немесе таратылмаған табыс сияқты, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау құнын қалай бейнелейтінін. Ішкi, тәуелдi және сонымен бiрге тексерiлетiн шаруашылық серiктестiктер инвестициялары бойынша кәсіпорын инвестиция есептеу әдісін анықтайды: ішкі қатысу әдісін (сатып алынған кезде инвестициялар келешектегі өсу (кему) құны бойынша бейнеленеді, тәуелді шаруашылық серіктестіктердің таза активтерінің өзгерісі нвесторлардың салымын шамасы бойынша танылады немесе құн әдісі (инвестиция сатып алынған кезде сатып алу құны бойынша бейнеленеді);
— табысты мойындау – №5 «Табыс» бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес табыс келесі шарттарды орындаған кезде танылады: табыс сомасы үлкен шынайылық дәрежесімен бағаланады; мәмілемен байланысты экономикалық пайда субъектпен алынатындығы туралы ықтималдылық бар. Жалпы қағидалардан басқа шаруашылық операциялардың жеке түрі бойынша табысты мойындау Қосымша шарты қарастырылған:
— тауарларды өңдеу бойынша–субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беруі; мәміле бойынша іс жүзіндегі немесе келешек шығындары;
— қызмет көрсету бойынша–есепті кезең соңына мәміленің аяқталу стадиясы үлкен ақиқаттылық дәрежесімен анықталады; мәміле жүргізу кезіндегі шығындар үлкен ақиқаттылық дәрежесімен бағаланады;
— пайыз түріндегі табыстар, дивиденттер –уақытша байланыс негізінде активтен түскен пайданы есепке алатынпайыз танылу керек; келісім мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша роялти танылу керек; роялтиакционердің алу құқығы құрылған кездетанылу керек.
Жоғарғы аталғандардың барлық шарттарында есептеу әдісі бойынша табыстың танылуы көзделеді.
Есеп саясатының техникалық бөлімін жасаған кезде келесі мәселелер қарастырылу керек:
Материалдар есебі. Өндіріске жатқызылатын, материалдық ресурстардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтау әдісі туралы шешім қабылдау керек: орташа құн өлшем әдісі, алғашқы сатып алған уақыты бойынша өзіндік құн (ФИФО әдісі), немесе сатып алынатын материалдардың бірлік өзіндік құны бойынша (ерекше теңестірулер). Шаруашылық субъектімен материалдық (тауарлы) ресурстарды бағалау әдісінің тек қана бір түрі таңдалуы мүмкін, ол тауарлы-материалды қорлардың барлық түріне қолданылу қажет;
Басқару есебі. Айта кететін жайт, берілген есептің мәліметтері кәсіпорынның сыртқы тұтынушылардың кең ауқымына арналмаған, оларды ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында қолданады, тиісті есептік және есеп беру регистрлеріні бірегейлендіруіне арнайы талаптар күші жоқ. Кәсіпорын басқару есебін Бас жоспар шоттарында келтірілген синтетикалық шоттарды қолдана отырып жүргізе алады немесеоларға қосымша немесе жеке өндірістік шоттар жүйесін қолдана алады. Жеке шоттар жүйесінде калькуляциялық есебін жүргізетін, схеманы таңдай отырып, өндірістік қызмет, құрылым, басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерінен шыға келе, кәсіпорын оны қолданудың құрамы мен әдістемесін өз бетімен құрады;
— өндіріске кеткен шығындар есебімен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі. Кәсіпорын тура және жанама шығындар тәртібін, объектінің калькуляциясы мен есебін анықтайды. Негізгі қызмет түрінің сипатына байланысты кәсіпорыншығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялауда өндірістік өңдеу (попередельный) әдісін, тапсырыстық әдісін (позаказный) немесе нормативтік әдісін (нормативный) таңдай алады. Таңдалған әдістің ішінде шалафабрикаттық немесе шалаемесфабрикаттық нұсқасын қолдана отырып салыстырмалы есеп жүргізуге болады;
— жанама шығындардың есебі мен таратылуы. Кәсіпорын өндірістік қызмет ерекшеліктеріне сәйкес №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» (халықаралық қаржылық есеп стандартында №2 «Қорлар») бухгалтерлік есеп Стандарт әдістемелік нұсқауында келтірілген жанама шығындарды құрайтын шығындар тізіміне қосымшалар мен өзгерістер еңгізуге құқылы; жеке субшоттар оқшауланған есебі қолданылуы мүмкін көлік пен құрылғыларды жөндеу мен ұстауға кеткен шығындар, цехтік көлікті ұстауға кеткен шығындар, өндірістік дайындық және және басқа да жағдайларды меңгеру, олардың көлемі қосымша шығындар құрамында маңызды үлес салмағын құрайды; қосымша шығындардың сметалық ставкасы әдістемесінің есебі мен тарату тәртібі көрсетіледі: қосымша шығындардың нормативті көлеміне пропорционалды, жоспарлы калькуляцияға қосылған, материалдардың тура шығынына пропорционалды, тура іс жүзіндегі еңбек ақы төлеу шығындарына пропорционалды, немесе жанама шығындарды тарату экономикалық әдістемесінің қысқартылған түрін қолдану, мысалы күрделі коэфиициент бойынша, тұтынушылық талаптарға сәйкес өнімді өңдеуге кеткен шығындарды анықтайды;
Мүлік пен міндеттемелерді түгендеу. Басты түгендеуден басқа іс жүзіндегі бағалықтардың бар болуына қосымша тексерулер жүргізілуі мүмкін. Осылайша кәсіпорын түгендеу жүргізудің күнімен кезеңін, сонымен қатар тексеріске жататын мүлік пен міндеттемелер тізімінқұрайды;
бухгалтерлік есеп формасы. Кәсіпорын есеп регистрінің тізімі мен құрылуын, ондағы жазу техникасын, қайталануын және байланысын анықтай отырып бухгалтерлік есеп формасын өз еркімен таңдайды. Есеп формасын таңдау кезінде көптеген кәсіпорындар ақпаратты өңдеуде машиналық технологияға жүгінеді, бұл бухгалтерлік есеп жүргізу формасының біреуін қолдануға мүмкіндік береді: бірегей журнал ордері, мемориалды ордер немесе қысқартылған форма;
—жұмыс шоттар жоспары. Бас шоттар жоспарын басшылыққа ала отырып кәсіпорын синтетикалық шоттар қосып жеке меншік жұмыс шоттар жоспарын құру керек, бұл қаржылық-шаруашылық қызметін, кәсіпорынның қаржылық және мүліктікжағдайынкөрсету үшін қажет. Осыдан кейін субшоттар тізімін жасайды, оларды жұмыс шоттар жоспарына кіретін синтетикалық шоттарға ашу керек. Кәсіпорын аналитикалық есеп объектілерінің есебі мен кодының мағынасын сипаттайтын толық номенклатурасын құрайды. Осылайша есептілік, бақылау, талдау мен басқару мәселелерін есепке алады.Шаруашылық қызметтің спецификалық операциялармен мен басқа фактілер туындаған жағдайда шоттар корреспонденцияна Жұмыс шоттар жоспарын қолдану бойынша Нұсқауда көрсетілмеген, кәсіпорын коррсепонденцияның типтік схемаларын толықтыруға құқылы. Бұның жалғыз шарты болып Бас шоттар жоспарында тіркелген негізгі методолгогиялық қағидаларды ұстану болып табылады;
— ішкіөндірістілік есептілік. Есеп беру формасы мен құрамын, мезгілділігін, құралған күні мен тапсыруын, құрылуы мен бақылануына жауаптыны, сонымен қатар потенциалды тұтынушыларды анықтай отырып, барлық ішкі есептілік жүргізу мәселелерін кәсіпорын өзі шешеді.
Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлімі келесі мәселеллерді қарастыру жолымен құрылады:
— бухгалтерлік қызметтің ұйымдастырушылық формасы мен құрылымы. Кәсіпорын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерияның болу не болмауын, есеп жүргізуін арнайы ұйымға тапсыруын немесе сәйкесінше келісімшартпен арнайы маман жалға алу алмауын өзі шешеді; бухгалтерлік қызметтің қалай ұйымдастырылу керектігін, яғни маманардың саны қанша болу керктігін, қандай бөлімшелердің (топ, сектор) болуын (есептілік, материалды, өндірістік, салыстырмалы және басқа да бөлімшелер), және олардың қаншалықты бағынатындығы. Кез келген жағдайда кәсіпорынның басшысының міндетіне бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін маңызды шарттар құру кіреді;
— есептің орталықтандырылу деңгейі. Қызметтің нақты шарттарына байланысты кәсіпорынныңбарлық есеп жұмыстары бөлімшелеріне тұтастай жұмылдырылған кезде есеп орталықтандырылған форма бойынша құрылуы мүмкін;орталықтандырылмаған форма бойынша орталықтандырылған бухгалтериямен қатар жеке бөлімшелерде жұмыстарының соңғы циклын жүргізетін жеке есеп бухгалтериялар құрады, жеке баланс құрғанға дейін, активтер мен пассивтерін кәсіпорынның жалпы балансына жататын, немесе аралас форма бойынша бухгалтерлік қызмет бөлімшелері талдау жұмыстың жартысын ғана орындаған кезде;
— ішкіөндірістік бақылау. Кәсіпорын ішкі өндірістік жүйенің қандай болуы керек екендігін өзі шешеді, оның ең тиімді элементтерін анықтайды, олардың арасынан әрбір жұмысшының алғашқы құжаттарды дұрыс толтыруын және дер кезінде тапсырылуына жауапкершілік танытатынын ерекшелеуге болады. Ішкі және шығу есеп құжаттарына қол қою құқығы бар, жауапты тұлғалар ортасын анықтайтын, қатал есептілік бланктерін қолданылатын, оларға кәсіпорын шешімімен белгілі бір бағалықтар айналымын анықтайтын кез келген алғашқы құжаттар бланкісі жатқызылуы мүмкін; бағалықтардың сақталуына мүмкіндік береді; шаруашылық қызметтің бухгалтериясына ревизиялық комиссиямен, ішкі аудит қызметпен, тәуелсіз аудиторлық ұйыммен, немесе кәсіпорынның шешімімен басқа да уәкілеттіжеке тұлғалармен кездейсоқ тексерістер жүргізу тәртібін құрайды; шаруашылық қызметтің қазіргі заман талабына сай бағытта және біліктілігін көтеру мақсатында басқару персоналын орта және жоғары білім беру жүйесін ұйымдастырады; басқа да персоналдармен қайтадан жұмысқа алынған мамандар арасында сәйкес нұсқау жүргізеді.
Есеп саясатын таңдау барысында, қабылданатын шешімнің дербестілігі, танымал талаптар мен қағидалардан шығу керек, оларды ұстану жалпы республика бойынша кәсіпорында пайда болған есеп саясаты мен шаруашылық жағдайдың аддекваттылығына қол жеткізуге мүмкіндік тудырады. Есеп саясатын құру кезіндегі негізгі талаптар мен қағидалар бухгалтерлік есеп стандартында №1 «Есеп саясаты және оны ашу» немесе қаржылық халықаралық есеп стандарты №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» анық көрсетілген.
Көбінесе есеп саясатын құрған кезде кәсіпорынның мүлкі ме міндеттемелері осы кәсіпорынның меншік иелерінің мүлкі мен міндеттемелерінен жеке жүзеге асатынына көңіл бөлу керек, (оқшауланған мүлік қағидасы), кәсіпорын өз қызметін кейін ары қарай жалғастыратыны нақты болу шарт, яғни өзін өзі тарату немесе қызмет масштабын қысқарту деген сияқты ниетінің болмауы, кәсіпорынмен таңдалған бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері бір есепті кезеңнен басқа мүмкін болған дәлелденген және мақсатты түзетулер шаруашылық жағдайының өзгерісі жағдайында қолданылады, шаруашылық қызметтің барлық фактілері олар өз орны болған есепті кезеңге жатады. Бұдан басқа келесідей талаптарды ұстану қажет:
бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметтің барлық фактілердің толық бейнеленуі.
Көрсетілген қағиалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есеп саясатын қабылдау мен өңдеудің негізгі мәселесіболуы тиіс. Олардың жеткіліксіз негіздеорындалмауы кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесінің бейнесін бұзуы мүмкін, ал белгілі шарттарда бухгалтерлік есептің теріс жүргізілуін көрсетуі мүмкін.
Есеп саясаты дегеніміз – бұл басқарушы субъектімен қабылданған қағидалармен негіздемелерге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуі мен қаржылық есептілікті ашуы үшін арналған әдістердің жиынтығы. [1].
Кез келген ұйым есеп саясатын барлық қаржылық есептілік қолданылатын әрбір Халықаралық Қаржылық есеп стандартына (Халықаралық Қаржылық есеп стандарты №1 «Қаржылық есепті ұсыну») сәйкестаңдау және қолдану керек. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң басқармасы есеп саясатын құрған кезде осы стандартты ұстанады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС есептілік пен берілген Есеп саясатын келесі адресаттарына қатысты бөлігінде есеп саясатысын есеп беру өкiлдiк етедi:
а) иесiне - жалпы құрылтайшылардыңжиналысында, талап бойынша кез келген мерзiмге және кез келген көлемде;
б) бекітілген көлем мен белгіленген мерзімде тiркеудiң орны бойынша салық инспекциясы;
в) бекітілген көлем мен белгіленген мерзімде аймақтық орналасқан жері бойынша ұлттық статистикалық агентке;
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС басқару құрылымы келесідей түрде көрінеді. Басқарманың ағымдағы қызметі К.Ю.Цхебас директормен жүзеге асады. Ол серіктестік атынан қызығушылықтарын ұсынады, мәмілелер жасайды, штатты бекітеді, бұйрық мен жарлықтар шығарады және «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС барлық жұмысшыларына орындаулары үшін міндетті бұйрықтар береді.
Сонымен, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС бухгалтерлік есебі бекітілген заң тәртібіне сәйкес бухгалтерияда жүргізіледі. Есеп автоматтандырылған формада «1С Кәсіпорын 8.0» бағдарламасын қолданылу арқылы жүргізіледі. Есеп жүргізу барысында дербес компьютерде келесілер қамтамасыз етіледі:
а) жеке журналда жауапты тұлғамен қол қойылатын әрбір ай сайынғы бухгалтерлік есеп мәліметтерін басып шығаруға жіберу (касса, банк, шот бойынша айналым-сальдолық ведомость);
б) пароль арқылы магнитты таспада рұқсат етілмеген доступта есеп мәліметтерін сақтау;
в) әрбір айдың соңындағы есеп мәліметтері бар дискетаның қосымша данасының бар болуы.
