- •1 Кабель өнім өндірісінің ұйымдастырушылық- технологиялық ерекшеліктерімен оның есепке әсер етуі
- •1.1 Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
- •1.2 «Интелкабель» жшс қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
- •1.3 «Интелкабель» жшс бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
- •2 «Интелкабель» жшс қазіргі заман талаптарына сай дайын өнім өткізу мен шығару есебі
- •2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау
- •2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі
- •Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомосі
- •Журнал-ордері № 11
- •Қаржылық есептілік
- •2.3 Тиелген өнімнің қозғалысының есепке алу ведомосін қолдану
- •3 Дайын өнім өткізу және оны шығарудың талдауы мен аудиті
- •3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
- •Талдау объектілері
- •7 Сурет – Өнім өндірісінің және өткізу көлемін талдау
- •3.2 Дайын өнімді шығару және өткізудің аудиторлық тексерісі
- •3.3 «Интелкабель» жшс-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
- •Кабельді шығару туралы есебі
- •1320 «Дайын өнім» шотының карточкасы
- •1320 «Дайын өнім» шотын талдау
- •Айналым сальдолық ведомосі
- •Қаржылық есептілік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КАБЕЛЬ ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ
Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС бухгалтерлік есебін ұйымдастыруы мен есеп саясаты
2 «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАЙЫН ӨНІМ ӨТКІЗУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІ
2.1 Дайын өнім мәні және оны бағалау
2.2 Дайын өнім шығару және өткізу есебі
2.3 Тиелген өнімнің қозғалысының есепке алу ведомосін қолдану
3 ДАЙЫН ӨНІМ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУДЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІ
3.1 Дайын өнімді шығару және өткізудің талдауы
3.2 Дайын өнімді шығару және өткізудің аудиторлық тексерісі
3.3 «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру және оны өткізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Өндірістік кәсіпорындардың негізгі мақсаты халықтың сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістік өнім көлемінің өсу деңгейі мен сапасының жоғарылауы кәсіпорынның табыстылығының өсуі мен рентабельділігіне әсер етеді. Кәсiпорындар ассортиментке, санға және сапа бойынша iшiне алынған келiсiм шарттары бар қатал сәйкестiкте, игерiлген жоспарлы тапсырмаларымен өнiмдердi шығарылатын өнiмнiң көлемiнiң үлкеюi, оның ассортиментiнiң кеңейтуi және сапаны жақсарту мәселелеріне, нарықтың сұранысын зерттей отырып өнім өндіреді.
Берілген шарттарда өңделген келісімшартқа басты назар аударылады, яғни кәсіпорынның шаруашылық қызметінің дұрыс жоспарлануы, тиімділікті анықтайтын жұмыстың ең маңызды экономикалық көрсеткіштеріне көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның есепайырысу шотына төлем төленген немесе төленбеген жағдайға тәуелсіз өндіріс көлемiне тиелген және жіберілген өнім қосылады.
Сайып келгенде, өндірістік процесс кәсіпорынның шаруашылық құрылымының айналымдылығын аяқтайды, бұл оған мемлекеттік бюджеттің, банктердің суддасы бойынша, қызметкерлер мен жұмысшылардың, жабдықтаушылардың алдындағы берешектерін жабуға және өндірістік шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Өндірістік жоспардың орындалмауы, айналым құралдарының айналымдылығының баяулатады, сатып алушылармен жасалған келісімшарттың орындалмау себебінен айыппұлдар төлеуін, төлемдерді кешіктіріп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады.
Дайын өнім - кәсіпорында жасалып шыққан, өңдеудің барлық сатыларынан өткен және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер.
Дайын өнiмнiң бухгалтерлiк есебiнiң басты мәселелері болып келесілер табылады:
- қоймадағы, тоңазытқыштағы және де басқа да сақтайтын орындардағы дайын өнім айналымының қолда бар болуының дұрыс және уақытылы есебі;
- жеткізілуі бойынша міндеттемелері мен шығарылған өнімнің көлемі, ассортименті, сапасы бойынша жоспардың орындалуын бақылау;
- қойылған лимиттермен дайын өнімнің сақталуын бақылау;
- өндірілген өнімге уақытылы төлемі мен өндірілген өнімнің жоспарының орындалуын бақылау;
- өнімнің жеке түрлерімен барлық өнімнің рентабельділігін шығару.
Дайын өнім материалды жауапты тұлғаға қоймаға тапсырылуы тиіс. Техникалық себептерден қоймаға тапсырыла алмайтын ірі бұйымдар мен өнімдер өндірілетін, іріктеп жинақтау және құрастыру орында тапсырысшының өкілімен қабылданады.
Дайын өнімнің есебімен жоспарлануын натуралды, шартты натуралды және құндық көрсеткіштерде жүргізіледі. Шартты - натуралды көрсеткiштерді бiркелкi өнiм туралы қорытынды мәлiметтер алуы үшiн қолданады.
Мысалы, істеп шығарылған каустикалық соданың саны тонна шартты салмақта белгіленеді, ал консервтікі шартты банкілерді және т.б.
Берілген дипломдық жұмыста өндіріс есебімен, өнім өткізумен байланысты мәселелер қарастырылған (жұмыс, қызмет, өткізуден түскен табыстың құрастырылыуымен оның есепте көрсетілуі, ал маңызды моменті болып өткізілген өнімге аудиторлық тексеру жүргізу ерекшелігі болып табылады). Өткізілген өнім көлемінің дұрыс есебі, өнімнің дер кезінде төленуімен тиеу есебінің дұрыстылығы – бұл дұрыс құрастырылған табыстылық нәтижесі, демек, салықтың да дұрыс есептелуі.
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мәселесі өткізілетін өнім есеп жүргізілуіндегі кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша және ішкі есеппен бақылау жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айту болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында менің алдымда келесі мақсат тұрды – дайын өнім қозғалысын және оны өткізу есебін тереңірек ашу, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –ң мәліметтері негізінде талдауын жүзеге асыру және берілген актив түрінің импорт тәртібін анықтау болды.
Кез келген кәсіпорынның негізгі қайнар көзі болып дайын өнім табылады, сондықтан кәсіпорынның дайын өнім есебінің жүргізілуіне басты назар аудару қажет.
Берілген дипломдық жұмыстың зерттейтін объектісі болып «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС табылады.
Ұйымның активтердің бір бөлігі ретінде ағымдағы активтерінің есебі мен талдау мәселелері З.Н. Ажибаева,М.И. Безруких, К.Ш. Дюсембаев, М.С. Ержанова, Радостовец және тағы басқа авторлардың еңбектерінде қарастырылған. Сонымен қатар дипломдық жұмыста отандық және шет ел жұмыстары мен ағымдағы активтерді есепке алу төңірегіндегі әдістемелері, алғашқы бухгалтерлік құжаттар қолданылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Берілген жұмыс компьютер мәтінінде 57 бетте жазылған, бұнда 11 кесте, 11 сурет, 10 формула мен 3 қосымша бар.
1 Кабель өнім өндірісінің ұйымдастырушылық- технологиялық ерекшеліктерімен оның есепке әсер етуі
1.1 Есепті ұйымдастыруға әсер ететін кабель өндірісінің ерекшеліктері
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 24 сәуір 2003 жылы қайта тіркелген СП «ХЕС – Казахстанкабель»-ң құқылы өкілеті болып табылады, ол «ХЕС Хаджиляр Электрик Санай ви Тиджарет А.С.» деген белгілі түрік мамандарымен бірге 1992 жылы құрылған. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 13 жыл бойы Қазақстан Республикасы аумағында жетекші өндірісші және отандық телефон кабелі өндірісшісі болып табылады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің құрылтайшысы болып құрылтай келісімшартында аты аталған Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы жеке тұлға табылады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС жеке меншік формадағы коммерциялық ұйым болып табылады. Бұл серіктестіктің Жарғысында 1998 жылы 1 қыркүйекте құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітілген.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС мемлекеттік тіркеуден бастап заңды тұлға болып табылады, өз оқшауланған мүлкі, балансы, мөрі бар, есеп айырысу, ағымдағы, валюталық және басқа шоттар аша алады, белгіленген тәртіпте бекітілген өз атауы белгіленген штампы мен басқа да реквизиттері бар, өз атынан келісімшарттарға отыра алады, мүліктік және мүліктік емес құқықты сатып ала алады және оған жауапкершілік таныта алады, соттарда арызданушы және жауапты бола алады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС өз қызметінде Қазақстан Республикасының заң актілерін, Республика Үкіметінің заң актілерін, халықаралық нормаларын, уәкілеті органдардың нормативті актілерін, ұйымның ішкі құжаттарымен Жарғысын негізге ала отырып жұмыс істейді. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС-нің жұмыс тілі қазақ және орыс тілі болып табылады. Қызметпен байланысты барлық құжаттар осы екі тілдің бірінде құралады немесе қажет болған жағдайда басқа тілге аударылады.
Кәсіпорының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсiп торабы, Би-Боранбай көшесі, 93. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС нің қызмет ету мерзімі шектеусіз.
Бухгалтериясы. Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның қаржылық басқару құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтерге бағынады. Басты мәселе – кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін қамтамасыз ету.Келіп түскен шикізаттармен материалдарды, дайын өнімнің шығуын, ақша қаражаттарының айналысын, қызметкерге еңбекақы төлеу, мердігерлерге жұмыс, қызмет көрсету және т.б. талдау мен бақылау жасаумен айналысады. Сонымен қоса келісімшарттарды тіркеу бойынша жұмыс жасайды, қаржы, салық органдарына бюджетпен есеп айырысу жөнінде есебін тапсырады, яғни бұл қызмет кәсіпорын үшін маңызды роль атқарады. Мұнда «1-С Бухгалтерия 8.0», «Қаржы» программалары қолданылады, ал банктермен жұмыс жасау үшін «Банк-клиент» программасы қолданылады.
Бас директор
Бас бухгалтер
Бухгалтер - банк
ТМҚ бухгалтер
Бухгалтерия – дайын өнім өткізу, өзіндік құны
Бухгалтерия –
әлеуметтік сала
Еңбекақы бойынша бухгалтер
Салық бойынша бухгалтер
Сурет 1 - «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС бухгалтериясының құрылымы
Бухгалтерия құрамына 6 адам кіреді, кәсіпорынның бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін қамтиды. Бухгалтерияның құрылымы 1 схемада көрсетілген.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-тің объектісі болып келесілер табылады:
ТНП және кабель өнімін шығару бойынша өндіріс қызметі;
коммерциялық, жарнамалық және маркетингтік қызмет;
кабель өнімін шығару және өткізумен басқа да халықтың сұранысындағы тауарлар шығару;
Қазақстан Республикасы аумағында және басқа шетелдерде заңды және жеке тұлғалармен мәмілелер жасау, келісімшартқа отыру, сонымен қатар сату-сатып алу, жалға беру, сақтандыру, сақтау, тиеу және т.б.;
Құрылыс, жатсыну, жалға беруді ҚР аумағында және басқа да шет елдердегі заңды тұлғаларға беру;
Маркетингтік, делдалдық, ақпараттық және брокерлік қызметтер көрсету;
Ұйымның коммерциялық қызметімен биржалық операциялар жасау;
Кәсіпорынның қоғамдық тамақтану орнын ұйымдастыру: кафе, мейрамхана, асхана, бөлшек сауда дүкендерінің желісі, ТНП мен азық-түліктер; мейманханалық, санаторий-курорттық, спорттық және туристтік кешендерді пайдалану және ұйымдастыру;
Белгіленген тәртіпте редакциялық-баспа қызметін жүзеге асыру;
Дәрістер, семинарлар, лизингтік операциялар, демалыс және іскерлік серіктестік, сынақ мерзімі, көрмелер, лотореялар, аукциондарды (бәсеке сауда) ұйымдастыру курстары;
Тауарлар өндірісі мен өткізу, кәсіпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға жұмыс, қызмет көрсету;
ҚР заңдылығымен сәйкес сыртқыэкономикалық қызмет;
Қазақстан Республикасы заңдылығына қайшы келмейтін басқа да қызмет.
Кәсіпорынның барлық өнімдері қазіргі заман талабына сай түрік және еуропа құрылғыларында алдыңғы қатарлы батыстық технологияда өндіріледі. Сапасы белгіленген ГОСТ стандартқа сәйкес. Кәсіпорынның Қазақстанда жалғыз аккредетивтік сынау орталығы бар, ол кабелдік-өткізгіш өнімді тексеру үшін арналған. Дайын өнім барлық нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сынаудан өтеді. Кәсіпорында ISO 9000 халықаралық сапа бақылау жүйесін сараптаудан өткізу үшін дайындау жұмыстары басталды.
Кабель өндірісінің технологиялық тізбегі төмендегі 2,3 суретте көрсетілген
Сымды сүйреу
Изоляцияны салуы
Пішілген затты бөлу
Кабелге шеттетілген жил құрылымы
Қабықтың салынуы
Кабелді орау
Кабелді сынау
Барабан қаптамасы
Сурет 2 – Кабелдің технологиялық тізімін дайындау
ВВГ 1,5 - 6,0 мм2
Сымды сүйреу
Жилді бұру
Изоляция салу
Кабелге шеттетілген жил құрылымы
Қабықтың салынуы
Кабелді орау
Кабелді сынау
Барабан қаптамасы
Сурет 3 - Кабелдің технологиялық тізімін дайындау
ВВГ от 10,0 до 16,0 мм2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС өнімі АҚ «Қазақтелеком»-ың барлық бөлімшелерімен Қазақстанның басқа да кәсіпорындарының сұранысына ие. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің АҚ «Қазақтелеком»-ға орталықтандырылған сатып алуларды енгізгеннен бастап кабелдік өнімді дайындаудан жыл сайын Тендердің жеңімпазы болып тұрады.
2011 жылға өткізу көлемі – 101300 мың теңгені құрады, өндіріс қуатының өсуі себебі негізінде өнімнің өткізу номенклатурасы да кеңейді. Кәсіпорында қазір жұмысшылардың жалпы саны 150 адамды құрайды, олардан 25 адам – инженер-техник маманы.
Бiздiң маркадағы өнiм металлургиялық, мұнай-газ, кен өндiру және алтын өндiретiн өнеркәсiп салаларына, сонымен бiрге телекоммуникация жүйесi мен көлiк кәсiпорындарына жіберіледі.
Жеткілікті жұмыс тәжірибеміз бар болғандықтан және нарықта белгілі атауымыз бар болғандықтан, біз жеткенмізіден тоқтамаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік желілердің локальді желісіне арналған кабель өндірісін жобалау жұмыстары жүріп жатыр, бұл шетел мемлекеттердің кабельмен жабдықтайтын мердігерлерімен қатал бәсеке шарттарында жүргізіліп жатыр. Қазақстандық нарықта өндіріс бойынша, бұл өнім түрін игеру бізге монополисттар позициясын ұстануға мүмкіндік береді.
Фирманың жоспарында іске асып жатқан өндірістің жаңғыруы мен байланыс телефон номенклатураларын, кабель қуатын және сым өндіруге арналған өндірістік аумақты кеңейту бар.
Сайып келгенде, кабельдің технологиялық тізбегі оның өлшемімен типінен (түр) тәуелді. Дайын өнімге айналу үшін ол үстіде көрсетілген суреттердегідей кезеңдер қатарынан өтеді.
