- •Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.
- •Тақырыбы: Көбелек (кляксография)
- •Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.
- •Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.
- •Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.
- •Сурет. Тақырыбы: Бұлт.
- •Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.
- •Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.
- •Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.
- •Тақырыбы: Жүзім бұтағы.
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.
- •Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
- •Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
- •Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"
- •Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.
- •Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
- •Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
- •Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).
- •Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
- •Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
- •Тақырыбы: "Анамның портреті"
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
- •Тақырыбы: Менің көңіл күйім.
- •Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.
- •Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.
- •Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.
- •Сурет салу Тақырыбы: Шөп.
- •Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.
- •Сурет. Көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).
- •Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.
- •Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.
- •Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)
- •Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.
- •Сурет салу Тақырыбы: Жайлау
- •Таңдаулы жұмыстар көрмесі.
Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
Сабақтың мақсаты. Әр түрлі көркем материалдарды қолдана отырып адамның бет бейнесін, көңіл күйін бере білуге қызығушылығын арттыру. Бейнеге жағымды қарым-қатынас туындату
Қажетті құралдар. Қарындаш, фломастер, түрлі түсті борлар, бет бейнесі әр түрлі портреттер.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Армысың алтын күн Армысың асыл жер Армысың көк аспан Армысың жан досым Жылуыма жылу қос Міне менің қолым бос |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балаларға портреттер көрсетеді. Олардың назарын портреттегі адамдардың жүзінің әр түрлігіне аударады. Суретті осы портреттерді салғанда адамдардың қандай көңіл күйіне бейнеленгенін сұрайды. Сергіту сәті Бүгін балалардың көңілді және көңілсіз қуыршақтардың жүздерін салатыны туралы айтады. Алдын ала тақтаға салынған сопақшаларға бірнеше әр түрлі көңіл күйі бейнеленген жүздерді салып, ернінің кабагының және көзінің орналасуындағы өзгерістерді түсіндіруге болады. Сабақ барысында (адамдардың) бас киімін. шашын және тағы басқаларын салған кезде адамдардың портреттеріне назар аударуды ұсыну. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балалар жұмыстарын талдау. Бала өз ойлағанын іске асыра алмағаны неліктен екенін талдау. "Бір-біріне тапсыру" мимикалық ойыны. Ойын 1. Көршіңе күлкіңді сыйла (шеңбер бойы) 2. "Ашуыңды" сыйла (ашуланған жүзді) 3. "Шошығаныңды" сыйла. 4. "Қорқынышыңды" сыйла. 5."Күлдіргіштігінде" сыйла.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Жұмбақ жасыру Ойын мимикалық тапсырмалар біткенше ойналады.
|
|
Пән аты сурет
Күні
Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
Сабақтың мақсаты: Балаларды әзіл - қалжыңды сезіне білуге баулу ой-қиялын дамыту Көңіл күйлерін көтеру қызықты бет бейне салуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Фломастер, ашық түсті қарындаштар ақ қағаз.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламын |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі Бір ауылда кемпір тұрады. Оның аты - Дарья Ивановна, оның Зорька деген сиыры болады. Дарья Ивановна сиырды сауып. жаңа сауған сүтті құмыраларға кұйып қояды. (құмыраны немесе оның суретін көрсетеді). Жазда қаладан Дарья Ивановнаның немересі Алеша келеді. Ол көңілді және беймаза еді. Алеша құмыраларға қарап еді, олар оған адам бастарына ұқсас болып көрінеді. Ол өз бояуларын алып келіп, әp құмыраға қызықты ұсқындарды салды. Біреуінде көзі бақырайған, қалпақ киген аспазшыны, екіншісінде жылауықты және көп-көп әр түрлі көңілді бейнелер салды. Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Дәптермен жұмыс Балалар әр түрлі бет бейнелерді қызықты, күлдіргі етіп түрлі бас киімдермен, әшекейлермен, көзілдірікпен, шашын да әртүрлі етіп бейнелеуді өздері ойлап табады. Балалар жұмыстарын талдау Дидактикалық ойың: "Бет - әлпеттің өзгерісі". Мақсаты. Балалардың коммуникативті қабілеттерін дамыту, пантомима жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиеші балаларды шеңбер жасай отырғызып, олармен бет-әлпеттің өзгерістері туралы әңгімелеседі. Әр түрлі жағдайларға кездескенде адамның бет-әлпетінін, түрінің өзгеретін түсіндіріп, бірнеше жағдаяттарды айтып, сол кезде бет-әлпеттің қалай болатынын айтып, көрсетуді ұсынады. Міне, жаңалық! Мен үйдің төбесінен құлап кете жаздадым! Әрбір баланын бет бейнесінде өзгеріс бар! Менің бет әлпетімнен қорқыныш, үрей сезіледі.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
|
|
Сынып
Күні
Пән аты сурет. Сабақтың тақырыбы: Көліктер.
Сабақтың мақсаты: Жүк таситын машинаның суретін салу дағдыларын қалыптастыру; жүк машинасын салуға шеткі сызықтарын анық қарындашты қатты бастыра отырып салу.
Қажетті құралдар: жүк машинасының және бірнеше көлік түрлерінің суреттері, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Жылулық шеңберін құрамыз
Шаттық шеңбері
Біз бақытты балдырған Қуанамыз шаттанып Ойнап күліп күнде біз Өсеміз біз бақшада
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп әңгімелеседі, олардың ерекшеліктеріне назар аударады. Солардың ішінде жүк машинасына тоқталып, оның құрылысына талдау жасап, суретін салудың ретін түсіндіреді. Сергіту сәті Алдымен кабинасы моторымен қоса, содан кейін рамасы, қорабы және дөңгелектерін дұрыс орналастыруға бағыт беріледі. Жұмбақтар жасыру. Жүйткіп келеді Даусы құлақ жарады Бұның аты не Оны кім біледі? (пойыз ) Жүк машинасының жеке бөліктерін бояуға түрлі түсті қарындаштардың түсін балалар өздері таңдап алады және сол түскен шеткі сызықтарын анықтап қатты бастыра сызып шығу керектігі ескертіледі. Сұрақ-жауап Суретпен жұмыс Әңгімелеу. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балаларға қарындашпен салынған суретті дұрыс бояй білуге бағыт беріледі (қарындашты бір бағытта, үзбей бояу және тегіс бояу білуге, ашық орын қалдырмауларын қадағалайды). Бояуы қанық, ашық болуы үшін, үстінен екінші рет тағы да бояп шығу ұсынылады. |
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалар жүк машинасының қосымша бөліктерін толықтырып салса, оларды мадақтайды.
|
|
Сынып
Күні
Пән аты сурет.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ою-өрнектері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері "балта", "тарақпен" және олардың суретін салу тәсілдерімен таныстыру; тұтынатын бұйымдарды осындай ою-өрнектерімен безендіру жолдарын көрсету; балалардың көркемдік талғамын дамыту;
Қажетті құралдар: ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық тұтынатын бұйымдар суреттері, бояулар, қылқалам, оны қоятын, су сүлгі.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Балаларға қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдарының бірнешеуін көрсетіп, олардың ою-өрнектеріне назар аударады. Осылардың ішінде "балта" және "тарақ" өрнектері қайда орналасқанын табуға тапсырма береді. Содан кейін балаларға дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады. Сергіту сәті Алдымен өрнектерде үстімен жүргізеді, содан кейін барып олардың суретін салып бояйды. Сурет салудың соңғы кезеңі осындай өрнектермен сандықты өрнектеу жұмысымен аяқталады. Ойындар Саусақпен ойнайын "Кім шапшаң " ойыны. Екі қырықаяқ жолмен қашып келеді. Бәрі қашып кетті. Бәрі бір-бірін қуып жетті. Осылай бір-бірін құшақтады. Біз оларды қуып жеттік. Қолдың саусақтарын жүргізіп, бір - бірінің иықтарынан ұстап, "құлып" жасайды. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Жұмыс барысында ерекшеліктеріне оны жасауда қандай әдіс-тәсілдер қолданатынына бақылау жасау. Өздері жасаған кесені тег істеуге, әдемілеп өрнектеуге бағыт береді. Ең жақсы жасалған және өздері ернектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалардың жұмыстарын талдау Балаларды мақтап мақтау.
|
|
Пән аты сурет
Күні Сынып дайындық
Сабақтың тақырыбы: Роботтар елінде.
Сабақтың мақсаты: Балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту, геометриялар пішіндерді қолдана отырып, жаңа бейненің суретін сала білуге баулу, түс үйлесімін сезінуге, таңдай білуге үйрету
Қажетті құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар, роботтар суреттері.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер құрайық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Барша жанды құрметтеп Бой иеміз біз
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Жұмбақ жасырады. Құрама темір Қолқабасы көк- Ғұлама темір. (робот) Сұрақ-жауап Жұмбақ шешуін айтқан соң роботтар суреттерін көрсетіп әңгімелейді. Суреттер жайындағы балалардың жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін анықтайды. - Балалар, сендер "роботтар еліне таң болсаңдар" немесе болашақта біздің айналамызда осындай роботтар көп болып қасымызда жүретін болса, роботтармен бірге кыдырып, олармен бірге өмір сүретін болсаңдар не істер едіңдер?! Ойланып көріңдерші! Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Балаларға геометриялық пішіндер арқылы роботтың суретін салу жолдарын көрсетеді. Олардың өздігінен ойлап таққан бейнелері болса мадақтайды. Шығармашылықпен ой-қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалар жұмыстарын талдау
|
|
Пән аты сурет
Сынып дайындық
Күні
Сабақтың тақырыбы: Ою- өрнек, қызғалдақ, сырмақ Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі "қызғалдақпен" таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: ою-өрнекпен безендірілген ұлттық тұтынатын бұйымдар суреті, бояу қылқалам, су, сүлгі.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламын |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіндерін сұрайды. Ою-өрнектердің бір түрі Қызғалдақ танысатындығын айтады. Аталған ою-өрнекті дәптерден көрсетіп, таныстырып, ерекшелігіне, суретті салу жолдарына тоқталып, дәптердегі нүктелер бойынша суретті сызып салып, оны әдемілеп бояуға тапсырма береді. Содан кейін осындай қызғалдақ өрнегімен әр түрлі заттарды әшекейлеуге болатынын айта келе, сырмақ пен тұскиіз туралы түсіндіреді. Бұл қазақтың - қолданбалы өнерінің қайталанбас туындылары және халық тұрмысының мақтанышы екенін айтады. Сергіту сәті Сырмақтың төрт түрі болатын олардың әрқайсының өзіндік орны, мәні болатынына тоқталады. Суреттермен жұмыс. Әңгімелеу. Мысалы: ақ сырмақ қадірлі қонақтарды сыйлап, күтіп алғанда төселетінін, ең үлкен сырмақ - көшеп жамылғы ретінде қолданылатынын т.б. әңгімелеп береді. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Балаларға сырмақты әшекейлеу тапсырылады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалар жұмысын талдау Сұрақтарға жауап беру. -Сырмақ неше түрі бар? -Қызғалдақ ою қандай болады? Балалардың жұмыстарын талдап мадақтау.
|
|
Пән аты бейнелеу
Күні
Сынып дайындық
Сабақтың тақырыбы Бетперде Сабақтың мақсаты: Адамның бет бейнесінің негізгі қатынасын сақтау білуді үйрету, қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: қағаздар, бояулар, гуашь бояу, қылқалам оны қоятын тұғырлар, бетперделердің үлгісі.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер құрамыз Сыңғыр, сыңғыр сырғалар Құлағымда ырғалар Оң қолымда білезік Сол қолымда білезік Саусақтарда сақина Қане санап көрсетші |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балаларға бетперделерді не үшін қолданатынын көрсетіп, әңгімелейді. 1. Парақ қағазды дәл ортасынан қарындашпен түзу сызып бөлеміз, жоғарғы және төменгі бөліктері бірдей болуы керек. Содан кейін, жоғарыдан төмен қарай түзу сызық жүргіземіз, яғни он және сол жағы бірдей тең болуы керек. 2. Бірінші жоғары бөлігіне көзі, екінші бөлігіне мұрны мен аузын орналастырамыз. Олардың бөрі де түрлі түсті сызықтармен өрнек тәрізді орналасады. 3. Көздің орнына көк түсті дөңгелектер саламын, мұрынның орнына екі жасыл тісті жолақ орналастырамын, ал ауыздың орнына қызыл түсті сопақша дөңгелек, яғни қияр болып келетін бейнені созып саламын. Көзі әдемі болып көрінуі үшін оған қара түсті дақтарды салу керек. 4. Бетперде әдемі болу үшін оның қалған бос бөліктерінің бәрін әшекейлеймін: маңдайы, жақтары т.б. Екі жағы симметриялы тең болып орналасуына көңіл бөлеміз. Сергіту сәті Балаларға бетперде жасаудың екі түрлі жолдарын ұсынуға болады. 1. Парақ қағаз ою-өрнек элементтеріне қолдану арқылы әдемі бетпердеге айналатын болсын. 2. Алдымен бетперденің контур сызығын содан кейін контурға қатысты элементтерді салу керек.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Ойын «Кім жылдам» Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу Балалар жұмысын талдау
|
|
Пән аты бейнелеу
Күні
Сынып дайындық
Сабақтың тақырыбы Үй.
Сабақтың мақсаты: Балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру, түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Сурет салуға қызығушылығын аттыру.
Қажетті құралдар: әр түрлі үйлердің иллюстрациясы, қағаз, бояу, гуашь, қылқалам.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Ойын «Қай жерде тұрасың? » Әртүрлі үйлердің иллюстрациясын эстетикалық безендірулеріне назар аудару. Терезе, есік, шатырлардың көлеміне, қаланын пейзажын көрсету. Үйдің суретін салудың технологиясын түсіндіру. 1. Екі түзу сызық сызамыз - ол үйдің қабырғасы, үстінде шатыры болады. Қарындашты қатты баспаңдар, өте женіл жоғарыдан төменге қарай түзу сызық сызыңдар. 2. Паракты жоғары жағынан ортасына нүкте қойып, осы нүктеден әртүрлі жаққа екі сызық жүргіземіз. Үйдің шатыры дайын болды. Шатырды күрделірек етіп салуға болады. 3. Терезе және есіктің суретін саламыз. Караңдар мен әр түрлі етіп саламын. Қайсысы сендерге ұнайды, таңдап алыңдар. Сергіту сәті 4. Үйді өте ашық немесе өте қара бояумен бояуға болмайды. Бояуды ақ түспен араластыру қажет. Үй күлгін немесе ашық жасыл, көк болсын. 5. Ал енді үйді қалай тез бояуға болатынын қараңдар. Мен қылқаламды жоғарыдан төмен - терезе мен қабырғаның арасына, тағы бір рет осылай бояймын. Жарты қабырға боялды. Келесі жағынан терезені бояуға болады. 6. Қабаттардың арасына қылқалам онға, солға жылжиды. 7. Дөңгелек терезелер мен шатырдың жанын бояймыз. Балалардың өз бетінше жұмысы. Шатырдың астынан боялмаған жер қалдырып күрделі емес оюмен әшекейлеп, жұмысты күрделендіруге болады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Жұмбақтар жасыру. Аузы ,мұрны жоқ отау. ( жұмыртқа) Балалардың жұмысын талдау Баларды мақтап мадақтау.
|
|
Сынып дайындық
Күні
Пән аты сурет
Сабақтың тақырыбы: Көше
Сабақтың мақсаты: Қала суретіне көз жүгірте отырып, көрген, болған жағдайларды қағаз бетіне түсіру.
Қажетті құралдар: Қаланың көрінісі, қағаз, бояу, қылқалам.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Қала, ауыл туралы әңгімелеу (иллюстрацияны көрсету) көше құрастырады, суреттерді жинап, көшеге ерекше рең береді. Тәрбиеші балаларға көшенің суретін салуды ұсынып, сурет салудың технологиясын түсіндіреді. 1. Алдымен көшенің суретін саламыз. Мына қағаз бойындағы төмендегі сызық - үйдің қабырғасы. Мына сызықтан мына сызыққа дейін - бір үй, ал мына қабырға басқа үйдікі. Үйлер бір-біріне өте жақын, олардың арасында ешқандай ашық жер қалмауы керек. 2. Енді шатырларын істейміз. Мен бір шатырды басқасына орнатамын. Міне, қарапайым шатыр, басқыш сияқты, ал мынау - дөңгелек. Сергіту сәті 3. Есік пен терезені біз бояумен саламыз. Қараңдар, мен күлгін бояумен қаырғаның он және сол жақтарын саламын. Енді бірнеше сызықтарды жоғарыдан төменнен қосамын. Есік пен терезе дайын болды. Терезенің сырты жоғары жағынан жартылай доғал болу үшін, қылқаламмен жарты доғаның суретін саламын. 4. Осы әдіспен барлық үйлердің есік, терезелерінің суретін салып, бір мезгілде әр түрлі бояумен бояймын. әр бояуға ақ бояу қосуды ұмытпаңдар. Жұмбақтар шешу. 5. Енді аспанды бояймыз. Шатырды айнала жоғарғы жағына көк жолақ жүргіземіз. Қылқаламды жуып, осы жолақты сумен араластырамыз. Көк бояуға кішкене қызыл бояу қосып көшені де осылай бояймыз. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Көше нағыз көше сияқты болу үшін балаларға жарықтар, ағаштар, машина, адамдар т.б. қосуға болатынын айтып түсіндіру.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау Балалардың жұмыстарын талдау
|
|
Сынып дайындық
Күні
Пән аты сурет
Сабақтың тақырыбы: Қала туралы әңгіме.
Сабақтың мақсаты: Балаларға қаланың әдемілігін көре білуді және ол неден құралғандығын түсіндіру.
Қажетті құралдар: Кітаптың иллюстрациясы, күнтізбе, қала бейнеленген ашық хат, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балаларға қаладағы үйлерді көрсетіп, олардың әдемілік әсерін түсіндіреді. Олар ою-өрнектермен, әшекейленуі мүмкін. Сұрақ-жауап Әр түрлі терезе, есік және шатырлардың түрлерін көрсетіп қаланын пейзажымен таныстырады. қазақтар ерте кезде ауылда, киіз үйлерін таудың етегіне тігіп жазық далада тұрған. Олар мал ұстауға қолайлы жерде тұрады. Бүгін бәріміз бірге ауылдың суретін саламыз. Қазақтың суретшілерінің жұмысына талдау жасаймыз. Тәрбиеші балаларға жұмысты бөлісуге көмектеседі. Қажетті заттарды жеке үстелге қойып, балалардың таңдап шығуына мүмкіндік туғызу. Балаларға, қатырма қағаздың шаблонынан үй жануарларын тауды киіз үйді, адамдарды қиып алуға үйрету. Сергіту сәті Көшеде өсіп тұрған ағаштар, түнде жанған шамдар, машиналар, адамдар. Балалардың өз бетінше жұмысы. Көшедегі жағдайларды суретке салу. Жұмбақтар жасыру
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалардың жұмысын талдау
|
|
Сынып дайындық
Күні
Пән аты бейнелеу өнері
