- •Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.
- •Тақырыбы: Көбелек (кляксография)
- •Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.
- •Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.
- •Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.
- •Сурет. Тақырыбы: Бұлт.
- •Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.
- •Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.
- •Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.
- •Тақырыбы: Жүзім бұтағы.
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.
- •Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
- •Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
- •Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"
- •Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.
- •Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
- •Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
- •Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).
- •Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
- •Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
- •Тақырыбы: "Анамның портреті"
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
- •Тақырыбы: Менің көңіл күйім.
- •Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.
- •Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.
- •Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.
- •Сурет салу Тақырыбы: Шөп.
- •Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.
- •Сурет. Көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).
- •Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.
- •Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.
- •Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)
- •Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.
- •Сурет салу Тақырыбы: Жайлау
- •Таңдаулы жұмыстар көрмесі.
Тақырыбы: "Анамның портреті"
Сабақтың мақсаты. Портретті салу техникасымен таныстыру. Бет әлпеттің кескіні, бастың сызба үлгісін көрсете отырып, сурет салу жолдарын түсіндіру (қарсы алдынан, қырынан қарағандағы көрінісі). (фас, анфас, профиль Балаларға өздерінің анасының портретін салуға деген қызығушылықтарын туғызу сурет салу барысында оның көзінің ерекшелігін, шашының түсін бере білуге жаттықтыру. Бет әлпеттің суретін салуда дұрыс орналастыра білуге баулу Қылқаламмен сурет салуда оның ұшымен және барлық қылын бастыра пайдалану әдіс-тәсілдерін бекіту.
Қажетті құралдар. Әйел адамның портреті, бет бейнені сызып салатын бор, балаларға арналған үлкен тік төртбұрышты қағаздар, гуашь бояулар, жуан және жіңішке қылқаламдар, (бояулар түсі ал қызыл, қызғылт сары).
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі - Балалар, бүгін сендер өмірдегі ең қымбат және сүйікті адамның - ананың суретін саласыңдар. Сендерге аналарыңның көзінің, шашының түсі, шашының сәні, сүйікті көйлегі белгілі. - Ананың суретін салу алдында мына бір суретке қарайықшы. Салатын суреттің ең маңыздысы адамның көзін, мұрнын, ауызын дұрыс орналастыра білу керек. - адамның басынын пішіні қандай? (суреттегі бейнеленген басты саусақпен айналдырып көрсету) қолдарыңды маңдайларыңа басыңдар. адамның көздері маңдайдан төмен, беттің ортасында орналасқан. Олардың формасы қандай? Тәрбиеші тақтаға бормен немесе қағазға жуан фломастермен беттің көлемін салады және көздердің арасындағы қашықтық бір көзден үлкен болмауын түсіндіре отырып, беттің ортасына көздерін орналастырады. Көздің ішінде түсті дөңгелек пен кішкентай қарашығы (дақ) бар. Көздің үстінде не орналасқан деген сұраққа "қас" деген жауап алады. Адамның мұрнының түсі бетінің түсімен бірдей екенін түсіндіреді. Мұрнының ұшын қысқа сызықшамен салып немесе танауын бейнелеуге болады. Мұрнының ұшымен беттің төменгі жағының ортасында ерін орналасқан. - Балалар, бір-біріне қараңдаршы. Жоғарғы еріннің формасы төменгі еріннен өзгеше екенін байқадыңдар ма? Жоғарғы ерінде екі толқын, ал төменгі ерінде бір толқын бар тәріздес (ерінді салу). Еріннен төменірек. Қолдарыңды иекке салыңдар. (Беттің бөлшектерінің орналасуы туралы қорытындыны балалармен бірге шығару). Көздер беттің ортасында, мұрынның ұшы көз бен беттің соңының ортасында, аналарыңның портреті мынадай болады. Басын, мойнын, иықтарын суреттеңдер. Мойын беттен жіңішке екенін, иықтар бастан жалпақ екенін (портретте көрсетеді) ұмытпаңдар, көздің, шаштың түсін, шаштың сәнін, көйлектің үстіңгі жағын аналарыңдікіндей етіп салуға тырысыңдар. Аналарыңды тағы бір елестетіп, оның портретін салуды бастаңдар. Сабақ барысында тәрбиеші ақ қағазға үлкен етіп, ананың бетін салып, парақтың жоғарғы жағына шаштың орнын қалдырып, қылқаламмен бояйды. Бояу кепкенше мойны мен иықтарын салады. Беттің бөліктерін қылқаламның ұшымен салады. Балалармен аналарының қандай сәнді әшекей тағатынын еске түсіруге және салуға көмектеседі. Егер де балалардың біреуі анасының портретін шашы артына қарай түйіліп, құлағы көрінетіндей етіп салса, онда схемада құлақты көздің деңгейінде бастап мұрынның ұшының деңгейінде аяқталатынын көрсету керек. Балалардың өз беттерінше жұмыстары.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалардың жұмыстарын талдау Сабақ соңында балалардың жұмыстарын іліп, "Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, аналарың өздерін портретте таниды ма екен?" - деген сұрақ қою. Балалар аналарының өздеріне тон бет келбетінің ерекшеліктерін суретте сипаттағаны жайлы айтады. Ұқсастығын айтып беруді тілек білдіретін барлық балаларды тыңдау керек. Тәрбиеші сабақтың соңында әр бала өз анасын өте сұлу болғанын қалап, суретті тиянақты тырысып салғанын атап өту керек. Барлық портреттер көрмеге ілінеді.
|
|
Пән аты сурет Күні
