- •Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.
- •Тақырыбы: Көбелек (кляксография)
- •Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.
- •Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.
- •Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.
- •Сурет. Тақырыбы: Бұлт.
- •Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.
- •Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.
- •Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.
- •Тақырыбы: Жүзім бұтағы.
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.
- •Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
- •Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
- •Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"
- •Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.
- •Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
- •Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
- •Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).
- •Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
- •Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
- •Тақырыбы: "Анамның портреті"
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
- •Тақырыбы: Менің көңіл күйім.
- •Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.
- •Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.
- •Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.
- •Сурет салу Тақырыбы: Шөп.
- •Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.
- •Сурет. Көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).
- •Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.
- •Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.
- •Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)
- •Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.
- •Сурет салу Тақырыбы: Жайлау
- •Таңдаулы жұмыстар көрмесі.
Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
Сабақтың мақсаты: Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру, (алыс және жақындағы ағаштар), бұрынғы және кейінгі өскен ағаштардың ерекшеліктерін бере білуге дағдыландыру олардың түстерін ажырата алуды үйрету.
Қажетті құралдар: қағаздар, қылқалам, бояулар, су сүлгі, үлгі суреттер.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
|
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Тәрбиеші қыс туралы өлең оқиды. Оған талдау жасайды. Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға үлкен иллюстрациялы қысқы орманның бейнеленген суретін көрсетеді. Сурет бойынша балалар әңгімелейді. Осындай қысқы орманның суретін салуды ұсынады. Орманның ішіндегі үлкен, кіші шыршалардың дұрыс орналасуына көбірек мән береді. Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Тәрбиеші балалардың кеңістікті бағдарлау ережесін естеріне түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші болып көрінетіні, жақындағы ағаштар үлкен. Жұмыстың орындалу ретін көрсетеді. Алдымен көкжиек сызығын сызып алу. Содан кейін шыршалардың суретін салу Діңін түзу сызып, бұтақтары жоғарыдан төмен қарап көлбеу орналасатының ескерту. Шыршаларды салып болғаннан кейін женіл сүйкей жағу тәсілі арқылы ақ бояулармен бұтақтарға түскен карлардың суреттерін салады. Шыршалардың үлкен және кіші әр түрлі келемде болып салынуы қадағаланады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау.
|
|
Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
Сабақтың мақсаты. Жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.
Қажетті құралдар. бояулар, фломастер, қосымша материалдар: жіптер, жылтырақтар, конфетти қағаздары.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақ барысы: Тәрбиеші шыршаға катысты жұмбақтар жасырады. Жасыл тонның бояуы Жыл оң - екі ай оңбайды, Діңі, бүршіктері, сояуы Қысқы аязға тоңбайды. (шырша) Жұмбақ жауабын шешкен соң осындай шыршаға ұқсас ағашты тапқызады. (қарағай) - Оның ұқсастығын қалай білуге болады. Бұл ағаштың иісін сезуге бола ма? Жаңа жыл мерекесінде шырша жанында би билеп, ән айтқанда ән сауық кезінде хош иісті сездіңдер ме? Барлық балаларға шыршаның бұталарының орналасуына мән бере қарау ұсынылады. Шырша бұталары тікенді инелерімен ауыр салмақпен төменге иіліп тұрғандарын тәрбиеші көңіл бөледі. Шыршаның суретін салу әдісін көрсету. Шырша салып болған соң, ойыншықтармен әшекейлеуді ұсынады. Балалардың ынтасы бойынша суретке керекті материалды таңдайды. Балалардың өз бетінше жұмыстары.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау
|
|
Сынып дайындық
Күні
Пән аты бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Шырша қасындағы ақшақар
Сабақтың мақсаты.
1. Ақшақардың ертегідегідей бейнесін оның киімдері арқылы бере білу киімдерінің суретін салу үшін суық түстерді (көгілдір, көк, күлгін, қара көк) таңдап алу. 2.Қарындашты әртүрлі басып (қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіру). 3.Сурет салуға, шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар. Ақшақардың және шыршаның суреттері, түрлі түсті қарындаш, ақ қағаз, бояулар, қылқалам оны қоятын тұғырлар.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі - Балалар, бүгін біз сендермен не салатынымызды өздерің тауып көріңдерші. Ол жылына бір рет келеді, өзімен бірге атасын ертіп көрікті мерекеге келеді. Оны әдемі киімінен –ақ тануға болады. Сұрақ-жауап Ол қар, мұз, сабан түстес болып келеді. Бұл кім болды екен? Балалар жауабы тыңдалады. Суық түстер жайлы түсінік беріледі. Сергіту сәті Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Әр бала сурет салу үшін қарындаштардың ішінен суық түстерді таңдап алады. Қыздың тонын және бас киімін салғанда шеткі сызықтарын анық батырып, сызып салу керектігін ескертеді. Ақшақардың бейнесі суретте жақсы көрінетін болсын. Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салады. Тікендері шырша бұтақтарының ұшында иіліп турады. Жұмбақтар шешу. Соңынан шыршаның бұтақтарындағы карды көгілдір қарындашпен сызып салып көрсетеді. Балалардың өздеріне шығармашылықпен толықтырулар жасауға ұсыныс беріледі. Сөзжұмбақ шешу. Ақшақар Ақша қар (суреттері)
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау. Балалар жұмыстарын талдау. Оқушыларды мақтау.
|
|
Пән аты бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы. Портретпен танысу Сабақтың мақсаты. Портрет жайында түсініктерін қалыптастыру.
Өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту Өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Қажетті құралдар: бірнеше портреттер,
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару. |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі -Балаларға қарамай біреуінің аызша сипаттамасын береді. Айтылған мінездеме бойынша достарын таниды. Содан соң тәрбиеші балалардың біреуіне өз досын сипаттап беруді ұсынады және ауызша сипаттамадан басқа адамның суреті - портреті болатынын түсіндіреді. Жұмбақ жасыру Суретшілер өз майлы бояумен салынған суреттерінде адам бейнесін жиі суреттейді (әр түрлі портреттер репродукциясын қарастыру). Бұл маталарда суретші тек қана адам бейнесін салмай, оның сезімдерін және көңіл күйін жазғанына балалардың назарын аудару. - Бірнеше портретке талдау жасалады. Өз бетінше жұмыс Балалар өз бетінше суреттейді. Мұғалім көмек көрсетіп отырады.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Сабақтың қорытындылау - Бүгін біз әр түрлі адамдардың портреттерін қарастырдық. Оларды суретшілер ор түрлі уақытта жазған. Портретте адамдардың бейнесін ғана көрмей, оның көңіл күйін көріп, мінезін білуге болады. Суретшілер сияқты өз аналарының суретін салғыларың келе ме? - Үйлеріне барғанда аналарының келбетін мұқият қарап алыңдар. Оның көзінің, шашының түсі, шашының сәні, сүйікті көйлегі қандай екенін анықтап алыңдар. Келесі сабақта аналарыңның портретін саласыңдар.
|
|
Пән аты бейнелеу
