- •Сурет. Тақырыбы: Кемпірқосақ.
- •Тақырыбы: Көбелек (кляксография)
- •Тақырыбы: Meн қандай көбелек көрдім? (кляксография)
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы үшбұрыштар.
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картотекасы
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Жолақ қағаздағы өрнектер.
- •№ 5 «Айгөлек» тобы
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі ағаш.
- •Сурет. Тақырыбы: Күз көрінісі.
- •Сурет. Қазақстан жануарлары. Түлкі.
- •Сурет. Тақырыбы: Бұлт.
- •Сурет. Тақырыбы: Менің мысығым.
- •Сурет, Тақырыбы: Күзгі жапырақтар шоғы.
- •Сурет. Тақырыбы: Ертегідегі аң.
- •Тақырыбы: Жүзім бұтағы.
- •Сурет. Тақырыбы: Күзгі бұлыңғыр күн.
- •Тақырыбы. Табиғат көрінісі.
- •Сурет. Тақырыбы: Әдемі гүлдермен өрнектелген кружка.
- •Мүсіндеу. Тақырыбы: Пиала.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ою-өрнегі. "Қайнар"
- •Сурет. Тақырыбы. Сайқымазақ - сәнді адам.
- •Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
- •Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
- •Сурет. Тақырыбы. Шебер-фломастер.
- •Сурет. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Құс қанаты (кесе).
- •Сурет. Тақырыбы. Үлкен және кіші шыршалар.
- •Сурет. Тақырыбы. Жаңа жылдық шырша.
- •Тақырыбы: "Анамның портреті"
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді және мұңды".
- •Сабақтың тақырыбы "Көңілді қызықты бет бейне"
- •Тақырыбы: Менің көңіл күйім.
- •Тақырыбы: Киіз үйді әшекейлейміз.
- •Сурет салу Тақырыбы: Менің түсім.
- •Сурет салу Тақырыбы: Ұшатын құс.
- •Сурет салу Тақырыбы: Шөп.
- •Сурет салу. Тақырыбы: Хризантема.
- •Сурет. Көрінбейтін суреттер. (Фото - көшірме)
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала.
- •Сурет. Тақырыбы: Кешкі қала. "Тырнау" (гратаж).
- •Сурет салу Тақырыбы: Раушангүл.
- •Сурет салу Тақырыбы: Теңіз патшалығы.
- •Сурет. Тақырыбы: Бозқараған гүлінің бұтағы. (сирень)
- •Сурет салу Тақырыбы: Қазақстандағы жануарлар. Қоян.
- •Сурет салу Тақырыбы: Жайлау
- •Таңдаулы жұмыстар көрмесі.
Сурет. Тақырыбы. Айдаһар.
Сабақтың мақсаты: Гуашь бояумен сурет салу техникасымен таныстыру. Түстерді ажырата білу сезімдерін дамыту, жұмыс барысында түстерді мәнерлі пайдалану. Кейіпкердің сипатын суретте бере білуге баулу.
Қажетті құралдар: Гуашь бояу үлкен-кіші қылқаламдар, оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі, қатырма қағаз.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы. Тәрбиешінің шығармашылық әңгімесі. - Шығыстағы белгісіз бір жұмбақ елде өздері киім тігетін, әр түрлі ыдыстар жасай алатын адамдар тұрады. Сондай-ақ олар көктемде ақ және қызыл түсті гүлдері бар ағаштар отырғызады. Осы елдің халықтары сурет салуды жақсы көреді екен. Айдаһардың суретін салу ең сүйікті тақырыбы. Айдаһарлар әр түрлі болады: Біз бүгін әр түрлі бояулар алып, айдаһарларды салып көрейік. Мұндай қиял-ғажайыпты салу үшін олардың денесіне, құйрықтарына, басын салу үшін түстерді таңдап алу маңызды. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Бояу түстерімен айдаһардың бейнесінің ерекшелігін аша түсуге болатынын ескерту.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар жұмыстарын талдау
|
|
Тақырыбы. Бұтаққа қонған құс.
Сабақтың мақсаты. Бояуды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру. "Еркін" қимыл-қозғалыс дағдыларын бекіту. Кұстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар. Гуашь бояу, су, сүлгі, қылқалам, қағаз, кұстардың суреті, үлгі сурет.
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Дөңгеленіп тұрайық Шаттық шеңбер құрайық Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
|
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Сабақтың барысы. Ақ және қара түсті бояуларды дайындап алу ұсынылады. Содан кейін жиі кездесетін құстардың суреттерін көрсетіп әңгімелеу. Олар: торғайлар, қараторғайлар, көгершін, қарғалар т.б. Бұтаққа қонған құстың суретін салу технологиясын түсіндіру. Балалардың өз бетінше жұмыстары. 1. Алдымен сүр түсті бояу таңдап аламыз, ақ бояуға аз ғана қара түсті бояуды қосып араластырамыз, сүр түс өте қою болмауы керек. 2. Кұстың денесін саламыз. Қылқаламды қағаздың сол жақ ортасына қарай қойып алып, оны дөңгелек жасай қозғалтамыз. жеңіл билеп жүрген тәрізді қозғалыспен құстың денесін үлкейте береміз. Сергіту сәті 3. Дөңгелектің жоғарғы бөлігінен құстың басының суретін саламыз, ол үшін қылқаламның жеңіл қозғалысы мен дөңгелек пішінге келтіріледі. 4. Құстың құйрығын саламыз. Қылқаламды жумай қара түспен суға батырып алып әрі қарай жалғастырып саламыз. 5. Құстың құйрығының қауырсындары тегіс болады. Қылқалам солдан оңға қарай қозғалып отырады. 6. Құс бұтаққа қонып отырған соң оны тырнақтарымен қысып отырады. Оның тырнақтарын кішкентай жапырақтар тәрізді етіп саламыз. 7. Тұмсығын тез ғана жеңіл қозғалыспен саламыз. 8. Осындай өздері пайдаланып отырған бояу түстерімен жылдам қозғалыспен құстың қанатын саламыз. 9. Бұтақты саламыз. Қылқалам қағаз бетінде женіл қозғалыспен қозғалады, аяқтарының тұсына келгенде қозғалыс үзіледі. Үзіп алып әрі қарай жалғастырады. 10. Құстың денесінің бояуы кепсе, оның көздерін саламыз. Қылқаламның ұшын ақырын ғана қағаз бетіне тигіземіз.
|
|
Рефлекстік - үйлесімділік |
Қорытындылау Сұрақ-жауап Балалар жұмыстарын талдау
|
|
